2.2Гидролиз реакциялар тақырыбын оқыту әдістемесін зерттеу арқылы білімалушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту
Мектепте химия пәнін оқытудың басты мақсаттарының бірі- қоғамның рухани және материалдық құндылықтарын, химия ғылымы мен өндірістік тәжірибе, химия жетістіктерінің тұрмыстық, халық шаруашылық мәнін игерген тұлға дайындау. Жаңа технология элементтерін тақырып мазмұнына сай таңдап ала отырып, әр сабақта оқушылардың өздігінен ізденуін, түсінуін, тұжырым жасауын қарастыруға болады. Оқушылардың толық түсінуін біраз қиындықтар келтіріп жүрген тақырыптардың бірі – тұздар гидролизі. Сондықтан гидролиздің жүру барысын түсіндіру үшін зертханалық жұмыс пен дәріс сабағын ұштастыра отырып, оқушылардың өздігінен теориялық қорытындылар жасауына, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру қажет.
Тұздардың диссоциациялануы. Тұздар дегеніміз судағы ертінділерінде металл катиондары мен қышқыл қалдығының аниондарына ыдырайтын электролиттер:
NaCI↔Na++CI-
СаSO4 ↔Са+2 +SO4-2
КСІ К++СІ-
Са(NO3)2 CaNO3++NO3- Ca2++2NO3-
Орта тұздар- сулы ерітінділерде металл катионына (сондай-ақ аммоний катионына да) және қышқыл қалдығы анионына диссоциациялайтын электролиттер:
Fe 2(SO4)3 ↔ 2Fe3+ + 3SO2-
(NH4)3 PO4 ↔ 3NH4++ PO3-4
AI2 (SO4)3 ↔ 2 AI3+ + 3 SO42-
Қышқылдық тұздар -сулы ерітінділерде металл мен сутек катиондарына және қышқыл қалдықтары аниондарына диссоциациялайтын электролиттер:
HCO3- ↔ H++ CO32-
Ca (HCO3)2 ↔ Ca2++2HCO3-
KHSO4↔ K+ + HSO4-
HSO-4 ↔ H+ + SO2-4
Негіздік тұздар- сулы ерітінділерде негіздік қалдық катиондарына және қышқылдық қалдық аниондарына диссоциациялайтын электролиттер. Онда диссоциацияның екінші сатысының болуы мүмкін:
AIOHSO4 ↔ AIOH2++SO2-4
AIOH2+ ↔ AI3++ OH-
Cu OHCI ↔ Cu OH++CI-
Cu OH+ ↔ Cu2++ OH-
Судың диссоциялануы. Су - әлсіз амфотерлі электролит және су өте нашар диссоциацияланатын заттың бірі. Су молекуласы өте аз дәрежеде (1,8 х10-7 %) гидроксоний катионына және гидроксид анионына диссоциацияланады.
Таза су электр тоғын тіпті нашар өткізеді, бірақ өлшеуге келетін электр өткізгіштігі бар, өйткені су өте аз түрде болса да диссоциацияланады:
2Н2О Н3О++ОН-
Оны оңайлату үшін былай жазады :
Н2О Н++ОН-
Теңдеуден көрініп тұрғанындай, Н+ және ОН- иондарының концентрациялары бірдей, сондықтан диссоциация кезіндегі судың коцентрациясы |Н2О| іс жүзінде тұрақты қалады. Демек диссоциация тұрақтысының мәні де тұрақты күйде қалады.Судың диссоциациялануына әрекеттесуші массалар заңын қолданып, диссоциациялану константасын жазуға болады:
|Н+ | |ОН-|
К= = 1.8 10-16
|Н2О|
не болмаса |Н+ | |ОН-| = K |Н2О|
Cудың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, диссоциацияланбаған молекулалар концентрациясын- Н2О тұрақты шама деп қарауға болады. Сонда соңғы теңдеудің оң жағындағы екі шаманың екеуі де тұрақты шама, сондықтан олардың көбейтіндісі де К тұрақты шама болады, оны Кн2о деп белгілесек
|Н+ | |ОН-| = K |Н2О| =Кн2о болады.
Таза судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы, ондағы сутек иондарының және әрине оған тең гидроксид иондарының концентрациясын есептеп шығаруға болады. Ол 10-7моль/л тең.[36-38].
Судың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, диссоциацияланбаған молекулалар концентрациясын-[H2O], бастапкы концентрациясына тең және тұрақты шама деп қарауға болады. 220С температурада 1 литр судың концентрациясы мынаған тең болады:
Достарыңызбен бөлісу: |