Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің



Дата23.02.2016
өлшемі23.5 Kb.
#10468
Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің

«Болашақ» халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы Қазақстан

Республикасы Президентінің Қаулысы 1993 жылғы 5 қарашадағы№1394 Қаулысы

(2008.08.02. берілген  өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшiп, халықаралық байланыстар кеңейген жағдайда тиiстi білімi бар кадрларға деген дiлгерлiк барынша өсе түстi, осыған орай даярлығы неғұрлым жоғары жастарды шет елдердiң маңдайалды оқу орындарына оқуға жiберу мейлiнше өзектi сипат алып отыр.



Осы қызметке қаржылық жағынан қамту жасау, кандидатураларды iрiктеудi жүзеге асыру және білім саласында халықаралық байланыстарды үйлестiру мақсатында қаулы етемiн:

1. Дарынды жастарды АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердiң маңдайалды оқу орындарында оқыту үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы белгiленсiн. Стипендиялардың мөлшерi студенттердi шетелдердiң тиiстi оқу орындарында оқыту құнының деңгейiнде көзделсiн.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа арнап қажеттi валюта қаражатын бөлетiн болсын.

3. ҚР Президенті 2008 ж.  8 ақпандағы № 531 Жарлығымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне жүктелсiн.

 

Қазақстан Республикасының



Президентi Н. Назарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет