Шермахан Баян Саматқызы «ТҰздар гидролизі» тақырыбын дамыта оқыту әдістемесі 6В01540- химия білім беру бағдарламасы



бет12/20
Дата28.03.2023
өлшемі268.11 Kb.
#471278
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
18 мартта Баян 23жылы

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕТАЛДАУ
3.1 Гидролиздiң өзара күшеюiнің жолдарын талдау бapыcындa студенттердің iздeнic қaбiлeттiн apттыpу жoлдapы
Гидролиз (гидро... және грек. lysіs – айыру, ыдырау) – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.
Тұз әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұзды қарастырамыз. OН-тобы металға өтеді, ал H+ сутегі протоны қышқыл қалдығына қосылады, мысалы::
CH3COONa+HOH↔NaOH+CH3COOH
CH3COO- +Na + +HOH↔Na + +CH3COOH +OH -
H3COO- +HOH↔ CH3COOH +OH
Гидролиз анион арқылы жүреді, орта реакциясы сілтілі, рН>7.
Мысалы:
NH4Cl+HOH↔NH4OH+HCl
NH4+ +Cl - +HOH↔ NH4OH +H + +Cl -
NH4++HOH↔ NH4OH+H +
Мысалдан көріп отырғанымыздай, гидролиз катион арқылы жүреді, реакция ортасы қышқылдық рН< 7.
3.Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CuCl2, NH4Cl, Al2(SO4)3 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына, яғни тұздың құрамындағы гидраттанған катион мен су молекуласы әрекеттеседі де, нәтижесінде түзілген оксоний ионына байланысты ерітінді қышқылды (рН < 7) болады. Мысалы AlCl3 тұзы суда ерігенде диссоциацияланып, иондарға толық ыдырайды:
Диссоциациялану теңдеуі:
AlCl3 → Al3+ + 3Cl-
HOH → H+ + OH
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-
Гидролизреакциясыныңиондықтеңдеуі:
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-
Гидролизреакциясыныңмолекулалықтеңдеуі:
AlCl3 + H2O → Al(OH)Cl2 + HCl
Ерітіндіде Al3+ ионы су молекуласынан гидроксид-ионды OH- оңай қосып алып, өте нашар диссоциацияланатын (Al(OH)3-ке қарағанда)Al(OH)2+ ионына ауысады. Мұның нәтижесінде судың келесі молекуласы диссоциацияланады. Сонымен, ерітіндіде сутегі иондарының көбеюіне әсер етеді.
2. Мырыш бромидінің гидролиз теңдеуін қарастырамыз:
Zn Br22О Zn(ОН) Br +Н Br
Zn Br2 Zn2+ +2 Br-
Бірінші саты:
Zn2+ + H+ OH- Zn(OH) - +H+
Екінші саты:
Zn(OH)- + H+OH- Zn(OH)2 +H+
ZnCl2 + 2H+ OH- Zn(OH)2 + 2H+
Ерітіндіде H+ иондарының концентрациясы көбейеді, сондықтан орта қышқылды болады (рН <7).
:
Na++NO3-+H2O↔


Н+ + ОН-
Гидролиз туралы түсінік мектеп оқушыларына күрделі болып табылады. Бұл түсініктің күрделілігі келесі ұғымдар негізінде дамыған: ион алмасу реакциялары, реакциялардың қайтымдылығы, химиялық реакцияның тепе-теңдігі және оны ығыстыру, электролиттердің диссоциация дәрежесі және т.б. (3 сызбанұсқа)

Сызбанұсқа 3.Гидролиздің тірек түсініктермен байланысы


Суйық ерітінділердің заңдарынан ауытқу тән болатын ерітінділер, ерітіндіде зарядталған бөлшектер болғандыктан, электр өткізу касиетіне ие болады. Оларға қышқылдар, негіздер және тұздар жатады. Бұл заттарды М.Фарадей 1834 жылдары-ақ эпектролиттер деген. Электролиттердіц касиеттерін электролиттік диссоциацияның негізін калаушылардың бірі Сванте Аррениус жан-жакты карастыра зерттеп, сәтті зерделей корытындылаған. Бұл теорияны онан әрі толыктыруға Д.И.Менделеев, И.А.Каблуков, В.А.Кистяковский сияқты ғалымдар үлкен үлес косты.


Өткізгіш арқылы электр тоғы өтудің негізгі екі себебі бар екендігі белгілі: не электрондар тасымалдау есебінен, не иондарды тасымалдау есебінен. Металдар, оксидтер, сульфидтер көмір электрондық өткізу қабілеті барға жатады және де оларды бірінші тектегі өткізгіштер дейді. Иондык өткізгіштік ионды күрылымдағы косылыстарға тән және де оларды екінші тектегі өткізгіштер дейді. Мысалы, қатты және балқыған күйдегі түздар, сондай-ақ көптеген сулы және сусыз ерітінділер.
Гидролиз — ол теориялық ұғым. «Электролиттік диссоциация теориясы» атты тақырыпта тұздар гидролизін тек иондық реакциялар арқылы түсіндіруге болады. Алдымен оқушыларға қышқылдар мен негіздердің индикаторларға әсерін еске салады. Бұл жерде тұзардың индикаторларға әсерін қарастырады. Оқушылардың есінде тұздар индикаторлардың түсін өзгертпейтіні қалады. Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында тәжірибелік-зертханалық жұмыс жүргізеді: натрий карбонатының ерітіндісіне фенолфталеин қосады, орта сілтілік болады.[34,54]
Бұрынғы алған біліммен тұздар гидролизі тақырыбындағы жаңа білім: көрсетілген сілтілік орта, бір-біріне қарама-қарсы болып тұрғанын көрсетеді. Мұғалім пайда болған мәселені келесідей шешеді:
1)Тұздың формуласын құрастырып, өзі түзілген негізбен қышқылдың формуласын шығарып, оларды күшті және әлсіз электролиттер тұрғысынан қарастырады (күшті — к., әлсіз — ә.):
Na2CO3/ NaOH (к)Н2СО3 (ә)

  1. Тұздың диссоциациясын көрсетеді

Na2CO3→ 2Na+ +CO3 2-

  1. Судың диссоциациясын көрсетеді (жақша ішінде)

2О → Н+ +ОН-]

  1. Тұздар иондарының суға қатынасын қарастырады, реакция нәтижесінде сумен әлсіз электролиттің иондары түседі.

CO3 2-+ НОН→ НCO3 - + ОН-
Сондықтан тұздар гидролизі тек әлсіз электролит иондары болғанда жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет