Ші бет ші беттің



жүктеу 1.38 Mb.
бет5/9
Дата12.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Гетеракидоз


Гетеракидоз тауық, күрке тауық, мысыр тауығы, қырғауыл және басқаларының гельминтозы.

2. Қоздырушысы ұсақ, 1,1см, соқыр ішектің тоғышары Heteracis gallinarum.

3. Даму биологиясы. Гетеракис - геогельминт, жауын құрты резервуарлық иесі. Сыртқы ортада 7-29 тәулік ішінде зардапты сатысына жетеді. Ащы ішектен өткен личинка тоқ ішекке жеткен соң кілегей қабатына еніп, 5 күннен кейін (2 рет түлейді) тоқ ішек саңылауына шығады да, 25-34 тәуліктен соң ересегіне айналады.

4. Эпизоотологиялық деректер. Жиі гетеракидоз аскаридиозбен аралас инвазия түрінде құстың 80-90% қамтиды. Құс негізінен жаз уақытында шалдығады.

5. Сыртқы белгілері. әлсіздік, азыққа тәбетінің төмендеуі, салмақ қосуы кешігеді, жұмыртқа өнімділігі төмендейді.

6. Диагноз гельминтоовоскопияны Фюллеборн бойынша жүргізу арқылы қойылады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері тоқ ішекте – кілегей қабатының қабынуы, қалыңдауы түрінде өтеді.

7. Емдеу мен дауалау құс аскаридиозындағыдай ретпен жүргізіледі.

Амидостомоз

1. Үй және жабайы қаз, үйректердің бөтегесінің қабынуымен сипатталатын гельминтоз.

2. Қоздырушысы Amidostomum anseris нематодасы бөтегенің кутикуласының астында күнелтеді. Аталығының ұзындығы – 14мм, ұрғашысынікі – 20мм дейін.

3. Даму биологиясы. Геогельминт. Стронгилята өкілдері іспеттес дамиды. Сыртта жұмыртқадан 7-10 күннен соң личинкасы дамиды да, 2 рет түлеп зардапты сатысына айналады. Құс жайылымда личинканы жұтып шалдығады. Құс организмінде 3 айдай тіршілік етеді. Препатенттік даму мерзімі 21-28 тәулік.

4. Эпизоотологиялық деректер. Әдетте 3-4 айлық балапандар бейім. Ауру жайылымда жұғады. Личинкалар өсімдік сабағында, кейде шалшық суларда сақталады. Негізінен жайылымға шыққан құста 1-1,5 айдан соң тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері тән емес.

6. Диагноз – гельминтокопроовоскопиялық әдіспен расталады.

7. Емдеу нилверм 0,04г/кг, пиоветрин 0,8г/кг, микротүйіршіктелген ивомек 200мг/кг дозада жеммен беру арқылы жүргізіледі.

Райетиноз

Райетиноз – үй және жабайы тауықтектестердің ащы ішегінде цестода гельминтінің тоғышарлығынан туындаған ауру.

2. Қоздырушысы ұзындығы 250мм, стробила ені 3-4мм, сколексінде екі қатар 90-92 ілмегі, ал сорғыш тесігінде 200-ге жуық ілмектері орналасқан цестода.

3. Даму биологиясы. Паразит биогельминт, аралық иесі құмырсқа. Гельминт жұмыртқасын жұтқан құмырсқаны (денесінде 40-45 күнде личинка жетіледі) құстар шоқып жеп залалданады. Дефинитивтік иесінде 17-22 тәулік ішінде имагоға айналады.

4. Эпизоотологиялық деректер. Инвазия көзі ауру құстар мен қоздырушының личинкаларымен зарарланған қыстап шыққан құмырсқалар. Негізінен ауруға 15-30 күндік тауық балапандары бейім. Құс қоралары мен маңы жыл бойы зарарланған құмырсқалардың есесінен жұғудан қауіп төндіреді. Қыс уақытында құстың ішегінде таспа құрттың тек қана сколексі тіршілік етеді. Ауру оқиғалары күзде тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері. Жіті ағымы құс балапандарында күйзелу, естен тану және қырылу белгілерімен өтеді. Созылмалы ағымда кілегей қабықтарының анемиясы мен сарғылт тартуымен ересек құстарда байқалады. Азыққа тәбеті сақталғанымен айдары мен сырғасы бозарады.

6. Диагноз қою. Тірі кезінде саңғырықты сумен шаю арқылы және копроовоскопия тәсілімен растайды. Өлген құста ащы ішектен гельминттің өзін немесе оның сколексін анықтау арқылы жүргізеді. Өлекседегі өзгерістерден ішек кілегей қабатының қабынуы, домбығуы, қызыл түсті болуы байқалады.

7. Ем ретінде фенасал - 0,3г/кг, феликсан - 0,5г/кг, альбендазол тобы препараттарын (45-60мг/кг) қолданады.

8. Профилактикалау мақсатында саңғырықты биотермиялық залалсыздау, қыс түсерден бұрын дегельминтизациялау жүргізіледі.

Дрепанидотениоз

1. Дрепанидотениоз – су құстарының цестодозды ауруы.

2. Қоздырушысы Drepanidotaenia туысының екі түрі:

D.1anceolata – ірі, ақ түсті, ұзындығы 12-23 см, ені 11,5 мм құрт. Ско­лексі алмұрттәрізді 4 сорғышымен, 8 ілмекпен қаруланған. Гермафродиттік бунақта 3 домалақ пішінді аталық бездері көлденеңінен бір қатар болып орналасады. Жыныс тесіктері бір жағынан ашылады.

D.przewalskii – жіңішке және жұқа, ұзындығы 17 см, сұр түсті, 10 ілмекшелері бар. Стробиласы әдетте шоғырланып жатады. Биологиялық тұғырығы ащы ішек.

3. Даму биологиясы. Дрепанидотениилер - биогельмин­ттер. Дефинитив-тік иесі – су құстары. Аралық иесі – су шаяндары (циклоп, ди­аптомустар). Суға түскен бунақтарын шаяндар жұтады да, оның дене қуысында 11-21 тәуліктен соң инвазиялық личинка – цистицеркоид дамиды. Дефинитивтік иелері циклоп, диаптомустарды жұтқанда шалдығады, ал ересекке 2-3 аптадан соң жетеді.

4. Эпизоотологиялық деректер. Дрепанидотениозға негізінен 4 айға дейінгі қаз балапандары бейімділік танытады. Үйректер сирек шалдығады. Ауруға құстар ерте көктемде және жаздың басында ерте жылынатын, саяз, жиектері өсімдіктерге бай көл, өзен, шалшық су, тоғандарда су шаяндарын (циклоп) жұтқанда дерттенеді. Инвазия көзі үй жабайы ересек су құстары. Қыс жылы болған жылдары өткен жылда залалданған су шаяндары есебінен ерте көктемде шалдығу балапандарда тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері. Құс күйзеліп, арықтайды, артына қарай құлап, сирақтарымен сермейді. Ауруға тән белгілері: құстың теңселіп жүруі, басын шалқайта беруі, мойнының бұратылуы немесе мойнын маятник тәрізді теңселуі, кейде құс құйрығына отырады. Жүйке ұстамасы байқалғанда, дене еттері құрысып, құс жүрісінде құйрығына отыра береді.

6. Балау. Індеттанулық деректер мен клиникалық белгілерін ескере жүргізеді. Тірі құста копроовоскопияны Фюллеборн әдісімен немесе диагностикалық дегельминтизация жүргізу арқылы анықтайды. Өлген құста – патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне назар аудара, жарып сойғанда ішектен дрепанидотениялар табылуы диагнозды растайды.

7 Емі. Дегельминтизациялауға фенасал, фенадек, фенапег, панакур бір рет, жеке құсқа немесе топтап 0,3г/кг; филиксан болюс түрінде әр құсқа не топтап 0,45г/кг, бромсутекті ареколиннің судағы 0,1%-дық ерітіндісі әр құсқа 1-2мл-ін ауыздан, таңертеңгілік азықтандыруға дейін беріледі. Құстарды дегельминтизациялау алдында 16-18 сағат ашықтырып, дәрілеген соң бір тәулік жайылымға және көлге шығармайды. Дегельминтизациялауды тазартылған, ашық алаңдарда жүргізеді. Жұмыс аяқталған соң бөлінген гельминттерді жинап жою қарастырылады.

Простогонимоз

1. Тауықтектестердің жұмыртқалау қабілетінің төмендеуімен және жұмыртқаның сыртқы әк қабығынсыз тууымен сипатталатын ауру.

2. Ауру қоздырушысы Prosthogonimus туыс өкілі жас құстарда фабрициев қалтасында, ал ересектерінде жұмыртқа жылжитын түтікшеде мекендейді. Қоздырушы P.ovatus алмұрттәрізді, құрсақ емізігі ауыз емізігінен 2 есе үлкен.

3. Даму биологиясы. Құс саңғырығымен сыртқа түскен ұсақ жұмыртқаларында 8-14 күнде мирацидий дамиды. Олар аралық иесі - құрлық ұлуларының ішіне еніп, спороциста-редия-церкарий сатыларынан өтеді. Соңғысы сыртқа шығып инелік жұтқанда (қосымша иесі) 70 тәуліктен соң метацеркарийге айналады. Дефинитивтік иелері инеліктерді жегенде шалдығады. Гельминт личинкасы құс ішегі арқылы жұмыртқа түтігіне және әк өндіретін безге өтіп қабындырады және оның түзілуін тежейді.

4. Эпизоотологиялық деректер. Ошақтық ауру. Инвазия көзі: ауру құс пен метацеркариймен залалданған инеліктер (50км қашықтыққа дейін ұшады). Инеліктің қыстап шыққан личинкалары су жиегінде көктемде жиналып құсқа жұғудан қауіп төндіреді. Ауру жаз басында тіркеледі. Простогонимоз Павлодар, Қостанай, Ақмола, Орал, Алматы облыстарында жиі тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері. Құс күйзеледі, жүні реңсізденеді, айдары мен сырғасы бозарады, жұмыртқасы жұқа жұмсақ қабығымен сыртқа туады, клоакасы сыртқы шығып тұрады және қызарады.

6. Диагноз қою індеттанулық деректерін ескере, сыртқы белгілеріне назар аудару арқылы және клоаканы қарау, саңғырықты зерттеу амалдарымен іске асырылады. Жұмыртқа жылжитын түтікшесі қызарған және іріңді-фибринозды қабынған.

7. Емдеу үшін альбазен 2,5% және 10% суспензияларын 0,05мл/1кг бір рет, альвет 50мг/кг 2 күн қатарынан 24 сағат сайын, альбен 50мг/кг 2 күн бойы қолданылады.

8. Профилактикалау. Құс балапандарын бөлек асырау және дегельминтизациялау.

Эхиностоматидоздар

1. Қаз, үйрек, сиректеу тауық және басқаларының Echinostomatidae тұқымына жататын өкілдерінің тудырған ауруы.

2. Қоздырушы қызғылт түсті, 9-12мм, денесінің алдыңғы жағы ішіктің жағасына ұқсас – адоралды дискімен жабдықталған және 35-53 ілмекшелері бар гельминт. Биологиялық тұғырығы – ішек. Жұмыртқасы – сопақшалау, ашық сары түсті.

3. Даму биологиясы. Суға түскен жұмыртқада дамыған мирацидий аралық иесі – ұлудың, кейіннен қосымша иелерінің (ұлу, жәндіктер, балық – горчак, бақа) денесінде жетіледі. Құс қосымша иесімен қоректенгенде дерттенеді.

4. Эпизоотологиялық деректер. Ауруға барлық жастағылар бейімділік танытады, алайда балапандар жиі шалдығады. Жұғу ерте көктемнен күз аяғына дейінгі мерзімде өтеді. Ауру Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркеледі. Инвазия көзі ауру құс, сондай-ақ қосымша иесі тіршілі еткен су көздері. Қыстап шыққан аралық және қосымша иелері аурудың ерте жұғуына әкеліп соқтырады.

5. Сыртқы белгілері тән емес.

6. Диагнозды – гельминтоовоскопия (біртіндеп шаю), құсты жарып сою арқылы жүргізіледі.

7. Емдеу мақсатында бензимидазолов тобының альбендазол, альбен, альбенвет, альвет (45-60мг/кг) дозада немесе феликсан 0,6г/кг, фенасал, фенадег, фенапэг (0,2-0,4г/кг) қолданылады.

8. Профилактикалау жалпы ветеринариялық шараларды қамту арқылы іске асырылады.


Бақылау сұрақтары

1 Аскаридий, гетеракис, амидостом, райетин, простогонимдердің морфологиялық ерекшеліктері неде, қайда мекендейді және оларды қалай ажыратуға болады?

2 Аскаридий, гетеракис, амидостом, райетин, простогоним мен дрепанидотений қандай тек тармақ өкілдеріне жатады?

3 Аскаридий, гетеракис, амидостом, райетин мен простогонимдерді қандай әдістермен анықтауға болады?

4. Аскаридиоз, гетеракидоз, простогонимоз бен дрепанидотениозға қарсы қандай емдік препараттар қолданылады?

5. Аскаридиоз, гетеракидоз, амидостомоз, райетиноз бен простогонимозда қандай күрес шаралары тиімді болып табылады?

11 дәріс. ЖАЛПЫ ПРОТОЗООЛОГИЯ.


  1. Қарапайымдардың морфологиясы

  2. Қарапайымдардың көбеюі.

  3. Патогенезі.

  4. Иммунитет.

  5. Балау

  6. Емдеу, күрес шаралары.

Протозоология – Protozoa класына қарасты бір жасушалы организмдерді зерттеумен шұғылданатын ғылым саласы. Ғылымға 70 000-ға жуық қарапайымдардың түрлері белгілі. Олар жануарларда, құста, арада, балықта және адамда тоғышарлық күнелтеді. Қоздырушылар қан плазмасында (трипаносома), қан түйіршіктерінде (пироплазмида), ішек, бауырдың эпителиалды жасушаларында (эймерии), жыныс мүшелерінде (трихома-надалар) күнелтеді.

Қарапайымдылардың морфологиясы. Құрамында барлық органоидтар (рибосома, митохондрий, роптрий, ішкі мен сыртқы мембраналар, ядро, цитоплазматикалық тор, Гольджи аппараты, лизосома) бар. Ядро генетикалық және метаболикалық қызмет атқарады. Цитоплазмадағы рибосома (ақуыздарды өндіру), митохондрии (зат алмасу), лизосомы (асқорыту), Гольджи аппараты (секреторлық қызметі) өздеріне тән алмасу-ларға қатысады. Аэробтарға пироплазма, трипаносома, ал анаэробтарға трихомонада жатады. Қозғалу қызметін кірпікшелер, талшықтар, жалған аяқшалар атқарады. Көбеюі: жынысты (монотомия, бүршіктену, эндодио-гония, синтомия) және жыныссыз (копуляция, конъюгация) жолдарымен іске асады.

Патогенезі. Қарапайымдылар мал организміне барлық әсер түрлерін (механикалық, токсикалық, аллергиялық, трофикалық, инокуляторлық) білдіреді.

Протозооздарда иммунитет туа біткен (абсолюттік пен шартты) және қалыптасқан (стерилді мен стерилді емес) болып екіге бөлінеді.

Эпизоотологиялық деректер. Қоздырушының берілу тетігіне қарай трансмиссивтік және трансимиссивтік емес деп жіктеледі.

Трансмиссивтік аурулар донор-тасымалдаушы-реципиент. Мысалы: ауру мал-кене-сау мал (пираплазмидоздар).

Трансмиссивтік емес донор-сыртқы орта-реципиент. Мысалы, ауру мал-нәжіс-сау мал; ауру бие-айғыр-сау бие; ауру сиыр-бұқа-сау сиыр.

Балау эпизоотологиялық және клиникалық деректерге сүйене, лабораторлық зерттеулер нәтижесін ескере жүргізіледі. Лабораторлық зерттеулерден: нәжісті (Дарлинг, Фюллеборн бойынша), қанды микроскопиялау, қан жұғындысын зерттеу (Романовский-Гимза бойынша), жыныс жолдарынан алынған сұйықтықты микроскопиялау, серологиялық реакцияларды қолдану (КБР, КҰБР, лабораторлық жануарларда биосынама қою) және өлген малды зерттеу.

Емдеу мен күрес шаралары. Емдеу үшін арнайы препараттарды (химиопрепарат және антибиотик) + пролонгатор қолданады. Мысалы, азидин + наганин. Арнайы емес терапия (патогенетикалық, витаминдік, диетикалық) жүргізу. Профилактикалауда жалпы шаруашылық шаралар, мал қораларында дезакаризация жүргізу.

Жануарлардың кокцидиоздары

Эймериоздар

1 Кокцидилердің морфологиясы.

2 Кокцидилердің көбеюі.

3 Эпизоотологиялық деректер.

4 Сыртқы белгілері.

5 Кокцидиоздарды балау.

6 Емі және дауалау.

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет