«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты



жүктеу 93.63 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі93.63 Kb.




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 шілдегі

1008 қаулысымен

бекітілген

«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің

каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 17) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысымен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметтерді жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты уәкілетті органның интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.

5. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нысаны шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру не қағаз түрінде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 11-тармағында айқындалған өтініш пен құжаттар уәкілетті органға түскен сәттен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған ғимаратында жүзеге асырылады.

Ғимаратта қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері және нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) бар стенділерімен жарақтандырылған күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орын болады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Рұқсатты алу үшін мемлекеттік қызмет алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі:

1) кеменің атауы, туы, тіркеліген порты, класы, түрі және мақсаты;

2) кеменің техникалық сипаттамасы (Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кемені жасау жылы мен орны, кеменің габариттік өлшемі, басты қозғалтқыштың қуаты);

3) кеменің меншік иесі мен иесінің деректемелері:

заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан орны, қандай мемлекетің құқығы бойынша тіркеген, басқару органының мекенжайы;

жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, тұрғылықты мекенжайы, паспорттық деректері;

4) Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы акватория шегінде жүзу ауданын көрсете отырып, шетелдік кеме қызметінің жоспарланған түрлері;

5) сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты каботажды немесе өзге де қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік кемені қолдану мүмкіндігінің мерзімі міндетті түрде көрсетілген өтінімді ұсынады.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін – паспорт немесе жеке куәлік);

2) кеме құжаттары (өлшеу куәлігі, сыныптау куәлігі, кемеге меншік құқығы туралы куәлік немесе осындай құқықты растайтын өзге де құжат, санитарлық куәлік, жолаушы куәлігі (жолаушылар кемелері үшін), кемелерден ағатын мұнаймен ластанудың залалы үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (мұнайды екі мың және одан да көп тонна көлемінде тасымалдауға арналған кемелер үшін немесе кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжат), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы полис (жолаушылар кемелері үшін);

3) теңіз тасымалының (тіркеп сүйреу) шарты немесе тайм-чартер немесе соның негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжат.

Каботажды және кемелердің өзге де қызметті жүзеге асыруына ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

1) рұқсат беру үшін қажетті барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipi түпнұсқа, ал екiншiсi көшiрмесi болуы тиiс, не нотариалды куәландырылған көшiрмелерi берiледi. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушiге қайтарылады.



2) шетел тілінде орындалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды расталған аудармамен бірге ұсынылады.

12. Мемлекеттік қызметке өтініш еркін нысанда толтырылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Белгі рұқсатты алу күні көрсетіле отырып, өтініштің көшірмесіне қойылады.

15. Рұқсатты беру пошта жөнелтілімімен жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мәліметтер толық көлемде ұсынылмаған;

2) егер рұқсатты алуға кеме иесі немесе оның өкілі болып табылмайтын адам өтініш жасаған;

3) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;

4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және өзге де келісілмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар болған;

5) мамандандырылған кемені тарту қажеттігі болмаса немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелердің құрамында осы мақсаттар үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар ұқсас түрдегі бос кемелер болмаған;

6) кеме құжаттарының қолданылу мерзімдері және кемені жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзімі өтіп кеткен;

7) теңіз тасымалы (тіркеп сүйреу) шартының немесе тайм-чартердің немесе соның негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжаттардың мерзімі аяқталған;

8) кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуін көрсететін негіздер болған;

9) кеменің шығарылған уақыты 20 жыл және одан жоғары болған жағдайларда бас тартады.


  1. Жұмыс қағидаттары

17. Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті алушыға қатысты жұмыстың мынадай:

1) адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн сақтау;

2) сыпайылық білдіру;

3) толық мөлшерде ақпарат ұсыну;

4) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

5) құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс қорытындысы
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа
қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты адамы түсіндіреді, сондай-ақ осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 309-кабинетте, 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша, pr_davt@mtc.gov.kz. электрондық мекенжай бойынша шағым дайындауға көмектеседі.

21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым жасалады, 307-кабинет, телефон нөмірі 8 (7172) 24-25-09.

Уәкілетті органның лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым жасалады, 307-кабинет, телефон нөмірі 8 (7172) 24-25-09.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



24. Шағым ерікті түрде жасалады.

25. Мемлекеттік қызмет алушының қабылданған шағымы уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.

Белгі шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, өтініштің (шағымның) көшірмесіне қойылады.



26. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ сall-орталығына 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша рұқсат беру рәсімін түсіндіру жөнінде өтініш беру арқылы алуға болады.
_____________________

«Шет мемлекеттің туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні


Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің кейінгі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратты электрондық форматта алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі)

-







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Белгіленген мерзімде қанағаттандырылған мемлекеттік қызметті алушылардың негізделген шағымдарының %-ы (үлесі)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)









_____________________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет