Тапсырма.
Тұздар гидролиз дәрежесі мен константасына салыстырмалы сипаттама жаса. Жауабы: Тұздар гидролизінің тереңдігінсандық жағынан тұздар гидролизінің дәрежесі (hr) және гидролиздің константасы (Кг) – мен сипатталады.Гидролиз дәрежесімен салыстырғанда, гидролиз константасы Кr eрітіндінің концентрациясына байланысты емес, сондықтан ол осы процестің қолайлы сипаттамасы болып табылыды. Кr - шамасы гидролизденген тұздың табиғатына және ерітіндінің температурасына тәуелді.
Есеп. Концентрациясы0,1моль/л калий фосфаты (К3PO4) ерітіндісінің бірінші сатысыдағы гидролиз дәрежесі мен константасын есепте.
Шешуі:
Бірінші сатыдағы гидролиз констансын анықтау үшінші саты бойынша анықталады (анықтамалық кестеден КгидрН3РО4= 4,2•10-13).
hгидр бірінші саты бойынша анықтаймыз.
Төмендегі берілген химиялық реакцияларды салыстырып, қорытынды жаса.
Бірінші мысал:
KCI + НОН ↔ KОН + НCI;
K+ + CI- + НОН ↔ K + + CI-;
НОН ↔ Н++ ОН-
теңдеуде күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздың судағы ерітіндісінде сутек (H+) және гидроксид (OH-) иондарының концентрациясыөзгермейді.
Екінші мысал:
K2CO3 + НОН = KНCO3+ KOH
2K++ CO32-+ НОН ↔ K++ НCO3 - + K++ ОН-
CO32- + НОН ↔ НCO3- + ОН-
теңдеуде күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың судағы ерітіндісінде тек гидроксид (OH-) иондарының концентрациясыжинақталған.
Үшінші мысал:
СuCI2 → Сu2+ + 2CI-
НОН ↔ Н+ + ОН-
Сu2+ + НОН ↔ (Сu ОН)+ + H+
СuCI2 + 2НОН = Сu (OH)2↓ + 2HCI
теңдеуде әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздың судағы ерітіндісінде тек сутек (H+) иондарының концентрациясы жинақталған.
Төртінші мысал:
Fe2S3 + 6H2O = 2Fe(OH)3↓ + 3H2S↑
Жоғарыда берілген төрт мысалды салыстыратын болсақ, біріншісінде тек сутек (H+) иондарының концентрациясы, екіншісінде тек гидроксид (OH-) иондарыныңконцентрациясы, ал үшіншісінде түзілген тұздыңсудағы ерітіндісінде сутек (H+) және гидроксид (OH-) иондарының концентрациясы өзгермейтіндігі және төртінші мысалда суда ерімейтін негіз бен ұшқыш қышқыл түзілгендіктен гидролиздену реакциясы соңына дейін жүреді.
Ү. практика жүзінде «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмаларменбекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады[51-52].
Есеп. Концентрациясы0,03 моль/л аммоний нитраты ерітіндісінің гидролиз константасын мен дәрежесі анықта.
Шешуі:
Гидролиз константасын анықтаймыз:
NH4NO3 гидролиздену дәрежесін формула бойынша анықтаймыз:
ҮІ практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар студентке жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады
Достарыңызбен бөлісу: |