Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар- қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары



жүктеу 16.9 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі16.9 Kb.


Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар- қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму

қорытындылары
Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 743,2 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 106,6% құрады. Табиғи көлем индексі – 105,7 %.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 186 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 133,1% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнімнің (жұмыс, қызмет) көлемі 369,1 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне 7,7% өсімді құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 183,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 16,5% жоғары. Табиғи көлем индексі – 111,3 %.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 86,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 21,5 % жоғары. Табиғи көлем индексі – 117,4 %.

Сыртқы сауда айналымы 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2535,6 млн. АҚШ долларын құрайды немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінен 29 % аз, соның ішінде экспорт – 1528,1 млн. АҚШ долларын (2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 46,1 % аз), импорт - 1007,5 млн. АҚШ долларын (2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 36,8 % жоғары) құрайды.

Сыртқы сауда айналымы сальдосы 520,6 млн. АҚШ доллары сомасында оң қалыптасады (2012 жылғы қаңтар- қыркүйекте – 2098,8 млн. АҚШ доллары).

Тұтыну бағаларының индексі 2013 жылғы қаңтар- қыркүйекте 102,7 % деңгейінде қалыптасты, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 1,1 пайыздық тармаққа төмен.

Салық және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 120,2 млрд. теңге немесе болжамға қарағанда 104,2 % салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 69,1 млрд. теңге (104,4%), жергілікті бюджетке 51,1 млрд. теңге (103,9%) түсім түсті.

Әлеуметтік сала.

Тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 5,1% құрады.

Жұмыспен қамту органдарына жыл басынан бері барлығы 19,9 мың адам өтініш білдірген, оның ішінде 12,7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды (өтініш бергендерден 64,0 %). Қоғамдық жұмыстарға 9480 адам қатысты. Кәсіби оқытуға 1398 адам бағытталды.

Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік объектілер енгізу есебінен 14444 жаңа жұмыс орны құрылды.

Орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-тамызда 87792 теңге құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 6,6 % артық.

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2013 жылы барлығы 52,3 млрд. теңге бөлінді, 36,8 млрд. теңге немесе 70,5 % игерілді.



Білім беру.

2013 жылы білім беру жүйесін дамытуға 69,2 млрд. теңге көзделді, 2013 жылғы 1 қазанға 52,3 млрд. теңге жоспарланған, 51,6 млрд. теңге немесе 98,7 % игерілді.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет