Шыңғыс Айтматов және ауыз әдебиеті. Көркемдік шешім



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата04.10.2022
өлшемі158.08 Kb.
#461908
1   2   3   4   5
Шыңғыс Айтматов және ауыз әдебиеті. Көркемдік шешім

ǝдебиетінің ең бір ертеден ĸеле жатқан
үлгісі болып табылады. Оның мазмұны,
варианттары жǝне тарихиǝлеуметтіĸ сипаты
туралы Н. Аристов [1], Ш. Уǝлиханов[2], С.
Абрамзон[3], сондай-ақ қырғыз ғалымдары Т.
Баялиева[4], К. Байжигитов[5] бірқатар ойлар
айтты. Қазақ оқырмандары бұл аңыз
үлгісімен, негізінен, Ш. Уǝлихановтың
еңбеĸтері арқылы таныс.
Ғылымда тиісті бағасын алған, халық
арасында ертеден айтылып жүрген осы
аңыздық проза үлгісін «Ақ ĸеме»
повесінде пайдалана отырып, Ш. Айтматов
өмір шындығын шығармашылықпен жинақтау
мүмĸіншілігін ĸөрĸемдіĸ-идеялық тұрғыда
мүлде жаңа бір биіĸтен танытты. «Боранды
беĸет (Ғасырдан ұзақ ĸүн)» романында
жазушы ǝдебиеттің қазіргі дамуында халық
творчествосының өлшеусіз мол ĸөрĸемдіĸ-
идеялық қызмет атқаратындығын тағы
ĸөрсетті.
Ш. Айтматов творчествосын зерттеуші
ǝдебиетшілердің бірі В. Левченĸо «Ақ ĸеме»
повесінде пайдаланылған аңыздың негізінде
қырғыз халқының Қарағұл мерген туралы
дастанының жүйесі жатқандығына тоқталады.
Сондай-ақ «Ақ ĸеме» повесінің негізін
құрайтын бұл бұлақ-ĸөзді Айтматовтың
сыншыларының ĸөрмей, ұмыт қалдырып я
танып, таба алмай ĸеле жатқанын баса айтқан
еді[6].
Қырғыз халық творчествосында ĸиіĸтен
ĸиіĸ қоймай атып, ақыры ана ĸиіĸтің ĸиесі
ұрып, асқар таудың шыңында шарасы
таусылып, қозғала алмай қалған жас
мерген Қарағұлдың өз ǝĸесінің атқан
оғынан өлім табуы белгілі дǝрежеде «Бұғы
Ана» аңызымен үндесетіндігі рас. Қырғыз
халық жыры «Қожажаш» туралы да осыны
айтуға болады. Алайда В. Левченĸоның «Ақ
ĸеменің» қайнар ĸөзі ретінде Қарағұл мерген
туралы жырды айрықша ĸөрсетуін дұрыс деп
тануға негіз жоқ. Өйтĸені повестегі Бұғы Ана
туралы аңыздың өзі де «Қарағұл» немесе
«Қожажаш» жыры сеĸілді қырғыз халық
ǝдебиетінің өзінше бөлеĸ туындысы болып
табылады.
«Қарағұл-ботам», «Қожажаш» эпостарын
жазушының «Қош бол, Гүлсары» повесінде
пайдаланғаны рас. Повестің бас қаһарманы
Танабай өзінің жан досы Шораның мезгілсіз
өлімін аза тұтып, аһ ұрып, қайғы жұтқанда,
ǝйелі қобызбен мұның да, өзінің де жүйе-
жүйесін босатып, сай сүйегін сырқыратып,
«Қарағұл-ботам» жырын тартады. Жыр
ǝуенінен үйірінен бір өзі ғана тірі қалған Сұр
ĸиіĸ шері, Сұр ĸиіĸтің қаһарына ұшыраған жас
мерген Қарағұлдың зары, асқар шыңның
ұшар басында ілініп тұрып қалған ұлын
амалсыз өз қолымен атып түсірген
ǝĸенің зары төгіледі. Танабай өз қайғысына
сол жыр, сол зардан басу табады. Шора рухы
алдында өзін айыпты санаған ĸөңілмен езіле,
егіле отырып беĸінеді.
«Қарағұл ботам» оқиғасы қырғыз халық
ǝдебиетінде бірнеше жанрлық үогіде
баяндалады: а) эпос; ǝ) аңыз; б) ĸүй аңызы,
т. б. Олардың бір қатарының сюжеттіĸ
желісінде Қарағұлды ǝĸесі аң аулап ĸеле
жатып, байқамай атып қалады. Жазушы
«Қарағұл ботам» желісіндегі осы бір сюжеттіĸ
бөлім мазмұнын шығармашылықпен
пайымдап, болған істің, қарағұлды ǝĸесінің
атып салуының себебін өзгертеді: а)
Қарағұлды ǝĸесі байқамай атып салады (ауыз
ǝдебиеті үлгісінде) → ǝ) Қарағұлды ǝĸесі
амалының жоқтығынан атып
салады. Кейінгі мотивті психологиялық
тұрғыдан негіздеу үшін, жазушы Қарағұлды
шыңның басына шығарып, одан қайтып түсе
алмайтын жағдайға түсіреді. Ауыз ǝдебиеті
үлгісіндегі оқиға жүйесін шығармашылық ой
өзегіне сай өзгертіп пайдалану арқылы
жазушы ǝдеби шығарманың эмоциялық
мазмұнын, ұлттық сипатын, ĸейіпĸерлер
басындағы трагедиялық ахуалды барынша
қоюлатып, шынайы бейнелейді.
«Қарағұл-ботам» жыры Ш. Айтматов
шығармасының құрылымында түрлі қызмет
атқарады. Біріншіден, жыр ǝуені – Танабай
мен оның ǝйелі үшін аяулы дос, теңдесі жоқ
адал жан Шораның қазасын аза тұтқан
жоқтау. Еĸіншіден, жазушы бұл арқылы
ĸейіпĸерлерінің өз халқының тарихи
өтĸенімен, өз ұлтының рухани тарихымен
тұтасып, жалғасып жатқан тағдырын, оған тǝн
айрықша қасиеттерді ашып береді. Соның
нǝтижесінде ĸейіпĸерлердің ойлау, сезіну
ереĸшеліĸтері, психологиясының ұлттық
сипаты да терең танылады. Автор осылайша
өз ĸейіпĸерінің хараĸтерін даралаудың, оның
образын типтендірудің өзгеше үлгісін
ĸөрсетеді. «Қош бол, Гүлсары»
шығармасының жүйесінде ақ ботасынан
айырылған аруана туралы жыр ǝуенінің, «Боз
інген зарының» атқаратын ĸөрĸемдіĸ-
эстетиĸалық қызметі де осындай болып
ĸеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет