Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерлерді түгендеу



жүктеу 35.17 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі35.17 Kb.
Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерлерді түгендеу
Қоғам өміріндегі жер қорының бағасын беру өте қыйын. Бiр жағынан, жер - бұл негiз, сан қыйлы экономикалық қатынастардың негiзі. Екінші жағынан - табиғат объектi, қамқорлықты талап ететiн оның бiр бағалы элементі.

Облыстың тұрғынының басым жартысы ауылды жерлерді мекендейді және олардың көпшiлiгі аграрлық секторымен және жерді пайдалануынан тiкелей немесе жанама сабақтас табыстардан тәуелдi болатындығынан, Шығыс Қазақстан үшiн жерді ұтымсыз пайдалануымен күресi көкейкестi проблема болып саналады. Осыған байланысты жерді түгендеу жүргізудің маңызы зор.

2009 жылы облыс әкімі Б. М. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында агроқұрлымдарға берілген пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерлерді түгендеу жүргізілді.

Облыс бойынша түгендеу барысында айқындалып және жалпы ауданы 234 мың га пайдананылмайтын жерлер иесiз мүлік ретінде есепке алынды, оның iшiнде 48,2 мың га егістік. Есепке қойылған жерлердің 44, 7 мың га 1 жылға (есепке алудағы табылуды уақыт) жалға берілді, оның ішінде 12, 5 мың га егістік жерлер. Ағымдағы жылы аталмыш бағытта жұмыс жалғастырылуда.

2011 жылы Қазақстан Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевпен ауыл шаруашылық мақсаттына арналған жерлерде ревизия жүргізу бойынша тапсырма берілген. Осыған байланысты, облыста ауыл шаруашылық құрлымдарына берілген жерлерді түгендеу жүргізілді.

Түгендеу барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауданы 575,8 мың гектар 2094 пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды, оның ішінде 97,6 мың гектар егістік жерлер. Агроқұрылымдарға берілген жерлердің пайдаланылмайтын жерлер 6% құрады.

Пайдаланылмайтын жерлермен келесі жұмыс жүргізілді:

- ауданы 330,3 мың гектар 1321 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, оның ішінде 69,5 мың гектар егістіктер.

- ауданы 153,7 мың гектар 562 жер учаскесі жер учаскелерін жалға беру шартарын бұзу арқылы мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде 15,6 мың гектар егістіктер;

- ауданы 2,1 мың гектар 11 жер учаскесі бойынша құжаттар жалға беру келісім-шарттарды бір жақты бұзу үшін сотқа берілді, оның ішінде 0,4 мың гектар егістіктер;

- ауданы 7,4 мың гектар 23 жер учаскелерінде пайдалануға кірісті, оның ішінде 6,9 мың гектар егістіктер.

- ауданы 80,3 мың гектар 175 жер учаскесі бойынша құжаттар Өңіраралық жер инспекциясына жолданды, оның ішінде 5,1 мың гектар егістіктер. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес, ауданы 63,9 мың гектар 152 жер учаскесі бойынша ескерту берілді; 11 жер учаскесі бойынша сомасы 749,9 мың тенгеге айыппұл санкциялары берілді.

Ауыл шаруашылық жылының қорытындылары бойынша ағымдағы жылда облыс бойынша егістіктердің ауданы 78,1 мың гектарға артты, оның 68,8 мың гектары тыңайған жерлерінен, 9,3 мың гектар босалқы жерлерінен ауыл шаруашылық құрылымдарға беру арқылы айналымға тартылғанын атап өткен жөн. Бұл жерлерді түгендеу осы жылдың өзінде оң нәтижесін бергенін дәлелдейді.

Риддер қаласы және Бородулиха, Глубокий, Зырян, Көкпекті, Шемонайха аудандарында тыңайған жерлерді ауыл шаруашылық айналымға тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл аудандарда егістік жерлер 99,9% пайдаланылады.

Алайда, кейбір аудандарда егістік жерлердің 50 % астамы пайдаланылмайды. Былтырғы жылы Семей аймағында берілген егістік жерлердің 83% пайдаланылмай қалған, осындай жағдай Тарбағатай ауданында - 70%, Зайсан ауданында - 59%, Бесқарағай мен Күршім аудандарында - 58 % болып тұр.

Бірақ, жерді түгендеу жұмыстары аяқталған жоқ. Үстіміздегі жылы, Бородулиха, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандары мен Семей қаласында ауыл шаруашылық жерлерді түгендеу жұмыстары республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілуі жоспарланып отыр. Түгендеуге жататын жерлер ауданы 4127,6 мың га, оның ішінде 640,6 мың га егістіктер, 1421,1 мың га тыңайған жерлер, 149,6 мың га шабындық, 3146 мың га жайылымды құрайды.

Түрлері бойынша ауыл шаруашылық алқаптарының фактілі аудандарын анықтау және жұмыстарды жүргізу кезінде есептік мәліметтермен салыстыру; ауыл шаруашылық алқаптарының түрлері бойынша жерлердің жағдайы мен пайдаланылуын зерделеу; ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану осы түгендеудің мақсаттары мен міндеттері болып табылады. Жұмыстарды аяқтағаннан кейін мамандандырылған кәсіпорынмен жерлерді, олардың фактілі жағдайына сәйкес, ары қарайғы пайдалану бойынша ұсыныстар берілетін болады.

Жерлерді толық және сапалы пайдалануда мемлекет бірінші кезекте мүдделі. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 Қаулысымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың Ережелері бекітілген. Осы ережелермен жерлерді олардың нысаналы мақсаты бойынша пайдалану, топырақтың әлсіреуі мен құлдырауын болдырмау, олардың құнарлығын сақтау және жақсарту көзделген.

Пайдаланылмайтын жерлерді анықтау жыл сайын көктемгі-егіншілік кезеңде жүргізіледі және жауапсыз жер пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, шұғыл шаралар қолдану қажет.

Жерлерді түгендеуді жүргізу, оларды ауыл шаруашылық айналымына тартуға жағдай туғызады, бұл ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді айтарлықтау көтеруге, сонымен қоса жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.



Тек осылау жер біздің еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін болады!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет