Шығыс Қазақстан облысы аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы есеп


Ведомствоаралық өзара іс-қимылға талдау



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі251.5 Kb.
#10102
1   2   3

3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылға талдау


Нәтиженің нысаналы индикаторы/көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Өзара іс-қимылға талдау

1

2

3

Ивестициялық субсидиялаудың есебінен тартылған инвестиция көлемі

ҚР АШМ

Республикалық бюджетті нақтылау кезінде инвестсубсидиялауға бөлінген бастапқы қаражат көлемі 1043 млн.теңгеден 689,1 млн.теңгеге дейін қысқарды. Бөлінген қаражат толық игерілді.

Субсидиялаумен қамтылған, сатып алынған элиталық тұқым көлемі. Жоспардағы 4,5 мың тоннаның 4,2 мың тоннасы орындалды.


ҚР АШМ, АШТӨ

Көрсеткіштің орындалмауы ҚР АШМ 24.10.2014ж. №4-547, ҚР ӘМ 28.11.2014ж. №9917 тіркелген бұйрығының кеш шығуына және шаруашылық құрылымдарынан өтінімнің болмауына байланысты.

Бөлінген субсидия шегінде шетел селекциясынан сатып алынған асыл тұқымды етті ірі қара мал саны. Жоспарда-1,55, орындалғаны - 0,55 мың бас




Көрсеткіштің орындалмау себебі «Агрофирма Приречное» ЖШС Канададан әкелген мал ауру болып шығуына байланысты және 1000 бас мал қайтарылды.

Субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнім көлемі:

- сары май

- ірімшік


ҚР АШМ

Субсидиялау Қағидаға өзгеріс енгізілгенге дейін Ф2-ЦП статисткалық есебін беретін кәсіпорындарға жүргізілді. Орта және шағын қайта өңдеу кәсіпорындары есеп берген жоқ.АШМ-нің 26.11.2014ж. № 3-2-615 бұйрығымен Қағидаға аталған есеп нысанын жою туралы өзгеріс енгізіліп, ол 26.01.2015ж. ресми түрде жарияланды.


4. Сыртқы өзара іс-қимылға талдау


Сыртқы өзара іс-қимыл факторлары және олардың Нәтиженің нысаналы индикаторы/көрсеткішіне қол жеткізуге ықпалы

Қабылданған шаралар

1

2

Астық өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 57 мың тоннаға немесе 7% азайды. Бұл өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ төмендеуіне әсер етті. Негізгі себеп – облыста дәнді дақылдар богарлы егіншілік жағдайында өсіріледі және 2014 жылғы қолайсыз жаз маусымы (ылғал жетіспеушілігі) кейбір аудандарда дәнді дақылдар шығымдылығын төмендетті.


Ылғал ресурстарын сақтау технологиясы қолданылған 437,9 мың га а/ш дақылдары егістігін кеңейту шаралары қабылданды, бұл 2013 жылғыдан 66,9 мың га артық.

Суармалы жер аумағын арттыру жәнесуарудың озық тәсілдерін енгізу шаралары жалғасуда. Суармалы жер аумағы 5 мың га артып, 90 мың га құрады. 2014 жылы жаңбырлатып суарылған аумақ 8900 га, тамшылатып суару 850 га құрады, 2013 жылмен салыстырғанда тиісінше 14 % және 6,2 % артық.

11,4 мың тонна тыңайтқыш себілді, 2013 жылы 6,5 мың тонна себілген болатын.



5. қаржы қаражатын игеру


Қаржыландыру көзі

Жоспар, мың теңге

Факт,

мың теңге



Орындалу %

1

2

3

4

 

Жиыны

22764700

30390300

133,5

 

оның ішінде:










 

Республикалық бюджет

1904000

1904000

100

 

Облыстық бюджет

12809300

12801800

99,9

 

Қалалар мен аудандар бюджеті

255400

255400

100

 

Өз қаражаты

2376400

3236400

136

 

Қарыз қаражаты

5419600

12192700

2 есе



Талдамалық жазба
5 мақсат. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларының ішкі нарығында отандық тағам өнімдерінің үлес салмағын арттыру, облыстың АӨК өнімі экспортының әлеуетін арттыру

1. Негізгі индикатор – Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ жоспардағы 103% орнына 101,9% құрады. НКИ төмендеуі өсімдік шаруашылығы бойынша НКИ төмендеуіне байланысты болды. Ол есеп жылы 97,9% құрады, яғни 2014 жылғы қолайсыз жаз маусымы (ылғал жетіспеушілігі) дәнді дақылдар шығымдылығын 2013 жылмен салыстырғанда төмендетті. Өндіріс көлемінің 2013 жылмен салыстырғандағы өсімі 1,9% және халықты негізгі тағам өнімдерімен қамтамасыз етуге толық жеткілікті.

1-міндет. АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдерін енгізу.

Қарыздарды сақтандыру және кепілдендіруге берілген бастапқы сома Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.12.2014ж. № 1380 қаулысына сәйкес басқа облыстарға қайта бөлінгендіктен қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі арқылы АӨК субъектілеріне берілген кредиттер бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші орындалмады.

Республикалық бюджетті нақтылау кезінде инвестсубсидиялауға бөлінген бастапқы қаражат көлемі 1043 млн. теңгеден 689,1 млн.теңгеге дейін қысқартылуына байланысты ивестициялық субсидиялаудың есебінен тартылған инвестиция көлемі бойынша көрсеткіш орындалмады. Игерілген субсидия бойынша инвестиция сомасы 2,385 млрд. теңгені немесе 60% құрады. Комиссия мақұлдаған және өтінім бойынша міндеттемелер орындалды.

2-міндет. Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ жоспардағы 101,5% орнына 97,9%. құрады. %, составил Жедел мәліметтер бойынша 2014 жылы күнбағыс, картоп және көкөніс өндіру 2% -ден 2,6%-ға өсті.

Алайда астық өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 57 мың тоннаға немесе 7% азайды. Бұл өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ төмендеуіне әсер етті. Негізгі себеп – облыста дәнді дақылдар богарлы егіншілік жағдайында өсіріледі және 2014 жылғы қолайсыз жаз маусымы (ылғал жетіспеушілігі) кейбір аудандарда дәнді дақылдар шығымдылығын төмендетті. Субсидиялау түріндегі мемлкеттік қолдау толық көлемде пайдаланылды және барлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

3-міндет. Мал шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру.

Мал шаруашылығы өнімінің НКИ жоспардағы 103% орнына 104,8% құрады немесе жоспармен салыстырғанда 1,8% және 2013 жылғы жоспармен салыстырғанда 1,9% артық (102,9%). 2014 жылы ет өндіру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6,6 %, сүт 2,4 %, жұмыртқа 7,4% артты. Субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау толық көлемде пайдаланылды. Шетел селекциясынан ірі қара мал сатып алу көрсеткіші «Агрофирма Приречное» ЖШС-ның Канададан ауру мал әкелінуіне байланысты орындалмады.



4-міндет. Қайта өңдеу өнеркәсібінде тауарлы өнім көлемін арттыру.

- тағам өнімдерінің НКИ жоспардағы 100,1% орнына алдын ала мәлімет бойынша 105,3% құрады немесе жоспардағы көрсеткіштен 5,2% артық. Негізгі өсім ет өндіру (116,1%) және өсімдік және мал майларын өндіруде (110,1%).

- Ішкі рынокты отандық тағам өнімдерімен қамтамасыз ету 100% орындалды.

Жалпы а/ш өнімдерін өндіру көлемі халықты тұтыну нормасына сәйкес толық қамтамасыз етеді. 2014 жылы етпен қамтамасыз ету 209%, сүтпен – 177,6%, ұнмен – 155,1%, күнбағыс майымен– 10 есе, картоппен – 1,8 есе және көкөніспен 2 есе құрады.



5-міндет. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- соңғы статистикалық мәліметтер 2015 жылғы маусымда болады.

- ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсімі 6,5% құрайды. Еңбек өнімділігі бойынша статистикалық көрсеткіштер 2015 жылғы екінші тоқсанда берілетін болады.

- АӨК өнімі экспортының үлес салмағы 1,6%, ал кеден статистикасының мәліметі бойынша 3,3% құрайды.

Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 294 млрд. теңге, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 2,2% артық.

2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі республиканың басқа облыстары арасында 3 орында тұр.


Мемлекеттік қызметтер.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген, жергілікті атқарушы органдар көрсететін Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес, ауыл шаруашылығы басқармасы 14 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 9 түрі субсидия төлеу бойынша, 3 түрі лицензия беру және 2 түрі тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау бойынша.

2014 жылғы кезең ішінде 5351 қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызмет белгіленген мерзімінде көрсетілді.

Өткізілген бақылау іс-шаралары

ШҚО бойынша қаржылық бақылау органдары өткен 2014 жылы 3 тексеру жүргізді, оның 2-ін қаржылық бақылау инспекциясы 1-ін облыстың тексеру комиссиясы жүргізді. Осы тексерулердің нәтижесінде 4249,5 мың теңге бюджетке қайтарылды.



Қорытындылар және ұсыныстар.

АӨК-ні мемлекеттік қолдауға бөлінген қаражатты уақтылы және ұтымды пайдалану және АДБ көрсеткіштерін орындау мақсатында салалық министрлік мемлекеттік субсидия төлеу қағидаларын уақтылы әзірлеп, бекітулері тиіс деп санаймыз.



Басшының орынбасары З. Темербекова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет