Ші бет ші беттің



жүктеу 1.38 Mb.
бет4/9
Дата12.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үй жануарларының фасциолезі


1. Фасциолез жіті және созылмалы түрде сүтқоректілерде трематодтың Fasciola hepatica және Fasciola gigantica түрлерінің тудыратын аурулары. Фасциолезге 40-тан астам сүтқоректілер, соның ішінде қой, ешкі, ірі қара мал, түйе, сирек жылқы, шошқа, бұғы, қоян бейімділік танытады. Ауру Қазақстаннан басқа, Франция, Англия, Куба, Оңтүстік Америка, Кавказ бен Орта Азия елдерінде кеңінен тіркелген.

Экономикалық шығын мал өлімінен, өнімнің төмендеуінен, іш тастаудан, әлсіз төлдің тууынан құралады.

2. Қоздырушылары Fasciola hepatica, Fasciola gigantica малдың бауырының өт жолында, өт қабында, ұйқы безінде, талақта мекендейді.


  1. Даму биологиясы. Fasciola hepatica, Fasciola gigantica биогель-минттер. F. hepatica аралық иесі кіші тоспа ұлу, ал F.gigantica үлкен тоспа ұлулары. Суға түскен фасциола жұмыртқасында 15-30оС температурада 2-3 апта өткенде мирацидий дамиды. Ол суға шығып 2-3 тәулікте ұлудың денесіне еніп 15-20 күннен кейін редияға (1мм), ал 35-40 күннен соң церкарийге айналады. Ұлу денесінен шыққан церкарий су жиегіндегі өсімдікке бекінген соң капсула-циста құрады да, адолескарийге айналады. Инвазиялық личинка – адолескариидің екі емізігі, ішегі мен экскреторлық көпіршігі болады. Адолескарийлер еліміздің оңтүстігінде 250-300 күндей тіршілігін сақтайды, кейде қыстап шығады. Ішке түскен адолескарий гематогенді жолмен немесе ішек қабаты құрсақ қуысын бойлай бауырға жетеді де, паренхимида 35-40 күн жетіліп, 4 аптадан соң өт жолдарына ауады. 3-4 айдан соң маритаға айналады. Бауырда 5 жылдан астам уақыт тіршілік етеді.

4. Эпизоотологиялық деректер. Фасциола жұмыртқалары температура-ға төзімді. Аралық иелері ұлулар тұрып қалған, кішігірім көлдерде, шалшық суда, батпақты жерлерде көп кездеседі. Қыстап шыққан олардың денесінде фасциоланың церкариі сақталып, келесі көктемде аурудың жандануына себеп болады. Ауру жаз соңында күздің басында шегіне жетеді.

5. Патогенезі асқорыту жүйесінің қабынуымен (құрттың токсиндерінің әсері) бастау алып, қан айналым және бауырдың функциясының бұзылуымен сипатталады. Марита бауырдың өт жолдарын бітеп, оның жұмысын бәсеңдетеді.

6.Сыртқы белгілері құрттың санына, малдың жағдайына (жасы, күту, азықтандыру мәселелері, тұрақтылығы) байланысты. Әдетте төл зілді түрде ауырады. Кілегей қабаты бозарады, қан аралас іш өтеді, іші бітеледі, тимпания байқалады. Жүрек қызметі нашарлап, ентігу, демігу белгелері тіркеледі. Созылмалы ағымында жақ асты, кеуде, құрсақ асты тұстарында жалқаяқты ісіктер дамиды.

7. Диагнозды малдың тірі кезінде қою біртіндеп шаю әдісімен іске асырылады. Өлген малда өт жолдарында маританы анықтаумен тұжырымдалады.

8. Патологиялық-анатомиялық өзгерістерінен өлексенің арықтығы, лимфабездерінің ісінуі, бауырдың ұлғаюы (2-3 есе) көзге түседі.

9. Емдеу


  • филиксан - 0,3-0,4г/кг жем-сумен;

  • битионол 15 сағаттық ашықтырып, 0,15-0,2г/кг жеммен;

  • альбазен 2,5% немес 10% суспензия түрінде, 40кг салмаққа 23мл;

  • альбен әр 5г 100кг салмаққа;

  • альвет 50мг/кг;

  • вермитан 20% суспензиясын 2,5мл/100кг тірі салмағына беріледі.

10. Профилактикалау жылына 2-3 рет: малды қораға байлаған соң 1 айдан кейін, кейіннен 3 айдан соң және жайылымға шығардан 1 ай бұрын. Биотоптардағы ұлуларды моллюскоцидтермен жою. Малды таза сумен қамтамасыздау.

Парамфистоматоздар (лиорхоз, парамфистоматоз, каликофороз, гастротилез) күйістілердің арасында жіті және созылмалы ағымдарда, қоздырушылардың мес қарны мен ұлтабарында мекендеуінен туындаған аурулар. Жіті ағымы жиі төлдерде, жас малда (1,5-2 жас) тіркеледі. Дефинитивтік иелері: ІҚМ, қой, ешкі, буйвол, зебу, бұғы, елік, сайғақ, марал.

Экономикалық шығын төлдің шетінеуінен (50-100%), өсімінің тежелуінен, өнімнің төмендеуінен құралады.

2. Марита күйістілердің мес қарнында күнелтеді. Пішіні алмұрттәрізді, жіпшетәрізді, түсі қызғылт-сұр, ауыз емізігі жоқ, жақсы дамыған құрсақ емізігі дененің артқы жағында жайғасады. Тұрқы 5-20мм.

3. Даму биологиясы. Парамфистомалар – диксенді паразиттер. Аралық иесі тұшы су ұлулары. Жұмыртқада мирацидий 11-22 күнде дамып, ұлу денесінде 18 тәуліктен соң спороциста, редия және церкарии сатыларынан өтеді. 1,5-2 айдан соң церкарии ұлу денесінен шығып су жиегіндегі өсімдікке бекініп, зардапты адолескариге айналады. Дефинитивтік иесі адолескариді су, шөппен жұтып залалданады. Препатенттік даму мерзімі 3,5-4 ай.

4.Эпизоотологиялық деректер. Ауру ылғалы жоғары, жазы жайлы, ірілі-ұсақты су көздеріне бай жерлерде тіркеледі. Ауру Қазақстан, Украина, Белорусь, Ресей, Орта Азия және Кавказ елдерінде кездеседі. Малдың басым бөлігі жаздың соңына дейінгі мерзімді дерттенеді. Қыстап шыққан ұлулар церкарийлерді мамыр-қыркүйек аралығында бөледі. Адолескариилер ыстыққа төзімсіз. Ересек парамфистомалар мес қарында 2-3 жыл тіршілігін сақтайды.

5. Патогенезі. Паразит ішек пен мес қарын кілегей қабатын зақымдайды, басқа микрофлораның енуіне жол береді, ас қорыту жүйесі жұмысын бұзады, малды арықтатады.

6. Сыртқы белгілері. Жайылымға шыққаннан кейін 2-3 аптадан соң малдарда күйзелу, қимылы бәсеңдеу, кілегей қабаттарының бозаруы байқалады. Бұзау, қозылар арасында паразиттің балаңдары 5-30 күн өткенде іші өту, домбығу, көтеремдіктен өлім-жітім тудырады.

7. Диагнозды эпизоотологиялық деректер, клиникалық белгілерін және копрологиялық зерттеулер нәтижесін ескере қояды.

8. Патологиялы-анатомиялық өзгерістер: кахексия, 12-елі ішек пен ұлтабардың катаралды-геморрагиялық қабынуы, кілегей қабаттарының бозаруы тән. Хроникалық ағымда мес қарынның тоғышар бекінген орындарындағы жалбыршақтары түсіп қалады.

9. Емдеу. битионол - 0,07г/кг, екі рет; фенбендазол (панакур) 4,5мг/кг 6 күн бойы; сульфен - 0,08 г/кг, екі рет 6 күн өткенде; альбазен – 23мл/40кг; альбен – 5г / 100кг; альвет – 50мг/кг; вермитан – 2,5мг/100кг.

10. Профилактикалауды дегельминтизация жұмысын 3 рет (мал қорада тұрғанда әр 10 күн сайын екі рет және жайылымға шығар алдында 3-4 апта бұрын) жүргізу арқылы өткізеді.

Дикроцелиоз

1. Дикроцелиоз – созылмалы ағымда үй және жабайы жануарларда тіркелетін гельминтоз. Ауруға 70-тен астам жануарлар, соның ішінде негізінен күйістілер бейім. Дикроцелиозбен адам да ауырады.

2. Қоздырушысы - Diсrосоеlium lаnсеаtum трематодасы Dicrocoeliidae тұқымына жатады. Ұзындығы 1см, ені 2 мм, ланцеттәрізді. Ауыз бен құрсақ емізіктері бірдей және жақын орналасқан. Аталық бездері құрсақ емізігінің артында жайғасқан. Маританың бүкіл артқы жағын жатыры алып жатады. Жұмыртқалары ұсақ, қоңыр түсті, қалың қабықты, бір полюсінде бүртігі болады.

3. Даму биологиясы. Биогельминт. Дикроце­лийлер үш иенің қатысуымен: дефинитивтік (сүтқоректілер), аралық (құрлық ұлулары) және қосымша (құмырсқа) дамиды. Ересек сатысы бауырдың өт жолдары мен өт қабында мекендейді. Ішінде дамыған мирацидиі бар сыртқа тасталған жұмыртқаны құрлық ұлуы жұтып, оның денесінде спороциста-редия-церкарий сатылары дамиды. Ұлудың кілегейлі затымен сыртқа бөлінген церкарийлерді құмырсқалар жұтады да, олардың құрсағында метацеркарийге дейін жетіледі. Осындай метацеркарийлермен залалданған құмырсқаны күйістілер жұтқанда олардың қанымен бауырға жеткен мирацидий 1-1,5 ай өткенде маритаға дейін жетіледі.

4. Эпизоотологиялық деректер. Жануарлар негізінен жайылымда көктем мен күзде дерттенеді. Әдетте көктемде қыстап шыққан құмырсқалар инвазия көзі болып табылады. Күзге қарай аурудың шегіне жетуіне таңертеңгілік мезгілде өсімдіктің сабағында түнгі суықтан жансызданып қалған құмысқалар себеп болады. Ғылыми деректер бойынша бір уақытта бір құмырсқада 250 жуық метацеркарийлер табылған. Құмырсқалардың залалдануы (экстенсинвазивтігі 43%), ал ұлулардың залалдануы 3-58% ғылымға белгілі. Дикроцелий жұмыртқалары сыртқы орта факторларына төзімді. Мысалы, 50°С ыстықтан 500С суыққа дейінгі температурада бірнеше апта бойы сақталған.

5. Сыртқы белгілері. Құрт саны малда аз болғанда ауру субклиникалық түрде өтеді. Инвазия интенсивтілігі жоғары болғанда асқорыту жүйесі қызметі бұзылып, күйзелу, іш өту бітелуімен алмасады, жалқаяқтар пайда болады. Мал арықтайды. Бауыр тұсы басқанда ауырсынады. Мал өнімі төмендейді. Буаз саулықтар іш тастайды.

6. Диагнозды біртіндеп шаю және 64% гипосульфиттің ерітіндісімен флотациялау арқылы қояды. Өлген малда дикроцелийді өт жолдарында анықтау арқылы дәлелдейді.

7. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Бауыры ұлғайған, өт жолдары қабынған, өт қышқылы қоңыр-жасыл түсті. Созылмалы дикроцелиозда билиарлы цирроз, интерстициальный гепатит, кейде бауыр атрофиясы дамиды. Тері асты шелі ісінген, жалқаяқтарға толы болады.

8. Емдеу. Гексихол (0,3-0,4 г/кг), әр малға жеке, жеммен 1:8-1:10 арақатынаста; Панакур (0,1 г/кг) жеммен 1:10, екі рет (интервал 24 сағат), тафен (0,21г/кг), бір рет; сульфен ірі қараға 20-30 мг/кг, қой-ешкіге 50-75 мг/кг, диамфенетид 18% суспензиясын 1,5 мг/кг ауыздан береді.

9. Профилактикалау басқа да трематодоздағыдай ақтық, аралық қосымша иелерінің қатысуымен дамуын ескере жүргізіледі.

Етқоректілердің описторхозы

1 Описторхоз – етқоректілердің, теңіз шошқасының, терісі бағалы аңдардың және адамның табиғи-ошақтық ауруы.

2 Қоздырушысы Opistorchіs felineus ұсақ келген (1,3см), ақтық иесінің бауырының өт жолдарында күнелтетін трематода.

Даму биологиясы. Үш иелі паразит. Ақтық иесі етқоректілер мен адам. Аралық иесі – тұщы су ұлулары, қосымша иесі тұқытектес балықтар (аққайран, торта). Суға түскен жұмыртқаны тұщы су ұлу жұтады (даму сатылары: спороциста, редия, церкарий), одан шыққан церкарий тұқы балықтың терісі арқылы етіне өтіп, 6 апта өткенде метацеркарийге айналады.

3 Дефинитивтік иелері шала піскен, дұрыс қақталмаған, қатырылған, кептірілген балық етін жегенде жұқтырады. Ішке енген метацеркарий қанмен бауырдың өт жолдарына еніп 3-4 апта өткенде маритаға айналады.

4 Эпизоотологиялық деректер. Описторхоздың табиғи ошақтары Обь, Ертіс, Есіл, Нұра, Корғалжын көлдері балықтарында кеңінен таралған. Ауру жануар мен адамға жыл бойы жұғады.

5 Сыртқы белгілері: бауыр тұсының ауырсынуы, кілегей қабаттарының сарғылт түске енуі, жон арқаның дерматиті тіркеледі.

6 Диагнозды эпизоотологиялық деректер мен клиникалық белгілерін ескере, иммунобиологиялық реакцияларды жүргізу (тері арасына 0,1мл еккенде 10-20 минуттан соң ауру етқоректіде оң нәтиже 1,5-2см ісік түрінде байқалады. Гельминтокопрологиялық зерттеулер жүргізіледі.

7 Емдеу мақсатында: дронцит – 0,1г/кг, альбазен – 2,5% және 10% суспензиясы 23мл/40кг, альбен, альвет – 5г/100кг, вермитан – 20% суспензиясы 2,5/100кг; адамдарға - хлоксил, празиквантел (дронцит) салмағына қарай қолданады.
"Трематодоздар" тарауы бойынша бақылау сұрақтары. 1. Трематодтардың жалпы сипаттамасы және олардың систематикасы? 2.Трематод жұмыртқаларының сипаттамалары және олардың нематод, цестод жұмыртқаларынан айырмашылықтары неде? 3. Өлген малда трематодоздарды балау әдістері. Трематода маритасын дене пішіні, тұрқы, орналасу орнына қарай ажырату? 4. Фасциола, парамфистома, описторхтар қандай мүшенің тоғышары және неліктен? 5. Трематодоздарда диагноз қалай қойылады? 6. Фасциолез бен парамфистоматоздығ жіті және созылмалы ағымдарында балау қалай жүргізіледі? 7. Трематодоздарда қандай антгельминтті препараттар қолданған дұрыс? 8. Трематодоздарды дауалаудың негізгі принциптері қандай?

10 дәріс ҚҰС ГЕЛЬМИНТОЗДАРЫ

Аскаридиоз – Ascaridia galli қоздырушысының тауықтектестердің ащы ішегінде жайлауынан туындаған нематодоз. Экономикалық шығын нәтижесінде 16,3-49,6% құс өледі, 56,2-58,5% дейін тірі салмағы азаяды, құс балапандарының жыныстық жетілуі 12 күнге дейін ұзарады, жұмыртқалау өнімділігі 26,3-39% төмендейді, 0,55-2,89 азықтық бірлік артық жұмсалады.

2. Ascaridia galli нематодасының ұзындығы 11см, ащы ішек паразиті.

3. Даму биологиясы. Бір иелі паразит. Резервуарлық иесі – жауын құрты. Ұрықтанған ұрғашысы сыртқы ортаға нәжіспен бірге жұмыртқасын тастайды. 10-15 күн аралығында зардапты сатысына дейін дамыған жұмыртқа тауық тұқымдастардың ішегіне азықпен түскенде сыртқы қабығынан айырылып, ішек кілегей қабатының астына (люберкюн безіне) енеді де, екі рет түлеп, ішек саңылауына шығып, 27-45 тәуліктен соң ересек сатысына айналады.

4. Эпизоотологиялық деректер. Аскаридиоз тауықтектестердің арасында кеңінен таралған гельминтоз. Қоздырушы құс ішегінде 1 жылдан артық тіршілік етеді. Ауруға жиі мамыр-қараша аралығында жұқтырады (ЭИ 75,2-90,9%). Құс балапандарының 3-12 айлықтары бейімділік танытады (ЭИ 62,9%) және күту жүйесіне тікелей байланысты болады. Мысалы, құс қораларда төсеніш алмастырылмаса, кез келген уақытта шалдыға береді, ал торда ұстағанда ауру кездеспейді. Гельминт жұмыртқаларын науада, азықта, құрал-сайманда, қабырғаның төменгі жақтарында, төсеніштің 5-10см тереңдігінде табуға болады. Жауын құрты резервуарлық иесі болғандықтан аскаридий жұмыртқалары (732 экз. дейін) сақталады.

5. Сыртқы белгілері аурудың 7-8 күндері: азыққа тәбетінің төмендеуі, күйзелу, іш өту, анемия, арықтау байқалады. 9-10 күндері өлім-жітім тіркеледі. Кейіннен 16-17 күндері белгілері біртіндеп өше бастайды. Ересек құста белгілері тән емес.

6. Диагнозды эпизоотологиялық деректерін, клиникалық белгілерін ескере, зертханалық зерттеулер нәтижесіне сүйене жүргізеді (жұмыртқалары сопақша келген, сыртқы қабығы тегіс, сұр түсті). Патологиялы-анатомиялық өзгерістерінен – кілегей қабаттарының қызаруы, қалыңдауы, қанталауы және бауырдың қабынуы мен ішек жарылғанда перитонит белгілерімен сипатталады.

7. Емдеу мақсатында: нилверм (40мг/кг жеммен немесе 0,1г/басқа 60мл сумен); фенбендазол (панакур) 5мг/кг; альбендазол 10мг/кг 3 рет; альвет, альбен 0,5мг/кг 2 рет 24 сағат сайын тағайындалады.

8. Профилактикалау тазалықты сақтау, саңғырықты күнделікті сыртқы шығару, құрал-сайман мен құс қораларын дезинвазиялау (3% делюголь, глютекс) жұмыстарынан тұрады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет