Шығыс Қазақстан аймағындағы әртүрлі жастағы қылшық жүнді құйрықты қойлардың өсімталдығы және өміршеңдігі



жүктеу 62.1 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі62.1 Kb.
ЖОК 636.32/.38.082.13/.4 (574.42)

Ахметова Б.С.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Шығыс Қазақстан аймағындағы әртүрлі жастағы қылшық жүнді құйрықты қойлардың өсімталдығы және өміршеңдігі
В статье даются сведения о жизнеспособности и плодовитости казахских курдючных грубошерстных овцематок различного возраста в ВКО на основании проведенных исследований.
The article provides information about the viability and fertility of Kazakh kurdyuchnyh coarse ewes of various ages in the East Kazakhstan area on the basis of the studies.
Қазақстан жағдайында қой шаруашылығы мал шаруашылығының жетекші саласы болып табылады. Қой малы өте төзімді келетіндіктен, ауа райы өте суық немесе аса ыстық жерлерде де өте жақсы өседі және оңай жерсінеді. Қойлар үшін құлазыған шөл де, тау да бірдей, қайсысын болса да өте тиімді пайдаланады. Қойдың аса бір құнды касиеті-өсімталдығы. Қойдың төлі тез жетілетіндіктен, оның басын тез көбейтіп алуға мүмкіндік береді (1,2).

Мал шаруашылығының кез-келген саласын алып қарасақ та, оны дамытуда малдың өсімталдығы мен төлдің өсіп жетілуі, өміршеңдігі маңызды орынға ие.

Құйрықты қойлардың өсімталдығы қабілеті 100-115% шамасында. Бірақ, кез-келген климат жағдайына бейімделгіш келетіндіктен төл сақталғыштығы өте жоғары, сонымен қатар өте тез өсіп жетіледі (3).

Қой малының өсімталдығы: оның тұқымына, жасына, ему кезеңінің ұзақтығына, ұрықтандыру уақытына, азықтандыруына, күтіп-бағыуына және тағы да басқа сыртқы факторларға байланысты екендігі белгілі.

Көптеген қой тұқымдарының өсімталдығы оның жасына байланысты екенін көрсетеді. Зерттеулерге сүйенсек, ересек саулықтарға қарағанда тұсақтардың өсімталдығы төмен болып келеді. Осыған орай малды өсімталдығы бойынша бағалағанда басты назарды оның жасына аудару қажет. А.И. Лопыринның зерттеуі бойынша, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой малының басым бөлігі 4-6 жасында егіз туады (4).

Осы мәселені алға қоя отырып, біз әртүрлі жастағы Еділбай қошқарларымен ұрықтандырылған әртүрлі жастағы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой малының өсімталдығы мен олардан туылған төлдердің өміршеңдігін зерттедік.

Зерттеу Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы «Қасқабұлақ» ЖШС-де жүргізілді.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты болып, аналық малдардың жасына байланысты өсімталдығы мен өміршеңдігі және олардан алынған төлдердің сақталғыштығы табылады.

Саулықтардың жасына байланысты өсімталдығы алынған төл санымен анықталса, өміршеңдігі бақылауға алынған уақыттағы бас санын есепке ала отырып, екі жылдағы көрсеткіш арқылы, қозылардың өміршеңдігі олардың туылғанынан 4,5 айлығында енелерінен бөлгенге дейінгі кезеңдегі сақталуын есепке алу арқылы анықталды.

Аналықтардың жасы бойынша өсімталдығын анықтау үшін әр жастағы (1,5; 2,5; 3,5;) элита және І класты саулықтар алынып, олар жасына байланысты элита класты еділбай қошқарларымен ұрықтандырылды (1-кесте).


1-кесте. Әр жастағы саулықтардың өсімталдығы


Саулық-тың жасы



Өсімталдығы, %

1,5 жас ♂

2,5 жас ♂

3,5 жас ♂

Есепке алын-ған саулық (бас)

Алын-ған төл (бас)

%

Есепке алын-ған саулық (бас)

Алын-ған төл (бас)

%

Есепке алын-ған саулық (бас)

Алын-ған төл (бас)

%

1,5


72

65

90,3

78

75

96,2

70

68

97,1

2,5


48

47

98,0

52

52

100,0

50

51

102,0

3,5


44

46

104,5

58

62

106,9

48

54

112,5

Кестеде көрсетілгендей, 1,5 жасар саулықтар мен 3,5 жасар саулықтардың көбею қабілетінен зор айырмашылықты байқаймыз, яғни, күзгі ұрықтандыру нәтижесі бойынша олардың ұрықтану көрсеткіші 94,5-108% құрап отыр, мұнда 1,5 жастағы саулықтардың кез-келген жұптау варианты бойынша 1-7 бас аналық төлдемеді, ал 2,5-3,5 жас саулықтарын осы жас шамасындағы аталықтармен жұптау варианты бойынша ұрықтанбай қалған саулық саны болған жоқ. Мұның себебі, 1,5 жасар қой малының физиологиялық немесе жыныстық жетілмеуінен деген қорытындыға келеміз. Осы көрсеткішке сәйкес қылшық жүнді құйрықты қой малының өсімталдығы 90,3-112,5 % ауытқитындығына көз жеткіземіз, яғни, 1,5 жастағы жұптаудан алынған төл 90,3-104,5% болса, 2,5-3,5 жастағы малдарды жұптаудан алынған төл 100-112,5%-ға жетті.

Қой малының ең маңызды қасиеттерінің бастысы, оның өміршеңдігі. Төлдің өміршеңдігі аталық пен аналықтың тұқымы мен жасынан басқа, саулықтың буаз кезеңіндегі бағу-күту, азықтандыру сияқты жағдайлармен қатар тағы да басқа сыртқы факторларға тығыз байланысты.

Саулықтардың өміршеңдігін біз оның екі жылдағы сақталуын бақылау арқылы анықтадық (2-кесте).


2-кесте. Әр жастағы саулықтардың өміршеңдігі




Саулық жасы

Жыл

Қой басы

Барлық шығын

бас

%

1,5

1жыл

220

5

2,3

2жыл

227

5

2,2

2,5

1жыл

150

2

1,3

2жыл

158

1

0,6

3,5

1жыл

150

1

0,7

2жыл

159

1

0,6

Кестеде көрсетілгендей, әр жастағы саулықтардың өміршеңдігі де әр түрлі екендігіне көз жеткіземіз, яғни, 1,5 жасар саулықтарда бұл көрсеткіш 97,7% болса, 2,5 жасар саулықтарда ол 98,7-99,4%, ал 3,5 жасарларында 99,3-99,4% тең. Алынған төлдердің өміршеңдігін, 4,5 айлық жасына жеткенге дейінгі сақталғыштығымен бағалау нәтижесінде 1,5 жастағы жұптаулардан алынған төл сақталғыштығы 98%, 2,5 және 3,5 жастағы жұптауларда 98-99%.

Зерттеу қорытындысы көрсетіп отырғандай, 2,5 және 3,5 жастағы аналықтардың өсімталдығы мен өміршеңдігі де жоғары, ол біріншіден ата-аналарының нәсілдік қасиеті болса, екіншіден жасына қарай жұптау мен ұрықтандыру нәтижесінің көрінісі. Ал 1,5 жастағы жұптаулардан алынған төлдер әлсіздеу келеді, ол 1,5 жастағы ата-аналардың бірінші рет ұрықтануға баруымен түсіндіріледі. Бұл жоғарыда айтып кеткен зерттеулеріміздің айғағына айналып отыр, бұдан неғұрлым мал жасы өскен сайын, соғұрлым оның төлдегіштік қабілеті жоғарылайды деген тұжырымға келуге болады, бірақ бұл жағдайда малдың денсаулығы мен пайдалану ұзақтығына баса назар аудару қажет.

Жалпы алғанда қылшық жүнді құйрықты қой малының өсімталдығы мен өміршендігі жоғары, ол бұл тұқымның кез-келген климат жағдайына бейімделгіштігі мен тез жетілгіштігінің дәлелі.


Әдебиеттер:

1. Иванов М.Ф. Мясо-сальные овцы /Полное собрание сочинений/ Москва: «Колос», 1964.-C.4.

2.Ермеков М.А., Голоднов А.В. Казахские курдючные овцы Казахстана. Алма-Ата: «Кайнар», 1976.-С.23.

3.Хантер Р.Х.Ф. Физиология и технология воспроизводства домашних животных. Москва: «Колос», 1984.-С.212.



4. Базонова В.Н. Организация воспроизводства стада сельскохозяйственных животных. Москва: «Агропромиздат», 1986.-С.15.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет