Шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» немесе «ххі ғасыр ауылы қандай болмақ?!» (ойтолғау)



Дата16.06.2016
өлшемі91.5 Kb.
#139399
Мұғалім

Фамилиясы: -Нұрқабыл; аты - Гүлден; әкесінің аты - Жеткергенқызы

Мекемесі: Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектебі

Мекен-жайы: Астана, Сарыарқа ауданы, Қарталы көшесі 18/1, 320 пәтер.

бай.тел: 87756680648; 51-48-59

Шығармашылық жұмысымның тақырыбы:

«Ауылым – алтын бесігім» немесе «ХХІ ғасыр ауылы қандай болмақ?!» (ойтолғау)
Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім, ауылым

Шабытымның асқары,

Самғаушы еді, ауылым,

Биік – биік шың құзға

Құмар қылған, ауылым!

Бұл өлеңді естігенде елең етпейтін қазақ баласы жоқ шығар. Себебі, ауыл деген қасиетті ұғым, қайда болсақ та әрқашан ерекше бір ыстық, жылы сезіммен есімізге оралар құтты мекеніміз. Ханның да, қараның да дүниеге шыр етіп ана құрсағынан домалап, өмір есігін алғаш қаққанда – ақ кіндік қаны тамған қадірлі Отаны.

Ауыл – сонау ерте замандардан ата – баба рухы сақтаған, бүкіл қазақ қауымы шоғырланған алтын бесігіміз. «Ауылым қонған Сырымбет саласына» немесе «Мойынқұмда ауылым» деп өлеңдетіп өткен қазақтың бір ұрпағы болғандығымнан, қанымды сол халықтың рухы қайнап жатқандығынан ауыл – мен үшін киелі ұғым, қастерлі мекен және осы күнге дейін салалы ғұмырымның үлкен белесі – менің балғын балалық шағымның ең бір қызықты, думанға толы, тәтті күндері қаладан тым – тырыс шалғайда атам мен апамның ауылында сақталған.

Ауыл маған, міне, сондықтан да жат емес, мен де ауылға жат емеспін. «Ауыл» дегенде, әр қазақтың, мейлі ол қалалық болсын, шет елде жүрсін, бәрібір жүрек тұсы зу етіп, сезімі сергелдең түсетіні ақиқат. Өйткені қазақ қаны ауылдан ажырамақ емес. Ауыл – қазақтың құдіретті, асқақ, кең де мәрт рухының қайнар көзі, еркіндік пен кеңдіктің, бостандықтың жазирасы. Қазақ атанған сонау заманнан бері малына өріс, еліне қоныс болған кең байтақ құт мекен – қазақ жері тек ауылдан тұрған – ды. Батыр да, бағлан да, би – шешен, қала берді хан да, айналайын, сол киелі ауылдан шыққан. Қаланың қапырығына қақалып көрмеген қазақ көкірегі тек сол ауылдың саф ауасын жұтқан еді.

Ауыл – дегеніміз дархан дала, асқар таулар, ну орман. ХХ ғасырдың жұлдызды жалын ақыны Мағжан туған топырағы, қазақ даласы туралы: «Дала дала деп атын атасақ – ақ ондағы еркіндік пен кеңдік құлпырып тұрған көкорай шалғын, төбесі мұнарланып, тұманданып, көкке тірескен асқар тау, күмістей таза, бұраңдап ағып жатқан өзен, тағы да санап түгесілмес, жасағанның жаратқан табиғаттың әдемілігі көңілге сап ете қалады» деп тебірене, тамсана – таңырқай ой қозғайды. Ал, ақиық ақын Мұқағали тіпті жеріне жеткізе жыр етеді:

Пай – пай – пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүбілеп өткен жер!

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!

Сарылып сал – сері кеткен жер!

Ғашықтар бір – бірін өпкен жер!

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай кетпеңдер!

Міне, қазақтың құдіретті сахарасын осылайша пір тұту, осылайша шын сүю әрқайсымыздың қанымызбен бірге өріліп жататын қасиет болуы тиіс.

Айналайын, ауыл, қазақ үшін қадір мен қасиетің шексіз ғой. «Ауылым көшіп барады Алмалыға» деп мұңайған арудың көз жасы мен ананың әлдиі, атаның ақ батасы сенде жатыр емес-пе? Табиғаттың төбесінде еркелеп өскен, жайлауын жайлап, қыстауын байлап көшкен, даланың еркін ұлы қазақ халқының таным – түсінігінде ауыл деген – табиғат, ауыл – жер, су, ауыл – Отан. Отанның әрбір тасы, әр жусаны - ауылын еске салар бойтұмар. Егер бұлай болмаса, Мұқағали ақын Алтайдан Атырауға созылып жатқан даланы «алтын терем әр түйір топырағыңнан», деп, емірене жырламас еді.

Құдіреті шексіз, қасиеті қастерлі сол алтын бесік – ауыл бүгінгі күні көңілге кірбің түсіріп, көркінен айырылып, өз тұғырынан сырғып түсіп бара жатқандай. Жолың түсіп, егерде сол ауыл жаққа бара қалсаң, кетеуі кеткен тірлік пен жабырқау жүздерге тап боласың. Қайда қарасаң да, қираған техникалар, жұмыссыз сандалған жұрт. Ауыл халқы қалаға ағылып, қала жұрты ауылға ат басын бұрудан қалып, «барып қайт, балам, ауылға туған, барып қайт» деп отыратын баяғының қарттары да азайып кеткендей. Осының бәрін көзіңмен көріп тұрғанда, көкірегің сыздап, ішің әлем – жәлем өртеніп жатар еді. Қолыңнан тұк келмейтін дәрменсіздігіңе күйінген сен сондайда: «Ең құрыса қанатымен су себер қарлығаш құрлы қайырым болмады - ау» деп өз-өзіңе налисың. Қаймана қазақтың сүттей ұйыған, ұлттық бет – бедерін сол қалпында сақтап келген қайран ауылға жаның ашиды. Бірақ... Әлі жассың, осының бәрін өзіңнен көресің бе, әлде заманнан көресің бе, жауабы жоқ сан сұраққа белшеден батып, қалаңа қамығып қайта ораласың. Көңілде тек бір жұбаныш: «Бәрі де уақытша, әлі – ақ бәрі өзгереді».

Иә, адам көңілі алдамас керек. Жұбаныш етер қиялдағы арман шындыққа ұласып жатса, қуанбасқа не шара? Арман орындалып, көптен бері көңілді күпті қылып жүрген ауыл мәселесі «Ауыл – селодағы істің жайын жан – жақты ойластыра келе, мен қоғам назарын осы салаға аудару керек деп таптым» өзі айтқандай, Елбасының бастамасымен қолға алынып, жолға қойылып жатыр. Халқымызда «Ауылым – алтын бесігім» деген ғажайып сөз бар. Ал заманымыздың заңғар тұлғасы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген еді. Ендеше еліміз бірте – бірте көшін түзеп, кетеуі кеткен, аңқасы кепкен ауыл мәселесіне етене ат басын бұра бастағаны – сол тал бесікке көңіл қойғаны емес пе?


Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет» - дегендей, туған ел үшін, қасиетті қазақ жері үшін, соның тәуелсіз түтінін түтетіп, түтіннің түзу шығуы үшін ауылға жасалған ең нық қадам осы еді. Ең бастысы, осы қадамды бастадық, енді оның ары қарай қарыштай дамуына ат салысуымыз крек. Меніңше, бұл – әрбір қазақстандықтың киелі борышы. «Біздің ауызбіршілігімізді көрсететін, қазақтың қазақ екендігін білдіретін кез келді» деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, енді бізге тек алға, тек алға шарықтауымыз керек. Өз қолымыз, өз аузымызға жеткен егемендік тұсында, осындай мәселелерді бірлесе шешіп, қолұстаса атқарғанға не жетсін?!


Мен сенемін: ХХІ ғасыр – қазақ халқының бағы жанып, байлығы артып, мәртебесі таситын дәуірі. Қазақ дегеніміз – ауыл. Қазақ көкке көтерілсе, ауыл дамудың шыңына шығары анық. Бұлай деп сенімді сөйлеуіме әбден негіз бар – қасиетті қазақ жері, үсті де, асты да бай, түгін тартсаң, майы шығатын жерұйық емес пе?!

Бағзы заманнан бабам кәсіп еткен мал мен егін – жерінің үстіңгі байлығы болса, астыңғы байлығы –алтыны мен күмісі, мысы, жезі, темірі, мұнай мен көмірі. Ол аз болса, суы, нуы, тоғайы, тауы, теңізі – мұның бәрі қазақ үшін, бізден кейінгі ұрпақ үшін көл – көсір молшылық.

Болашақта қазақ елінің ауылы да, қаласы да қызғаныш, сүйініш туғызатын ұлы ел болар. Жұлдызды сәтің алда. Ол тым жақын, ол ауылдан басталады. Айналайын Қазақстаным, сол жұлдызды сәт туғанда, бүкіл қазақ тағы да Мұқағали рухына қосылып:

Қазақстан!

Пай – пай, пай!

Ардағым – ай!

Сен – менің шолпанымсың

Жанған ұдай,

Өзіңде өмір сүру қандай бақыт,

Мәңгілік махаббатым, арманым – ай!- деп, көк туды көкке желбіретіп, өлеңдетеміз.



Оқушы

Фамилиясы: -Жолан; аты - Әсия; әкесінің аты - Полатбекқызы

Мекемесі: Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектебі, 8 сынып

Мекен-жайы: Астана, Алматы ауданы, Рысқұлбеков көшесі 17 үй, 7 пәтер

бай.тел: 87017000029; 33-23-23;

Менің қиялымдағы Қазақстан – 2050!

Қиял ғажап, арманға толы жүрек!

Болашақты ойымен шолып өтпек,

Жас ұрпақтың келешегін, ертеңін

Жарқын қылар ұлы елім - Қазақстан!

Ел дегенде еңселі ойға шомар ұлы қазақ халқым не деген қайратты едің. Өз ұрпағыңның болашағын тереңінен ойлап түрлі салт-дәстүрімізді бойымызға, сана-сезімімізге жеткізе білген, азатты да ардақты туған жерім армысың!

Біздей жас өркен бал- балаңды бауырыңа қыса отырып, бар қауіп қатерден қорғағың келетінін сеземін. Тәуелсіздік туын желбіреткен мемлекетімнің жүрегі мәңгі соғатынына мол сеніммен қараймын. Өз ұрпақтарын артта қалған өмірмен салыстыра отырып жеткен жетістіктерді бағалайды. Әрине, өткені өтіп, қиындығы артта қалған сүйікті елім Қазақстан бізге берер мол жақсылығыңның бар екенін сізбен, біз жақсы білеміз.

Қазіргі жаһандану дәуірінде барлық мемлекеттер мен иық тіресе тік тұруымызға әрине берілген біліммен бойымыздағы қазақ деп соққан жүрегіміз өз еңбектерін жасамақ.

Арман мен қиялға ерік берсем менің елім барлық мемлекет ішіндегі ең үздік дәрежеде тұрғаны көрінеді. Қаламыздың барлығы жарқылдаған жарықпен көмкеріліп, көздің жауын алатындай. Барлық аудан, ауылдар қалаға айналған. Халқымыз жақсы көңіл күйде, ұрпақтарының қарны тоқ, көйлегі көк болып отырғандарына шын жүректен қуанышты.

Қай жағына қарасаңда салтанаты келіскен биік үйлермен зәулім сарайлар көздің жауын алады. Сол биік үйлердің бәрінде ұрпағына, немере, шөберелеріне арнап алып қойған отбасының қара шаңырақтары. Кәзіргі заманымыздікіндей бөтен біреудің үйінде тұрып өз үйім деп жүрген қазақтарымыздың барлығы баспаналы болған. Шіркін, қиял неткен ғажап едің далада түнеп баспана іздеген қазақты көрмеу деген қандай қуаныш. Мен осы арманымның орындалғанына көзім жетсе онда болашағымыз жарқын екеніне сеніммен қараймын. Себебі әр адам баласы дүниеге келгенде далада түнеймін деп емес жарқын, жылы да жарық үйде қара шаңырағымда боламын деп келеді. Әр адамның өз отбасысы бір шағын мемлекет сол мемлекет ұйып отырса онда қазағыма келетін қауіп-қатерде жоқ деп толық айта аламын. Сол мемлекеттің білім десе ішкен асын жерге қоятын мына біз келер ұрпақ осы заманға сай қандай білім болса қиындығы мен ауырлылығына мойымай нағыз сауатты да білімді елді көтеруге қызмет етіп жүрсек нұр үстіне, нұр болмас па. Қай халықпен кездессеңде өзімнің ана-тілім қазақ тілінде сөйлеп жүрсе. Кәзіргі құлағымыздың құрышын қандырған шүлдірлеген шала қазақ тілін шіркін, естімей керең болған қандай жақсы. Мен қаншалықты жас болсамда өз тілімнің еркін естілмей жүргеніне жанымның сыздайтынын айтып жеткізу мүмкін емес. Өзіммен тетелес құрбы –құрдастарымның өз тіліне деген құрметінің жойылып бара жатқаны өте өкінішті. Менің қиялымдаға еңкейген кәріден, жанып тұрған жастардың барлығы менің сүйікті ана-тілім қазақ тілі деп ұрандатып жүр.

Ұлы қазақ ұлтының ұрпағы болу әр азаматтың абройы. Яғни ұлтжанды болып өсу мына біз секілді жасөспірімге міндет және парыз. Тілімді қорғаған әр азамат туған жерінде қорғай алатынына сенемін. Ертедегі батырларымыз секілді қару жарақтарын сайлап кез –келген уақытта дайын тұратын дені сау азаматтарымыз толық қанды өмір сүріп жатқаны анық.

Арман мен қиял менің елімді осылай көз алдыма әкеледі. Біз қазақ халқы 2050-де бар байлығына батып отырған, қазақ тілінде сайрап жүрген, қарашаңырақтың қамын ойлаған, туған жерінің түтінін түтетіп, өз елінің сұлтаны болып жүрген «Қазақ» деген халық екенін әлем таныған елміз.

Армандаймын, қиялыма сыймаймын!

Қазағымның жарқын болып тұрғанын,

Жар саламын, айта берем айтамын!

Қазақстан – 2050 деп менде,



Болашаққа жарқын көзбен қараймын.!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет