Ші бет беттен Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет1/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#124683
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

042-18-24.1.03/03-2013

Басылым №2

–ші бет беттен




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 де 3 деңгейдегі СМ СМК құжаты

ПОӘК


ПОӘК
042-18-24.1.03/03 -2013

« «Ветеринариялық ирургия -2» пәнінің

оқу-әдістемелік

кешені


№ 2 басылым

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2


ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

«5В120100» - «ветеринариялық медицина» мамандығы үшін

СЕМЕЙ, 2013

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер мен ЛЖС

Глоссарий

cheir -қол

ergon- әрекет ( хирургия - қолдың әрекетесуі) (грекше)

Tomia – айыру, жару, кесу, шабу, қақ айыру

Ektomia-шабу, жону, ою

Extirpation-сылып тастау, (сүйектегі етті сылу)

Resection- жартылай кесу

Amputation-перифериалық мүше бөлігін алып тастау

Stomia- терең жара (тесік)

Tenotomia- сіңірді кесу

Laparotomia- құрсақты ашу, немесе кесу

Laryngotomia – көмекейді ашу немесе кесу

Sinus maxillaries-үстіңгі жақ қуысы

Pleurocentensis-плеваны тесу (кеуде қуысының қабырғасын тесу)

Thoracotomia –кеуде қуысын ашу

Resection costae – қабырғаны ою

Cavum subarachnoidale – өрмекшіторы тәріздес қуыс (жұлын, мидағы жұмсақ және өрмек тәріздес қабаттағы торлы қабат деп сипатталады )

Cavum subdurale- субдуралды қуыс (ми мен жұлының қатты торлы қабатында орналасқан )

Spatium epidurale – эпидуралды кеңістік(ми мен жұлының қатты қабатымен омыртқа арнасының қабырғасында орналасқан) – эндоостом

Anaesthesiologia – жалпы және жергілікті жансыздандыру

Anaesthesia – дене бөлімінің немесе барлық тұлғаның сегшізтігі жойылуы

Anaesthesia generalis – жалпы наркоз

Anaesthesia localis – жергілікті ауырсындырмау

Anaesthesia infiltratа –ұлпаларға қабаттықпен жергілікті ауырсындырмауда ертінділердің сіңуімен ауырсынбау нәтижесі

Anaesthesia regionalis – өткізгіштік, жүйке жүйесінің жақын маңын ауырсындырмауда ертінді арқылы жергіліті ауырсынбауы

Aplasia – туған уақыттан мүшенің жоқ болуы

Aseptica – жаларды инфекциядан заразсыздандыру арқылы сақтау

Vasectomia – шәует жүретінтамырын кесу

Mission sanguinis –қан алу

Haemorrhagia-қан кету

Castratio – пішу

Punctio –шаншу, тесу

Resectio – кесіп тастау

Hernia - жарық анатомиялық қуыстан ішкі мүшенің түсуі

Trauma – травма – жарақат

соntusio – контузия - зақымдалу

distorsio - созылу

luxatio - шығу

fractura - сыну

compressio - қысылу

Injectio – енгізу арнайы сұйықтарды емдік немесе диагностикалық мақсатпен енгізу

Stenosis – қуыс мүшелердің диаметрінің кішірейуі

Sterilisatio – заразсыздандыру

Inflammatio – қабыну

Shock – cоққы алу, күйзелу (англ)

Perioostitis ossificans – оссифицирленген периостит (қабынған сүйек қабының маңындағы сүйектің өсуімен сипатталады. Сұйек қабының ішкі камбияльды және сырқы қабатыда қабынады фиброзды периостит ретінде өтеді)

Folliculitis – Folliculitis - Жүн аиналасындағы іріңді қабну процесі

Yulnus – жара (ашық жара)

Haematoma - Гематома.

Lymphoextravasat - Лимфаэкстравазат

Distorsio – Созылу

Rutura - Бөліну

Commotio - Шайқалу

Compressio – Қысылу

Дәріс-1 КІРІСПЕ. ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Жалпы хирургия – клиникалық пәндер ішіндегі клиникалық сана мен ой түзуші, келешек ветеринарлық дәрігерлерді кәсіби дайындыққа баулуда маңызды орын алушы ең бір жетекші пәндердің бірі. Хирургия – гректің екі сөзінен алынған. Ол «Cheur ergon»: «хиер» - қол, «ерго» - әсер ету. Қазақша ота жасау туралы ғылым. Бұл алғашында хирургиялық ауруларды қолмен ота жасап емдеуге қатысты қолданылған тарихи ұғым. Қазір хирургияның ауқымы аса кең. Хирургиялық ауруларды анықтау мен емдеуде сан алуан заманауй құрал жабдықтар, техникалар, дәрі – дәрмектер, әдіс тәсілдер кешені қолданылады. Осыған байланысты медициналық және ветеринариялық хирургияның көптеген арнайы бөлімдері пайда болып дамуда. Оның ең күрделісі қан тамыры хирургиясы, нейрохирургия, трансплантация хирургиясын атауға болады. Студенттерге ветеринариялық хирургия 3 бөлімге бөліп оқытылады. Олар: Оперативтік хирургия, жалпы хирургия және аймақтық хирургия. Бұл бөлімдер бір – бірімен аса тығыз байланысты.

Жалпы хирургияның мақсаты көптеген ветеринариялық ғылымдардың (анатомия, патанатомия, физиология патфизиология, фармакология, микробиология) жетістіктерін пайдалана отырып, жалпы мал организмінде, ағзалар мен ұлпаларда кездесетін хирургиялық аурулардың этиологиясын, клиникасын, патогенезін зерттеу, диагноз қою, емдеу және аурудың алдын алу шараларын ұсыну. Жалпы хирургияда «ауруды емдеу мен алдын алу біртұтас, бірақ алдын алуға басымдылық беріледі» деген қағида ұсталынады. Ол хирургиялық аурулардың алдын алуда малды азықтандыру, күтіп бағу технолгиясын сақтап дұрыс пайдалануды көздейді. Хирургиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін біле отыра шаруашылықта емдеу-алдын алу шараларының кешенін қарастырады.

Жалпы хирургияда студенттер жарақатарды, хирургиялық инфекциялық ауруларды, тері, бұлшық ет, сіңір, қан және лимфа тамырлары, ми және жүйке тамырлары, қатерлі ісіктерді анықтауды және емдеуді менгереді.

Жалпы хирургияның міндеттері:

- Хирургиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін зерттей отырып, оларды анықтау,емдеу және алдын алу шараларының кешенін ұсыну.,

- Хирургиялық ауруларды емдеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңадан ұсынылған дәрі - дәрмектердің тиімділіктерін анықтау.,

- Хирургиялық ауруларды, әсіресе толық зерттелмеген (қатерлі ісік) ауруларды зерттеу, емдеу, алдын алу шараларын ұсыну. Жалпы ветеринариялық хирургия пәнін меңгеру үшін студенттер биология, жануарлар морфологиясы, физиологиясы, клиникалық диагностика, фармакология, микробиология, оперативті хирургия пәндерін меңгерулері қажет.

Дәрәс 2-3. ЖАРАҚАТ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ


Жарақат - әртүрлі сыртқы ортаның әсерінен организмнің ұлпалары мен ағзаларының морфологиялық, торшалық және молекулалық деңгейде патологиялық өзгерістерге ұшырауы. Жарақат – травма (trauma) грек тілінен аударғанда жарақат, зақымдалу дегенді білдіреді.

Жарқаттаушы факторлар экзогенді және эндогенді деп бөлінеді. Сыртқы ортаның жарақаттаушы әсерлеріне механикалық, физикалық, химиялық әсерлер жатады. Ал эндогенді әсерлерге - организмдегі витаминді - минералды заттардың алмасуының бұзылуынан, қан айналымының бұзылуынан, аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан және тағы басқа ішкі құбылыстардың өзгерулерінен болатын жарақаттаушы факторлар жатады. Сондай ақ эндогенді жарақаттаушы заттар азықпен асқазан – ішек қуысына түсуінің нәтижесінде де туындайды. Мұндай іштен зақымдаушы заттарға ішкі мүшелерге әртүрлі себептермен енген микроорганизмнің әрекеттерін және ағзаларда түзілген тастардың әсерін де жатқызуға болады.

Жарақат мал арасында өте жиі кездеседі, ресми мәліметтер бойынша ол тек таза хирургиялық аурулардың 25-30% иеленеді. Ал бас кезінде хирургиялық ауру емес, кейіннен хирургиялық ем қажет ететін аурулар санын қосса (трахеомотомия, руменотомия, кесарев операциясы және т.б.) жарақаттың пайыздық саны одан да жоғары болады. Бұдан басқа негізгі ем – хирургиялық жолдармен емделетін кейбір жұқпалы аурулар (актиномикоз, некробактериоз, сіреспе, айналма т.б.) да бар. Жалпы алғанда барлық ауру малдардың 50% хирургиялық емді қажет етеді екен.

Жарақаттың мал арасында тарауын, онан келетін зиянды бірталай ғалымдар зерттеген. Г.Әбішовтің деректері бойынша ірі қара малда жарақат 37,8%, оның ішінде үш жастығы таналарда - 26,5%, қойда жайылым кезінде 44,6%, қыстауда 7,3%, шошқада 28,4%, жылқыда 26,4% кездеседі. М.В.Плахотин мен Щитов бордақылау комплекстерінде бұқашықтарда жарақат 12-30% дейін кездесетінін бақылаған.

Жарақаттың жиі кездесуі шаруашылықтарға орасан зор экономикалық зияндық келтіреді. Малдың өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, көп дәрі-дәрмек, бағып қарауға адам күші кетеді. Осының бәрін ескерсек, ауру малды емдегеннен жарақаттың алдын алуға әрекет жасау өте маңызды. Мұнда мал организімінің биологиясына сүйеніп, оның табиғатқа байланысты өмірін ескеру керек. Ол: "организм + табиғи орта + адамның малға қолдан жасаған жағдайы". Адам малдан неғүрлым мол өнім алу үшін, малға әр түрлі жақсы жағдай жасайды. Мал организмі жеген азығын толық қорытуға, энергиясын (күш-қуатын) толық пайдалануға, сыртқы ортаның әртүрлі зиянды әсерлеріне қарсы тұру қабілетін төмендетіп, адам жасаған жағдайға бейімделеді. Неғүрлым ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі жоғары болса, соғүрлым олардың күтімі жақсарып, тиісті жағдай жасалады. Малдарды жабық кешендерде баққанда оның сыртқы орта мен динамикалық тепе - тендігі бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады (артрит - буын қабынуы, тендинит - тарамыстың қабынуы, тұяқ аурулары т.б.). Мұнымен қатар мал қимылсыз көп тұрған жағдайда терінің, бұлшық еттің, ішкі секреция бездерінің, жүйке жүйесінің қан айналысы нашарлайды. Көп қимылдамаған малдың бұлшық еттерінде, сүйектерінде, буындарында, ұлпаларында, ағзаларында қан айналысы 10-15 рет төмен болады. Организмде гипотония дамып, зат алмасу және нейроэндокрин жүйесінің қызметі төмендейді. Мұның бәрі малдардың жарақаттануға бейімділігін артырады.

Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және жүйке-стресстік.


Жарақаттың түрлері

Механикалық


Ашық


Кесілген

Тесілген


Шабылған

Жаншылған

Жұлынған

Жыртылған

Тістелген

Оқ тиген


Жабық

Соғылу

Созылу


Үзілу

Шайқалу


Басылу

Гематома

Лимфоэкстравазат


Физикалық

Термикалық


Күйік

Үсік


Электрожарақат

Сәулелік жарақат







Химиялық

Сілтіден күю

Қышқылдан күю

Ауыр металдың тұздарынан күю





Биологиялық

Бактериялардан

Тоғышар құрттардан

Зең саңырауқұлағынан





Жүйке-стресстік






1) Механикалық жарақат — организмге әсер еткен механикалық күштен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеушілігі, зат алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қажуы т.б. осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты. Жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары, сіңірі, тарамысы және сүйегінің механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттің сіңірі, терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты, созылғыш келеді. Бұл жануарлардың сүйектері де мықты болады.

Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жаншу сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық күштің бағыты мен әсеріне, жылдамдығына, әсер етуші заттың тығыздығы мен көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты. Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық, ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. Сол сияқты буаз малдарда остеомаляция дамығандықтан, сүйектері сынған жағдайда көп жерден сынатыны байқалады.

Механикалық жарақаттар ашық және жабық жарақаттарға бөлінеді. Сондай - ақ операциялық, кездейсоқ, туа пайда болған және соғыс жарақаттар деп те қарастырылады. Тері бүтіндігі бұзылса пайда болған жарақатта ашық жарақат дейміз. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақатты жабық жарақат дейміз. Жарақаттану кезінде ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы мүмкін. Тері анатомогистологаялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады. Сол себепті тарамыс - сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып, жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтіндігі сақталуы жиі кездеседі..

Тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұзылған жарақаттарды ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі кесілген, тесілген жарақаттар, ашық сынықтар жатады.

Жарақаттар механикалық күш тікелей әсер еткен жерде немесе одан алшақ жерде де болуы мүмкін.

Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке әсер еткен тұяқ емес, малдың тоқпан жілігі орнынан тайып (шығып) кетуі мүмкін.

Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалар мен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болады, оны шайқалу немесе контузия дейді.

2) Физикалық жарақат аса жоғары және төмен температураның, электр тоғының және әртүрлі сәулелердің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйюі, суыққа үсуі мүмкін.

3) Химиялық жарақат — мал организміне қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары және т.б. химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық дәрілермен емдегенеде, паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі. Химиялық заттар түрлеріне байланысты көбінесе тиген жеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады.

4) Биологиялық жарақат организмге вирустар, микробтар, зең саңырауқұлақтары, паразиттер еніп өсіп - өнгенде пайда болады.

5) Жүйке - стресстік жарақаттар көру, есту органдары арқылы малдың жүйкесіне стресстік жағдайлардың әсер етуімен пайда болады. Жануарларды аса қорқытып – үркітетін стресстік жағдайлар малды үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда, тиеп - түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғытқанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айырықша төмендетеді. Жүйке - стресстік жарақаттар әсерінен әлсіреп қажыған жануарлардың өнімділігі азайып, өсіп - өнуі тежеледі. Тіпті есінен танып, өліп кетуі мүмкін. Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда және терісі бағалы аңдарда көп кездеседі.


АШЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР
Ашық механикалық жарақаттар – сыртқы ортаның механикалық күштерінің әсерінен терінің, кілегей қабықтардың морфологиялық бүтіндігінің және қызметінің бұзылуымен сипатталады. Оны кейде «жара» деп атау қалыптасқан. Оның белгілері —терінің, кілегей қабықтардың бүтіндігінің бұзылуы, ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қан ағу, қабыну және қызметін толық атқара алмау. Бұл жарақаттың ең жеңілі - терінің эпидермисінің жарақаттануы – сызат деп аталады. Оны кейде жырылу, тырналу дейді. Жарақаттың жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қабырғасы - борпылдақ дәнекер ұлпадан, шандырдан, бұлшық етттерден тұрады. Түбі бұлшық еттен немесе сіңірден, сүйектен тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа бөгде заттардың енуінен пайда болған жарақатты қуысқа енген жарақат, ал жарақат дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның кірер және шығар аузы болса оны тесілген жарақат дейді.

Ашық механикалық жарақаттың түрлері. Ол үш түрге бөлінеді — операциялық, кездейсоқ және соғыс жарақаттары.

Операциялық жарақаттар малға әр түрлі операция жасағанда; пішу, жарыққа операция жасау және абсцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекциялық процесстерді тіліп өндегенде пайда болады. Кездейсоқ жарақаттар байқаусызда соғылу, жығылу, қысылу тағы басқа жағдайларда болатын жарақаттар. Олардың түрлері — түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған жарақаттар. Соғыс жарақаттарына оқ, жарылғыш заттардың сынықтары тиюден пайда болады.

Тілінген (кесілген) жарақат (vulnus incisium). Өткір заттармен: пышақ, скальпель, ұстара, әйнектің сынығы т.б. жараланғанда болады. Мұндай жарақаттың аузы ашылып тұрады, қан ағады, тілінуден пайда болғандықтан жиектері түзу, жарақат айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жарақаттар көбіне асқынбай қысқа уақытта жазылады.

Түйрелген жарақат (vulnus punctum). Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сым темір, біз т.б.) жарақаттанғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енеді. Жарақаттың ауызы тар, тез бітеліп қалады да қан көп ақпайды. Бірақ анаэробты инфекция дамуы мүмкін. Терең жатқан ірі қан тамырлары жарақаттанып гематома пайда болуы да ықтимал.

Шабылған жарақат (vulnus caesum). Себептері — балта, қылыш, күрек тағы сол сияқты ауыр және өткір заттардың әсерінен пайда болады. Тілінген жараға қарағаңда ұлпалар көбірек жарақаттанады, тереңдігі сүйекке дейін жетіп, кейде дененің шабылған бөлшегі салбырап тұрады.

Мыжылған, жаншылған жарақат (vulnus contusum). - жұмыр заттардың әсерінен, мысалы балғамен, таспен ұрылғанда, мал тұяғымен тепкенде пайда болады. Мұндай жарақаттың айналасыңдағы тері, ұлпалар қоса зақымдалады. Сүйек сынуы да мүмкін. Бұл жарақат өте ауыр жарақат, мысалы мал ауыр машинаның, трактор немесе қораның құлаған қабырғаларының астында қалғанда пайда болады. Мұндай жарақат көлемді, еттері мыжылған, жаншылған, шеттері жыртылған. Қан көп ақпайды, айналасы қанталап тұрады. Жараланған жерде инфекция даму қаупі бар.

Жыртылған жарақат (vulnus laceratum). Жыртқыштардың тісінен, тырнағынан, ілгек темір, қармақ, бұтақ - шегелердің әсерінен пайда болады. Шаруашылықтарда малдар көбіне сырғасын торға және тағы басқа нәрселерге іліп алып, одан босану үшін қатты күшпен жұлқа тартып құлағын жыртып жарақаттауы кездеседі. Ал бұқа мен өгіз танауына енгізілген шығыршығын жұлқа тартып, танау пердесін жыртады. Мұңда тері, оның астыңдағы ұлпалар созылып жыртылады, жұлынады. Сондықтан бұл жарақаттадың пішіні, тереңдігі бірдей емес, кейде жыртылған терісі салбырап тұрады, қан көп ақпайды.

Тістелген жарақат (vulnus morsum). Малдардың, жыртқыштардың тістеуінен пайда болады. Ұлпалардың тесілуі және жыртылуы да мүмкін. Тістелген жарқатқа микробтар енеді. Инфекциялық қабыну дамиды. Сол сияқты қауіпті жұқпалы аурулар (құтырық) жұғуы мұмкін. Басқа жарақаттарға қарағанда жазылуы ұзаққа созылады.

Уланған жарақат (vulnus venenatum et mixtum). Жарақаттың беті улы химиялық заттармен, радиоактивтік элементтермен ластанып, организмге қосымша зақымын тигізсе олар «миксты» деп аталады. Уланған жарақаттар жыланның, қарақұрт, шаянның шаққанынан да болады. Бұл жарқаттар өте қауіпті, сондықтан бұған жан - жақты хирургиялық және арнайы ем қолдану керек.

Түйдектелген (аралас) жарақаттар (vulnus com.). Бұл жарақаттарда жоғарыда айтылған екі - үш жарақат түрлері бірге кездеседі, мысалы ұрылған, соғылған және жыртылған. Мұндай жарақатқа соғылып - жыртылған жарақат жатады. Сол сияқты басқа да жарақаттардың араласқан түрлері кездеседі.

Жарақаттардың келесі түріне соғыс жарақаттары жатады. Немесе оны атпа қару жарақаттары дейді. Ол денеге бытыра, оқ, жарқыншақ тиюінен пайда болатын жарақаттар. Мұнда соққының әсерімен тек сол оқ, жарқышақ тиген жерде жарақат пайда болып қоймай, оның айналасындағы ұлпалар да жарақаттанады. Бұл жарақаттың ерекшелігі — денеге оқпен бірге тереңге микробтар, әр түрлі бөгде заттар (жаңқа, құм, жүн т.б.) енуі мүмкін. Ғалым Борстың зерттеуі бойынша бұл жарақаттарда оның өзегінен сыртқа қарай 3 белдеу (зона) болады. Олардың жарақаттануы әр түрлі, соңдықтан ем қолданғанда осыны ескеру керек.

"Бірнші белдеу" - жарақат өзегі белдеуі. Бұған жарақаттың өзегі жатады. Оның қуысында жаншылған ұлпалар, бөгде заттар, микробтар, ұйыған қан болады.

"Екінші белдеу" - молекулярлық шайқалу немесе жартылай өліеттену. Бұл екінші белдеудің сыртқа қарай жалғасы болып келеді. Бұл жердегі ұлпалар өліеттенуге ұшырамайды, бірақ торша құрылымы өзгереді, ұлпа аралығы қанталайды, жүйкеленуі бұзылады. Кейіннен бұл ұлпалар жартылай өліеттену мүмкін.

Кейбір ғалымдар "үшінші белдеуді" да айырады. Ол ареактивтік белдеу. Мұнда қан тамырлары салдануы, жүйкелену жағынан өзгерістер, ұлпаның зақымдалуы байқалады. Бұл белдеу жарақаттанбаған ұлпалармен шектеседі.

Атпақару жарақатының айналасындағы терісі, еттері өлі еттеніп ісініп тұрады. Жақын жерден атқан оқтың күйген іздері, оқ дәрінің иісі қалады. Мұндай жарақаттың тесіп өткен түрлері кездеседі, оның кірер және шығар ауыздары болады. Кірер аузы дөңгелек, үш бұрышты, жұлдыз тәрізді болып, айналасындағы терісі ішіне бүктеледі.

Шығар аузы жан - жағы жұлынып үлкен болады. Оқ немесе жарқыншақ денеге енгенде, үлпалардың тығыздығына қарай бағытын өзгертеді, сондықтан жарақат өзегі тура болмайды. Мұндай жарақаттарда сүйек сынуы, инфекция үрдісі дамуы мүмкін, сондықтан жазылу мерзімі ұзаққа созылады.

Пайда болу уақытына қарай және организмнің оған реакциясына байланысты жарақаттың төмендегі түрін айырады:

а) жаңа пайда болған жарақат - пайда болған уақытынан 24-36 сағатқа дейін;

б) ескі жарақат,

в) асептикалық жарақат,

г) қабынып кеткен жарақат — қабынудың клиникалық белгілері айқын білінгенде;

д) инфекциямен асқынған жарақат — ірінді инфекциямен немесе газды инфекциямен асқынғанда.

Ашық механикалық жарақаттың белгілері. Жарақаттарға тән белгілері: ауырсыну, қызметінің бұзылуы, қан ағу, қабырғасының ажырауы және жарақаттық қабыну.

Ауырсыну (dolor) организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі. Жарақаттанып ауырсынудан мал қорғанып, сақтанады. Ауру процессінің ары қарай дамып асқынуына кедергі болады. Әрине қатты және ұзаққа созылған ауырсыну зияндығын да тигізеді. Ауырсыну жарақаттанудың алғашқы кезеңінде қатты білінеді, кейінірек басылыңқырайды, ал жарақат қабынса солқылдап ауырады.

Ауырсыну жараланған жердің жүйкеленуіне байланысты болады да , неғүрлым жүйкесі көп жер жараланса соғұрлым ауырсынуы қатты сезіледі. Ең аурушаң тері, оның ішінде тұяқ жұлығының терісі, сүйек тысы, ішперде. Түріне қарай жануарлардың жарақатқа ауырсыну реакциясы әр түрлі болады. Мүйізді ірі қара малы жылқыға қарағанда жарақатқа төзімді келеді. Ит, шошқа, мысық өте сезімді болғандықтан, қатты жарақаттанғанда естен танып, кейде жарақаттық шокқа ұшырап өлуі де байқалады (жарақаттық шок туралы жарақаттың организмге жалпы әсері бөлімінде жан – жақты қарастырамыз).

Құстардың ауырсыну сезімі өте төмен. Ауырсыну организмге зияндық әсерін тигізеді. Ол жүрек – қан тамыры, тынысы алу, ас қорыту жүйелері қызметтеріне де кері әсер етеді. Сондықтан қатты және ұзақ ауырсыну организмге өте қатерлі, мал естен танып өліп кетуі де мүмкін. Осыны ескеріп алдын - ала шара қолданып, жарақаттан болатын ауырсынудың әсерін төмендеткен жөн.

Қызметінің бұзылуы (functio laessa). Жарақаттанған ұлпаның, ағзаның қызметі бұзылады. Ол толық немесе жартылай, уақытша, ал кейде өмір бойына бұзылуы мүмкін. Мысалы жарақаттанған тері уақытша қорғаныш қызметінен айрылса, ал сіңірі кесілген жануар өмір бойы ақсақ болып қалады. Қызметінің бұзылуы жарақаттың пайда болған жеріне және ауырлығына байланысты болады. Егер өмірге қауіпті жанды жерлер — бас, жұлын жарақаттанса малдың салдануы, өлуі мүмкін. Қимыл – тірек мүшесі жарақатса, мал ақсап жүре алмай қалады. Ал жеңіл - желпі және малға қатты әсерін тигізбейтін жарақаттарда дене мүшелерінің қызметінің бұзылуы айқын болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет