Шығ. №3-03/29 2010 жылғы 19 наурыз Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы Т. С. Жақыповаға Қостанай қ



Дата23.02.2016
өлшемі98.15 Kb.
#5547


Шығ. № 3-03/29

2010 жылғы 19 наурыз
Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы

Т.С. Жақыповаға
Қостанай қ.,

Әл-Фараби даңғ., 66

2010 жылғы 1 тоқсанында Федоров ауданында жастар жағдайын мониторингілеу
Федоров ауданында мемлекетті жастар саясатын іске асыру ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына, жастар саясатын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі саясат бөлімі 2010 жылға арналған жастар саясаты саласындағы жобалар әзірлеген. Аталған жобаларды қаржыландыру көзі 346000 (үш жүз қырық алты мың) теңге сомасын құрайтын аудандық бюджет ақшалай қаражаттары болып табылады.


Рет №

Жобаның атауы

Өткізілетін айы

Бөлінген сома

1

КВН- 2009 лигасы (аудандық, облыстық)

қазан

96000

2

Жастар бастамаларын дамыту (семинарлар, тренингтер)

қараша

100000

3

Жас саясаткер

наурыз

30000

4

Мен - патриотпын

маусым

40000

5

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру

маусым

80000




Барлығы




346000

Федоров ауданында жастар саясатын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары мынадай негізгі аспектілерді қамтиды:

«Жас саясаткер» АНТ-ның Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын жастар арасында насихаттау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;

Федоров ауданының әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі ведомствоаралық кеңесінің отырыстарды өткізу;

Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар, әлеуметтік жарнама арқылы мемлекеттік жастар саясаттың іске асырылудың негізгі бағыттарды айқындау;

«Федоровские новости» аудандық газетте «Құрдастар-Ровесники» жастар бетін шығаруы;

Ұлтаралық қарым-қатынас, конфессияаралық келісім саласында жастар саясаты жөнінде, жастардың үкіметтік емес ұйымдар жөнінде, эксперттік баға беру және БАҚ жастар мәселелерін жарық түсірудін тиімділігі мониторингті әлеуметтік және мониторингтік зерттеулерді өткізу;

Жастар және жасөспірімдер ортасында мәдениетті және салауатты өмір салтын, дене тәрбиесін және спортты насихаттау, құқық бұзушылықтардың, жастар ортасындағы қылмыстықтың алдын алу зиянды әдеттердің (темекі тарту, ішімдік, нашақорлық және уыт құмарлық) алдын алу;

Ауданның кәсіпорындарда «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру;

Аудандық Бос орындар жәрменкесін өткізу;

Федоров ауданының «Жастар» Форумын өткізу;

Көңілділер мен тапқырлар клубының (КВН) ойынын өткізу, облыстық лигасына қатысу.

Осы жоспар жұмыста пайдалану үшін селолық округтер мен мемлекеттік органдарға таратылды.

Аудан бойынша 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың жалпы саны 7852 адамды құрады, олардың ішінде 3887 жігіт және 3965 қыз. Олардың ішінде 14-тен 17 жасқа дейінгі оқитын жастар – 1178 адам, ОКОО мен ЖОО студенттері – 1100 адам, жұмыс істейтін жастар – 3944 адам, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар – 1588 адам, жастар арасындағы жұмыссыздар саны – 11 адам. Тұрғындардың жалпы санындағы жастардың үлесі 26 пайызды құрады.

Есептік кезең ішінде жастар ісі жөніндегі ведомствоаралық кеңестің отырысы өткізілді. Отырыста келесі мәселелер қаралды:

1. Жастар ісі жөніндегі кеңесінің 2009 жылғы жұмысы туралы.

2. 2010 жылға арналған жастар саясаты саласындағы аймақтық бағадарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру іс-шаралар жоспары туралы.

3. Федоров ауданының 2010 жылғы КВН Лигасын өткізу туралы.

Аудан аумағында «Федоров ауданының жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі өз қызметін атқаруда. Кеңес құрамына ауданның жастар ынталы топтарының көшбасшылар қатарынан 25 адам кіреді, орталықтың төрағасы – Вишневский Валерий Владимирович.

Ауданға ауылда жұмыс істеуге 26 жас маман келді. Оларға 2 млн. 358 мың 700 теңге біржолғы жәрдемақылар төленді.

Спортпен және дене шынықтырумен шұғылдану үшін ауданда біржолғы өткізу қабілеті 4376 адамды құрайтын 131 спорт құрылыстар жұмыс істейді, олардың ішінде: 32 спортзал, 82 жалпақ құрылыстар, 2 жабық хоккей алаңы, 1 стадион. Ауданда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған 96 спорттық іс-шаралар өткізілді, оларға 5335 адам қатысты.

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып Федоров селосының «Алға» спорт кешенінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық іс-шара өткізді. Іс-шараға есту, көру мүмкіндіктері шектеулі жастар және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне жүретін балалар үйіндегі тәрбиеленушілер қатысты. Бұло санаттағы адамдар арасында Новошумный селосында тұратын атаулы спортшылар да бар: гір спортынан ҚР спорт шеберіне кандидаты Томаз Николай, бұл спорт түрінде бірінші санаты бар Тарассевич Константин. Жарыстар аяқталған соң барлық қатысушыларға естелік жүлделер мен қатысушы билеттері табыс етілді.

25 қаңтарда, Мәдениет үйінде Татьяна күніне арналған «Студенческие каникулы» атты шоу-бағдарламасы қызықты түрде өтті. Іс-шараны аудандық МҮ және «Федоров ауданының жастар орталығы» ҚБ бірлесіп өткізді. Бағдарламада көрермендермен байқаулар, әр түрлі музыкалық нөмірлер, жүргізушілердің сұхбаттары болды. Жастар өткізілетін командалық та, жеке-жеке байқалуарға белсен қатысып, жүлделермен марапатталған болатын.

Құқықтық білімі бар және заң сақтайтын тұлғаны тәрбиелеу үшін М.Мәметова атындағы № 4 орта мектебінде бірнеше жыл бойы «ВеГа» пікірталас клубы қызмет етеді. 30 қаңтарда «ВеГа» аудандық командасы Конституцияның 15-жылдығына арналған облыстық турнирге қатысты. Турнирдің қарары былай болып жарияланды: «Азаматтардың Конституциялық құқықтарды білу және қолдану саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру». Турнирге облыс қалалар мен аудандарынан келген 30 команда қатысты. Әділ-қазылар командамыздың спикерлері Хасанова Салтанат, Байбухамбетова Жанар, Алдабергенова Дананың шеберлігінің өсіп жатқанын белгіліп қойды. Турнирдің үш кезеңінде де «ВеГа» өзін-өзі лайықты ұстап, қарсыластарға бәсекеге қабілеттілігін көрсете білді. Турнирге белсенді қатысқаны үшін команда естелік жүлделермен және грамотамен марапатталды.

3 ақпанда аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жерлесіміз, боксшы, спорт шебері, Серік Қонақпаев жүлдесіне турнир мен бокстан халықаралық турнирдің жеңімпазы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионы Ж. Кособуцкийді салтанатты қабылдау өткізілді. Аудан әкімі атынан Жанға Грамота мен сыйлық табысталды.

20 ақпанда аудан орталығында Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған шаңғы спорт фестивалінің 2-кезеңі «Денсаулық шаңғы жолы» ұранымен өтті.

Первомай селосының спорт кешенінде футзалдан дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа 8 команда қатысты: 3 команда Федоров селосынан (негізгі құрамы және студенттер), № 4 ОМ командасы, алаң иелерінің 4 команда және Баннов селолық округінің командасы. Турнир барысында командалар чемпион атағына күресті. Спорттық іс-шара ауданда салауатты өмір салтын және футзалды көпшілікке тарату және ең мықты командасын айқындау мақсатында өткізілді.

Федоров АЖБСМ және М.Мәметова атындағы № 4 ОМ базасында аудан және № 14 лицейінің оқушылар арасында мини-футбол мен тоғызқұмалақтан аудандық жарыстар өтті.

Қатер ісіктің алдын алу мақсатында аудандық орталық ауруханада ауданның бас акушер-гинеколог дәрігері, онколог-дәрігері, СӨС кабинетінің меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің жастар ісі жөніндегі бас маманы, аудан орталығы мектептердің жоғары сынып оқушылары, № 14 лицейінің оқушыларының қатысуымен «Жұқпалы факторы туындаған онкологиялық аурулардың алғашқы профилактикасы» ұранымен «Әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау» атты баспасөз-конференция өтті. Мамандар қатысушыларға қатерлі ісіктің алдын алу жолдары туралы әңгімеледі, олар: белсенді және салауатты өмір салты және зиянды әдеттерден бас тарту.

Дәстүрге айналып, аудан мектептерінде ақпанның бірінші сенбіде бұрын жылдардағы мектеп бітірушілердің кездесу кештер өтті. Қонақтарды мектептердің мұғалімдер мен 2010 жылғы түлектері қошеметпен қарсы алды. Олар концерттік бағдарламалар, мектеп бойынша экскурсияларды дайындап қойды. Бұрынғы мектеп бітірушілердің өз парталарына отырып, сыныптастар мен мұғалімдермен әңгімелесу мүмкіндігі болды.

13 ақпанда ауданда халықтық шығармашылығының «Әнім де, жырым да сен, туған ел» атты 10-шы мерейтой фестивалі басталды. Фестиваль ҰОС-та Жеңістің 65 жылдығына және Федоров селосының 110 жылдығына арналған. Шығармашылық есептер бекітілген кестеге сәйкес ауданның барлық селолық округтер бойынша өтті. Көркем өнерпаздарының үздік орындаулар аудандық гала-концертте ұсынылатын болады.

Первомай ОМ-де «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалыстың 20 жылдығына және Семей қаласындағы сынақтарға арналған полигонның жабылудың 20 жылдығына арналған «Қазақстан – ядролық қаруға қарсы» атты акциясын ашу рәсімі өтті. Мектеп оқушылары, «Мұрагер» балалар ұйымының өкілдері Қазақстанның Жеріміздегі ең қауіпті қарудың сынақтар өткізілген ядролық полигондарды жабу бастамасын ең алғаш рет ұсынғаны туралы әңгімеледі. Оқушылар алдында тарих мұғалімі және 9-10-сынып оқушылары сөз сөйледі.

Костряков ОМ-де оқу жылы басталған бері «Жас журналист» атты үйірме нәтижелі қызмет етеді. Үйірмеге қатыстаын оқушылар жетекші Е. Лободамен бірге «Мектеп жаршысы» атты газет шығарумен айналысады. Газет айына 1 рет шығып, оқушылар арасында өз оқырмандарды тапты. Газеттен балалар және бар қалаушылар мектеп өмірі туралы жаңалықтар, әр түрлі мерекелердің пайда болу тарихы туралы біліп, бас қатырғыштарды ойлап тауып, бірін-бірі құтықтай алады.

«Жастар Елбасын қолдайды!» ұранымен № 14 кәсіптік лицейінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауын талқылау өтті. Жиналғандар мемлекетіміз бен Президентімізді мақтан тұтып қолдап отырған пікірлер білдіріп, жыл сайын Жолдауларда көрсетілген міндеттердің жүзеге асатынын белгіліп қойды – жаңа объектілердің құрылысы, ауыл шаруашылықтың, кәсіпкерліктің бұдан әрі дамуы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жақсаруы. Бұның өзі жастардың елге керектігін және оларға негізгі үміт артатынын және келешекті құруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

М. Мәметова атындағы № 4 орта мектебінде И.М. Беланның «Дұрыс таңдауды жасай біл» кітабының тұсаукесері өтті. Осы кітап қазіргі жастарға арналған. Кітап жастарға қазіргі қарапайым емес әлемінде адаспай, дұрыс жол табуға көмектеседі.

Федоров жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ҚР ЖОО-да оқыту гранттарды төлеу, шәкіртақыны төлеу, мұқтажды шәкірттерге әлеуметтік көмек көрсетуді өткізеді және жастарды әлеуметтік жқмыс орнына орналастыру нысанының бірі – «Жастар тәжірибесін» жүзеге асырады. Осы бағдарламаның мақсаты – курстық даярлықтың, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім мекемелер бітірушілерді жұмысқа орналастыру, оларға маман бойынша жұмыс өтілінің жоқтығына қарамастан практикалық тәжірибені, білім, іскерлік пен дағдыларды жинақтауға жәрдемдесу. «Жастар тәжірибесіне» орналастырылған жастарға еңбекақысын төлеу жұмыс берушілердің шығыстары ең төменгі жалақының 100 пайыз мөлшерінде 6 айдан аспайтын мерзімі ішінде аудандық бюджет қаражаты, сондай-ақ «Жол картасы» бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі. 2009 жыл ішінде 54 жас маман жастар тәжірибесін өту үшін ауданның 22 ұйымға жіберілді, олардың ішінде 14 – тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2010 жылдың өткен мерзімі ішінде «Жастар тәжірибесі» жүзеге асырылған жоқ.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңды мекен-жайы: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейская көшесі, 53. Бөлімнің тіркелу күні: 2005 жылғы қаңтар айы, жұмыс телефоны 22574.

Ауданда жастар арасындағы діни жағдайы тұрақты. Ұлтаралық және діни қақтығыстар жоқ. Есепке алу мәліметтерге сәйкес дін тұтатын жастар саны төмендегідей: «Свято-Никольский приход Уральской Епархии Русской Православной церкви» діни бірлестігі – 6 адам, Федоров ауандық Жиентай қажы мешіті – 8 адам, аудан бойынша басқа саны аз діни топтары – 4 адамға жуық.

Қазіргі кезде ауданда жастардың оппозициялық ұйымдар жоқ.

2009 жылғы жедел жағдайды талдау негізінде Федоров АІІБ 2010 жылы қылмыстық пен құқық бұзушылықтардың профилактикасына баса назар аударатын болады. Федоров селосы мен селолық округтердегі есепке алынған контингентті күзетуге және жұмыс істеуге назар аударылады. Бұл мәселе бойынша 2010 жылғы өткен мерзімінің көрсеткіштері 2009 жылғы сол мерзімімен салыстырғанда мынаған тең:



Р.с. №

Қылмыстардың түрлері

2009 жыл

+/-

2010 жыл

+/-

1

Барлық тіркелген қылмыстар

31

+18

13

-18

2

Орташа ауырлықтағы дене зақымын келтiру

0

-1

1

+1

3

Ұрлықтар

4

0

4

0

4

Есірткіні сақтау

3

+2

1

-2



«Федоров ауданының

ішкі саясат бөлімі»

ММ бастығы қолы қойылған Г. Шестаков

Орынд. Шаптала Л.Ю.

Тел. 22316



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет