«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мм (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс: 8(72351) 2-23-82, электрондық мекенжайы



Дата13.07.2016
өлшемі29.74 Kb.
#197719
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс: 8(72351) 2-23-82, электрондық мекенжайы: kadr@boroduliha.vko.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына - «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ E-G-3 санаты (№ 03-04-05) бас маманына конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813 теңгеден 72 391 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалдық міндеттері: Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлықпен күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу. Әскери есеп бойынша іс-шаралар өткізу. «АЖБЕ» АЖО (Азаматтар жүгінімдерінің бірыңғай есебі – автоматтандырылған жұмыс орны) бағдарламасымен жұмыс істеу, № 1-ОЛ нысанындағы статистикалық есепті жинау және аудан әкімі аппаратына тапсыру. Өз өкілеттігіне енетін мәселелер бойынша есептер тапсыру.

Қажетті құжаттар тізбесі: уәкілетті орган белгілеген нысанда жазылған өтініш; 3х4 көлемдегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама; білімі туралы нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6697 санымен тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; құжаттарды өткізген кезде жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар тестілеуден өткендігі туралы сертификат (немесе нотариалды түрде куәландырылған сертификаттың көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарлама соңғы рет жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды өз қолымен немесе құжаттарды қабылдау мерзімі кезінде пошта арқылы, сондай-ақ электронды пошта арқылы тапсыра алады (құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Бородулиха ауданы әкімінің ресми сайтының ғаламтор-ресурсында және «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында орналастырылады.

Әңгімелесу кандидаттарды хабардар еткен күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өткізіледі.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын үй-жай жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет