Шығыс Қазақстан жастар ақпарат -аналитикалық агенттігі



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#133950
  1   2   3


Шығыс Қазақстан жастар ақпарат -аналитикалық агенттігі

Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

ЖАСТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІ

ақпараттық-әдістемелік құрал

Өскемен, 2013

Жастармен қарым-қатынас мәселелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар үшін ақпараттық-әдістемелік құрал, 2013 ж., Өскемен, 37 бет.

Құрал жастар мен мемлекеттік құрылымдар арасында нәтижелі қарым-қатынастар орнату үшін жағдайлар жасау, ынтымақтастықтың негізгі жолдарын анықтау мақсатында шығарылады. Құрал мемлекеттік құрылымдар мен жастар басшыларының өкілдеріне арналған.

Құралдың баспадан шығуы «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат -аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігінің «Жастар аналитикалық орталығын ашу жөнінде әлеуметтік қызмет» жобасы аясында жүзеге асырылады («Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы).



МАЗМҰНЫ

1.

Қазақстанда және Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының дамуы туралы қысқаша ақпарат

3 бет

2

ҚОСЫМША 1

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жастар саясат туралы Заңы» жобасы



7 бет

3

ҚОСЫМША 2

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы



23 бет

4

ШҚО жастар ұйымдарының мәліметтер қоры – 2013

Диск

5

Жастар қозғалысын дамыту, мемлекеттік құрылымдар мен жастар арасындағы қарым-қатынасты реттеу жөнінде ақпараттық-әдістемелік материалдар (электрондық нұсқалар)

Диск

Құрастырушы: О.В. Негачева – «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат -аналитикалық агенттігі» ҚБ төрағасы.

Қазақстанда және Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының дамуы туралы қысқаша ақпарат

Жас ұрпақтың сәтті әлеуметтену мәселелері Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттің басты назарында болды және бүгінге дейін болып келеді1.

1
Мемлекеттік жастар саясаты:
Жастардың сәтті әлеуметтену мен тиімді өзін өзі өсіру мүмкіндіктерінің және жағдайларының жасалуына, мемлекет мүдделері үшін оның потенциалының дамуына, яғни мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, оның бәсекеше қабілеттігін қамтамасыз етуге және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік басымдылықтар мен шаралар жүйесі.

994 жылы Қазақстан Балалар құқығы туралы конвенцияны бекітті. 1999 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын мақұлдады. Одан кейін бұл құжатты Үкімет қабылдаған соң, 2001 жылдан бастап бірнеше бағдарлама, олардың ішінде «Қазақстан жастары», жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы, жастар саясатының 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және білім беру, еңбек және жұмыспен қамтылу, денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік

құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық потенциалын дамытуға, жастардың кең әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасауға және патриоттық құндылықтардың қалыптасуына бағытталған басқа бағдарламалар жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын қабылдау жастар саясатының әрі қарай жүзеге асырылуы үшін институционалдық негіз болды. Қазіргі кезде бұл Заңды қазіргі заманғы жастардың, бүгінгі ахуалдың, көкейкесті мәселенаманың талаптарын ескеріп өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Білім және ғылым Министрлігі құрылымы жанында Жастар ісі бойынша комитетінің және Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері басқармаларының ашылуы мемлекет пен жастардың өзара қатынасу үдерістерін жетілдірудің келесі кезеңі болды.

Жалпы айтқанда, қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жақсаруына, болашақ ұрпақтардың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, сонымен қатар бүгінде елде ауқымды түрде жүргізіліп жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамыту, қарқынды индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту -2020», «Бизнестің жол картасы -2020», «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламалары бағытталған.

Д
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Мақсаты: жастардың сәтті әлеуметтенуіне бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыру, олардың потенциалын елдің одан әрі дамуына бағдарлау

амудың қазіргі заманғы кезеңінде Қазақстандағы жастар саясаты тағы бір құжатың негізінде қалыптасады - Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Енді жалпы Қазақстанның және атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысының жастары туралы айтып өтсек2.

Шығыс Қазақстан облысында жастардың саны жалпы тұрғындар санының 25% құрайды, яғни шамамен 359 000. Бұл Қазақстан бойынша сәл аздау көрсеткіш. Қазақстан бойынша жастар үлесі ел тұрғындары санының 26% құрайды. 2012 жылы жасы 14-тен 29-ға дейінгі жас қазақстандықтардың жалпы саны 4,4 млн. адамға жақындады.

Қазақстан жастары үшін жоғары білім деңгейі тән. Жоғары білім бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, ал орташа арнайы білімі бар жастар 2 есе дерлік өсті. Жоғары білім бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе өсті. Бірақ сонда да қазақстандық жастардың 40 % ғана жоғары, аяқталмаған жоғары және орташа арнайы білімі бар.

Жастардың бір бөлігі қоғамлық ұйымдар қызметіне қатысу арқылы өзіндік бастамаларын жүзеге асырады. Соңғы онжылдықта елдегі жастар қоғамдық ұйымдардың саны 7 еседен асты. Жастарды шоғырландыру үдерісі Қазақстан жастары Конгресі, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты, «Қазақстан студенттер Альянсы» сияқты көпшілік ұйымдарда жалғасып келеді.

2011 жылдан бастап «Қазақстан жас депутаттары қоғамдастығы», ал республиканың барлық аймақтарында – жастар маслихаттары әрекет етеді. 2011 жылы балалар мен жасөспірімдер үшін жаңа ұйымдар ашылды – «Жас қыран» және «Жас Ұлан», олардың басты мақсаты – патриоттық тәрбиелеу. Бірнеше жастар бағдарламалары мен бастамалары жүзеге асырылып келеді: «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!».

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алған уақыттан бері жастар құрылымында, оның сана сезімінде, құндылықты бағдарлануда, тәртіптік императивтерде, тұрмыс дәстүрінде, сонымен қатар жастар саясатының өзінде де терең жүйелік өзгерістер болды.

Республикада жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі – шығармашылық, инновациялық әлеуеті бар, бейімделгіштік комплекстермен байланыспаған жас қазақстандықтар ұрпағын қалыптасуы. Қазіргі заманғы жас ұрпақ өзінің әрекетінде еркін, прагматикалық және тәуелсіз болды. Қазақстанның жаңа заман жастары өзінің күші мен мүмкіндіктеріне көп үміт артады, өзінің мәселелерін шешуде сыртқы қолдауға сенбейді. Соңғы кездері ұмытылып кеткен жастардың белсенділік формалары қайта жаңғырып келеді. Республикада КВН қозғалысы өрістеп, студенттік еңбек отрядтары жаңғырды, студенттер арасында республика жастарының интеллектуалды бөлігінің өкілдерін біріктірген дебаттық қозғалыс кеңінен жайылып келеді. Өз кезегінде мемлекеттің жастарға қатысты тәсілдемесі өзгерді – толық бақылау мен қамқоршыл қондырғылардың орнын бастама мен өзін-өзі дамыту құқығы басты.

Жалпы жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту сындарлы сипатқа ие, жастармен жұмыс істеу саласында қазақстандық мамандардың кәсіби дамуына, қазақстандық жастардың әлемдік демократиялық мәдениетке бірігуіне мүмкіндік береді.

ҚОСЫМША 1
Жоба

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Жастар саясат туралы Заңы»
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



  1. жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;

  2. жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;

  3. мемлекеттiк жастар саясаты - жастардың өздерін іс жүзінде табысты және тиімді көрсетуі, оның әлеуетін мемлекеттің, қоғамның және жеке мүддесінде дамыту үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайларды жасауға бағытталған іс-шаралар жүйесі;

  4. жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым – жастардың тыныс-тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер, сондай-ақ қызметі бiлiм беруге, тәрбиелеуге, әлеуметтiк бейiмдеуге, дене тәрбиесiне, рухани және адамгершілікті дамытуға, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған субъектілер жүйесi;

  5. жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер – меншік нысанына қарамастан психологиялық, білім беру, профилактикалық, ақпараттық, консультациялық, әдіснамалық және құқықтық қызметтер көрсету, жастардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;

  6. жастар ұйымы - мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешуге жәрдемдесу, қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерiнің (қатысушыларының) кемінде жетпіс бес пайызы жастар болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), жеке, қоғамдық немесе корпоративтік қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;

  7. жастарды әлеуметтендіру - оның қоғамда табысты жұмыс істеуі үшін қажетті құндылықтарды, нормаларды, бағдарларды, мінез-құлық моделін оқуы және меңгеруі арқылы жастарды әлеуметтік интеграциялау процесі;

8) жастардың өздерін іс жүзінде көрсетуі – бұл жастардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыратын, жастардың өз әлеуетін іске асыруға ықпал ететін факторлар жиынтығы;

  1. жас маман - жасы жиырма тоғыздан аспайтын, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған және өзі көрсеткен білім беру ұйымын аяқтаған күннен бастап білім туралы құжатында көрсетілген мамандық және (немесе) ұқсас мамандық бойынша үш жылдан кем емес жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматы;

  2. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын консультациялық-кеңесші орган;

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес – өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган;

  4. Облыстық, қалалық, аудандық әкімдер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес – құрамын тиісті деңгейдегі әкімнің ұсынысы бойынша жергілікті өкілді орган бекітетін жастардың, мемлекеттік органдар өкілдерінің, жастар саясаты сарапшыларының қатарынан құрылған консультациялық-кеңесші орган;

  5. Селолық округ әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес – құрамын селолық округ әкімінің ұсынысы бойынша аудандық әкімдік бекітетін жастар саясатын іске асырудың және ауыл жастарын қолдаудың басымдықтарын жасау, айқындау жөніндегі тапсырмаларды іске асыруға арналған консультациялық-кеңесші орган;

  6. ауыл (село) жастарының жиыны (жиналысы) – жастардың жергілікті деңгейдегі мәселелерді талқылау мен шешуге тікелей қатысуы және жастарды жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тарту мақсатында өткізілетін жастардың жиналысы;

  7. жастардың мүдделері жөніндегі клуб – әртүрлі салаларда бірлескен мәдени-демалыс және білім беру іс-шараларын өткізу үшін ортақ мүдделері бар заңды тұлға құрмаған жастар бірлестігі;

  8. Жастар құрылтайы – республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының арасында диалог және өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ұйымдастырушылық алғышарттарды құру мақсатында өткізілетін Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумы;

  9. Жастар саясаты туралы ұлттық баяндама – мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі статистикалық көрсеткіштерін, нысаналы индикаторларын, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар үшін ұсынымдарды қамтитын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының жай-күйін талдаудан тұратын жыл сайынғы баяндама;

  10. жастар саясаты саласындағы есеп – өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі статистикалық көрсеткіштерін, нысаналы индикаторларын және жастардың проблемалық мәселелерін іске асыру мен шешу бойынша жоспарланған әрекеттері туралы ақпаратты, өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талдауды қамтитын орталық және жергілікті атқарушы органдардың Жастар саясаты туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін жастар ісі жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жыл сайынғы есебі:

  11. Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарындағы жастар ісі жөніндегі комитет – жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында студенттер мен қызметкерлерден құрылатын орган;

  12. орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органдар – мемлекеттік органдар қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жастар мәселелерін шешу, жастардың құқықтары мен мүдделерін қолдау, жастардың қажеттіліктері мен ведомствоаралық өзара тиімді іс-қимылды ескере отырып, шешімдер қабылдау мақсатында құрылатын органдар.


2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты

туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары, міндеттері

және қағидаттары

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың жан-жақты дамуы, табысты әлеуметтенуі мен өздерін іс жүзінде көрсетуі, оның әлеуетін еліміздің одан әрі дамуына бағыттау үшін әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:

1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

2) жастарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қамсыздандыру үшін жағдайлар жасау;

3) жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;

4) жастарды мәдени құндылықтарға тарту;

5) жастардың лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымдарына қарамастан құқықтары мен бостандықтарын іске асыру;

6) жастар арасында моральдық-адамгершілік бағдарлардың сабақтастығын қамтамасыз ету;

7) құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың бойында мемлекеттіліктің негізін қалайтын құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыру;

8) саламатты өмір салтын қалыптастыру;

9) спортты және бұқаралық дене шынықтыруды дамыту;

10) қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру және нығайту;

11) әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

12) жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:

1) тарихи, мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтардың басымдығы;

2) тағаттылық, этносаралық және конфессияаралық келісім;

3) жастар саясатын қалыптастыру мен іске асырудағы прагматикалық тәсіл, жинақтылық, бәсекелестікке қабілеттілік, нәтижелілік, кешенділік, жүйелілік;

4) меритократтылық, әдептілік, тиімділік және әділдік;

5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан, басқа да заңды тұлғалардың ведомствоаралық өзара тиімді іс-қимылдары;

6) кішіге қамқорлық, аға буынға құрмет, сондай-ақ отбасы мен ата-анаға ықыласпен қарау туралы қамқорлықтан тұратын ұрпақтар сабақтастығы қағидаттарына негізделеді.


2-тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар

саясатының негізгі бағыттары

4-бап. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар

саясатының негізгі бағыттары

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:

  1. білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қолдау;

  2. денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы мемлекеттік қолдау;

  3. еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қолдау;

  4. мәдениет саласындағы мемлекеттік қолдау;

  5. ақпарат саласындағы мемлекеттік қолдау;

  6. дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қолдау;

  7. қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен нығайту саласындағы мемлекеттік қолдау;

  8. жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау;

  9. жастар арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру бойынша мемлекеттік қолдау;

  10. конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық саласындағы мемлекеттік қолдау;

  11. жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау;

  12. халықаралық ынтымақтастықты мемлекеттік қолдау;

  13. экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік қолдау;

  14. жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;

  15. талантты жастарды мемлекеттік қолдау болып табылады.


5-бап. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қолдау

Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қолдау:

1) жастардың тегін негізгі орта және жалпы орта білім алуына жағдайлар жасау;

2) жастардың мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына жағдайлар жасау.

6-бап. Денсаулық сақтау саласындағы және саламатты өмір салтын

қалыптастыру мемлекеттік қолдау

Денсаулық сақтау саласындағы және саламатты өмір салтын қалыптастыру мемлекеттік қолдау:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

2) жастардың саламатты өмір салтын қалыптастыруына жәрдемдесу;

3) жастарға саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

4) аурулардың алдын алу, оның ішінде темекі шегушіліктің, нашақорлықтың және алкоголизмнің алдын алу үшін жағдайлар жасау;

5) жас ұрпақтың ұрпақты болу денсаулығын қолдауға жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
7-бап. Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

саласындағы мемлекеттік қолдау

Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қолдау:



  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өмірдің қиын жағдайларына тап болған жас мамандардың, жастар мен жас отбасыларының құқықтарына және олардың әлеуметтік қорғалуына кепілдік беру;

  2. жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына, оның ішінде еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа мамандықтарға қайта оқытылуын ұйымдастыруға жәрдем көрсету;

  3. жастарды одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында өндірістік кәсіпорындардың, ғылыми институттардың базасында өндірістік, ғылыми-зерттеу практикасынан өтуіне ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.


8-бап. Жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша

мемлекеттік қолдау

Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдау:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;

2) жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдайтын шаралар туралы ақпараттандыру арқылы жүзеге асырылады.


9-бап. Жастарды мәдениет саласында мемлекеттік қолдау

Мәдениет саласында мемлекеттік қолдау:

1) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тарту арқылы эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;

2) мәдени құндылықтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;

3) Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
10-бап. Жастарды ақпарат саласында мемлекеттік қолдау

Ақпарат саласындағы мемлекеттік қолдау:

1) жастардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы ақпаратқа тең қолжетімділік құқықтарына кепілдік беру бойынша жағдайлар жасау;

2) мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар саясаты саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу арқылы жүзеге асырылады.


11-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік

қолдау

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қолдау:



  1. жастардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшін қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу:

  2. дене шынықтыруды, денсаулық құндылықтары мен спортпен айналысуды насихаттауды жүзеге асыру;

  3. жастарды дене шынықтыру және спорт саласында қолдауды жүзеге асыру;

  4. спорт саласында студенттік лигалар желісін, мүдделер жөніндегі клубтарды, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын дамыту жөнінде шаралар қолдану;

5) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Қазақстан Республикасында спортты дамытуға айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық спортшыларды насихаттау және олардың беделін арттыруды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.
12-бап. Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық

ұстанымды қалыптастыру мен нығайту саласындағы

мемлекеттік қолдау

Қазақстандық ұқсастықты патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен нығайту саласындағы мемлекеттік қолдау:

1) ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер мен құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;

2) жалпыұлттық әлемдік көзқарас құндылықтарын және бүкіл қазақстандық ұқсастықты нығайту бойынша шаралар қолдану;

3) жастарды Қазақстанның ұлттық мүддесіне бағдарланған әлеуметтік маңызы бар тапсырмаларды шешуге тарту;

4) жастардың санасы мен сезімдерінде тарихи өткеніне, мәдени мұра мен Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

5) жастарды қоғамдық-саяси қызметке, мемлекеттік басқару органдарындағы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы жұмысқа қатыстыру арқылы мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесіне тарту жолымен мемлекет пен жастардың мақсаттарының ортақтығын қалыптастыру;

6) жастардың бойында өзіне, өзінің жақындарына, өз отбасына деген әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру және дәстүрлі отбасының құндылықтарын насихаттау;

7) жастардың бойында қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау үшін қызметтік міндеттерін атқару кезінде жеке батырлық, әскери ерлік көрсетуге құрметпен қарауды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
13-бап. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру бойынша

мемлекеттік қолдау

Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру бойынша мемлекеттік қолдау:



  1. жастардың бойында Қазақстан Республикасының заңдарына құрметпен қарауды қалыптастыруды қамтамасыз ету, құқықтық білім мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру;

  2. құқықтық ақпараттың қолжетімділігін, ақпараттық-анықтамалық жүйелердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  3. жастар арасында құқық бұзушылық деңгейін азайту бойынша жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.


14-бап. Жастар арасында конфессияаралық келісім мен этносаралық

тағаттылық саласындағы мемлекеттік қолдау

Жастар арасында конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық саласындағы мемлекеттік қолдау:



  1. жастардың бойында тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына қарамастан өзара төзімділікке және құрметтей білуге тәрбиелеу;

  2. Қазақстанның барлық этностары тілдерінің қолданылуына қысым жасамай, тыныс-тіршіліктің барлық саласында мемлекеттік тілді дамыту және белсенді пайдалану үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.


15-бап. Жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау

Жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау:



  1. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарының оқу-өндірістік базасында жастардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жәрдемдесуі;

  2. жастар арасындағы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту;

  3. жастарға кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту, шарт негізінде оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы жүзеге асырылады.


16-бап. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау

Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау:



  1. оқу орнының әкімшілігімен келісім бойынша білім алушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшін оқу сабақтарына еркін қатысуға, баланың бір жарым жасқа толуы кезеңіне академиялық демалыс алуға құқық беру;

  2. отбасылық өмірдің проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелері бойынша консультациялар беру жүйесін дамыту;

  3. балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесін сақтау және дамыту;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жас отбасыларына жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде білім беру ұйымдарының жатақханасынан бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жай беру арқылы жүзеге асырылады.


17-бап. Талантты жастарды мемлекеттік қолдау

Талантты жастарды мемлекеттік қолдау:



  1. халықаралық гуманитарлық, білім беру, ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде жастар алмасуларын дамытуға жәрдем көрсету;

  2. талантты жастардың және жас ғалымдардың табыстарын, жұмыстарын насихаттау;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен талантты жастар үшін сыйақылар, стипендиялар белгілеу, білім беру гранттарын беру;

  4. ғылымның, мәдениет пен өнердің аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық шеберханаларын, мектептері мен бірлестіктерін құруға жәрдемдесу;

  5. орта білім беретін ұйымдарында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің қызметін ұйымдастыру;

  6. ғылыми-мәдени жұмыстарды жүргізу үшін жас ғалымдарға, мәдениет, өнер және білім қайраткерлеріне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың әзірлемелерін нақты қолданысқа енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасынан шыққан зияткерлік кадр ресурстарын сақтауға және дамытуға жәрдемдесу;

  7. спорт мектептерінің, клубтарының желісін дамыту, спортта дарынды жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткізу;

  8. талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады.


18-бап. Халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу бойынша

мемлекеттік қолдау

Халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау:

1) халықаралық аренада Қазақстан Республикасы жастарының оң имиджін жасау және оларды халықаралық жастар қозғалысына интеграциялау жөніндегі шараларды қолдану;

2) халықаралық жастар құрылымдарында және жобаларында қазақстандық өкілдікке жәрдемдесу, сондай-ақ қазақстандық жастардың халықаралық іс-шараларға қатысуына арналған үшін жағдайлар жасау;

3) шетелдік қазақ диаспораларының жастар өкілдерімен Қазақстан Республикасы жастарының байланыстарын орнатуға жәрдемдесу;

4) халықаралық жастар ұйымдарымен тәжірибе алмасу бойынша шаралар қолдану арқылы жүзеге асырылады.
19-бап. Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру

бойынша мемлекеттік қолдау

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік қолдау:

1) жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қайта жаңартылмайтын ресурстарға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бойынша жағдайлар жасау;

2) қоршаған ортаның ластануын болғызбау және азайту бойынша жастар арасында насихат жүргізу арқылы жүзеге асырылады.


20-бап. Жастардың құқықтары мен міндеттері

Жастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік қолдауға, оның ішінде:

1) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мемлекеттік медицина ұйымдарында тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға;

3) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;

4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жастар арасынан орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізiнде оқитындар үшін қалааралық темiржол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге;

6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді, мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлық, токсикомания, маскүнемдік дертінен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар және ЖИТС-пен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға;

8) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік стипендияны алуға құқықтары бар;

9) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.

2. Жастар:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге;

3) табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;

4) еңбекке қабілетсіз ата-аналарға қамқорлық жасауға;

5) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға міндетті.
3-тарау. Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік басқару

21-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:



  1. мемлекеттік жастар саясатының негізі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

  2. мемлекеттік жастар саясатының негізі бағыттарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруды, іске асыруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  3. Қазақстан Республикасының Президентіне жастар саясаты жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы енгізеді;

  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің ережесін, құрамын бекітеді;

  5. орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың, сондай-ақ, жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың құзыретіне жатқызылған жастар саясаты саласындағы бағыттар бойынша индикаторларды бекітеді және оларды мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарына енгізуді қамтамасыз етеді;

  6. Республикалық Жастар құрылтайы туралы ережені және Өңірлік Жастар құрылтайы туралы үлгілік ережені бекітеді;

  7. комиссия құрамын, ақшалай сыйақы беру тәртібі мен мөлшерін, бекітеді, сондай-ақ «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын беру бойынша номинацияларды айқындайды;

  8. Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


22-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:



  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын негізгі бағыттар бойынша қалыптастырады және іске асырады;

  2. мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі, оның ішінде стратегиялық жоспарлар, аумақтарды дамыту бағдарламалары көрсеткіштері мен индикаторларын орындау жөніндегі Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;

  3. жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың деңгейіне жүргізіліп жатқан жастар саясатының ықпалына мониторингті жүзеге асырады;

  4. жастар саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

  5. жастар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдардың әдістемелік нұсқаулықтарын үйлестіруді жүзеге асырады;

  6. орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың, жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың индикаторларын қосу бойынша ұсыныстар енгізеді және оларды мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарына енгізуді қамтамасыз етеді;

  7. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына, отырыстардың күн тәртібіне, құрамына, сондай-ақ қызметін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді;

  8. орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар әзірлеген жастар саясаты саласындағы есептерді талдайды;

  9. Жастар саясаты жөніндегі ұлттық баяндама жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

  10. өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  11. мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

  12. жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігі мен тиімді қызметін дамыту бойынша шаралар қолданады;

  13. «Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

  14. Республикалық Жастар құрылтайы туралы ережені және Өңірлік Жастар құрылтайы туралы үлгілік ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;

  15. жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

  16. осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


23-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

Орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын негізгі бағыттар бойынша іске асырады;

2) жастардың бастамаларына, оның ішінде мемлекеттік жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы қолдау көрсетеді;

3) консультациялық-кеңесші органдар құрады;

4) меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың құрамына жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы жастардың ақпаратқа қол жеткізуін, хабардар етілуін қамтамасыз етеді;

6) Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын Жастар саясаты туралы ұлттық баяндамаға қосу үшін мемлекеттік жастар саясатын дамытудың нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі уәкілетті органға жастар саясаты саласындағы есепті ұсынады;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

Жергілікті өкілді орган өз құзыреті шегінде:



  1. жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;

  2. жергілікті атқарушы органдардың жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің, жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың құрамын бекітеді;

  3. жылына кемінде бір рет мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар өткізеді;

  4. осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын өңірлік деңгейде жүзеге асырады;

  2. мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қалалық, аудандық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді;

3) жергілікті деңгейде (облыс, қала, аудан, село (ауыл) өңірлік деңгейдегі мемлекеттік жастар саясаты саласындағы өзекті проблемаларды айқындау және шешу мақсатында жастардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалауды жүргізеді;

4) өңірлік деңгейдегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

5) өңірлердегі жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органның ережесін бекітеді және қызметін қамтамасыз етеді;

6) үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде жастар ұйымдары үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырады;

7) жастардың еңбек нарығына және өңірлік деңгейде жас мамандарды жұмыспен қамтуға мониторинг жүргізеді;

8) жұмыспен қамту саласында жастар саясатын жүзеге асыру кезінде жастардың жұмыс күшінің ерекшелігі, оның ішінде уақытша жұмыспен қамтылмау кезеңінде әлеуметтік қолдау шараларын айқындау кезінде жастардың неғұрлым аз қорғалған топтарының мүдделерінің есепке алуды жүргізеді;

9) мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын Жастар саясаты туралы ұлттық баяндамаға қосу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік жастар саясатын дамытудың нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі уәкілетті органға жастар саясаты саласындағы есепті жыл сайын ұсынады;

10) Жастар саясаты саласындағы есепті Өңірлік құрылтайдың талқылауына енгізеді;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:

1) ауданда (облыстық маңызы бар қалада) Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асырады;

2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы төменгі тұрған атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді;

3) ауданда (республикалық маңызы бар қала) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

4) жастар саясаты мәселелері жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) консультациялық-кеңесші органының ережесін бекітеді және оның қызметін қамтамасыз етеді, селолық округ әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамын бекітеді;

5) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жастарға арналған әлеуметтік қызметтерін құруды, олардың жұмыс істеуін және қызметін қамтамасыз етеді;

6) өмірдің қиын жағдайына тап болған жастардың қоғамда табысты әлеуметтенуіне жәрдем көрсетеді;

7) жастар саясаты мәселелері жөніндегі Аудандық (облыстық маңызы бар қала) Жастар құрылтайын ұйымдастырады және өткізеді;

8) жастар саясаты саласындағы Өңірлік есепті Құрылтайдың талқылауына енгізеді;

9) жастар және балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының желісін дамытуға жәрдемделеді;

10) жастар мүдделері жөніндегі клубтардың қызметіне көмек көрсетеді;

11) Аудандық жастар құрылтайы делегаттарының ұсыныстарын тыңдайды;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі өз құзыреті шегінде:


  1. Қаладағы ауданның (аудандық маңызы бар қаланың, селоның, ауылдың) жастары арасында мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын іске асырады;

2) жыл сайын ауылдағы (селодағы) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі ақпаратты ауданның жергілікті атқарушы органына ұсынады;

3) жастардың жастар саясатын талқылау мәселесі бойынша жиынын (жиналысын) ұйымдастырады және өткізеді;

4) селоға білікті жас мамандарды тартуға және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;

5) жастар мүдделері жөніндегі клубтардың қызметіне жәрдемдеседі;

6) село (кент, ауыл) кәсіпорындарында жастар ісі жөніндегі комитеттерді құруға жәрдемдеседі;

7) қазақстандық патриотизмді тәрбилеу әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен жұмыс істеу, отбасы құндылықтарын, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау, толеранттылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

8) саламатты өмір салтын насихаттауды, алкоголизм мен темекі шегушіліктің алдын алуды жүзеге асырады;

9) бұқаралық спортты, ұлттық спорт түрлерін насихаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ спорт нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастару және iске

асыру

25-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым

Мемлекет мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында жастар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің желісі қызмет етуі бойынша және олардың қолжетімділігі үшін жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.

1. Әлеуметтік инфрақұрылым субьектілеріне: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар жөніндегі кеңес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес, Жастардың Республикалық және Өңірлік Құрылтайлары, орталық мемлекеттік органдар жанындағы консультациялық-кеңесші органдар, жастар және балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, техникалық, кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарының жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттер, жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастарға арналған мүдделер жөніндегі клубтар, облыстық, қалалық, аудандық әкімдер, селолық округ әкімдері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестер; ауыл (село) жастарының жиыны (жиналысы) жатады.

2. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне: жастар сарайлары, жастар саясаты саласындағы әртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған ғимараттар мен құрылыстар, студенттік және жастар жатақханалары, әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік инфрақұрылымның басқа да субъектілері орналасатын ғимараттар, үй-жайлар, бұқаралық және спорттың басқа да түрлерімен айналысуға арналған спорт ғимараттары.

1) Жастар саясаты жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттері:

жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басымдықтарын айқындау, қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстарды жасау;

Қазақстан Республикасының Президентін жастар арасындағы жағдай туралы хабардар ету;

мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігін талдау;

жастарға қатысты мемлекет саясатының өзге де маңызды мәселелерін талқылау болып табылады.

Кеңес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және орталық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және республикалықта, өңірлік те деңгейдегі қоғамдастықтың өкілдері арасынан үш жыл мерзімге сайланады.

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттері:

жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

жастарға көмек және әлеуметтік қызмет көрсету;

жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру;

мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу бойынша мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін іске асыруды талдау болып табылады.

Кеңестің функциясы:

мемлекеттік жастар саясатын одан әрі іске асыру мен жетілдіру;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру;

мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара іс-қимылдары;

жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу;

Жастар құрылтайын өткізу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды жасау болып табылады.

3) Жастар құрылтайы республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде өткізіледі және жүзеге асырылады.

Жастардың республикалық құрылтайы:

мемлекеттiк органдар мен жастар ұйымдарының арасында диалогты және өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

жастардың мемлекеттік жастар саясаты саласындағы негізгі бағыттар мен индикаторларды талқылауын қамтамасыз етеді;

мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізеді.

Құрылтай отырысында Жастар саясаты туралы Ұлттық баяндама талқыланады, орталық және жергілікті мемлекеттiк органдардың есептері тыңдалады және қорытындылары бойынша жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсынымдар енгізіледі.

Облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі жастардың құрылтайы:

мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының арасында диалогты және өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

жастардың облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік жастар саясаты саласындағы негізгі бағыттар мен индикаторларды талқылауын қамтамасыз етеді;

Құрылтай отырысында жастар саясаты саласындағы Өңірлік есеп талқыланады, жергілікті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалады және қорытындылары бойынша өңірлік деңгейде жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру бойынша ұсыныстар енгізіледі.

4) Консультациялық-кеңесші орган жастар саясаты, жастардың құқықтары мен мүдделерін қолдау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін орталық мемлекеттік органдар жанынан құрылады және өзінің қызметін мемлекеттік органның бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

Консультациялық-кеңесші органның құрамы жастар саясаты саласындағы басқару мен үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық жастар және балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша басқа мүдделі құрылымдардың өкілдері ішінен құрылады.

Консультациялық-кеңесші органды орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары басқарады. Консультациялық-кеңесші органның отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысының күн тәртібін, сондай-ақ оны өткізу орнын, уақытын, тәртібі мен мерзімдерін Консультациялық-кеңесші органның төрағасы айқындайды. Консультациялық-кеңесші орган шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

5) Жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші органдар жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелерін шешу үшін жергілікті деңгейде ведомствоаралық үйлестірудің өкілді және атқарушы органдарымен жастардың өзара тиімді іс-қимылдары үшін құрылады.

Консультациялық-кеңесші орган жергілікті атқарушы органның қаулысымен құрылады. Жергілікті атқарушы орган жанындағы консультациялық-кеңесші органның құрамы жастар саясаты саласындағы басқару мен үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларының, жастар ұйымы өкілдерінің, мәслихат депутаттарының ішінен құрылады.

Консультациялық-кеңесші органның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысының күн тәртібін, сондай-ақ оны өткізу орнын, уақытын, тәртібі мен мерзімдерін консультациялық-кеңесші органның басшысы айқындайды. Консультациялық-кеңесші органның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

6) Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасындағы жастарға, жас мамандарға, жас отбасыларға жәрдем көрсетуді әлеуметтік қолдау мақсатындағы қызметті жүзеге асырады.

Әлеуметтік қызметтер жұмысының негізгі бағыттары:

өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету;

жастарға арналған психологиялық, білім беру, алдын алу, консультациялық, құқықтық қызметтерді көрсету;

жас отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету;

жастарды еңбек және оқу ұжымдарында құқықтық қорғау;

ауытқу мінез-құлықтары бар кәмелетке толмаған адамдарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет