Шығармадағы көркемдегіш құралдар


Шығармалардағы көркемдегіш құралдар



бет2/2
Дата24.04.2024
өлшемі17.05 Kb.
#499700
1   2
7-практикалық

Шығармалардағы көркемдегіш құралдар:
1)Күнікейдің аққудай сұңқылдап, күмістей сыңғырлап, бұлақтай сылдырлап, бұлбұлдай құбылтып, бұлқындай жұтынтып, жүйкені босата, сүйекті шымырлата сорғалатқан, кес­тедей нақысты, ботадай сүйкімді, балдай тәтті, күндей сұлу әніне көш бойындағы қыз-бозбала, қатын-қалаш жиналып қалды»Бұл өлең жолдарынан теңеуді байқаймыз. Аққудай сұңқылдап,бұлбұлдай құбылтып,ботадай сүйкімді сияқты сөздерді байқаймыз.
2) Әлсін,әлсін демігіп, тық -тық еткен жөтелді өңменіңнен өткендей,алма ерні кезеріп,Бетпақ кезіп кеткендей,кимешегі қолқылдап,қуыршаққа тіккендей сатпақ сатпақ жастығы жастық емес кетпендей сар төсек боп сарғайып -бұ жатқаның қай әйел? Бұл бізде (Бейнелеу).Себебі сөзбен сурет салып,қуыршаққа кимешек тіккендей деп суреттеледі.
3)Жаялықша жалпиған ,жарқанатша қалқиған,жермен жексен шым қора,бейнеуі жоқ сұм қора.Шым қорада жер үйде желпіндірмес қор үйде арса арса болып сүйегі қалақтай болып иегі,жаңқадай жоқ жақ еттен саусақтары шілбиіп,көлеңкедей кілбиіп бұ жатқан қай аруақ?Осы жолдардан біз (теңеу) екендігін көре аламыз.Сүйегі қалақтай,көлеңкедей келбиіп т.б сынды сөздерді кездестіреміз.
2."Ақ кеме" повесіндегі кейіпкерлер:бала,Момын-қария,Оразқұл,жұргізуші-солдат.
3.Жазушының «Ақ кеме» кітабында әдебиеттегі көне дәстүр – синкретикалық жанр байқалады. Атап айтқанда көркем туындыда ертегі, аңыз, тәмсіл, трагедия, фантастика жанрларының барлығы дерлік көркемдік тәсіл ретінде қолданылған. Суреткердің әр туындыдан кейін жаңа шығармашылық сатыға биіктегені көзге анық шалынады. Повестегі ақ кеме – жазушының белгілі бір меңзеуі, астарлы ойы, айтар сыры. Ақ кеме – баланың күте-күте аңсары ауып, санасын сарғайтқан белгісіз әкесі қызмет атқаратын мекен-жай іспеттес әсерде қалдырады. Әкесіне асыққан жас баланың аңсауы, сағынышы да ерекше аңғарылады деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет