Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 шілдедегі №151 қаулысы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті»



жүктеу 30.66 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі30.66 Kb.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 шілдедегі № 151 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 695 қаулыға өзгерістер енгізу туралы



Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтарына, «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-ІV шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 30/353-ІV, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2546 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 695 қаулысына (2011 жылғы 22 сәуірдегі № 78 қаулымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7 бөлімінде:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7.1 кіші бөлімінде:

001 000 «Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасында:

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» жолының «2011 жыл» бағанындағы «6502977,5» сандары «6500540» сандарымен ауыстырылсын;

006 000 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасында:

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» жолының «2011 жыл» бағанындағы «593431» сандары «753131» сандарымен ауыстырылсын;

007 000 «Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасында:

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» жолының «2011 жыл» бағанындағы «124822» сандары «123822» сандарымен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстар жиыны» 7.2 кіші бөлімінде:

«2011 жыл» бағанында:

«Барлығы бюджеттік бағдарламалар» және «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолдарындағы «7364463,2» сандары «7520725,7» сандарымен ауыстырылсын;

«001 000 Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер» жолындағы «6502977,5» сандары «6500540» сандарымен ауыстырылсын;

«006 000 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» жолындағы «593431» сандары «753131» сандарымен ауыстырылсын;

«007 000 Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау» жолындағы «124822» сандары «123822» сандарымен ауыстырылсын.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Келісілді:


Шығыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасының бастығы С. Оразалиев

Шығыс Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

бастығы Е. Ясинская

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының

Ішкі істер департаменті



бастығының міндетін атқарушы Қ. Нұрғалиев




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет