Эймериоздар-жіті, жітілеу, созылмалы түрде өтетін жануарлардың, құстардың және адамдардың Еіmеrіа туысына жататын әртүрлі қарапай-ымдылар тудыратын аурулары. Ауру малдың жалпы күйінің төмендеуімен, ас қорыту жүйесінің қызметінің бұзылып іші өтуімен (кейде қан аралас) және тез арықтауымен сипатталады. Эймериоздардың қоздыр-ушылары табиғатта кең тараған. Эймерийлер балықтарда, бауырымен жорғалаушыларда, қос мекенділерде, жәндіктерде, негізінде ішектің эпителий клеткаларында тоғышарлық етеді. Эймериоздан өлім, қояндар арасында 85%, қозыларда - 90%, тауық балапандарында - 100% дейін жетеді. Ауру малдардың салмағы азаяды, өнімдерінің мөлшері және сапасы төмендейді. Мысалы, эймериозбен ауырған қозылар сау қозылармен салыстырғанда, 1 жыл ішінде 8,6кг салмақты кем қосады. Қойлардың жүн өнімділігі - 28,7%, ал сүт өнімділігі - 36% төмендейді.
Кокцидииоз қоздырушыларының сипаттамасы. Ауру қоздырушыларын ооцисталар деп атайды. Олар екі түрлі болады: жетілген және жетілмеген.
Жетілмеген (спораланбаған, инвазиялық емес) ооцисталар. Түрлері дөңгелек, сопақша, жұмыртқа, алмұрт тәрізді болады. Ооцисталар негізінде екі, кейбіреулері үш қабатты қабықпен қоршалған. Қабықтары тегіс, кейде бұжыр болып келеді. Жетілген (спораланған, инвазиялық) ооцисталар. Еіmеrііnае тұқымдасы тармағына жататын жетілген ооцисталардың ішінде 4 спороциста, олардың әр біреуінің ішінде 2 спорозоиттар орналасады. Еіmеrііnае тармағына жататын жетілген ооцисталардың ішінде 2 спороциста, олардың әрбіреуінің ішінде 4 спорозоит болады.
2 Эпизоотологиялық талдау кезінде малдардың азықтануы, күтімі, ұсталуы, төлді өсіру технологиясы, жыл маусымдары, малдардың жасы ескеріледі.
3 Ауру белгілері. Жалпы күйінің төмендеп нашарлауы, кілегейлі және қан қалдықтары аралас немесе қанды іш өтуі, қанның азаюы (анемия), жылдам арықтауы байқалады. Қояндардың кілегейлі қабықтары алғашында бозарады, кейінірек сарғыштанады, тырысып бүрісу, мойнының, артқы аяқтарының бұлшық еттерінің салдануы байқалады, тауықтардың аяқтары жартылай салданады, қимыл козғалысы бұзылады.
4 Ауруды анықтау. Эпизоотологиялық деректерді, ауру белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескере отырып, малдардың нәжісін Дарлинг немесе Фюллеборн әдістерімен тексеріп эймерийлердің ооцистала-рына зерттейді. Кейде аурудың нақты белгілері көрінсе де, нәжістерін зерттегенде, ооцисталар табылмайды, себебі ооцисталардың эндогенді (ішкі) даму сатысы аяқталуы мүмкін, сондықтан ооцисталар пайда болып үлгермейді. Бұл жағдай эймериоздың жіті түрде өткенінде байқалады. Осы ретте бірден малдардың нәжістерін зерттеп, 3-4 күн бойы қайталап зерттеу керек. Эймериозды басқа протозойлық және індет (инфекциялық) ауруларынан, гельминтоздардан, тағы басқа әртүрлі себептерден пайда болатын энтериттерден арнаулы анықтау әдістерін қолдана отырып ажырату қажет.
5 Емі. Химкокцид-7 430мг/кг, кокцидиовит, кокцидин (зоален) 50мг/кг, статил 10мг/кг 4-5 күн қатарынан азықпен, сульфаниламид препараттары 30-50мг/кг 7-10 күндей, кокцикол 30мг/кг, клирамин 175мг/кг қойға 4-5 күн, клопидол, ампролиум, ампролмикс-25, ампрол-20 50-75мг/кг, фармкокцид, ригекокцин, лербек, ардион-25 0,0125% жемге 7-10 апта бойы қолданады.
6 Профилактикалау мақсатында барлық мал-құсты дұрыс азықтандыру, суаттандыру сұрақтарына көңіл аудару арқылы жүргізіледі.
Токсоплазмоз. Саркоцистоз.
Токсоплазмоз – көптеген сүтқоректілердің, құстар мен адамның антропозоонозды, өшкін түрде өтетін, ОНЖ, лимфа мен эндокрииндік жүйесінің, сондай-ақ көру қабілетінің зақымдануымен сипатталатын ауруы.
Саркоцистоз – жануарлардың, құстардың, рептилийлер мен балық және адамның антропозоонозы. Аталған қоздырушылар екі иелі паразиттер болып табылады.
2 Қоздырушылары. Токсоплазмозды Toxoplasma gondi тудырады. Саркоцистозды ірі қара малды Sarcocystis bovicanis, S.bovifelis, S.bovihominis, қойда - S.onicanis, S.ovifelis, шошқада - S.suicanis, S.suihominis, S.suifelis қоздырады.
3 Даму биологиялары. Ақтық иелері: токсоплазмозда – мысық, ал саркоцистозда – мысық пен ит атқарады. Бұларда қоздырушы алғашқыда жыныссыз, кейіннен жынысты жолмен (гаметалар пайда болуымен) көбейеді де, сыртқы ортаға нәжіспен ооцисталар шығады. Аралық иелерінде (үй малдары, кеміргіштер, құс, адам) токсоплазмалар мен саркоцисталар трофозоит сатыларында дамып (жыныссыз көбею) мүшелер мен ұлпаларда тоғышарлық күнелтеді.
4 Эпизоотологиялық деректер. Ауру дүние жүзінің барлық елдерінде тіркелген. Ғылымға 200-ге жуық сүтқоректілердің және 100 астам құстардың бейім екендігі мәлім және олар «алып жүруші» тобына жатады. Аралық иелері алиментарлық, аэрогендік, плацент арқылы және трансмиссивтік жолмен (кенелер арқылы) жұқтырады. Нақтылы маусымдылығы анықталмаған. Ауруға шалдыққан мал саны организмде қоздырушыны сақтаған сайын арта береді.
5 Сиыртқы белгілері. Токоплазмоздың жіті ағымында: қызба (41оС және жоғары), пульсі мен тыныс алуының жиілеуі, күйзелу, конъюнктивит, іріңді-сірлі ринит, іш өту, құсу, парездер мен параличтер, буаз малда іш тастау. Созылмалы түрінде: қысқа мерзімді қызба, арықтау, іш тастау немесе әлжуаз төлдің тууы. Туа біткен токсоплазмозда төл плацент арқылы дерттенеді. Саркоцистозда: күйзелу, дене қызуының көтерілуі, бұлшық еттің тырысуы, қан құйылуы, жақ еттерінің қабынуы, арықтау және азықты жұту қабілетінің төмендеуі тіркеледі.
6 Диагнозды эпизоотологиялық деректерді ескере, клиникалық белгілеріне назар аудара, патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қарай қояды. Соңғы диагнозды лабораторлық зерттеулерді (қан жұғындысын Романовский-Гимза бойынша бояп, трофозоиттерге зерттеу), етқоректілердің нәжіс сынамаларын (Фюллеборн, Дарлинг әдістерімен ооцисталарға), аллергиялық әдіспен (мойынның тері арасына аллергенді 0,2-0,3мл енгізу) жүргізіп қояды. Өлген малда саркоцисталарды аралық иелерінде бұлшық етті (өңеш, сан, жауырын еттері) Козелкин немесе люминесценттік микроскопия әдістерімен жүргізіп зерттейді.
7 Емдеу үшін ампролиум (100мг/кг), стенорол (0,66мг/кг), химкокцид (24мг/кг) 5-7 күн, хлоридин (0,001г/кг), сульфадемизин, сульфадемитоксин левомицетинмен (30-50мг/кг) 5 күн қатарынан қолдану ұсынылады.
8 Дауалау. Ферма маңына мысық, иттерді жолатпау және жою, түсікті, шуды утилдеу шаралары атқарылады. Барлық ветеринариялық-санитариялық жұмыстар нұсқауларға сәйкес атқарылады. Мал ұшаларын ҚР ветеринариялық Заңнамасына сәйкес сараптайды.
Мастигофороздар
Түйе мен жылқының су – ауруы
Трансмиссивтік, қызба, домбығу, лимфа бездерінің ісінуі, көтеремдікпен және негізінен созылмалы ағымда байқалатын ауру.
2 Қоздырушысы Trypanosomatidae тұқымы Trypanosoma тусы Tr.evansi (trypan - бұрғы, soma - дене) бұрғы пішінді, алдыңғы жағы үшкір, артқы бөлігі дөңгелене аяқталған. Қозғалуын 1 жіпше атқарады. Қарапайым жолмен (2-ге бөліну арқылы) көбеюі перифериялық қанда, көптеп (4 немесе одан да көп) – ішкі ағзаларда өтеді. Суық температурада (-19оС төмендегенде) 5 жылға дейін зардаптылығын сақтайды.
3 Патогенезі. Қанда дамыған қоздырушы бүкіл денеге тарайды да токсиндері организмге жайылады. Осының салдарынан ОНЖ, қан-тамыр жүйесі қызметтері бұзылып тоқырау үрдісі орын алады. Ақуыз бен газ алмасулары бұзылады.
4 Эпизоотологиялық деректер. Түйе, қашыр, есек, жылқы, ит, ІҚМ, қасқыр, шибөрі, қоян, мысық және басқа кеміргіштер бейім. Еліміздің оңтүстік пен орталық аудандарында, Орта Азия елдерінде кеңінен таралған. Орташа есеппен ауру түйелердің арасында 0,4-53,5% тараған (М.Сабаншиев). табиғи-ошақтық ауру тобына жатады. Қоздырушыны таратушы – сона, маса, қара шыбындар. Паразит организмде жылдап күнелтеді. Маусымдылығы мамыр-қыркүйек аралығы.
5 Сыртқы белгілері. Инкубациялық кезеңі 2-3 апта. Жіті ағымында қызба (40оС одан да жоғары), қол-сандарының домбығуы, лимфа бездерінің шошынуы, ринит, тышқақ тию, демігу, тырысу, малдың өлімі. Созылмалы ағымында: қызба, қабағы, ерні ісінеді, кератит, кілегей қабықтарының анемиясы мен сарғылт түске енуі, 5-7 айлық буаздылықта іш тастау, салдану мен сирақтарының жансыздануы тіркеледі. Ауру мал көтеремдіктен өледі.
6 Диагнозды эпизоотологиялық деректері мен клиникалық белгілеріне сүйене қояды. Патологиялық-анатомиялық өзгерістерінен: өлексе арық, кілегей қабаттары бозарған, лимфа түйіндері мен талақтың ұлғаюы байқалады, қан дұрыс ұйымаған, қара түсті, көптеген қанталаулар тіркеледі. Лабораторлық зерттеулерден: перифериялық қан жұғындысын Романовский-Гимза әдісімен, қан сарысуын АР, КБР, КҰБР, ИРӘ мен жаншылған қан тамшысын микроскопиялау және лабораторлық жануарларда биосынама қою арқылы жүргізеді.
7 Емдеу мақсатында: наганин – қан тамырына, 1 рет, 10% физиоло-гиялық ерітінді түрінде, түйеге 0,03г/кг, жылқыға 0,01-0,015г/кг, азидин – бұлшық етке, 2 рет (24 сағат сайын), 7% ерітіндісін 5% глюкозада, 3,5мг/кг дозада, трипамидий – бұлшық етке, 2% дистилденген судағы ерітіндісі 1мг/кг дозада қолданылады. Препараттар: зикурат, трипаджек түрлері нұсқауларға сәйкес егіледі.
8 Дауалау мақсатында ауру тіркелген ошақтардағы малды жылына 3 рет диагностикалық зерттеулер жүргізе анықтайды. Бейім жануарларды қан сорғыштар ұша бастардың алдында наганинмен емдік дозада әр 30-40 күн сайын қайталап егеді. Емдеген малды 1,5 жыл оқшаулап ұстаған дұрыс және 4, 5 және 6 ай өткенде мұқият серологиялық зерттеулер жүргізеді.
Жылқы киеңкісі (трипаносомоз, подседал, дурина)
Тақтұяқтылардың арасында Trypanosoma eguiperdum қарапайымдылар өкілінің жыныс мүшелері мен орталық нерв жүйесінің қабынуы белгілерімен тудырған ауруы.
2 Қоздырушысы Trypanosoma eguiperdum тұрқы 22-28 х 1,4-2,6мкм. Қоздырушы жыныс мүшелерінің капилярларының тоғышары. Күрделі бөліну арқылы (2-4 немесе 6-ға бөліну) көбейеді.
3 Эпизоотологиялық деректер. Ауру Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде кеңінен тіркелген. М.С.Сабаншиевтың деректері бойынша еліміздің оңүстік-батысындағы жылқылар арасында 1,6-21,1%, оңтүстік пен орталық аудандарындағыларда 0,6-46,7% кездеседі. Ауру табиғи және қолдан ұрықтандырғанда таралады. Асылтұқымды жылқыларда ауру зілді ағымда өтеді. Табын жылқыларында ауру өшкін түрде байқалады.
4 Даму биологиясы мен патогенезі. Ұрықпен жыныс жолдарына енген трипаносома жыныс мүшелерінің кілегей қабығында көбейеді де, оны қабындырады, қанға өтіп организмге тарайды. Қоздырушының токсині эритроциттерді гемолизге ұшыратып, қан тамыр қабаттарының өткізгіштік қабілетін жоғарылатады. Соның нәтижесінде қабыну үрдісі барлық паренхиматоздық органдар мен нерв жүйесіне тарайды да, салдану мен жансыздану белгілерін тудырады.
5 Сыртқы белгілері. Инкубациялық кезеңі 2-3 ай. Аурудың 3 кезеңін айырады. Жыныс мүшелерінің қабынуы: ұманың, шыбығының, желінің домбығуы, құрсағының төменгі жағының және сарпайының ісінуі тіркеледі. Қынап кілегей қабығында түйіндер дамиды, олар жарылып жараларға айналады, кейіннен сауыққанда ақ түсті дақтар болып көрінеді. Жыныс мүшелерінен аққан сұйық түссіз немесе қан араласқан болады. Ұзақтығы шамамен 1 ай. Терінің қабынуы: денесінің бүйірінде, құрсақ асты терісінде бөртпелер дамиды. Қабырғаларының төменгі жағында бірде білеуленіп, бірде басылатын ісіктер (тұрқы 4-20см-дей) байқалады. Буаз биелер іш тастайды. Нерв жүйесі қабынулары: бет жүйкесінің бір жақты қабынуынан құлағы салбырайды, қабағы төмен түседі, еріндері қисаяды. Белдеме тұсында және қол-сандарының бұлшық еттері семіп, адымы қысқарады, мал ақсайды, сүріншек болады. Денесі жансызданып, мал арықтап өледі.
6 Диагнозды эпизоотологиялық деректеріне, клиникалық белгілеріне, патологиялы-анатомиялық өзгерістеріне сүйене (өлексе арық, сарпайы оның маңындағы терісі ақ түсті, лимфа бездері мен талағы ұлғайған). Лабораторлық зерттеулерге жыныс жолдарынан алынған шайындысын (қырынды) микроскопиялау, қан сарысуын КБР, ККБР (конглютинендеуші комплименттерді байланыстыру реакциясы), ЖКБР (жылқы комплиментін байланыстыру реакциясы).
7 Емдеу және дауалау. Спорадиялық жағдайда етке өткізеді. Басқа жағдайда жылқыларды 10мг/кг дозада азидинмен егіп, 5-6 айдан соң серологиялық зерттеулер жүргізеді. Қолдан ұрықтандырғанда сау айғырдың ұрығын қолданады.
Ірі қара малдың трихомонозы
Ірі қара малдың арасында Trichomona foetus түрінің жыныс мүшелерінің қабынуымен, буаздығының бастапқы айларында іш тастаумен (40-60%) және қысыр қалуымен (75%) сипатталатын ауру.
2 Қоздырушысы Trichomona foetus алмұрттәрізді, сопақшалау пішінді, алдыңғы жағында 3 және артында 1 жіпшесі бар қарапайымдылардың өкілі. Қолайсыз жағдайда трихомонадалар өзгеріске ұшырап, жіпшелерінен айырылады да қозғалыссыз қалады. Ұрғашы малда – жыныс мүшелерінің кілегей қабығында, ұрықта, шарана сұйығында, бұқаларда – препуциалдық қабында, шыбығында, ұрық пен аталық безінде болады. Көбеюі қарапайым жыныссыз жолмен өтеді.
3 Эпизоотологиялық деректері. Кеңінен таралған ауру. Әдетте ересек мал дерттенеді. Маусымдылығы жоқ. Мал табиғи жолмен ұрықтанғанда немесе ауру бұқаның ұрығын қолданғанда тарайды. Сонымен бірге, лас, залалсыздамаған құрал-сайманмен жұғады. Шыбындар механикалық таратушылар, инвазия көзі – қи, төсеніш, ауру малдың жыныс жолдарынан аққан сұйықтықтар.
4 Даму биологиясы мен патогенезі. Трихомонада жыныс мүшелерінде дамып, қан мен лимфа арқылы тарайды, жатырдағы ұрыққа қанның кіндік арқылы өтуін тежейді, прогестерон мен эстрогеннің өндірілуін азайтып төлдің тасталуына әкеліп соқтырады.
5 Сыртқы белгілері. Инкубациялық кезеңі – 2-3 тәулік. Ұрғашы малда аурудың 4 ағымы: 1) катаралды-іріңді вистибуловагинит; 2) катаралды-іріңді эндометрит; 3) трихомонозды толық іш тастау; 4) пиометра болады. Дене қызуы 40,8оС көтеріледі, мал артына қарай береді, 3-4 тәуліктен кейін қынап түбінде, жатыр мойнында қатты, бұршақтай түйіндер дамиды. Қол салғанда алақанға сезілетін түйіндер аңғарылады. Қынаптан сірлі-іріңді, реңсіз, кейде қан аралас сұйық ағады. Жатырдағы төл 1-3 айлығында өледі де, іш тасталады. Түсік тастамаған жағдайда жатыр іріңдеп пиометрит дамиды. Аталық малда препуцияның ісінуі, кілегейлі-іріңді сұйық ағуы, препуция маңында оның кебуі, шыбығының қабынуы мен домбығуы, түйіндердің дамуы тіркеледі. Аурудың 12-14 күндері белгілері жоғалып, ауру созылмалы ағымға көшеді.
6 Патологиялы-анатомиялық өзгерістер. Ұрғашы малда жыныс мүшелері домбыққан, қызарып қан талаған, вестибулит, цервицит, вагинит, пиометрит. Ұрық түтікшесі қалыңдаған, саңылауында іріткі зат. Бұқаларда – шыбы-ғының кілегей қабаты қалыңдаған, бүрмеленген, түйіндермен көмкерілген.
7 Диагнозды пизоотологиялық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректерін негізге ала, лабораторлық зерттеулер нәтижесіне сүйенеді( жыныс жолдарының шайындысын, қырындысын микроскопиялау). Ұқсас аурулардан бруцеллез, кампилобактериоз, токсоплазмоз, инфекциялық вестибулиттен айыру қажет.
8 Емдеу кешенді жолмен жүргізіледі. Сиырларда – жыныс жолдарын трипафлавин (1:1000), фурацилин (1:1000), йод ерітіндісі (1:1000), 2,5 % пантоцид, 1% трихопол, 10% ихтиол – 200-500мл (жылы күйде 37-40оС) суспензияларымен шаю. Жатыр жиырылуын жеделдету мақсатында – 0,5% прозерин, 0,1% карбохолин, 1% синестролды 2мл дозада күніне 3 рет, 1% р-р трихопол 80-150мл бұлшық етке егеді. Бұқаларға жыныс жолдарын шаю, 6 тәуліктік (1, 3, 5-ші күндері) тері астына 1% р-р фурамоа 2мл немесе 0,5% прозерина (2, 4, 6-ші күндері) бұлшық етке 10% фуразолидон; 5 тәуліктік емдік курста – күнделікті түрде трихопол, тері астына, бұлшық етке физиологиялық ерітіндіде (1:3) 50мг/кг дозада қолданады.
9 Дауалау. Ұрықтандыру алдында малды 1 ай карантинге қойып, әр 10 күн сайын лабораторлық зерттеулер жүргізеді. Асылтұқымды малды әр 6 ай сайын 3 рет зерттейді. Ауру сиырларды емдейді, ал тексіз бұқаларды етке өткізеді. Іш тастаған сиырды оқшаулайды, түсікті лабораторияға зерттеуге жөнелтеді. Дезинфекциялау үшін ыстық 2% NaOH, 20% жаңа сөндірілген әктің, 5% креолин ерітінділерімен жүргізеді.
Бақылау сұрақтары
1. Пироплазмидалардың (тейлерий, нутталий, бабезий, пироплазма), трихомона, трипоносома, эймерийлердің морфологиялық ерекшеліктері неде?
2. Қан паразиттерінің, кірпікшелілердің, споровиктердің дамуында қандай ерекшеліктерді білесіз?
3. Қарапайымдардың тудырған ауруларының эпизоотологиялық деректерін атаңыз.
4. Тейлериоз, пироплазмоз, кокцидиозар, трипоносомоздар, трихомонозда қандай сыртқы белгілері тән?
5. Протозойлық ауруларды балау тәсілдері қандай?
6. Протозойлық ауруларда қандай емдік және сақтық шаралар жүргізіледі?
№ 13дәріс. ПИРОПЛАЗМИДОЗДАР.
Жануарлардың бабезиидоздары. Бабезиоз, пироплазмоз, франсайеллез.
Жануарлардың бабезиозы мен пироплазмозы
1 Бабезиидоздар – қанның паразиттік аурулар тобы. Қоздырушылары эритроциттердің ішінде мекендеп, дене қызуының көтерілуі, анемия, кілегей қабатының сарғылт тартуы, егмоглобинурия, ас қорыту, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын аурулар. Аурулар айтарлықтай шығын тигізеді.
2 Қоздырушының морфологиясы. Babesiidae тұқымы: Babesia, Piroplasma, Francaiella туыстарына жіктеледі. Олар сопақша, алмұрт, домалақ, ланцет пішінді. Романовский-Гимза бойынша бояғанда алмұрт пішінді денешіктер жіңішке жағымен бірігіп жатады. Эритроцит ішінде 1 немесе 2 денешік кездеседі, кейде көп болуы мүмкін (P.canis 16 данаға дейін). Бабезиилер эритроцит ішінде доғал бұрышпен шетіне қарай ығысып жайғасады, пироплазмалар – сүйір бұрышпен эритроцит ортасында орналасады. Мал эритроцитінде қоздырушы екіге бөліну немесе бүршіктену арқылы, ал кене денесінде шизогония жолымен көбейеді.
3 Даму биологиясы мен патогенезі. Берілу жолдары Ixodidae мен Argasidae тұқым кенелерінің қатысуымен өтеді. Бабезии, пироплазмалар екі иелі паразиттер болғандықтан, омыртқалыларда (қан мен лимфа жүйесінде) және кенелерде (сілекейі, гемолимфада, жыныс жүйесінде). Бабезиидтер сонымен бірге трансовариалды жолмен де беріледі. Жылдам дамыған паразиттердің ықпалынан қанда токсиндердің мөлшері көбейеді де, малдың орталық нерв жүйесіне әсерін тигізеді (қызба). Эритроциттердің жаппай қырылуы (2-2,5 есе азаяды) мен гемоглобиннің азаюы (2 еседен артық) анемия, кілегей қабықтарының сарғылт тартуы, гемоглобинурияға әкеліп соқтырады. Осының нәтижесінде жүрек-қан тамыр жүйесі (оттегінің жетіспеуі, жүрек пен өкпе қызметінің нашарлауы), бүйрек қызметіндегі кемшіліктер (бүйрек, талақ, бауыр мен лимфа бездері көлемінің ұлғаюы), ас қорыту жүйесі синдромы (перистальтиканың жиілеуі немесе баялауы, метеоризмнің орын алуы, диарея) дамиды.
4 Эпизоотологиялық деректер. Пироплазмидоздар ТМД елдерінің оңтүстігінде, ҚР оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірінде тіркеледі. Ауру әдетте сәуірден басталып, мамыр-маусымда шегіне жетеді де, тамыз-қыркүйекте төмендейді. Үй жануарларының барлығы жасына қарамастан шалдығады. Төлдерде ауру өшкін ағымда өтеді. Сауыққан малда стерилді емес иммунитет қалыптасады (ІҚМ - 8 ай, жылқыда - 1-4 жыл, итте - 1-2 жыл). Қоздырушыны таратушылар иксодид кенелері, соның ішінде ІҚМ бір иелі кене Boophilus, екі иелі Rhipicephalus, үш иелі Haemaphysalis, қой-ешкіде екі иелі Rhipicephalus, жылқыда бір иелі Hyalomma, үш иелі Dermacentor, итте екі иелі Rhipicephalus, үш иелі Dermacentor. Кенелерде қоздырушы трансова-риалды және трансфазды жолмен беріледі.
5 Сыртқы белгілері. Дене қызуының 41-42оС көтерілуі, күйзелуі, пульсі мен тыныс алуының жиілеуі, ішек метеоризмі, іш өту, кілегей қабықтарының алғашқыда бозаруы, кейіннен сарғылт тартуы, 2-ші күндері гемоглобинурия, көз жасының ағуы, 3-4-ші күндері арықтауы (көтеремдікке дейін), мал күйіс қайырмауы, соңында өлімімен аяқталуы байқалады.
6 Диагноз қою үшін індеттанулық деректерін, клиникалық белгілерін ескере, зертханада қан жұғындысын Романовский-Гимза әдісімен бояп зерттейді.
7 Емдеу мақсатында азидин (беренил) - 7% судағы ерітіндісі, бұлшық етке, 0,0035г/кг, диамидин – 7% ерітіндісі бұлшық етке немесе тері астына, 0,001-0,002г/кг, трипофлавин – қан тамырына, 0,003-0,004г/кг, ниазидин препараттарын және симптоматикалық дәрі-дәрмектерді (жүрек және асқорыту жұмысын қалыптастыратын) қолданады.
8 Профилактикалау мақсатында азидинмен химиопрофилактикалау әр 10-14 күн сайын егу және малды акарицидтік препараттармен өңдеу арқылы іске асырылады.
Жануарлардың тейлериидоздары. Тейлериоз, нутталлиоз.
1 Тейлериоз – ірі қара малдың арасында Theileria туысына қарасты өкілдердің тудырған жіті трансмиссивтік ауруы. Елімізде тейлериозды Theileria annulata түрі тудырады. Өлім көрсеткіші 60-80% жетіп, мал өнімі күрт төмендейді.
2 Тейлерии лимфа түйіндерінің, паренхиматоздық мүшелердің, эритроциттің тоғышары.
3 Даму биологиясы мен патогенезі. Тейлериилер регионалды лимфа түйіндерінде көбейіп, олардың қабынуын тудырады да, кейіннен қанмен бүкіл денеге тарайды және көбейеді. Токсиндер көбейіп, жасушалардың ыдырауына әкеліп соқтырады, қызба, анемия, қанталаулар дамиды. Бауыр, талақ, бүйрек, асқорыту жүйесінде дегенеративтік өзгерістер бой алады.
4 Эпизоотологиялық деректер. Қазақстанда тейлериоз ОҚО, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тіркеледі. Ауру қоздырушысын Hyalomma кене түрі тасымалдайды. Ауру сәуірден қазан айлары аралығында өтіп, инвазия шегіне маусым-шілдеде жетеді. Жас малда ауру жіті ағымда өтеді. Иммуни-тет стерилді емес 2-4 жылдай сақталады.
5 Сыртқы белгілері. Беткейлі лимфа түйіндері домбығады, басқанда тығыз, ауырсынады. Дене қызуы 40-41°С көтеріледі, өнімі төмендейді. Көзі жасаурайды, жөтеледі, қан аралас іш өтеді, денесі дірілдейді, кілегей қабығы алғашқыда қызарады, кейіннен бозарады.
6 Балау. Эпизоотологиялық, клиникалық, патологиялы-анатомиялық деректері ескеріледі. Құлақ шетін кесіп алынған қанынан жұғынды даярланады да Романовский әдісімен боялады. Лимфа түйіндері ісінген, паренхиматоздық мүшелері ұлғайған. Өт қабы кілегейлі өт қышқылына толы болады.
7 Емі. Азидин – (беренил) 7%, б/е, 0,0035г/кг, диамидин – 7%, б/е, т/а, 0,001-0,002г/кг, трипофлавин – қ/т, 0,003-0,004г/кг, зикурат, ниазидин, симптоматикалық дәрілер (жүрек, асқорыту қызметін қалыптастыратын) қолданады.
8 Профилактикалау – митигирлеу химиопрофилактикалау әдісімен азидинді әр 10-14 күн сайын қолдану, малдың жүн жамылғысын акарицидтік препараттармен өңдеу арқылы жүргізіледі.
Зертханалық-тәжірибе сабақтарын өткізуге арналған әдістемеліктер
Тақырып 1-2. Гельминтоздарды анықтау әдістері
Сабақ мақсаты: студент тірі малда гельминтоздарды анықтау әдістерін, малдан зерттеуге сынамаларды алу, орау, бекіту жолдарын игереді.
Сабақтың мазмұны:
1) мал нәжісін алу және зерттеуге дайындау;
2) гельминттер мен гельминт үзінділеріне гельминтоскопия жүргізу;
3) флотациялау (Фюллеборн немесе Котельников бойынша), седиментациялау (шөгеру) және аралас (комбинациялық) Дарлинг бойынша зерттеулер жүргізу;
4) дайындалған сынамаларды жатырдан алынған жұмыртқалармен салыстыру, трематода, цестода және нематода жұмыртқаларын ұқсас объектілерден айыру;
5) мал нәжісін жылы жағдайда өсіру және Берман-Орлов бойынша ларваскопиялау;
6) стронгилят личинкаларының морфологиясын зерттеу және туысқа дейін ажырату.
Тапсырма 1. Анықтамасын беріп жауап беру:
• Гельминтоовоскопия –
Гельминтоскопия тәсілдері:
Флотациялаудың мәні
Седиментациялаудың мәні
Аралас әдістердің мәні
Берман-Орлов және Вайд әдістерінің мәні
Тапсырма 2. Гельминтоскопиялық зерттеулердің тәртібін салу:
- флотациялау
- седиментациялау
Тапсырма 3. Қаныққан ерітінділерді қандай химиялық заттардан дайындайды?
1. 2. 3. 4.
Тапсырма 4. Гельминттердің сипаттамасы мен жұмыртқаларының құрылысы:
Нематод:
Трематод:
Цестод – шынжырлы - баулы
Тапсырма 5. Гельминт жұмыртқаларының төмендегілерден айырмашылығы неде?
1 ауа көпіршігінен –
Достарыңызбен бөлісу: |