«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің



бет1/7
Дата24.02.2016
өлшемі1.07 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2010 жылғы «30» қаңтар

№ 701 қаулысына 1 қосымша


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2010 жылғы «30» қаңтар

№ 701 қаулысымен бекітілді




«Шығыс Қазақстан облысының білім

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны

1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы

2 бөлім. Білім берудің ағымдағы жағдайын және даму үрдісін талдау

2.1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

2.2. Жалпы орта білім беру

2.3. Техникалық және кәсіптік білім беру



2.4. Әр баланың отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығын іске асыру есебінен әлеуметтік жетімдікті азайту

2.5. Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту

3 бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, насаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері

3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

4 бөлім. Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы

5 бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6 бөлім. Тәуекелдерді басқару

7 бөлім. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджеттік шығыстар жиынтығы


1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы - білім саласында «бүкіл өмір бойы барлығы үшін білім беру» ұстанымына сәйкес нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Пайымдауы - жоғары білімді, бәсекеге қабілетті және интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін сапалы білім қызметтерін ұсыну үшін білімді басқарудың тиімді жүйесін құру.



2 бөлім . Білім берудің ағымдағы жағдайын және даму үрдісін талдау
2010 жылы Шығыс Қазақстан обылысының білім беру жүйесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2005 жылғы 11 наурыздағы №10/129-VI шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы №10/171-IV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы негізінде жұмыс істеді.

2.1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 18 бірлікке артып, 133 ұйымды құрады, оның ішінде 6 жеке меншік балабақша және 12-сін жергілікті органдар ашты.

Мектептке дейінгі тәрбие білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қамтамасыз үшін 2010 жылы 271 шағын орталықтар ашылды және олардың жалпы саны 936 құрады.




Облыста 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 71,9 % (43644 детей) құрайды, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 12,1 % артық. Қалалық жерде мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 75 %, ауылдық жерде – 68,3% құрады.

Облыста 665 жалпы білім беру мектептерінің 1043 сыныбында мектеп алды даярлығымен 99,4% (24278) бала қамтылған.

Сонымен қатар, 2005 жылдан бастап туу беталысының өсуі байқалып отыр, бұл 2010 жылы кезектің өсуіне тікелей пропорционалды әсер етті. Мектепке дейінгі жастағы балалар саны 7087 балаға артып, 134698 (2009 жылы- 127611 бала) құрады. 2010 жылдың соңында балабақшалардағы орындарға кезек 20445 орынды құрады (2009жылдың 1 қаңтарына - 18518 орын).

Негізгі мәселелерді талдау.

Мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділік қамтамасыз етілмеген.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Туудың өсуі жыл сайынғы мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға балалар кезегінің артуын негіздейді.



2.2. Жалпы орта білім беру
Жалпы білім беру мектептерінің желісі мен контингентінің өзгеру динамикасы





2005

2006

2007

2008

2009

2010

Мектептер саны (бірлік)

804

797

791

767

750

731

Контингент (адам)

224710

211027

197541

187533

181143

175781

Оның ішінде қыздар

111014

104390

97660

92930

89992

87400

Ауылдық жерден халықтың, әсіресе 17 ден 40 жасқа дейінгі адамдардың, көшуіне байланысты соңғы жылдардағы (1994-2000 жылдар) байқалған демографиялық беталыс жыл сайын шағын жинақты мектептердің артуына әкелді. Қазіргі уақытта облыста ауылдық жердегі мектептер саны 574 бірлікті (78,8%) құрайды, оның 489 (80,4%) шағын жинақты мектеп.

Жалпы білім беру мектептері оқушылары контингентінің азаюы 17 шағын жинақты мектептің жабылуына әкелді.

Жалпы білім беру мектептерімен қатар жаңа үлгідегі мектептер: 22 лицей мен гимназия мектептер жұмыс істейді, олардың 8 ауылдық жерде орналасқан. Элитарлы білім беруді қамтамсыз ету үшін 13 мамандандырылған мектеп, оның ішінде 2 қазақ-түрік лицейі, «Жас Ұлан» ер балалар лицейі және Өскемен және Семей қалаларында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» (2010 жылы ашылған) жұмыс істейді.

Облыстың 363 елді мекенінде (4519 мектепке дейінгі жастағы балалар тұрады) мектептер жоқ, 75 елді мекенде мектеп жасындағы балалар жоқ, 85 елді мекенде балалар саны «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1256 қаулысы талаптарына сай келмейді.

Мектептері жоқ елді мекендер балаларын біліммен қамту мақсатында 18 ауданның 116 мектебіне дейін 8053 оқушыны тасымалдау жүзеге асырылады. Ең көп балаларды тасымалдау Семей қаласында - 648, в Бородулиха ауданында – 512, в Ұлан ауданында - 507, Жарма ауданында- 370, Глубокое ауданында- 326 бала. Тасымалдауды ұйымдастыру үшін 185 автобус пайдаланылады, оның 157 автобусы мектептер меншігінде (2009 жылы 9 автобус сатып алынды).

Қазақстан Республикасында ұлттық білім сапасы жүйесін енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеу үлгісіндегі (бұдан әрі - ҰБТ) аттестаттаудан табысты өтіп келеді. ҰБТ мониторингі 2010 жылғы түлектердің білім сапасы бойынша негізгі көрсеткіштері 2009 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екендігін көрсетті.ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл 93,3 балды құрады (республикада ІІІ орын).

2009-2010 оқу жылында облыстың 120 оқушысы 10 республикалық олимпиадаларға, жарыстар мен конкурстарға қатысты. Олардың 46 жүлдегер атанды (1 орын – 12, 2 орын – 14, 3 орын - 20 оқушы). Халықаралық интеллектуалды олимпиадалар мен жарыстардан 44 қатысушысының 10 оқушысы - 1 орынды, 2 орынды – 15 оқушы, 3 орынды– 9 оқушы алды.

731 жалпы білім беру мектептерінің 264 мектебі бейімделген ғимараттарда орналасқан, 28 мектеп аппаттық болып табылды. Қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нашар – 47 ұйым бейімделген ғимараттарда орналасқан, 5 ғимарат апаттық жағдайда.

Оқушылардың сапалы білім алуына жағдайлар жасау мақсатында мектептер құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2010 жылы жалпы құны  7,2 млрд. теңге 10 мектеп пайдалануға берілді.

Жол картасы аясында 2010 жылы 289 білім беру нысанына 2,989 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,958 млрд. теңге сомаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы білім беру мектептерін жаңа үлгідегі кабинеттермен (химия, биология, физика, лингафондық мультимедиялық кабинеттер) жабдықтау 37,7 % құрайды.

Облыстың барлық мектептері компьютерленген. Жалпы білім беру мектептерінің компьютермен қамтылуы 2010 жылы 10,5 оқушыға бір компьютер құрады (2009 год – 12). Кең жолақты Интернетке 35% мектеп қосылған. Облыстық мектеп аралық ақпараттық ортаны жасау басталды.

2009-2010 оқу жылынан бастап білім беру сапасын арттыру мақсатында пилоттық жоба аясында оқу үрдісіне электрондық оқулықтар енгізіліп жатыр.

Облыс мектептерінде 21,0 мың педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, оның 17,8 мыңы немесе 84,7% әйелдер. Оның ішінде 61,8% ауылдық жерде. Тартымдылығы нашар және еңбекақысы төмен болғандықтан мектептерге жас педагогтардың келу ағымы жеткіліксіз болып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында 527 балалар, жастар ұйымы жұмыс істейді (140,0 мың адамнан артық).

Студенттік құрылыс отрядтары мен «Жасыл Ел» отрядтары жұмыс істейді. 2010 жылы «Жасыл Ел» бағдарламасына 700 білім беру ұйымдары қатысты. 1862,3 га жер, 363 га бақ, саябақ, 296 бастау, жағалау аймақтары тазартылды.

Облыстың білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие берудің кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары оқушылардың әлеуметтік құқықтарын, жас таланттарды қолдауды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағытта 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы, Астана күні және Абайдың 165 жылдық туған күні сияқты атаулы қоғамдық оқиғалар ауқымында 12200 артық шаралар өткізілді. Осыған байланысты тәрбие жұмыстарында қазақстандық патриоттыққа, азаматтыққа, толеранттыққа көңіл қойылды.

Жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеу, экологиялық ойлауды қалыптастыру, эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Оқушылар әр түрлі шығармашылық конкурстарға белсене қатысады. Қосымша біліммен аз қамтылуға қарамастан балалар үнемі әр түрлі конкурстардың, оның ішінде халықаралық деңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары атанады. Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалыс, сауықтыру және жұмыспен жоғары қамтылуы (94 %). Жастарға арналған маңызды іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Білім беру ұйымдарында гендр теңдігі бағдарламасын іске асыру басталды.

Негізгі мәселелерді талдау.

Сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында білім беру мазмұнын жаңарту қажет.

Бірқатар мектептердің базалары мен ғимараттарының материалдық-техникалық жағдайы бүгінгі заманғы талаптарға сай келмейді.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кезінде және шағын жинақты мектептердің өсу жағдайында заманауи ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологияларын енгізу қажет.

2015 жылға барлық жалпы білім беру мектептерінің оқушыларын жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен қамтамасыз ету қажет.

Педагогикалық карлардың қартайюы байқалады - әр бесінші педогог 50 жастан асқан.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің жоқтығы білім беру ұйымдары бойынша бюджеттің тең бөлінбеуіне әкеледі.



Жастар саясатын іске асырудың жетілдірілмеген инфрақұрылымы: жастардың мақсатты топтарының толық қамтылмауы, өңірлік деңгейде іске асыру әдістемесінің жетілдірілмегендігі, нәтижелерге жетуді бағалаудың тиімді жүйесінің жоқтығы.

Оңды динамикаға қарамастан, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс деңгейі жоғары болып қалып отыр, ағымдағы жылы балалар қылмысының үлес салмағы 7,1% құрады.

Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың болуы жоғары деңгейде қалып отыр (2010 жылдың 11 айында – 25, 2009 жылы – 32 өзіне өзі қол жұмсаумен аяқталған жағдай).

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар:

демографиялық және көшу-қону барысының әсері;

климаттық және геофизикалық факторлардың әсер етуінен болған апаттық мектептерді жыл сайын анықтау;

облыс аудандарында ақпараттық-коммуникативтік желілерінің жеткіліксіз дамуы;

халықтың тығыз орналаспауы және шағын жинақты мектептердің өсуі.

Ішкі факторлар:

Бала туудың өсуі және осының салдарынан мектеп жүктемесінің болжамды өсуі;

мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының нашар материалдық-техникалық базасы;

шағын жинақты мектептердің білікті педагогикалық кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

педагогикалық кадрлардың электрондық контенттерді енгізу мен әзірлеуге жеткіліксіз дайындығы.



2.3. Техникалық және кәсіптік білім беру
Облыста 99 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (бұдан әрі - ТжКБ), оның ішінде 43 кәсіптік лицей және 56 колледж жұмыс істейді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ТжКБ ұйымдарының желісі 3 бірлікке артты. Облыстың барлық аудандары кәсіптік білім берумен қамтылған.

ТжКБ оқу мекемелерінде 47,0 мың адам (сырттай оқуды қосқанда), оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 19,2 мың адам оқиды (немесе 36,3% орташа республикалық көрсеткіште 40,8 %). Олардың 20,9 мың адамы – әйелдер.

Кадрларды даярлау 115 мамандық (147 біліктілік) бойынша жүзеге асырылады, бұл облыс экономикасы салаларының техникалық және кәсіптік білімді кадрларға негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 21,5 мың адам оқиды (немесе жалпы контингенттен 45,7 %).


2010 жылы мамандар мен жұмысшы кадрлардың бітірушілер саны 12,1 мың адамды құрады, оның 69,5% жұмысқа орналасты, 12,0% білімдерін жалғастырды.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында «Кадрларды даярлау және қайта даярлау» бағыты бойынша 2009, 2010 жылдары кәсіптік лицейлер, колледждер мен оқу орталықтарында 15,0 мың адам жаңа мамандық (біліктілік) алды. Курстық даярлықты аяқтаған соң, олардың 63,8% жұмысқа орналасты.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында мынадай консультативті-кеңестік органдарды қалыптастыру аяқталды:

облыс әкімдігі жанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары төрағалық ететін Техникалық және кәсіптік білім беруді және кадрларды даярлауды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді;

аудан және қала әкімдіктерінің жанында Кадрларды даярлау жөніндегі кеңестер құрылды;

облыстың макромамандандырылуын ескере отырып, салалық Кеңестер құрылды (аграрлық сала, туризм, металлургия саласы).

«ШҚО кәсіптік білім беруін дамыту өңірлік үлгісі» пилоттық жобасын іске асыру аясында негізгі мақсаты әлеуметтік серіктестік және кадларды даярлау сапасын арттыру мәселелерін дамыту болып табылатын қазақстан-норвегиялық «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту қоры» құрылды, сондай-ақ, Норвегия Корольдігінің Рогаланд округі Курстық және кәсіптік даярлау орталығының өкілдігі ашылды. Сондай-ақ Ресей, Голландия, Германия, Франциямен халықаралық ынтымақтастықтар дамып келеді.

Жұмыс берушілер білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын (бұдан әрі - МТБ) нығайтуға, педагогикалық кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруға, оқушылардың өндірістік тәжірибеден өту орындарын құруға қатысады. Осылайша, 2009 жылы МТБ нығайтуға жұмыс берушілер 37,5 млн. теңге, 2010 жылы – 41,2 млн. теңге қаржы салды.

Жол картасы аясында 2010 жылы ТжКБ 26 нысанында 204,721 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 149,0 млн. теңге сомаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Негізгі мәселерді талдау.

ТжКБ оқу мекемелерінің 60% жуығы ескірген жабдықтарды пайдаланып жұмыс істейді.

Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын алуға ынта төмендеп барады.

Еңбек нарығының мамандықтарға қажеттілігі кадрларды нақты мамандықтар бойынша даярлаумен сәйкес келмейді.

Арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқу шеберлерінің өндірісте тәжрибеден өтуінің бір қалыпты жүйесі жоқ.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар:

жұмыс берушілердің кадрларды даярлауға қызығушылығының аздығы;

жұмыс берушілер нақты жұмыс орында өндірістік тәжірибеден 100% өтуге жағдай жасамаған;

ұзақ мерзімді кезеңге кадрларға қажеттілікті болжамдау әдістемесінің жоқтығы;

жастардың техникалық және кәсіптік білім мамандықтарын алуға қызығушылықтарының төмендеуі;

ТжКБ қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі.

Ішкі факторлар:

ТжКБ ұйымдарының материалдық және әлеуметтік базаларының нашарлығы;

инженерлік-педагогикалық құрамның қартаюы;

ауылдық жердегі жастардың орта біліктілік деңгейлі мамандақтарды алуға нашар қолжетімділігі.

2.4. Әр баланың отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығын іске асыру есебінен әлеуметтік жетімдікті азайту
Білім органдарының мәліметтері бойынша 2010 жылдың 1 қазанына облыста ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 4304 бала тұрады. Олардың: 2419 бала - қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 46 бала - патронаттық тәрбиеге, 1614 бала - білім саласының интернаттық ұйымдарына, 175 бала - денсаулық сақтауға, 50 бала - әлеуметтік қорғау саласына берілді. Әлеуметтік жетімдік проблемаларын шешу үшін 2009-2010 жылдары мынадай шаралар қабылданды:

1) жетім балаларды отбасыларға орналастыру жөнінде БАҚ арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жандандырылды: облыстық телеарналарда әлеуметтік бейнероликтер көрсетіледі, «Наши дети» бағдарламалары шығады, қалалық газеттерде «Мама, найди меня» және басқа айдарлар ашылған;

2) әлеуметтік жетімдік индикаторлары мен көрсеткіштерін азайту жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізілген.

Негізгі мәселелерді талдау.



Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдары тәрбиеленушілерінің 200 балаға азаюына қарамастан институттандыру деңгейі жоғары болып қалып отыр. 2010 жылғы 1 қазанға 1614 (42%) бала интернат мекемелерінде тұрады. Бұл мекемелерден қорғаншылық пен қамқоршылыққа және асырап алуға барлығы 34 (2%) бала ғана берілді. Сонымен бірге осы мекемелердің 85% тәрбиеленушілері әлеуметтік жетім болып табылады.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы фактор:

Бала асырап алуды, қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алуды насихаттау арқылы бөтен баланы тәрбиелеуге психологиялық түсінікті қалыптастыру (бала асырап алудың мәртебесі мен әлеуметтік қажеттілігі).

Ішкі факторлар:



жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу жүйесін жетілдіру;

балаларды есепке алу ақпараттық жүйесін жасау;

барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту бағдарламасын енгізу арқылы балалар мен ата-аналардың адамгершілік-рухани білімдерін дамыту.



2.5. Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру 3 арнайы балабақшада және 11 түзеу мектебінде, жалпы білім беру мектептеріндегі 23 арнайы топ мен 76 арнайы сыныпта қамтамасыз етіледі. 788 жуық бала жеке бағдарламалар бойынша үйдегі оқытумен қамтылған.

Оқушылар психофизиологиялық дамуы мен таным мүмкіндіктерінің бұзылу түрлеріне байланысты 3 нұсқа бойынша оқытылады, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың әр түрлі танымдық даму деңгейлеріне бағдарланған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды пайдалануды көздейді.

Облыста халыққа дамуында проблемалары бар балаларды анықтауға, диогностикалау мен кеңес беруге психологиялық-медициналық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсететін 7 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер (ПМПК) жұмыс істейді.

Түзеу-педагогикалық қолдау туғанынан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған инклюзивті білім берудің 12 кабинетінде, 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде, 1 оңалту орталығында, 16 логопедтік орында көрсетіледі.

Негізгі мәселелерді талдау.



Облыста қалыптасқан дамудағы бұзушылықтарды кешенді диагностикалау, ерте түзеу-педагогикалық қолдау жүйесі тек әр үшінші мүмкіндіктері шектеулі балаға ғана жалпы білім үрдісіне қосылуына мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың білім алуына тең қолжетімділік қамтамасыз етілмеген. Мүмкіндіктері шектеулі мектепке дейінгі балалардың қамтылуы тек 34,7% құрайды (ал, сау балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 51% құрайды).



Мемлекеттік тілде оқытатын түзеу білім беру ұйымдары жоқ.

Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы білім бағдарламаларымен қамту тек 43,6% құрайды.

Арнайы білім беру ұйымдарының мультимедиялық жабдықтармен қамтылуы 35-тен 60%-ға дейін құрайды.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек балалардың сапалы білім алуларына теңдей құқығының іске асырылмауы;

халықтың жеткіліксіз хабардар болуынан инклюзивті білім берудің нашар енгізілуі;

инклюзивті білім беру идеяларын насихаттауда медиаресурстардың нашар пайдаланылуы.

Ішкі факторлар:

ерте жастан мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді түзеу-педагогикалық қолдауды көрсетуге арналған арнайы ұйымдар желісінің жеткіліксіздігі;

арнайы жабдықтармен жеткіліксіз жабдықталу; көзі көрмейтін балаларға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі рельефті-нүктелік шрифтегі қазақстандық оқулықтардың жоқтығы;

мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім беру ұйымдарына «кедергісіз» қолжетімділіктерінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.
3 бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, насаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
1 стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

1.1 мақсат. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету

Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар кодтары - 001, 027, 113





Нысаналы индикаторлар

(түпкілікті қол жеткізу мерзімі (кезеңі) көрсетіліп)



Ақпа-

рат көзі


Өлш. бірл.

Оның ішінде, аралық мәні көрсетіліп

Есепті кезеңде

Жоспарлы кезеңде

2009 жыл

(есеп)


2010

жыл


(ағым-дағы жос-пар)

2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамту (2015 жылға – 83,2%)

Есеп

%

59

77,1

78

79

81,7

82,2

83,2

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері:

1.1.1 міндет. Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының желiсiн арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту



Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Ақпа-

рат көзі


Өлш. бірл.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)


2010

жыл


(ағым-дағы жос-пары)

2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Пайдалануға берілген мектепке дейінгі ұйымдардың олардың жалпы санындағы үлесі

Есеп

%

1,2

20,8

2,5

1,1

1,1

2,2

1,7

2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жоқ елді мекендердің үлесі

Есеп

%

57,2

45

42

40,5

39

38,5

38

3. Топтарды толтыру орташа көрсеткіші

Есеп

адам

29

28

27

26

25

23

21

4. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің үлесі:

- мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің жалпы санындағы жоғары санаттылары

Есеп

%

8,1

9,2

7,1

7,3

7,5

7,7

8,0

- мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің жалпы санындағы бірінші санаттылары

Есеп

%

23,3

20,6

19,0

19,2

19,3

19,5

19,8

Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1.1 Мыналарды:

бұрын жекешелендірілген, жалға берілген ғимараттарды қайтару, бөлек тұрған ғимараттарды босату есебінен шағын-орталықтар, балабақшалар ашу, мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін өзге де үй жайларды бейімдеу, тұрғын-үй кешендерінің 1 қабаттарында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу, меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыру жолымен жеке меншік, отбасылық балабақшаларын ашуды ынталандыру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту;

республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен және жеке меншік инвестицияларды тарту есебінен тепе-теңдік шарттарда балабақшалар салу


Х

Х


Х

Х


Х

Х


Х

Х


Х

Х


1.2 «Балапан» бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мониторингі, оның ішінде үлгілік балабақшалар жанында ата-аналарға кеңес беру пункттерін ашу

Х

Х

Х

Х

Х

1.3 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын енгізу: «Балалық шақ», «Дарынды бала», «Ақылды бала», «Ақылым», «Отаным-Елім», «Ақ бұлақ»

Х

Х

Х

Х

Х



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет