ХХІ ғасырдағы Америка баспасөзi. Жиырма бiрiншi ғасырдың алғашқы он жылдығында Америка журналистикасында, соның iшiнде баспасөзде дәстүрлi басылымдық газеттер мен электронды басылымдар арасында мүдде тепе-теңдiгi (балансы) орнауымен ерекшеленедi. Өткен ғасырдың соңында белең алған дәстүрлi баспасөз бен Интернет басылымдардың бiрiн-бiрi жоққа шығаратындығы, болашақта соңғысы алдыңғысын жоятындығы жөнiндегi пiкiрталастар бәсеңдеп, баспа түрiндегi басылымдардың болашақ тағдырына қауiп бiлдiрушiлер қатары сирей бастады. Себебi, осы қысқа мерзiмнiң өзiнде осы мәселеде көңiл қоярлық тенденциялар айқындалған болатын. Бiрiншiден, электронды басылымдардың оқырмандар тарапынан қолданылуы, пайдаланылуы шектеулi, оның өзi осы дәл қазiр өтiп жатқан оқиғаларға деген уақытша қызығушылықпен түсiндiрiледi. Электронды ақпарат көздерiнен оқырмандар, әдетте, ең маңызды оқиғалардың, жедел жаңалықтардың тақырыптарын ғана оқиды. Ал мақаланың өзiн оқып шығу мәселесiнде бiрнеше қиыншылықтар туындайтыны анықталған. Оның алғашқысы: кең көлемде жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулер Америкалық оқырмандардың 75%-ы газет жаңалықтарын таңғы ас үстiнде немесе жұмысқа кетiп бара жатып, жолда қарап шығуға әдеттенгенiн анықтаған. Ал тiптi компьютердiң қажеттi электронды басылым желiсiмен байланысу жылдамдығы (“Скорость кликания”) жоғары болғанның өзiнде де бұл операция белгiлi бiр уақытты керек етедi. Ендi бұған әлгi ашылған электрондық басылым беттерiнен клавиатура көмегiмен қажеттi мақаланы тауып, оны оқуға кететiн уақытты қоссаңыз, онсыз да жұмысына асыққан оқырманның жүйесiнен қанша жүк түсетiнiн шамалауға болады. Екiншiден, көлемдi мақаланы оқу үшiн оны принтерге басып шығару қажет болады. Бұл тағы да қосымша уақыт пен шығынды (принтер бояуы, А-4 форматты қағаз) талап етедi. Сондықтан электронды басылымды пайдаланушы сенсациялық мәндi тақырыптарды ғана есiнде сақтап қалады да, осымен iс шектеледi. Әрине, бұл ақпарат “Айсбергiнiң” ұшы ғана, ал жалпы мәлiмет пен жаңалық аудиторияға жетпей қалады. Сондықтан маркетологтар ең дұрысы, алдымен, Интернеттен күн тәртiбiндегi маңызды жаңалықтардың тақырыбын көрiп, анықтап, содан соң сол газеттi сатып алу қажет деген кеңес айтады. Сөйтiп, Интернет оқырмандардың газетке деген қызығушылығын өсiрiп, оның таралымын көтеруге септiгiн тигiзедi. Осыдан болса керек, АҚШ-та 2002 жылы газет таралымдарының болар-болмас, тұрақты түрдегi өсiмi байқалады. Нәтижесiнде осы жағдай газет iсiнiң дамуына әсер етуде. Газеттер жабылып қалмағанымен, мәнi мен сипатын өзгертуде. Дәстүрлi баспасөз электронды басылымдардан артықшылығын сақтап қалу үшiн сараптамаға (аналитика), оқиғаны терең зерттеулерге көп орын беруге ұмтылыс танытуда. Американың оқырмандары болған оқиғаның анық-қанығын толық бiлiп отыруды өзiне мiндет санайды, баспа түрiндегi дәстүрлi газет-журналдарға деген қызығушылық жойылмайды. Ал әзiрге iскер баспагерлер басылымның бұл екi түрiнiң мүмкiндiктерiн қатар пайдалануға ұмтылып отыр. Зерттеушілер АҚШ-тағы аса iрi газеттердiң веб-сайттарына кiрушiлер 2012 жылдың қыркүйек айында 50-90%-ға өскенін байқаған Мәселен «USA Today“ басылымы сайтына бiр айда кiрушiлер саны 263 000 000 жеткен екен.
Соңғы екi жылда Американың компьютерлiк жемiсi ХХI ғасырға тән деңгейге жеттi деуге әбден болады. Үстiмiздегi жылдың алғашқы алты айында Американың цифрлық кеңiстiгiнiң ақпараттық қоры екi есеге өсткен, бiр миллиард “беттен” екi млрд. интернет “бетiне” жеткен (күнделiктi өсiм қарқыны – 7 000 000). Интернет жүйесiн пайдаланушылар саны 140 000 000 асқанымен, мамандарды бұл көрсеткiш бәлендей таңқалдырмай отыр. Себебi, бұл сан соңғы үш жылда онша өзгерген жоқ және осы көрсеткiште тұрақтап қалған. Сондықтан да, бұл Еуропа бастаған әлемнiң өзге елдерiне Интернет желiсiне қосылған компьютерлер саны жөнiнен АҚШ-ты жедел қуып жетуге мүмкiндiк берiп отыр.
Демократия талаптарына орай 1791 жылдың өзінде-ақ АҚШ-та алғаш рет Конституцияға өзгерiс енгiзiлiп, онда бес мәселе - дiн бостандығы, еркiн жиын, үкiметке петиция беру мәселелерi, сөз бостандығы және баспасөз бостандығы бекiтiлген болатын. Осылайша демократияның туын көтердi деген елде баспасөзге тiптi конгрестiң өзi билiк жүргiзе алмайтын болған. Жалпы Америка Құрама Штаттаында үкiметтiң газетi жоқ. Ал ресми позицияны ұстанатын “Америка дауысы”, “Азаттық радиосы” шетелдерде ғана хабар таратады, қалаған адам оны интернет арқылы естуiне болады.
Жалпы АҚШ-та небары 1500-дей ғана тiркелген газет бар, бұл сан бұрын 200-дей көп болыпты, бiрақ соңғы кезде басылымдар азайған. Негiзгi үш газет бар: “Ю-Эс-Ей – тудей”, оның таралымы 2 000 000 “Нью-Йорк таймс” – бір миллион 1 600 000, “Уолт стрит джорнал” – 1 800 000. Ал “Вашингтон пост” аймақтық газет болғандықтан таралымы шектеулi, астананың өз басылымы жоқ. Басылымның 70%-ы кiрiстi жарнама арқылы табады, қалғанын газеттi сатудан түсiредi. Iрi газеттер интернетке ақпарат берумен пайда табады. Бұл елде мемлекетке деген мақтаныш, патриоттық сезiм басым тұрады, журналистердiң ұстанатын қағидасы «Америка заңын құрметтеу». Жоғарғы сот әрдайым баспасөздi қолдап отырады және сот билiгi үстем. Тiптi ел астанасы Вашингтонда Ақ үйден гөрi Капитолий, яғни парламент үйi, содан кейiн iргедегi жоғары сот ғимараты биiкте тұруы тегiн емес. Жалпы АҚШ -та өмiрлiкке сайланатын тоғыз жоғарғы сот мүшелерiнiң билiгi шексiз, айлықтары да өте көп. Сондықтан олардың мемлекет мүддесiнен өзге ештеңеге қызықтырмайды, сатылмайды.
АҚШ полициясында да қызықтырар жайт көп. Мұнда құжаттардың ашықтығы туралы заң бар. Егер ол қоғамға зиянын тигiзбесе, журналистер үшiн қашанда дайын тұрады. Полицей бiр оқиғаға барса, ол жерден жасаған есебiнiң бiр көшiрмесi сақтап, оны сұраған журналистке еш кедергiсiз бере алады. Журналистердiң тiлшiлер пункiтiнен бiр қызметкер полицей учаскесiнде кезекшi болып, осындағы кез-келген жедел материалды алып отыра алады. Немесе полиция бөлiмдерiнiң журналистермен байланыс қызметi тәулiк бойы қажет материалдарды дайындап берумен шұғылданады. Тiптi полицияның өзi алдын-ала болған оқиға барысы туралы БАҚ-қа хабарлап отыруға мүдделi. Өйткенi, ерте ме, кеш пе, бәрiбiр болған жайт жария етiледi, онда оқиға басқаша сипат алып, дау-жанжал туып кетуi мүмкiн. Сондықтан белсендi журналистер мазаламай тұрғанда полиция мән-жайды өздерi-ақ баяндап бередi. Негiзiнен, америкалық БАҚ қылмысты тауып, жариялауға қатты назар аударады. Тиiстi заңға сәйкес журналистер кез-келген лауазым иесiнен ақпарат алып, бар жайды сұрап алады, толық түсiнiктеме (комментарий) берудi талап ете алады. Мұнда журналистер елдi басқарады десе де болғандай. Ақпарат құралдарының өкiлдерi өздерiн шын мәнiнде төртiншi билiк санайды. Американың журналистерi негiзiнен бай тұрады. Себебi, олардың газеттерi бәрi дерлiк жарнама арқылы өркендеп, жағдайын түзеп, байып отырады. Жергiлiктi штаттың қаулы-қарарлары, заңдары мен шешiмдерi жарнама ретiнде мiндеттi түрде мерзiмдi баспасөзде жарияланады. Газеттердегi материалдардан басқа кем дегенде 50% орын жарнамаға берiледi. Сондықтан газеттердiң бiразы тегiн таратылады. Жалпы АҚШ-та ақпарат құралдары iрi бизнес болса, ал Қазақстанда саясат сойылы ретiнде пайдаланады.
ХХI ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-та күнделiктi газеттердi сату-сатып алу тұрғысында аса iрi мәмiлелер бекiтумен айшықталады. Осының нәтижесiнде елдiң жетекшi газет компаниялары тiзiмiне көп өзгерiс енiп, ол қайта құрылды. Мәселен Томсон өзiнiң иелiгiндегi барлық 49 газеттi сатып жiбердi. Ол сондай-ақ Канададағы өзiне тиесiлi газеттерден де (“Глоб Энд Мейлдан” өзгесiнен) құтылады. Ендi бұл баспа тобы бар күш-қаржысын электрондық бизнеске бағыттамақ. Оның 22 газетiн “Ганнет Компани” сатып алды. Өзге қожайындардан тағы да бiрнеше газет сатып алған бұл компания бұрындары да өзiнiң күнделiктi басылымдарының ортақ таралымы жөнiнен көшбасшы саналатын. Ендi ол күнделiктi газеттер саны бойынша да бiрiншi орынға шығып отыр – барлығы 99 күнделiктi газеттердiң ортақ таралымы 6 700 000 данаға жеткен. Томсонның 17 күнделiктi газетiн АҚШ-тың баспасөз нарығында 1995 жылдан бастап жұмыс iстеп келе жатқан “Коммьюнити Ньюспейперс Холлдингс ИНК” сатып алды. Бұл компания Алабама Штатындағы Бирменгемде орналасқан. Иелiгiнде 96 күнделiктi газет, оның сыртында тағы 200-ге жуық ұсақ газеттер бар. Ол АҚШ-тағы жетекшi газет компаниялары тiзiмiнде Томсонның орнын басады.
“Нью-Йорк Таймс Компани” жетi ұсақ газеттi, төрт күнделiктi және үш апталық басылымды сатып жiбердi. Бұл басылымдар Флорида, Калифорния, Луизиана Штаттарында таралады. Ендi бұл компания иелiгiнде тек iрi газеттер “Нью-Йорк таймс” пен “Бостон Глобтан” өзге 14 жергiлiктi iрi басылымдар ғана қалды. 2012 жылдың наурыз айында “Трибюн Компаниге” “Таймс Миррор Компанидiң” қосылатындығы хабарланды. Бұл оқиға АҚШ-тағы, тiптi газет индустриясындағы “жыл мәмiлесi” деген атқа лайық болды. Осының нәтижесiнде, он бiр күнделiктi аса iрi газеттер “Лос-Анджелес Таймс”, “Чикаго Трибюн”, “Балтимор Сан”, “Ньюсдей” бірігіп, мегакорпорациясы құрылды. Күнделiктi газеттерiнiң ортақ таралымы 3 000 000. Ол ендi “Ганет компани” мен “Наит-Гиддерден” кейiнгi үшiншi орынға шығып отыр.
Америка газет индустриясының жарнамадан түскен түсiмінiң өсiмi қызықтырары сөзсiз. Бұл елде барлық БАҚ түрлерi iшiнде жарнамалық табыс жөнiнен газет саласы бiрiншi орынды иеленедi. 1999 жылы АҚШ газеттерi жарнамадан рекордтық табыс тауып 46,3 миллиард доллар 1998 жылмен салыстырғанда өсiм 5,4 %, 2002 жылғы табыс мамандар айтуы бойынша 59 миллиард долларды құраған.
Газет iсiнiң сарапшылары күтпеген жаңа тенденция – күнделiктi газеттерiнiң таралымының құлдырауы тоқтап, жыл басында шамалы болса да өсiмі байқалған. Америка газет ассоциациясының мәлiметтерiне сәйкес бұл өсiм 0,2 %-ы құраған. 2009 жылдан берi олардың ортақ таралымы 0,5 %-ке құлдыраған болса, бұл 113 000 данаға көбейген. Сөйтiп АҚШ-тағы күнделiктi баспасөздiң жалпы таралымы қайтадан 59 000000 данадан асқан [7].
Достарыңызбен бөлісу: |