Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі Нұрғалиев Нұрбол Жолдаспекұлының аудан тұрғындары алдындағы



Дата23.02.2016
өлшемі189.26 Kb.
#10137


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі

Нұрғалиев Нұрбол Жолдаспекұлының

аудан тұрғындары алдындағы

«Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013жылғы қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттер туралы» есебі Құрметті қауым!

Біз бүгін өткен 2013 жылды қорытындылап және алда атқарылар жұмыстарға сараптама жасай отырып есеп беруге келдік.

Жыл санап жаңарған мемлекетіміздің жарқын барлығымыздың көз алдымызда.

Өздеріңіз білесіздер жақында ғана ел дамуын өрге сүйреген Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы жарық көрді.

Жолдауда бәсекеге қабілетті әлемнің ең дамыған 30 елі санатына кіру жолындағы тапсырмалар нақтыланып, алдағы кезеңдегі даму бағытымыз бен басымдықтарымыз айқындалды.

Биылғы 18 ші Жолдауда ерекшелігінде 80 нен астам инновациялық иедялар айтылуымен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамулар бойынша әр бағытта жетіден стратегиялық қадамдармен қатар 7 әлеуметтік басты жоба айқындалып көрсетілді.

2013 атқарылған барлық жұмыстар Елбасының Жолдауы, облыс әкімінің тапсырмалары негізінде жүзеге асты.

Тапсырмаларды орындап, ерінбей еңбек етудің нәтижесінде өткен жылы салалардың көпшілігінде 2012 жылғы кезеңмен салыстырғанда оң нәтижелер байқалып жылды табысты аяқтадық деуге толық негіз бар. Біз 2013 жыл бойы облысымыздағы 19 аудан арасында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің рейтингілік бағамдауында үнемі алдыңғы қатардан көрініп жыл қорытындысында екінші орынға тұрақтадық.

Өткен жыл ішінде жалпы ішкі өнім 23 млрд 845 млн теңгені құрады. Оның ішінде ауылшаруашылығының үлесі 78,3%, өнеркәсіп өнімдерінің үлесі 20,4% және шағын кәсіпкерлік үлесі 1,3%.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 18 млрд 670 млн. теңгені немесе 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі – 12.2%-ға жоғары. Жалпы өнімнің ішінде мал шаруашылығының үлесі 68,5 %, егін шаруашылығының үлесі 31,5 %.



Мал шаруашылығы

2014 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны – 59197 бас, қой-ешкі – 271 067 бас, жылқы – 21 583 бас, құс саны – 35336 құрады. Өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі-қара малы 0,8%-ға, қой-ешкі – 0,1%-ға, құс – 8,3%-ға, жылқы – 7,2%-ға өскен.

2013 жылы 17 мың 19 тонна тірі салмақтағы ет, 48 мың 273 тонна сүт, 4 млн 167 мың дана жұмыртқа, 573 тонна жүн өндірілген. Алынған ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі бойынша өткен жылғы сатыдан ет – 3,7%, сүт – 5,6%, жұмыртқа – 3,1%, жүн – 3,7% жоғары.

Ауданымыздағы ауылшаруашылығы тауар өндірушілер жалпы үкіметтен жалпы 410, 2 млн теңге субсидия алды.

Мал шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту мақсатында 30 мал сою объектілері және 10 ірі қара, 8 қой, 6 жылқы мал бордақылайтын алаңдар ашылып, 953 тонна ірі қара, 366 тонна қой, 167 тонна жылқы еттері өндірілді.

Өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында 173,6 млн теңге субсидия алынды.


2013 жылы ауданда 9 шаруа қожалығы өз қаражатына асыл тұқымды 271 бас ірі қара, 2000 бас қой, 120 бас жылқы сатып әкелді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында 56,9 млн теңге субсидия төленді.

2013 жылы 5 жылқы (2012ж-3), 4 ірі қара, 6 қой (2012ж-6) асылтұқымды шаруашылықтар ашылды. Барлық санаттағы малдың ішінде асыл тұқымды малдың үлесі, мүйізді ірі қара 10 %, қой 11 %, жылқы 10 % құрайды.

Ірі қара малын селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 150,2, кесек және шырынды мал азығы құнын арзандату үшін шаруаларымыз 29,5 млн теңге субсидияға қол жеткізді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9 шаруа қожалығы 79,7 млн теңге несие алып, 418 бас мал сатып алды. (392 бас аналық сиыр, 26 бұқа)

Қой шаруашылығының дамуы оны өткізудің қиындығынан шектеліп отыр. (пайдаланылмай жатқан 3,5 млн га жер болса да) Осы жағдайды шешу мақсатында қойды сойып әуе транспорты арқылы Иранға өткізу, сату мақсатында жұмыстар жасалуда. Бұл жөнінде Аягөз ет комбинатын қайта жарақтандыру немесе жаңа ет комбинатын салу жөнінде ірі инвесторлармен алдын ала келісіміз бар. Сонымен қатар Аягөз қаласындағы аэропортты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне хат жазылып жұмыстар жүргізілуде. Жоба іске асқан жағдайда Иран республикасы жылына 450 мың басқа дейін қой етін алуға дайын отыр. Бұл іс оң шешімін тапқан жағдайда ұсақ мал басының саны 2-3 есеге дейін өсіруге мүмкіндік бар.
Дала шаруашылығы

2013 жылыға егістік көлемі 22 500 гектарды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 5 259 га-ға немесе 30,5 пайызға ұлғайып отыр.

Егістікке  қажетті 2 205 тонна тұқым Жарма тұқым тексеру зертханасынан толықтай тексеруден өтіп, 100 пайыз кондициялықты құрады. Дала жұмыстарына облыстық бюджеттен жеңілдетілген бағамен 500 тонна дизель отыны бөлініп, «Ерғали-К» операторы арқылы шаруа құрылымдарына босатылып, шаруа құрылымдарының жанар-жағар майға сұраныстары толықтай қамтамасыз етілді. Республикалық бюджеттен көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 15млн 825 мың теңге көлемінде ауданның шаруа құрылымдарына субсидия төленді. «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-нан  3 % бен 25 шаруа қожалығы көктемгі егін егуге 30,5 млн. теңге несие алды.  

Астықтың орташа түсімі әр гектардан 11,9 центнерден айналып, 10 580 гектар алқаптан 12590 тонна,700 гектар картоп және 400 га көкөніс алқаптарынан 10 500 тонна картоп және 7240 тонна көкөніс өнімдері жиналды.

2013-2014 жылғы қыстамаға 140 мың тонна қатаң мал азығын дайындау жөнінде тапсырма 113 пайызға орындалды.

Ауданда ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2013жылы 1 бірлік МТЗ-2112, 19 бірлік МТЗ-80,82 маркалы тракторлары және 4 бірлік рулонды шөп буатын құрылғылары және күндік ору нормасы 50-60 га болатын «Есиль» комбайны сатып алынды.



Ветеринария саласы

Ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен 2013 жылға вакцинацияға, диагностикаға және вет преператтарды сақтауға жиыны 126 млн 931 мың теңге бөлінген. Жоспарлы ветеринариялық іс-шараларға байланысты ауылшаруашылық жануарлары толығымен сібір жарасына, аусылға, пастереллозге және құтыру жұқпалы ауруларына толығымен егу жұмыстары жасалды.

Өткен жылы қаңғыбас иттерді аулап, көзін жоюға бөлінген 3,0 млн. теңге қаражатқа 5000 қаңғыбас иттердің көздері жойылды.

Бүгінде қала, кент және барлық ауылдық округтер мал қорымдарымен толықтай қамтамасыз етілді.

Ветеринария саласына республикалық деңгейде үлкен көңіл бөлініп, әр ауданда ветеринариялық қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар негізінде вет станциялар құрылып, ауылдық округте вет пункттер жұмыс жасауда. Аудандағы ветеринарлық іс-шараларды сапалы, әрі уақытында жүргізу үшін «Аягөз ауданының ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2 ДУК автомашинасы алынып, 22 ауылдық округтің мал дәрігерлері «Нива» автокөлігімен және 37 түрлі ветеринарлық құрал саймандармен қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіп

2013жылы өнеркәсіп өнімдері 7%-ға өсіп 4 млрд 862 млн.теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 2012 жылмен салыстырғанда 6,7 % артты.

Бұл жетістерге жетуге Локомотив жөнду депосы, Вагон жөндеу депосы, «Alina PRO» ЖШС, Ақтоғай локомотив сервис орталығы кәсіпорындар үлкен үлес қосты.

Аудан өнеркәсібінің негізін өңдеу өнеркәсібі құрайды, оның үлес салмағы 74,5%.



Өнеркәсіп саласы дамуының болжамдары (млн теңге)

2011ж

факт

2012ж

факт

2013ж

факт

2013/2012 %

2014ж

болжам

2015ж

болжам

2016ж

болжам

4 679,0


4 546,2

4 862,5

107,0

6 550,0

18 350,0

61 550,0

Оны құрайтындар:

р/с

Кәсіпорын атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

Бұрынғы кәсіпорындар

5000,0

5500,0

6000,0

2

«Тасқора» ЖШС

1200,0

1500,0

1500,0

3

«ABS групп» ЖШС

350,0

350,0

350,0

4

«Шарық» ЖШС

-

500,0

1 000,0

5

«Тұз» ЖШС

-

500,0

1 000,0

6

«Ақтоғай» ТКК

-

10 000,0

51 700,0




БАРЛЫҒЫ

6550,0

18350,0

61550,0

(«Ақтоғай» ТКК жылына 85 000 тонна концентратты мыс, 25 000 тонна катодты мыс өндіріп, 51 млрд. 700 млн. теңге өнеркәсіп өнімін өндіретін болады)
Кәсіпкерлік

2014 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3524. Оның ішінде: заңды тұлғалар 127 (3,6%), шаруа қожалықтары 1 281 (36,3%), жеке кәсіпкерлер 1 925 (60,1%) құрап отыр.

Тіркелген кәсіпорындар саны 10,2% өсіммен 130 бірлікті құраса, жұмыс істейтін (77) кәсіпорындар саны 8 ге артқан. белсенді (64) кәсіпорындар 2012 жылмен салыстырғанда 2 кәсіпорынға артқан.

Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілерінен 2013 жылы 342,6 млн.теңге салық түсіріліп, 2012 жылдан 26,8% артты.

2013 жылы аудандағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар 312,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп, жалпы ішкі өнімнің 1,3% шығарды.

Сауда және баға жүйесінің сипаттамасы

2013 жылы 9 млрд. 281 млн.теңгенің бөлшек сауда айналымы болды, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 9,3% артық.

Қала, кент және барлық ауылдық округтері әкімдері негізгі азық-түлік тауарларын сататын дүкен иелерімен тауарлар бағасына 10 пайыздан артпайтын үстеме баға ғана қосу туралы меморандумдарға отырған.

Халыққа қажетті азық-түлік тауарларының 23 түріне күнделікті мониторинг жүргізіліп отырылды.

Нан және нан өнімдерінің бағасын өсірмеу мақсатында «Продкорпорация ҰҚ» АҚ-ы арқылы облыстық тұрақтандыру қорынан 1292 тонна ұн жеткізілді. Алынған ұн аудандағы наубайханаларға және қала, кент, ауылдық округтердің тұрғындарына сатылды.

Ауданның тауар айналымын өсуіне оң жағдай туғызу үшін алдағы уақытта бір үлкен жобаны іске асырмақ ойымыз бар. Ол Қытаймен Ресей арасындағы тауар айналымының Аягөз арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін көлік логистикалық терминалын ашу. Осы мақсатта қала шетінен темір жол тұйығының жанынан 18га жер дайындап Ресейдің ірі логистикаклық компанияларына хат жіберіп қойдық. Қытай халық республикасы өкілдерімен алдын ала келісіміз бар. Бұл жоба іске асса қосымша көптеген жұмыс орны, қомақты инвестиция және тауар айналымынының өсуіне ықпал етері сөзсіз. Жалпы жобаға 450 млн руб инвестициялық шығын болжануда. Егер ойымыз іске асқан жағдайда 2017 жыл жоспарлы құрлыс аяқталатын болады. Кеткен шығын өз-өзін 8-10 жылда ақтаса ішкі табыстар нормасы 21% құрайды. (слайдтта терминал және терминалдың боллжамды сипаттамасы бар)


Инвестиция

Негізгі капиталға енгізілген инвестициялардың көлемі 32 млрд 465млн.теңгені құрап, өткен жыл деңгейінен 2,1 есеге өсіп отыр.

Индустрияландыру карталарына ауданның жалпы құны 226 млрд.192 млн.теңгелік 6 жобасы еніп отыр. Оның ішінде;

Республикалық Индустрияландыру Картасына енген «Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысы» жобасы, құны -225,0 млрд.теңге.

Өңірлік индустрияландыру картасына енген 5 жоба бар.
БЮДЖЕТ

Ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 2 млрд 221млн. теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды. Бұл қаржы болжамының 102,3%–ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 447 млн теңге немесе 25,2 %-ға артық орындалды.

Жергілікті бюджеттің игерілуі 6 млрд 431 млн теңгені немесе 99,5%-ды құрады.

2013 жылы нақтыланған бюджет 6 млрд 461 млн теңге. Оның ішінде өзіндік кіріс 2 млрд 172 млн теңге немесе жалпы бюджеттің 33,6 % үлесі. Ал 2014 жылғы бюджет көлемі 6 млрд 964 млн теңге яғни өткен жылдан 503 млн. теңге жоғары көлемде бекітілді.

Бюджеттің өзіндік кірісі 2 млрд 565 млн теңгені құрайды. Бұл жалпы бюджеттің 36,8 % үлесі. Өткен жылмен салыстырғанда өзіндік кіріс 393 млн теңгеге көбейтіліп жоспарланды. 2014 жылғы субвенсия көлемі 2 млрд 100 млн теңге. Мақсатты трансферттер 2 млрд 277 млн теңгені құрайды.




Құрлыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

2013 жылы жалпы ауданы 4 857 м2 немесе 47 жеке меншік тұрғын үй іске қосылды. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 8,0 % артқанын көрсетеді.

11 млрд 188 млн теңгенің құрлыс жұмыстары жүргізілді бұл 2012 жылдан 3,4 есеге жоғары.
Жол жөндеу мекемелері бойынша

Аягөз ауданындағы автомобиль жолдары 1179 шақырымды құрайды.

1) республикалық маңызы бар – 500 км;


  1. облыстық маңызы бар – 215 км;

  2. аудандық маңызы бар – 464 км;

  3. қалаішілік - 38,85 км

  4. теміржол - 225 км

Осы жолдардың 558 шақырымы қиыршық тас жол. 47 шақырым асфальт, 46 шақырым қара тас жол, 42 шақырым жай жолға жатады.

«Аягөз жолдары» МКК

2013 жылға аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстауына жергілікті бюджеттен 43 млн 836 мың теңге қаржы қаралған.



«Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Аягөз аудандық 71-жол пайдалану учаскесі

Қыс мезгілінде күтіп ұстауға- 26 млн теңге бөлінген.

Күтіп ұстауға-14 млн .

«ОблШығысжол» КМК «ПДУ-4» мекемесі бойынша қаралғаны 50 млн теңге.




Су жүйесі бойынша

Аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен 1 қала, 1 кент, 13 ауыл қамтамасыз етілген немесе 82,9% құрайды.

Шынқожа, Майлин, Ақши, Емелтау, Айғыз ауылдық округі су жүйелеріне 60 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы іске асты.

«Шығыс Қазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан Өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің ақпаратына сәйкес, 2014-2015 жылдарға аумақтық геологиялық-түсіру, іздеу-бағалау, іздеу барлау жұмыстарына Ақшәулі, Өркен, Малкелді, Байқошқар, Баршатас, Ай (Мыңбұлақ), Тарбағатай, Қопа, Нарын, (Шынғожа), Майлин, Емельтау ауылдары кірген. «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасына Аягөз қаласы су жүйесінің 3-кезеңі енгізілді. 2015 жылға Қарағаш, Малкелді, Ақшәулі, Өркен, Ақшатау, Тарлаулы Мамырсу ауылдырының су жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары жоспарлануда.


ТҮКШ саласы бойынша 2013-2014 жылдары Аягөз қаласы су құбырларын қайта жаңғыртудың 3 кезеңі жұмыстары, Қабанбай батыр көшесінің 4,6 км қайта жағырту жұмыстары жалғасып, 2013-2014 жылдары Аягөз қапласы су құбырларын жаңғыртудың 4 кезеңінің жобасы дайындалады. Сондай-ақ 2014-2015 жылдары Аягөз қаласы орталық қазандығының құрлысы, 2015-2016 жылдары «Аягөз қаласындағы ағынды суларды тазалау станциясы жұмыстары инвестициялық жобалары іске асады деп жоспарлануда.



















Сонымен бірге ауыл көшелерін жарықтандыруға 8,5 млн, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн, қатты қалдықтар шығаруға 8 млн және абаттандыруға 37,7 млн теңге қаржы бөлініп жұмыстар атқарылды. (слайдта ақпараттар)


Әлеуметтік қорғау және еңбекақы

2013 жылы халықтың экономикалық белсенді бөлігі 37555 адам (49,4%) құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%, Жұмыспен қамту бөлімінде 1081 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Оның 884–і жұмыспен қамтылып, 680-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 133 қайта оқыту даярлауға, 11 - і жастар іс-тәжірибесіне жіберіліп, 7 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Сондай-ақ, 650 жаңа жұмыс орындары ашылды. Орташа айлық еңбекақы 79 852 теңгені құрады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы негізінде 3 бағытта жұмыстар атқарылды.

Бірінші бағытта тірек ауылдарын дамыту үшін 4 жоба, 19 адам жұмыспен қамтылды және 117 млн теңге қаражат бөлінді.

Қосымша елді мекендердегі инженерлі коммуникацияны, әлеуметтік инфрақұрылымды және аббаттандыруды дамыту үшін 8 жоба, 21 адам жұмыспен қамтылды және 89,5 млн теңге қаражат қаралды.

Екінші бағыт бойынша 180 адамға 485 млн. теңге шағын несие беріліп нәтижесінде 2116 бас ірі-қара, 959 бас ұсақ мал, 83 бас жылқы сатып алынуда, жекелеген бірқатар азаматтар кәсіпкерлік ісін дамытуға мүмкіндік алды.

Үшінші бағыт бойынша 110 адам қайта даярлауға, 90 адам біліктілігін арттыруға, 62 адам колледждерге кәсіби оқуға, 20 адам жастар іс-тәжірибесіне жіберілді және 105 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Экономикалық потенциалы төмен елді мекендерден Өскемен қаласына 2 отбасы немесе 8 адам, Семей қаласына 2 отбасы немесе 9 адам көшірілді.

Білім саласы.

Барлық оқушы контингенті – 12 215

Оның ішінде 1-4 класс оқушыларының саны – 5349 (43,7%)

5-9 класс оқушыларының саны – 5289 (43,2%)

10-11 класс оқушыларының саны – 1577 (12,9%)

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқумен қамту

бөбекжай-балабақша саны – 6 оларда 1307 бала тәрбиеленуде.

шағын орталықтар -29 оларда 1456 бала тәрбиеленуде.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқумен қамту 69,5% құрайды.

Жаңа оқу жылында 140 орындық балабақша ашу жоспарланды.

Мектептке дейінгі мекемелерде бүгінде 993 бала кезекте тұр.



ҰБТ

2012- 2013 оқу жылы - аудан бойынша ҰБТ-тің орта балы 71,7 .%,

2011-2012 оқу жылымен салыстырғанда өсу динамикасы 6,6 %

2012- 2013 оқу жылы облыс бойынша 7 орында

2011-2012 оқу жылы облыс бойынша 17 орында

Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы

2013 оқу жылы Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны – 6 305,

Жергілікті бюджеттен бөлінген соммасы – 100млн теңге. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы – 100 %



2014 жылға Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны –6587

Жергілікті бюджеттен бөлінген соммасы – 106 млн теңге.

Ыстық тамақпен қамтылуы – 100 %
2013 жылы 3 кабинетке 12млн 291 мың теңге .

2014 жылы 15 кабинетке 55 млн 787 мың теңге қаржы жоспарланған.


5. Жазғы каникул кезінде

2012-2013 оқу жылы жалпы оқушылардың жазғы демалыспен және еңбекпен қамту 9950 оқушы 88%. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаты 8 млн теңге



6. Педагог мамандар

Білім беру мекемелеріндегі жалпы педагогтар саны -1635.

Жоғары санатты мұғалімдер саны – 432, (26,4%)

бірінші санатты мұғалімдер саны – 542, (33,1%)

екінші санатты мұғалімдер саны – 364, (22,2%)

санатсыз мұғалімдер саны – 297 (18,1%)

Педагог мамандардын аттестациялау 2012-2013жылғы оқу жылында

Жоғары санатты мұғалімдер саны – 89

бірінші санатты мұғалімдер саны – 116

екінші санатты мұғалімдер саны – 68


2014-2015 жылдары 600 орындық мектеп лицейі және оңтүстік қалашықтан 600 орындық мектеп құрлысына ивестициялық ұсынысымыз әзір.


Денсаулық сақтау

Бала туудың нақты саны 2012 жылмен салыстырғанда 1631-ден 1563-ке яғни 68 балаға немесе 5,8% азайған. Жалпы өлім 6,2-ден 5,8-ге азайды. Табиғи өсім 15,4 болып оң нәтиже көрсетті.

Барлық жастағы азаматтар профилактикалық алдын-алу тексерулерінен өтті.

Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын күшейтуде 55,7 млн теңгеге орталық ауруханаға қалдықтарды жою, центрифуга, балаларды қолдан демалдыратын (ИВЛ) аппараттары және Нарын ауылына санитарлық автокөлік алынды.

Ақтоғай ауылдық ауруханасында 58,5млн теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүрді. Сондай-ақ Бозай мен Қарағаш мед пункттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.
Мәдениет саласы

Ауданда мәдени мекемелердің саны 46 бірлікті құрайды. Жыл ішінде 1533 мәдени шаралар өткізілді.

Кітапханаларда 229,7 мың кітап қоры жинақталып, 2139 басылым, 376 кітап, 32 газет мақалалары электронды каталогқа енгізілді. Интернет желісіне аудандық мәдениет үйі, кітапхана мен Тарбағатай ауылдық кітапханасы қосылған.

Мәдениет және тілдерді дамыту мақсатында бөлінген 357,2 млн теңге қаржыға жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда 160,7 млн теңгеге клубтарды жөндеу, 126,4 млн теңгеге материалдық - техникалық жағдайын жақсартуға жұмыстар жасалды.

Аягөз қаласында облыстық өлкетану музейінің аудандық филиалы ашылды.

Аудан көркемөнерпаздары облыстық «Туған жер – алтын бесігім» акциясының қорытындысымен «Үздік фольклор» номинациясына ие болды. Мәдениет үйінің «Көкбөрі» этно фольклорлық тобы Катон – Қарағай ауданында өткен «Түрік дауыстары» атты халықаралық форумға қатысты. Сондай мәдени интеграциялық байланыс орнату мақсатында облыстың Тарбағатай, Зайсан аудандарында, аудан көлеміндегі елді мекендерде болып концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. .

Мәдениет саласы бойынша негізгі мақсаттар

1. Аудан халқының мәдениет ошақтарына бару деңгейін көбейту.

2.Аудан мәдениетін қолдау, дамыту және мәдениет саласына жаңашылдық енгізу;

3. Аудан халқының мәдени құндылықтарға қол жетімділіктерін бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.



Спорт

Аудандағы халықтың 16 400 дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуда, яғни, – 20,9 пайызды құрайды.

2013 жылы шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күресі, жеңіл атлетика, волейбол сияқты спорт түрлерінен - 10 спорт нұсқаушы штаттары ашылып, қазіргі уақытта жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулуда.

Қазақстан футболының – 100 жылдығы аясында 6 футбол алаңшалары және 7 хоккей қорабы іске қосылды.

Біздің ауданда қаншама спорттық нысандар салынғанымен рейтингілік көрсеткіштегі бұқаралық спортпен айналысу деңгейіміздің соңғы орындардан көрінуі кен, ауылдық округтердегі спорттық нысандардың үздіксіз пайдалануға беріліп, тиісті ақпарат бермеуінде деп ойлаймын.

2011-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы арқылы 2014 жылға Мамырсу ауылында орналасқан спортзалмен қалалық орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары және 2015 жылға Аягөз қаласында спорттық модуль салуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.



Қоғамдық тәртіп

Аудан аумағында жедел жағдайлар бойынша 871қылмыстар тіркеліп 17,5 % өскен. (741-871ге) Соның ішінде жалпы қылмыстардың ашылуы 5% ға төмендеген. (49,2% дан 43.4%)

Аса ауыр қылмыстардың ашылуы 66,7 % (облыста 81,1), кісі өлтіру 67,7 %(облыста 87,9), ұрлық 28,0%, (облыста 36,4), және бұзақылық қылмыстың жазалануының ашылуы жоғары 60,0 (облыста 66,2).

Қоғамдық тәртіпті сақтау қылмыстың алдын алу шараларына жалпы халықты тарту үшін аудан әкімінің бекітуімен мекеме, бөлім, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерінен тұратын ерікті халық жасақтары құрылып сенбі жексенбі күндері кешкі 20-00 түнгі 2-00 аралығына дейін полиция қызметкерлерімен түнгі рейдтер ұйымдастырды. Бұл бастаманың нәтижесінде қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашуда үлкен жетістіктерге жетті.

Сонымен қатар қылмыстың алдын алу, болған құқықбұзушылықтардың ізін суытпай ашу мақсатында Аягөз қаласының ірі көшелері қиылысына 16 бейне камера орнатылды. Ол тәуліктің 24 сағатында жұмыс істеп тұрады. Алдағы уақытта осындай камералар халық ірі шоғырланатын бизнес обектілері, көңіл көтеру сауықтыру орындарында орнатылатын болады.

2013 жылы аудан әкімі аппаратымен жалпы саны 1378 өтініш тіркеуге алынды. Олардың ішінде жеке тұлғалардан – 1199, заңды тұлғалар бойынша 179 өтініш тіркелген. (өтініш-1339; шағым-22; ұсыныс-11; сұраныс-6). Былтырғы жылмен салыстырғанда жеке тұлғалар бойынша 133 өтінішке, заңды тұлғалар бойынша 73 өтінішке артқан. Барлық өтініш қаралып, мерзімінде жауап берілді.

Ауданда 944спорттық, 4102 мәдени- массалық, 2422 қоғамдық-саяси іс-шаралар өтті. Елбасы Жолдауын насихаттауда БАҚ-қа 174 мақала жарияланып, 85 баннер орналастырылды.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда әр түрлі бағытта ақпарат-насихат топтары құрылған:

Президентіміздің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жөнінен 155 адамнан тұратын 26 ақпарат насихат топтары.



«Тұрғындардың діни сенім бостандығы және діни экстремизімнің алдын алу» бойынша 9 адамнан тұратын 1 АНТ тобы.

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын түсіндіру бойынша 118 адамнан тұратын 23 АНТ тобы,

Елбасының «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласын түсіндіру бойынша 14 адамнан тұратын 1 АНТ тобы.

Барлық АНТ мүшелері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауданның қоғамдық саяси жағдайын тұрақтандыру мақсатында жұмыс атқарады және ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілген.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықтылықты сақтауда бұқаралық ақпарат құралдарынының маңызы зор.Аудан аумағындағы бұқаралық кеңістікті «Аягөз жаңалықтары» қоғамдық-саяси газеті, «Мөлдір сана» қоғамдық-әдеби газеті, «Аягөз әлемі» журналы құрайды.

Ауданда 23 діни бірлестіктер заңды түрде қайта тіркеуден өтіп, жұмыс атқарады. Оның 22 исламдық және «Салем Аягөз» Ивангелиелік мәсіхшы баптистердің қауымы. 2 қараша 2012 жылғы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің № 20685-1917-ДБ санды куәлігі негізінде «ШҚО Ехоба куәгерлерінің мәсіхші қауымы, Семей» жергілікті діни бірлестігі тіркеуден өтіп, облыс бойынша өз қызметтерін жасау үшін құжаттарын өткізіп, Аягөз қаласында жұмыс жүргізуде.

Жастар саясатын жүргізуге 735 мың теңге бөлінсе, осы 2014 жылы өткізілетін іс-шараларға 2 млн 600 мың теңге бөлініп отыр.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 105 млн 46 мың теңгеге 91 жоба іске асты.

Құрметті жерлестер!

Осы істердің барлығы Тәуелсіздіктің арқасында ел игілігі үшін жүзеге асты. Алдағы міндеттер тіптен қыруар.



Оларды жүзеге асыру үшін қажымас қайрат, жанқиярлық еңбек, аса зор білік, биік адамгершілік, отаншыл сана, ең бастысы береке- бірлік керек.

Ендігі міндет- қол жеткен табыстармен тоқтамай, Отанымыздың мерейін одан әрі өсіре беру. Осыған Аягөз жұртшылығы да өзіндік үлесін қосады деген сенімдемін. Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет