Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп



жүктеу 3.41 Mb.
бет19/21
Дата22.02.2016
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Электр энергияны өндіруді арттыру 101,2% - ға орындалды, жоспар 102,4%.

2012 жылы нысаналы индикатор жоспарланған көлемге жеткен жоқ және - 6891,8 млн. кВт/сағ өндіруді құрады (жоспар – 7100 млн. кВт/сағ), желіге жіберілгені - 6409,2 млн.кВт*сағ электроэнергия (2011 жылы – 6884,5 млн. кВт*сағ).

Сонымен қатар облыс бойынша электр энергиясын тұтыну 2012 жылы 3,8 % өсіп, 8606,4 млн.кВт*сағ. құрады (2011 жылы 8284,2 млн. кВт*сағ тұтынылды). Яғни электр энергия тұтыну көлемі электр энергия өндіру көлемінен 1761,6 млн. кВт*сағ асты.

Нысаналы индикаторға қол жеткізбеудің негізгі себебі Ертіс өзеніндегі су ресурсының жеткіліксіз қоры.



Энергия тұтынудың жалпы көлемінде баламалы энергия көздерін пайдаланудың үлесін ұлғайту аталған көрсеткіш 0,34 % құрады (жоспар 0,24 %).

2012 жылы өндірілген электр энергиясының көлемі энергияның баламалы көзінен тау өзендерінің қатты арынына байланысты 28,920 млн.кВт.сағ құрады.

Өңірдегі энергия қуаттарын жаңарту және жаңаларын салу бойынша көзделген міндеттер облыстың энергия тапшылығы проблемасын шешпейді, энергия ресурстарын тиімді пайдалану, қалпына келтірілетін баламалы жаңа энергия көздерін енгізу бағытында нысаналы жұмыс жүргізілуде.
5-мақсат. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тамақ өнімдерінің ішкі азық-түлік тауарлары рыногындағы үлес салмағын арттыру, облыстың АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру
АӨК-ні дамыту бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасында көзделген 1 индикатор және 7 көрсеткіштің ішінде 2013 жылы 1 индикатор және 5 көрсеткіш орындалды.

Негізгі индикатор – ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ жоспардағы 102,5 % орнына 108,2 % орындалды немесе 2012 жылғыдан 2 пайыздық көрсеткішке артық.

Статистика агенттігінің алдын ала берген мәліметтеріне қарағанда көрсеткіштердің орындалуы мынадай болды:

1. ИФО продукции растениеводства при плане 101 %, выполнен 117,7%;

2. мал шаруашылығы өнімінің НКИ жоспардағы 103% орнына 102,8%. Бұл Катонқарағай ауданында ет өндірудің (2012ж. 86,3%), Бородулиха ауданында сүт (97,5%), Ұлан (89%) және Бесқарағай (89,3%) аудандарында жүн өндірудің төмендеуінен болды.

3. Тамақ өнімдерінің НКИ Статистика агенттігінің алдын ала берген мәліметтеріне қарағанда жоспардағы 102% орнына 98% құрады. Орындалмаудың себебі сүт өндіру көлемінің 6,1%, өсімдік майы мен мал майының 3,6%, нан-тоқаш өнімдерінің 11%, көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және консервілеудің 6,1%, сусындар шығарудың 24,6% төмендеуіне байланысты.

4. Ішкі рынокты отандық тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жоспары 100% орындалды.

Жалпы алғанда ауыл шаруашылығы өнімінің көлеміхалықты тұтыну нормасына сәйкес қамтамасыз етеді. 2013 жылы етпен қамтамасыз ету 202,9%, сүтпен – 172,5, ұнмен – 197,7%, күнбағыс майымен – 10,1 есе, картоппен – 2,3 есе және көкөніспен 1,8 есе.

5. АӨК жалпы қосылған құн алдыңғы жылғы % орнына күтілетін есептеулерге сәйкес 125 % құрайтын болады. Соңғы статмәліметтер 2014 ж. наурызда беріледі.

6. АӨК еңбек өнімділігі жоспардағы 112% орнына күтілетін есептеулерге сәйкес 125% құрайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың саны туралы статистикалық деректер 2014 ж. наурызда беріледі.

7. АӨК өнімі экспортының үлесі кеден статистикасы бойынша жоспардағы 1,1% орнына 1,7% құрады.

Облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 296,3 млрд. теңге, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 25% артық.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бойынша 2013 жылы облыс республикадағы басқа облыстар арасында 3 орында тұр.
6 мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті динамикалық және кешенді дамыту
Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсатты индикатор және 2 көрсеткіш ескерілген. Индикатор және көрсеткіш орындалды, 1 көрсеткіш бойынша статистикалық мәліметтер ағымдағы жылдың қыркүйегінде ұсынылады.

Мақсатты көрсеткіш:

1. Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өнімді шығарудың ФКИ 105,8% құрады, 100,3% жоспар кезінде.



Нәтиже көрсеткіштері:

1. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының 1000 тұрғынға өсуі 4,1%құрады, 0,5% жоспар кезінде.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, және олар өндіретін өнім көлемі мемлекеттік қолдау шаралы арқылы өсті, осылайша кәсіпкерлікті қолдауға:

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 3,3 млрд. теңге бөлінді;

- «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының 2 бағыты шеңберінде 6,6 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен қатар көрсеткіштер өсіміне шағын және орта бизнесті дамыту Серіктестік бағдарламасын іске асыру әсер етті. Қалалардағы ірі компаниялардың өндірістік-шаруашылық қызметі шағын және орта бизнестің дамуына әсере етеді.

2. Шағын және орта бизнес үлесін жалпы өңірлік өнім құрылымында арттыру – статистика органдарымен жылына бір рет есептеледі (2013 жылға мәліметтер шамамен 2014 ж. қыркүйекте шығады).
7 мақсат. Ішкі сауда саласын динамикалық дамыту

Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсатты көрсеткішке – қол жеткізілді.

1. Бөлшек сауданың ФКИ 2013 жылы 109,8% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 5,8 пайыздық пунктке жоғары.

Көрсеткішке нарықтардағы және физикалық тұлғалардағы тауар айналымының 8,3%-ға өсуіне байланысты қол жеткізілді. Тауар айналымының өсуіне жүргізілетін шаралар әсер етеді, жыл басынан 756 азық-түлік жәрмеңкесі өтті, мұнда 2528,0 млн. теңге сомасына өнім сатылды.


8 мақсат. Өңірдің экономикасына инвестициялар ағымын ынталандыру

Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсатты көрсеткіш ескерілген– қол жеткізілді және 2 көрсеткіш, 1 – қол жеткізілді, 1 – қол жеткізілмеді.



Мақсатты көрсеткіш:

1. Негізгі капиталға инвестицияның ФКИ 108,2% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 3 пайыздық пунктке артық. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылы 301,1 млрд. теңгені құрады.

2013 жылы облыста 8 инвестициялық жобалар 4,9 млрд. теңге сомасына іске асырылды. Енгізілген жобалар нәтижесінде 2013 жылы 1 мың жұмыс орнына дейін құрылды. Ірі жобалардың бірі болып «Айтас МП» ЖШС, «СЭТ ТРАНС» ЖШС, «ТАСҚАРА» ЖШС және «Полиус» ЖШС инвестициялық жобалары табылады. Бүгінгі уақытта кәсіпорындар өнімді шығаруға кірісті.

Облыстың Индустрияландыру картасына өткізілетін өзектендірулер шеңберінде 2013 жылы Индустрияландыру картасына 18 жаңа инвестициялық жобалар енгізілген. Шығыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасындағы жобалар саны 61 құрады, 685,2 млрд. теңге жалпы бағамен, олардың ішінде 37 іске асырылған. Инвестициялар көлемі 201 млрд. теңгені құрады, 8 мыңнан аса жұмыс орындары құрылды.

Өңірге инвестициялар тартудың тиімділігі мақсатында облыста ӘКК кезінде Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды.

Индустриялық аймақтарды дамыту бойынша жұмыс жалғастырылуда.



Нәтиже көрсеткіштері:

1. Өңдеу өнеркәсібіне негізгі капиталға инвестицияның ФКИ 85,3% құрады, бұл 17,8 пайыздық пунктке. Өңдеу өнеркәсібіне 50,3 млрд. теңге инвестицияланған (инвестициялардың жалпы көлемінің үлесі - 16,7%). Инвестиция құрылымында қаржыландыру көздері бойынша кәсіпорындардың меншіктік қаражаттары 64,4 % алады, республикалық бюджет қаражаты – 17,7 %, жергілікті бюджет – 5,3 %, шетел инвестициялары – 3,0 %, қарыз қаражаты – 9,6 %.

Көрсеткішке қол жеткізбеудің бір себебі - «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-нің «Медициналық препараттар зауытын қайта құру» жобасын іске асыру мерзімін 2014 жылға ауыстыру.

Сонымен қатар ірі металлургиялық компаниялар жобаларына инвестициялар көлемі, түсті және қымбат металдарға әлемдік нарықтағы төмен бағаға байланысты қабылданатын, антикризистік шараларға сәйкес төмендеді.

2. Тұрғындар жанына негізгі капиталға инвестициялар 216 мың теңгені құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 18% артық.
9 мақсат. Өңірді инновациялық дамытуды жылдамдату

Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсатты индикатор және 2 көрсеткіш ескерілген, индикатор мен көрсеткіштерді орындау бойынша статистикалық мәліметтер жоқ. 2013 жылғы қорытындылар статистика департаментімен 01.06.2014 жылы ұсынылатын болады.

1. Инновация аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейінің өсуі – мәліметтер жоқ.

Кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі жыл сайын өсуде, көрсеткіш мәні орташа республикалық деңгейден жоғары. 2012 жылғы қорытындылар бойынша инновациялық белсенділік деңгейі 6,2% құрады(республика бойынша 5,7%).

2. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарға инвестициялар көлемі – мәліметтер жоқ.

2013 жылы 70 өтінушілер тартылған, олардың ішінде технологиялық бизнес-инкубирлеу бағдарламасына қатысу үшін «НАТР» АҚ-на 15 жоба долданған болатын. Екі жоба технологиялық бизнес-инкубирлеу бағдарламасы шеңберінде 38,6 млн.теңге сомасына іске асыруға қолдау тапты.

Инновациялық форсаж конкурсына қатысуға ағымдағы жылы Шығыс Қазақстаннан 32 өтінім берілген – ОҚО кейінгі 2 орын, өтінімдер санының өсімі 2012 жылмен салыстырғанда 2,3 есе (14 өтінім). Из 378 заявок поданных на участие в конкурсе было отобрано только 15 проектов, в том числе два проекта от Восточного Казахстана.

2013 жылы «НАТР» АҚ-на технологияны коммерциализациялау офисімен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кезінде «НАТР» АҚ жобасының концепциясын негіздеу конкурсы бойынша университеттің 10  жобасы қолдау тапты (қаржыландырудың жалпы сомасы 7 млн.теңге), осылар бойынша кейінгі коммерциализациялау үшін бизнес-жобалар өңделетін болады.

2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 30 млн.теңге бөлінген және игерілген. Конкурстық комиссия бастаушы кәсіпкерлерге гранттар беруге 26 өтінім қарады.

3. Инновациялық өнімнің өндіріс көлемінің өсуі – мәліметтер жоқ.

Инновациялық өнім көлемдері бойынша облыс республика бойынша 1 орын алады. Қазақстан Республикасының бар инновациялық өнімінің төртінші бөлімі (25%) Шығыс Қазақстан облысында өндіріледі (99,3 млрд.теңге).

Инновациялық өнім өндірісі көлемінің едәуір өсімі 2012 жыл қорытындылары бойынша ЖӨӨ құрылымында инновациялық өнім үлесін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, 2011 жыл қорытындылары бойынша ЖӨӨ құрылымында инновациялық өнім 2,1% құрады. 2012 жылы көрсеткіш 5,5% құрады.

Облыстағы инновациялық кәсіпорындар саны 2012 жыл қорытындылары бойынша 108 бірлікті құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты.

2012 жылы облыс кәсіпорындарымен 73 жаңа технологиялар құрылды, соның ішінде 52 өнеркәсіпте. Берілген технологиялар бойынша өнертабысқа 38 патент алынды, 29 предпатенттер және 5 патент пайдалы үлгіге.



10 мақсат. Мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алудағы жергілікті мазмұн үлесін арттыру

Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсатты индикатор және 4 көрсеткіш ескерілген.



Нәтиже көрсеткіштері:

1. Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алудағы жергілікті мазмұн үлесін арттыру, 36,6% деңгейінде құрылды, бұл жоспарлық көрсеткіштен 21,6 пайыздық пунктке артық.

2. Жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті мазмұн үлесін арттыру, 96% деңгейінде құрылды, бұл жоспарлық көрсеткіштен 0,2 пайыздық пунктке төмен. Көрсеткішке қол жеткізбеу «Қазмырыш» ЖШС мамандарының шетелде дайындық курсын өту қажеттілігіне байланысты.

Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін жалпы сатып алу көлемі бойынша облыс Қарағанды облысынан кейін 2 орында. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарына өнімді сатуға байланысты мәселелерді шешуде көмек көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі, өнеркәсіп өнімін сату 2013 жыл қорытындылары бойынша 2009 жыл деңгейінен 2,1 есе өсті, соның ішінде өнімді Қазақстан өңірлері бойынша жеткізу – 2,4 есе, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу бойынша өнімді сату көлемі 9 есе өсті.

Өнімді өткізуге байланысты мәселелерді шешуге облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарына көмек көрсету мақсатында, 2009 жылдан бастап Өскемен қаласында «Самұрық-Қазына» ҰБФ» АҚ ұлттық компанияларының облыстың жергілікті тауар өндірушілерімен бірлескен кездесуі өткізілуде.

2013 жылдың күтілудегі қорытындылары бойынша жергілікті кәсіпорындар «Самұрық-Қазына» ҰБФ» АҚ ұлттық компанияларымен 90 млрд.теңгеге шарттар жасалды, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе жоғары, жергілікті мазмұн үлесі 67% құрады.

3 жылдың өзінде жеткізу көлемі 3,2 есе өсті, соның ішінде «Қазмұнайгаз» АҚ-нан - 5 есе, «Кегок» АҚ - 3,6 есе, «КАЗАТОМПРОМ» АҚ - 3 есе, «Қазақтелеком» АҚ - 2,6 есе, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ - 2,3 есе, «Самұрық - Энерго» АҚ - 45 есе.

Жыл сайын отандық тауар өндірушілердің өнімдерін жылжыту мақсатымен жергілікті тауар өндірушілердің республикалық және өңірлік деңгейдегі 25 көрмеге қатысуы және 48 аса кәсіпорындардың қатысуы, соның ішінде кәсіпорындардың Германия, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Египет, Чехия, Франция, Венгрия, АҚШ бизнес шеңберлерімен кездесуі ұйымдастырылады.

2014 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жергілікті тауар өндірушілер 1876 сертификат алды, 2012 жылдан 20% өсіммен, 2009 жыл деңгейінен алынған сертификаттар саны 20 есе артты.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

1 мақсат. Білім беру сапасын, қол жетімділігін, тартымдылығын арттыру және балалардың заңды ықыласымен құқығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Міндеттермен мақсаттарды жүзеге асыру үшін 3 нысаналы индикатор және 6 тура неәтиже көрсеткіштері жоспарланған. 2013 жылы 2 индикатор және 6 көрсеткішке қол жеткізілді, 1 индикатор орындалған жоқ.

Облыста халықтың сапалы білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етуге 687 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, соның ішінде 394 (57 %) көбінде ауылды жерлерде орналасқан шағын жинақты мектептер. Жаңа типті альтернативті мектептер жұмыс істейді. Облыста 22 лицейлер мен гимназиялар, оның 8 ауылдық жерлерде орналасқан (6 гимназия, 2 лицей). Ғылым негіздерін, мәдениетті, спортты тереңдетіп оқытуға, сондай-ақ әскерге дейінгі даярлану үшін 12 мамандандырылған мектептер бар, соның ішінде 2 қазақ-түрік мектебі, «Жас Ұлан» ұлдар лицейі элиталы білім берумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

Облыста 20693 педогог бар, педогогтардың жалпы санынан 51,9%, 10730 жоғары және бірінші дәрежесі бар.

Саңғы жылдары педогогика мамандықтарына жастардың қызығушылығы артуда. 2013 жылы облыс мектептеріне – 522 жас мұғалімдер келді, соның ішінде ауылда 333 адам.

Мамандарға бір жолғы көтерме төлемақыға 31,4 млн.теңге, баспанаға несие алуға – 278,8 млн.теңге қаражат бағытталған.

Есептік кезенде облыстың үздік білім беру мекемелері және мұғалімдерінің педогогикалық тәжірибесін жинақтау және таратуға 16 педогогтардың кәсіптік шеберлік конкурстары өткізілді.

Бұл дәстүрлі облыстық облыс әкімінің сыйақысына, «Үздік мұғалім», «Филогогтардың республикалық съезді» конкурстары.

2013 жылы педогогтардың кәсіптік конпентенциясын, шығармашылық потенциалын арттыруға 2 халықаралық, 4 республикалық, 10 облыстық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

2013 жылы жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын (үздік/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 6,6% артып 62,6% құрады. (167746 оқушыдан 105009 оқушы жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын (үздік/жақсы) меңгерген).

Білім беру сапасын арттыру мәселесінде оқушылардың дарындылығын, шығармашылық қабілетін арттыру ерекше орын алады.

Облыста әр түрлі бағыттар бойынша дарынды балалармен жұмыс істейтін 12 мамандандырылған мектеп бар. Физика – математика (Семей қ.) және химия – биология (Өскемен қ.) бағыттарындағы екі зияткерлік мектеп жұмыс істейді.

2013 жылы біздің балалар халықаралық олимпиадалар мен сайыстарда айтарлықтай жеңістерге жетті.

Оқу жылында 23334 оқушы 20 маңызды республикалық зияткерлік олимпиадаларға қатысып, 7672 жүлделі орындарға ие болды.

180 оқушы халықаралық зияткерлік олимпиадаларда қатысып, 93 жүлделерге ие болды.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру ұйымдарының жалпы санындағы үлесі 18,6% құрады. ( 687 жалпы білім беретін мектептердің 128 инклюзивті білім беруге жағдай жасалған).

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылардың барлық санынан жоспарланған 100%-дан 99,8% қамтамасыз етілген. (балансталған рационалды тамақтандыруды енгізі үшін барлық мектептерде тамақтану рациондарына сүт, қышқыл сүт және бал өнімдері енгізілген).

Облыста ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 680 (100%) мектептерде жағдай жасалған, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар саны 100%, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, 1-4 сыныптар аралығындағы балалардың 60 %тегін тамақтандырумен қамтылған.

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен қамтамасыз ету 2012 жылмен салыстырғанда 1,7% артып 97,4% құрады. Облыста бала-бақшалар саны 2012 жылмен салыстырғанда 26 бірлікке артып 209 құады, шағын орталықтар саны 7 артып 1183 құрады.

Пайдалануға берілген мектепке дейінгі ұйымдардың олардың жалпы санындағы үлесі 2,4% құрады. 2013 жылы облыста барлығы 33 мектепке дейінгі мекеме ашылды, олардың 26 бала-бақшалар, 7 шағын-орталықтар. Мектепке дейінгі мекемелердің жалпы саны – 1392.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында 2010-2013 жылдар аралығында 21865 орынға мемлекеттік тапсырыс балалар мектепке дейінгі мекемелерінде орналастырылған. Есептік кезеңде – 3178 орын.

2013 жылы ғимараттарды қайтарып алу есебінен 10 жеке меншік бала-бақшалар ашылды. Жеке меншік бала-бақшалар саны 43 бірлікті құрады.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің желісі 89 колледжді құрады.

Облыс колледждерінің контингенті – 40600, олардан мемлекеттік тілде білім алушылар 17220 адам.

Мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алушылардың жалпы саны 17037.

Біліктілікті арттырудан 1041 инженерлік-педогогикалық қызметкерлер өтті.

2013-2014 оқу жылы аралығында облыстық қаржыландырудан мемлкеттік тапсырыс жұмыс берушілер тапсырысы негізде құрастырылған, һткен жылдың 6072 орнына қарсы 6762 орын. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 428 адам қабылданды.

Жастарды (14-24 жастағы) техникалық және кәсіптік білім берумен қамту үлесі жоспарланған 18,5%- дан 15,5 % құрады. (ШҚО облысы статистика басқармасының ақпаратына сәйкес 14-24 жастағы жастар саны 231 280 адамды құрайды, олардың ішінде 35 848 техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз етілген). Индикатор техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері жүйесінің азаюына байланысты орындалған жоқ.

2013 жылы жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған 8515 түлек жұмыспен қамтылды, жұмыспен қамту жұмыс берушілер (кәсіпорындар, шаруашылық қожалықтар), мемлкеттік органдар есебінен жүзеге асады. Облыста жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарын растайтын жұмыспен қамтамасыз етілгендер бойынша мониторингті ЖТМО арқылы жүргізіледі.

2013 жылы білім беру жүйесіне 70,3 млрд. теңге қаражат бөлінген, соның ішінде білім беру нысандарының құрылысы, жөндеу жұмыстарын жүргізу және материалды техникалық базаны нығайтуға 6,8 млрд. теңге.

Есептік кезеңде 54 білім беру мекемелерінің құрылысы жүргізілді, соның ішінде 33 жалпы білім беретін мектеп, 9 бала-бақша, 11 жапсаржай және 1 сауықтыру лагері. 2013 жылы 6 апатты жағдайдағы мектептер орнына салынған мектеп, 2 бала-бақша, 6 ғимаратқа жапсаржай қолданысқа берілді.

2 мақсат: Тұрғындардың денсаулығын жақсарту
2013 жылы туу көрсеткішінің 2,7% өскені, өлім коэффициентінің 3,8%, халықтың табиғи өсімінің 4,3 тен 5,2 артқаны байқалады (ҚР 14,51).

Ана өлімі 2012 жылдың қорытындысы бойынша 40,2%, бұл респубилкалық көрсеткіштен 2,2% төмен (ҚР -13,5). Сәби өлімі 8,1% төмендеді.

Туберкулезбен ауру 2011 жылмен салыстырғанда 8,7% азайды. Туберкулезден қайтыс болу 2012 жылы 28,3% азайды.

Шығыс Қазақстан облысы туберкулезбен ауру бойынша республикада 4 орында, қайтыс болудан 1 орында.



100 мың тұрғынға шаққанда онкологиялық аурушаңдық 2012 жылы 1,7% өсті, аурудан болған өлімнің төмендеуі 2012 жылы 2,2% құрады. Шығыс Қазақстан облысы қатерлі ісіпен ауру бойынша республикада 2 орында, қайтыс болудан 2 орында

Қан айналымы жүйесі аурулары скрингтік анықтау есебінен 20% -ға 100000 тұрғынға шаққанда 2240,3 дан 2699,5 адамға өсті.

Қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлімнің төмендеуі 22,1% құрады. Соның ішінде жүрек ауруынанқайтыс болу 17% төмендеді. Шығыс Қазақстан облысы қан айналымы жүйесі аурулары бойынша республикада 5 орында, қайтыс болудан 5 орында.

Ұлттық скринингтік жүйе аурудың бастапқы сатысын анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша скринингпен 640000 адам немесе облыс тұрғындарының 45% скринингтің 9 түрімен қамтылды.

2012 жылы 5 ПМК: Аягөз, Зайсан, Зырян, Үржар аудандары және Семей қ. Диагностикалық орталықта (Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандары) жұмыс істеді. Есепті кезеңде 124 шалғай ауылдық елді мекеннің 74 370 тұрғыны тексерілді.

Біліктілік санаты бар медициналық қызметкерлердің үлес салмағы, % орныдалған жоқ, жоспар 65% факт 61,4%.

Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық жабдықтармен қамтылу деңгейі 2012 жылы облыс бойынша 68,2% құрады (ҚР-57,8%), соның ішінде облыстық ауруханалар 86,2%, қалалық емханалар 86%, перзентханалар 78,2%, орталық аудандық ауруханалар 73,7%, медициналық пунктер 58,1%.

Емдеу алдын алу мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 2012ж. 532,3 млн. теңге бөлінді.

Семей қаласындағы 300 төсектік көпсалалы қалалық аурухана, Өскемен қ. қан орталығы, Семей қ. 80 төсектік туберкулезге қарсы балалар ауруханасы, Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы, Глубокое ауданы Глубокое кентінде емханасы бар 100 орындық орталық аудандық аурухана, облыстық онкологиялық диспансер жанындағы 22 төсек-орынға арналған емдеу корпусының құрылысы жалғастырылуда.

Келесі көрсеткіштер орындалған жоқ:

- дәрігер кадрлар тапшылығын азайту.

- Біліктілік санаты бар медициналық қызметкерлердің үлес салмағы бойынша соңғы үш жылда облысқа 315 жас маман келді, оларға біліктілік санатын алу үшін кемінде 5 жыл еңбек өтілі қажет.



3 мақсат. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Негізігі бағыт бойынша 2. «Әлеуметтік саланы және адамдық потенциалды дамыту, халықтың өмірінің сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету» халықты әлеуметтік қорғау бойынша бір мақсат қарастырылған «Азаматтардың әлеуметтік қорғалуының тиімді жүйесін қалыптастыру», 3 мақсатты индикатор: «Жұмыссыздық деңгейі» жоспар бойынша - 6,1 % қарастырылған, факті - 5,0 %, «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі» жоспар бойынша – 5,9 %, факті – 1,7 %, «Арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған тұлғалардың үлесті салмағы (қажет ететіндердің жалпы санынан)» жоспар бойыша - 94,0 %, факті – 97,0 %, барлық үш нысаналы индикатор (100%) жетілді және 7 көрсеткіш.

7 көрсеткіштің ішінен 1 көрсеткіш орындалмады – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асуына байланысты және берілген шағыннесиенің арқасында облыс бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны артып келеді соған байланысты «Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың үлесі». Себебі шағыннесие алғандар жеке кәсіпкер болып тіркеледі және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың құрамына кіреді. ҚР ЕХӘҚМ-не нәтижелі өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың жұмыспен қамтылғандар санатына өту тетігі туралы ұсыныстар берілді.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалудың маңызды бөлігі болып қоғамдық жұмыстар табылады. Жоспар бойынша 9,4 мың адам, 11,7 мың адам бағытталды немесе жоспардан 125,3 %.

Жыл сайын төленетін қоғамдық жұмыстар бойынша шығындар көбейіп келеді. Төленетін қоғамдық жұмыстар қатысушылары еңбекақысын төлеуге 560,9 млн.теңге жұмсалды, игерілу 100 % құрады. Төленетін қоғамдық жұмыстардың орташа еңбекақылары 18,3 мың.теңге, орташа ұзақтығы 2,6 ай.

Еңбек нарығындағы сұранысты және жұмыссыздардың кәсіби және біліктілік дағдылардың ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру Шығыс- Қазақстан облысының аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Кәсіптік оқытуға 1310 адам жолдау жоспарланған, 1488 адам (жоспардан 113,6%) жолданды, 1317 адам оқуды аяқтады, 1157 (86,9%) адам оқуды аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасты. Аталған бағыт бойынша бюджеттік өтінімдер 92,0 млн. теңге суммасында қарастырылды, 91,9 млн. теңге (99,9 %) игерілді.

Жастарды уақытша жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету үшін «Жастар іс - тәжірибесі» бағдарламасы жалғасын тауып жатыр. Іс-тәжірибеге кәсіби оқу орындарының 715 түлектері жолданды. Оның 468-і тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Бюджет қаражат шығыны 73,2 млн.теңгені құрады, игерілу 100%.

2013 жылы нысаналы топтардағы жұмыссыздарға қосымша әлеуметтік қорғау мақсатында оларды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру қарастырылды. 2013 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 639 жұмыссыздар жұмысқа орналасты, 21 жасқа дейінгі жастар – 85, жалғызбасты және көпбалалы ата-аналар – 25, мүгедектер – 26, оралмандар – 25, азқамтылғандар – 192, басқа топтар – 336. Жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуының бұл түріне 35,9 млн.теңге қарастырылды, игерілу 100 % құрады. 2014 жылдың 1 қаңтарына мекен-жайлық әлеуметтік көмек 2013 жылғы 1 қаңтардағы 9741 алушыларға 283849,7 мың теңге қарызды ескере отырып, 9095 алушыларға 283993,9 мың теңге суммасында белгіленген. 2013 жылы мекен-жайлық әлеуметтік көмектің орташа өлшемі 2012 жылмен салыстырғанда 518 теңгеге көбірек, 2602 теңгені құрады. 2013 жылы мекен-жайлық әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесті салмағы 30,6 %, жоспарда 31,0%.

2014 жылдың 1 қаңтарына 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 12160 отбасыға 490267.5 мың теңге суммасына белгіленді. Аталған әлеуметтік көмекті 31632 балалар алады. 2014 жылдың 1 қаңтарына жәрдемақы 2013 жылғы 1 қаңтардағы қарызды ескере отырып 12424 отбасыға 490065,1 мың теңге төленді. Жәрдемақының орташа көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 105 теңгеге көбірек, 1292 теңгені құрады.

2013 жылы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 Қаулысын жүзеге асырылуына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге республикалық бюджеттен 564,6 млн. қарастырылды, игерілу 99,9 % құрады.

Іс-шаралар жоспарында 2013 жылы ШҚО аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша облыстың құрылыс басқармасы арқылы қазіргі заманғы сапалы деңгейде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау міндеттерін іске асыру үшін халықты әлеуметтік қорғау обьектілерінің құрылысы және қайта құру бойынша 2 инвестициялық жоба және 2014 жылы Зырян ауданындағы Грехово ауылындағы бұрынғы Грехово кен корпусының әкімшілік-шаруашылық ғимаратын мүгедектерді оңалту орталығы үшін қайта құру бойынша 1 жоба. Бұл мақсаттар үшін облыстың құрылыс басқармасының мәліметінде 491,8 млн. теңге қаражат қарастырылған, республикалық бюджет есебінен 405,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 86,1 млн. теңге.

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет