Шығыс Қазақстан облыстық Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы



Дата25.06.2016
өлшемі300.98 Kb.
#157312


Шығыс Қазақстан облыстық

Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы


Восточно-Казахстанская областная Ассоциация молодежных и детских организаций


Студент әлеуметтік мәселе ретінде. Ақпараттық-әдістемелік бюллетень. – Өскемен, 2007. – 23 б.
«Әлеуметтік қызмет – девианттық мінез-құлықты жастарға арналған қайта бейімделу орталығының қызмет етуін қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы» жобасының аясында бюллетеннің шығарылуына мүмкіндік туды.

Бұл жерден сіз жастардың басқа топтарына қарағанда девиацияларға бейімділік дәрежесі жоғары болатын әлеуметтік санат ретінде, жоғарғы оқу орындарының студенттердің мінез-құлық ерекшеліктері туралы ақпаратты таба аласыз




ЖАУАПТЫ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУШЫ:

Негачева О.В. – «Әлеуметтік қызмет – девианттық мінез-құлықты жастарға арналған қайта бейімделу орталығының қызмет етуін қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы» жобасының үйлестірушісі.


«Қазақстан жастары Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің және

ҚР Білім және ғылым министрлігінің

Жастар саясаты департаментінің

қолдауымен



Шығыс Қазақстан облыстық

Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы

Восточно-Казахстанская областная Ассоциация молодежных и детских организаций


МАЗМҰНЫ


1

Алғы сөз


4 бет

2

Жоба туралы қысқаша


5 бет

3

Студенттер ерекше әлеуметтік топ ретінде


7 бет

4

«Қалыпты» студенттің портреті (Шығыс Қазақстан облысы жастарының құндылықтар бағытын зерттеу нәтижелерінен)


10 бет

5

Студенттермен жұмыс істеудің ерекшеліктері


19 бет

6

Глоссарий


21 бет

7

Алғыстар

23 бет



Алғы сөз

Қоғамдағы мінез-құлықты реттеудің негізі – сол уақыттың құндылықтар жүйесінен тұратын әлеуметтік нормалар болып табылады. Қазіргі уақытта өмірдің барлық саласында болып жатқан өзгерістер оның қалыптасқан негіздеріне сызат түсіреді. Бұл өзгерістер мәдениеттің, рухани өмірдің дамуына, ең алдымен, кері әсер етеді. Қазіргі қоғамға тән құндылықты-нормативті белгісіздік, өсіп келе жатқан іріткішіл девианттылық мәселесін зерттеудің өзектілігін арттырады.

Қоғам дамуының өтпелі кезеңдеріндегі анағұрлым күрделі жағдайға жастар душар болды. Өйткені олардың дүниетану жүйесі қалыптасу үрдісінде, ал өзгермелі әлеуметтік ортаның әлі ресімделіп үлгермеген құндылықтар жүйесі мінез-құлықтың қажетті бағдар бере алмайды. Бұл үрдістегі студент жастар алып отырған орнына байланысты әлеуметтік-мәдени өзгерістердің әлеуетті анағұрлым маңызды қозғалыс күші ретінде ерекше қызығушылық тудырады.

Студенттер жастардың анағұрлым серпінді, қабылдағыш бөлігі болып табылғандықтан, қоғамдағы кез келген өзгерістер оларға жылдам әсер етеді. Аталмыш әлеуметтік топтың адамгершілік күйі бойынша қоғам мен жастардың жағдайы туралы бүтіндей қарауға болады.

ҚЫСҚАША ЖОБА ТУРАЛЫ

«Әлеуметтік қызмет – девианттық мінез-құлықты жастарға арналған қайта бейімделу орталығының қызмет етуін қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы»


Жоба мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы жастарының құндылық бағыттарын зерттеу нәтижелерінің негізінде іріткішіл девианттық құбылыстарды азайту жөнінде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Міндеттері:

1. Әртүрлі санаттағы жастардың құндылықтар бағытын зерттеу.

2. Жас шығысқазақстандықтың әлеуметтік-псиохологиялық бейнесін жасау.

3. Іріткішіл девианттық құбылыстарды азайтуға (төмендетуге) бағытталған іс-шаралардың тиімділігі тұрғысынан «2006-08 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастары» бағдарламасына талдау жасау.

4. Әр түрлі санаттағы Шығыс Қазақстан облысы жастарында Іріткішіл девианттық құбылыстарды азайтуға арналған алдын-алу іс-шаралар кешенін әзірлеу.

5. Жастардың коммерциялық емес ұйымдарын сайыстар мен топтық пікірталастар өткізу арқылы алдын алу іс-шараларының кешенін жүзеге асыруға тарту.


Жобаның мақсаттық тобы:

  • Шығыс Қазақстан облысы жастарының үш санаты:

1. 14 жастан 17 жасқа дейінгі жоғарғы сынып оқушылары;

2. 14 жастан 18 жасқа дейінгі орта-кәсіптік оқу орындарының оқушылары;

3. 17 жастан 25 жасқа дейінгі жоо студенттері.


  • ШҚО аумағында әрекет ететін жастардың коммерциялық емес ұйымдары.


Алдыға қойған мақсат мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған қызметтердің түрлері:

Қызмет түрі

Олардың мазмұны

Сараптамалық қызмет

  • «Құндылықтар бағыты ШҚО жастарының іріткішіл девианттық әрекеттерінің байқалуларын төмендету құралы ретінде» атты әлеуметтік зерттеу

  • Іріткішіл девианттық құбылыстарды азайтуға (төмендетуге) бағытталған іс-шаралардың тиімділігі тұрғысынан «2006-08 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастары» бағдарламасын талдау

  • Жоба тиімділігін анықтау (таңдалған іс-шаралар түрі, жобаға тартылған КЕЖҰ жұмыстары және т.б.)

Тәжірибелік қызмет

  • Әр түрлі санаттағы Шығыс Қазақстан облысы жастарында Іріткішіл девианттық құбылыстарды азайтуға арналған алдын-алу іс-шаралар кешенін әзірлеу (жобаның сараптамалық кезеңінің нәтижелері негізінде)

  • Көктемгі мейірімділік аптасын өткізу

  • Жастардың коммерциялық емес ұйымдарын алдын алу іс-шараларының кешенін жүзеге асыруға тарту

  • Әр түрлі санаттағы Шығыс Қазақстан облысы жастарында Іріткішіл девианттық құбылыстарды азайтуға арналған алдын-алу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін сайыс өткізу

  • Пікірталастық алаңшалар өткізу:

– «Жастар әлеуметтік проблема ретінде»;

– «Жастардың девианттылығын түсіндіру және/немесе ақтау»;

– «Әлеуметтік айдарлар: дамуға ұмтылыс немесе құлдыруға түрткі ме?»;

– «Жастардың субмәдениеттері».



Ақпараттық-әдістемелік қызмет

  • Әдістемелік бюллетеньдердішығару:

– «Жоғарғы сынып оқушылары әлеуметтік проблема ретінде»;

– «Оқушылар әлеуметтік проблема ретінде»;

– «Студенттер әлеуметтік мәселе ретінде»;

– «ЖжБҰА-ақпар» – №8 (жоба бойынша қорытынды бюллетень).



  • «ЖжБҰА сұрақ-жауап түрінде» атты ақпараттық электрондық жіберілімдер (жоба бойынша қызмет туралы ай сайынғы есептер)

  • Жоба бойынша қызметтердің басылымдық және электрондық БАҚ жариялануы


Жобаның жүзеге асырылуынан күтілетін нәтижелер:

  • Жоба қатысушыларының күтілетін жалпы саны – 10 000 адамнан астам;

  • Зерттеудегі жауап берушілердің саны – 3 200 адам, олардың: жоғарғы сынып оқушылары – 1000, орта-кәсіптік оқу орындарының оқушылары – 1000, студенттер – 1 200;

  • «Құндылық бағыттар ШҚО жастарының іріткішіл девианттық әрекеттерінің байқалуларын төмендету құралы ретінде» атты зерттеудің және «2006-08 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастары» бағдарламасын талдау нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамалар дайындалды;

  • Жастар коммерциялық емес ұйымдарды тарту арқылы Шығыс Қазақстан облысы жастарының әр түрлі санаттарының іріткішіл девианттық құбылыстарын азайту үшін алдын алу іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;

  • ЖКЕҰ арналған байқау аясында 5 астам тапсырыстарға қолдау көрсетілді;

  • 50 астам ЖКЕҰ, ШҚО жастарының іріткішіл девианттық әрекеттер құбылысы мәселесімен айналысатын мекемелер мен ұйымдарды қамтыған 4 пікірталастық алаңшалар өткізілді;

  • Зерттелінген мәселе бойынша 550 әдістемелік бюллетень, 10 электрондық бриф-есептер шығарылып, таратылды.



СТУДЕНТТЕР

ЕРЕКШЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТОП РЕТІНДЕ

Студенттік жастардың, оның ішінде қалыптан ауытқығандарының мінез-құлығының ерекшеліктері төмендегі факторлардың әсер етуімен анықталады:



  1. жас мөлшері;

  2. транзитивтілік;

  3. өмір сүрудің әлеуметтік-мәдени ортасы;

  4. студенттік ұжымның ерекшелігі.

1. Әлеуметтік мәртебе тұрғысынан қарағанда, студенттік жас мөлшері (18-25 жас) – бұл өз бейімін қарқынды іздеу кезеңі, еңбек жолының басталуы, некеге отыру кезеңі. Психология тұрғысынан, студенттерге (барлық жастарға) пайымдаулардың максимализмі, өзгелердің пікірлеріне деген шыдамсыздық, үзілді-кесілді іс-әрекеттерге ұмтылыс, қабылдаудың асқан эмоционалдылығы тән. Көп жағдайда жастардың өмір сүру стилі, ойлауы - қалып, құндылықтар, мінез-құлық үлгілерін қалыптастыратын өзіндік субмәдениетінің болуымен анықталады. Студенттердің жас мөлшерлік сипаттамаларына әлеуметтенудің негізгі институттарының (мемлекет, отбасы, білім) тәрбие беру қызметі тиімділігінің төмендеуі, кері әсер деп айтуға болатын, БАҚ әсерінің күшеюі сияқты бір қатар ерекшеліктере ие әлеуметтенудің жалғаспалы үрдісін де жатқызуға болады.

2. Студенттердің транзитивтілігі мемлекет қамқорлығының енжар нысаны мен әлеуметтік әрекеттің белсенді қатысушысы арасындағы аралық жағдайымен байқалады. Студенттік жастардың «аралық» жағдайы мемлекет қарауындағы нысан бола тұра, қандай да бір тәуелсіздікті сезініп, жауапкершіліксіз түрде оны әртүрлі әрекеттері арқылы жүзеге асыруға тырысқандығымен байланысты девианттылықтың алғышарттарын тудырады. Тәуелсіздік пен жауапкершіліксіздіктің үйлесуі ауытқыған мінез-құлық тудырады.

3. Студенттер өмірінің әлеуметтік-мәдени ортасы көп жағдайда студенттердің білім беру жүйесіндегі басқа топтармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерімен анықталады. Құрылылым тұрғысынан қарастырғанда, студенттерді гуманитарлық және техникалық, бюджеттік және шарттық деп бөлуге болады. Бұл топтар үшін әртүрлі ұстанымдар, өмірлік басымдықтар, мінез-құлықтар тән болуы ықтимал. Сәйкесінше, девиациялардың таралу дәрежесі де, сондай-ақ олардың түрлері бұл топтар үшін сан алуан болып келеді. Студенттердің мінез-құлығын детерминациялайтын маңызды фактор – олардың өмір сүру орны. Бұған орай, қалалық жастардың мінез-құлығы ауылдан келген жастардың мінезінен айтарлықтай айрықшаланатын болады.

4. Студенттік ұжым шағын әлеуметтік ұйымдасқан топ болып табылады. Оның айырмашылық белгілері ретінде субъектілердің тығыз өзара әрекеттесуін, топтың әрбір мүшесінің мінез-құлығын жекелей анықтайтын ортақ нормаларға, құндылықтарға негізделген өзіндік даму серпінін жатқызуға болады. Сонымен қатар, студенттік топта ойы мен іс-әрекеті жалпыға ортақ қабылданған нормалар мен ережелерге қайшы келетін жеке тұлғалардың пайда болуы топтың қалған мүшелерінің арасында девианттық формалардың жедел таралуына әкелуінің ықтималдылығы жоғары.

Студенттер, басқа жастар сияқты, ең алдымен өз мүдессі арқылы бағдар жасайды. Олардың көпшілігі өз өзін ешнәрсемен шектемей өмір сүруді білдіретін, барлығымен қамтамасыздандырылған өмірге ұмтылады. Осыған байланысты, білім алуды – дипломға ие болудың, жоғары еңбекақы төленетін жұмысқа қол жеткізудің немесе әскер қатарына бармаудың амалына «айналу» бағыты байқалады.

Студенттердің девианттық мінез-құлығының жалпы себептері бар, бұл ең алдымен:

1. Әлеуметтік теңсіздік. Бұл бірінші кезекте жастардың төмен деңгейдегі өмірінен; қоғамның бай мен кедейге бөлінуінен; ақшаның құнсыздануы, жемқорлық және т.с.с. арқылы көрініс табады.

2. Девианттық мінез-құлықтың моральдық-әдептік факторы қоғамның төменгі моральдық-адамгершілік деңгейімен, руханисыздықпен, дүниеқұмарлық психологиясымен және тұлғаның жаттануымен байқалады. Нарықтық экономикалық қоғамның өмірі барлығы сатылатын және барлығы сатып алынатын, жұмыс күшін сату қатардағы құбылыс болып табылатын базарды еске салады. Сананың құлдырауы мен төмендеуі жаппай маскүнемдіктен, қайыршылықтан, нашақорлықтың таралуынан, «сатылатын» махаббаттан, зорлық-зомбылық пен қылмыс бұзушылықтардың өршуінен көрініс табады.

3. Девианттық мінез-құлыққа бейтарап қарайтын қоршаған орта. Жас девианттардың көпшілігі қолайсыз отбасылардан шыққан. Отбасындағы өмір сүру мен тәрбиенің қолайсыз жағдайлары, білім игерудегі қиындықтар және осыған байланысты оқудағы сәтсіздіктер, айналасындағылармен қарым-қатынас құра алмаушылық және осы негізде туындаған кикілжіңдер, денсаулық жағдайындағы әртүрлі ауытқушылықтар, әдетте, рухтың дағдарысына, өмір сүру мәнінің жоғалуына әкеп соғады.

Студенттік ортада жүргізілген бірқатар зерттеулер бойынша алкогольді ішімдіктерді шамадан артық пайдалану кең тараған. Мұндай девиацияның басым бөлігіне ауылдық жерлерден келген студенттер (қала жастарының өкілдерімен салыстырғанда), әсіресе, студенттік жатақханаларда тұратындары бейім. Студенттердің көпшілігі спирттік ішімдіктері пайдаланудың негізгі факторы ретінде компанияны атайды, бұл зерттелініп отырған әлеуметтік топтың психологиялық-жас мөлшерлік ерекшеліктерінің салдары екендігі қисынды.

Студенттік жастардың арасында таралуы бойынша екінші орында делинквентті мінез-құлық тұр: ұрлық, рэкет және т.б. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, студенттердің заңға қарсы мінез-құлығы олардың әлеуметтік мәдени ортасы мен кіріс деңгейімен анықталады. Студенттердің мінез-құлығына ортаның әсер етуі қала өкілдері ауылдылықтармен салыстырғанда, анағұрлым агрессивті, ұрлықтан кет әрі емес. Олардың арасында «басқаша оған жеткізуге болмайды» деп, адамды соққыға жығудан тайынбайтындар екі есеге жиі кездеседі.

Қазіргі заманғы студент жастарының өзіндік девиациялар құрылымынан дәрістерге даярлықтың тұрақсыздығын, өтелмеген сабақтардың болуын, емтихан мен сынақтардың ақылы тапсырылуын, оқытушыларға деген дөрекіліктерін атап өтуге болады. Студенттердің басым көпшілігі жоо-дағы өзіндік девиацияларға емтиханда шпаргалкалардың қолданылуын, дәрістер барысында ұялы телефонды пайдаланылуын жатқызды. Бұл құбылыстар біртіндеп девиациядан қалыпқа айналғанын көрсетеді.

Зерттеу барысында студенттердің өзіндік девиациялары жастардың жоғарғы білімге деген көзқарасымен анықталатындығы белгіленді. Бұған топтардағы оқу үлгерімі төмен студенттердің (бозбалалардың) көпшілігін әскер қатарынан құтылудың амалымен жоо-да білім алып жүрген жауап берушілер құрағандығы дәлел бола алады. Сондай-ақ білім алуды өзін-өзі жетілдіру мен қызмет сатысы бойынша табысқа жету мүмкіндігі ретінде қараған студенттердің, оқу үрдісінде девиацияларға анағұрлым бейімділігі төмен. Әдетте, олар тек диплом үшін ғана жоо-на түскен студенттерге қарағанда, оқуды «өте қызық» деп сипаттайды. Студенттердің өздері әріптестерінің оқу үлгерімінің төмендігін (емтихандар мен сынақтардың ақылы болуын) олардың жалқаулығымен, жауапкершіліксіздігімен, білімге құштарлықтарының жоқтығымен түсіндіреді. Жекелеген жастар оқуға деген жеңіл қарым-қатынасын ата-анасының оқуға мәжбүрлеуімен және балаларының қаперсіз уақыт өткізуі үшін материалдық қаржыландыруымен байланыстырады. Студенттердің оқу үрдісіндегі мінез-құлығы оларға жоғары білімнің маңыздылығымен тығыз байланысты екендігі туралы тұжырымдауға болады. Осылайша, жоо-дағы девиациялардың іріткішіл табиғатымен күрес барысында «қарапайымнан» - әлеуетті студенттер – абитуринеттердің, колледждер мен кәсіптік мектеп оқуышларының арасында жоғарғы білім алу мәртебесін арттырудан бастаған жөн.


«Қалыпты» студенттің

ПОРТРЕТІ

(Шығыс Қазақстан облысы жастарының

құндылықтар бағытын зерттеу нәтижелерінен)

Зерттеуге жауап берушілер ретінде 1 200 студент (облыс студенттерінің негізгі жиынтығы 54 840 өкілді құрайды) қатысты. 4 ірі жоғарғы оқу орны қамтылды – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан мемлекеттік заң университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.

Алғашқы талдау барысында жауап берушілерге ұсынылған барлық құндылықтар анықталып, белгіленді. Егер зерттеу нәтижелерін әлеуметтік санаттарға бөлмей бүтіндей қарастырсақ, рейтинг келесі түрде болады:

Сурет 1. Шығыс Қазақстан облысы жастары мен жасөспірімдерінің құндылықтарының жалпы рейтингтік үлесі (пайызбен)

Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы жастарын ең алдымен денсаулық пен отбасы толғандырады. Одан кейін шамалы айырмашылықпен білім, достық, махаббат және ақша орын алған. Жауап берушілердің көпшілігі денсаулықты «Адам ағзасының жақсы физиологиялық және психологиялық күйі» деп анықтаған. «Отбасы» ұғымы бойынша пікірлер бөлініп кеткен. 45% үшін бұл – ата-ана, 25% үшін – күйеуі немесе әйелі және өзінің балалары (бұл 25%-дың басым көпшілігі – бойжеткендер), 15% «отбасы – қоғам ұяшығы» атты стандартты анықтама берген, қалған 15% бұл ұғыммен өзінің қоршаған ортасын: туыстарын, достарын, тіпті жай таныстарын балаған.

Бізді қызықтыратын санат – студенттердің құндылықтарын қарастырайық.

Кесте 1. Құндылықтардың жалпы рейтингтік үлесі (ұпаймен)


Құндылықтар тізімі

Санат

Студенттер

Денсаулық

355 (1 орын)

Отбасы

266 (3 орын)

Махаббат

218 (4 орын)

Достық

215 (5 орын)

Ақша

273 (2 орын)

Білім

182 (7 орын)

Қызмет, мансап

203 (6 орын)

Беделдік

26 (10 орын)

Шығармашылық

4 (13 орын)

Дербестік

96 (8 орын)

Имидж

44 (9 орын)

Қауіпсіздік

8 (12 орын)

Белсенді өмір

25 (11 орын)

Студент жастардың құндылықтар ұстанымы зерттеуге қатысқан басқа санаттардан ерекшеленеді. Ерекше атап көрстетін жайт, бұл «Ақша» тармағы студенттер рейтингісінде екінші орында тұрса, ал оқушылар бұл құндылыққты тек 7 орынға қойған еді. Бұл қазіргі уақытта жоо-да білім алу үлкен қаржылық шығындарды (оқу төлемі, баспана, әдебиет сатып алу және т.б.) талап ететіндігімен байланысты. Сонымен қатар, студенттер үшін қалыпты достық және отбасылық қарым-қатынасты құру, материалдық игіілктерге қол жеткізгеннен кейін ғана тұрады. Осылайша, жоо-да білім алатын жастардың құндылықтар жүйесі қол жеткізу механизмдер тұрғысынан, ерекше қарастыруды талап етеді (қол жеткізу механизмдерінің талдауын төменнен қараңыз).

Зерттеу тұжырымдамасында мәлімделгендей, нәтижелер гендерлік аспектіні есепке ала отырып талданған.



Кесте 2. Гендерлік аспектіні есепке ала отырып, Шығыс Қазақстан облысы жастары мен жасөспірімдерінің құндылықтарының рейтингтік үлесі (ұпаймен).


Құндылықтар тізімі


Санат

бойжеткендер

бозбалалар

Денсаулық

1095 (1 орын)

661 (1 орын)

Отбасы

847 (2 орын)

482 (2 орын)

Махаббат

316 (4 орын)

231 (6 орын)

Достық

269 (6 орын)

319 (3 орын)

Ақша

246 (7 орын)

274 (5 орын)

Білім

493 (3 орын)

293 (4 орын)

Қызмет, мансап

288 (5 орын)

182 (7 орын)

Беделдік

45

56

Шығармашылық

13

9

Дербестік

84

73

Имидж

15

36

Қауіпсіздік

12

10

Белсенді өмір

38

16

Алдыңғы кестелер мен кескіндердегі сияқты, мұнда да рейтингтің бірінші және екінші орындарын «Денсаулық» және «Отбасы» алып тұр (ескере кететін жайт, басқа құндылықтардан ұпай айырмашылығы айтарлықтай). Жоғарыда көрсетілгендей, бозбалалар мен бойжеткендер үшін «Отбасы» ұғымы өзгеше: біріншілері үшін бұл ата-анасы, ал екіншілері үшін - өз отбасысы, яғни жұбайы және балалары. Сәйкесінше, бойжеткендер анағұрлым дербес, отбасы қарым-қатынастарын құруға дайын деп ұйғаруға болады.

Рейтинг бойынша келесісі – мұнда тағы пікірлердің алуандығы орын алады: «Достық» пен «Ақша» көпшілік бозбалалар үшін құндылық болып табылса, ал «Махаббат» пен «Қызмет, мансап» - бойжеткендер үшін. Жауап берушілердің көпшілігі ақшаны өмірлік мақсаттарға жету құралы ретінде, достықты – қолдау мен өзара жәрдемдесу, қызмет, мансапты – қызметі бойынша өсу мүмкіндігі бар, сондай-ақ ол үшін ақша төлейтін сүйікті іс ретінде анықтады. Оқушылары үшін махаббат – сыйласымдық, өзара түсінушілік және кез келген жағдайда қолдау көрсету, Құндылықтардың жалпы бейнесін №2 суреттен аңғаруға болады.



Сурет 2. Гендерлік аспектіні есепке ала отырып, Шығыс Қазақстан облысы жастары мен жасөспірімдерінің құндылықтарының рейтингтік үлесі (пайызбен).



Сонымен, біздің зерттеуіміздің екінші кезеңінде мақсат, ұстаным болып табылатынға қалайша қол жеткізуге болатындығы туралы сауалға берілген жауаптарға талдау жасалды. Бұл талдау анықтама тұрғысынан да қажет болды – жауап берушілер ең алдымен, өз денсаулығы үшін қалай күреспекші (және әрі қарай рейтинг бойынша...), бұл жағдайда олар дербестіктерін көрсетуді жоспарлай ма, әлде үшінші тұлғаларды (көмек күту) тарта ма , сәтсіздік болған жағдайда сындарлы қарай ма, әлде олардан іріткішіл девиациялар күту керек пе?

Талдау үшін біз жауап берушілердің негізгі екі құндылығы – денсаулық пен отбасыны таңдадық. «Денсаулық» құндылығына жету механизмдерін 3-суреттен көруге болады.

Сурет 3. «Денсаулық» құндылығына жетудің негізгі механизмдері (пайызбен).

Дәрігерлік көмек дегеніміз:



  • дәрігерлергер, ауруханаға тұрақты қаралу (кемінде жылына бір рет),

  • науқастанған жағдайда кәсіби көмек алу (яғни өзін-өзі емдеумен айналыспау).

СӨС (салауатты өмір салты) – бұл ұғымға көлемді ақпарат енгізілген:

  • зиянды әдеттерден аулақ болу,

  • жеке бас гигиенасы,

  • белсенді демалыс,

  • шынығу және т.с.с.

Жауап берушілердің көпшілігі салауатты өмір салтына дұрыс тамақтану сияқты құрауышын жатқызды. Бұл сұрақ студенттерді ерекше толғандырады, өйткені оқу үрдісі жастардың күн тәртібіне және тамақтануына өзгеріс енгізеді. Студенттердің көпшілігі үшінші курсқа қарай, емделуі айтарлықтай қаржылық шығындарды талап ететін асқорыту және ішек жолдарының науқастарына шалдығады. Өкінішке орай, мұндай студенттердің саны жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, «зиянды әдеттерден аулақ болу» тұжырымы арқылы жауап берушілердің бұл әдеттер денсаулыққа зиян келтіретінін, бұзатынын тамаша түсінетінін білеміз. Жастар оң өзгерістерге дайын, бұл жағдайда оларды қолдап, салауатты өмір салтымен сүруге барлық қажет жағдай жасау керек.

«Денсаулық» құндылығына жету механизмдері ретінде спортқа жауап берушілердің көпшіілк даусы берілген. Мұнда спорт туралы айтқанда, кәсіби емес, әуесқой – спорттық секциялардағы сабақтар (көпшілігі өзім үшін деп көрсеткен), достарымен деп көрсеткен.

«Денсаулық» құндылығына жету механизмдері ретінде спорт және салауатты өмір салтын көрсетіп, емдеуге емес, алдын алуға ықылас білдірген. Бұл ШҚО жастарының денсаулыққа дер кезінде көңіл бөлетіндігін білдіреді.

Егер жауап берушілердің жауаптарын құндылықтарға жету үшін ішкі және сыртқы мотивациялар тұрғысынан талдайтын болса, әрине, ішкісі - 82% басым түседі.

Бұл жастардың орта есеппен алғанда 18% ғана денсаулығы болуына енжар ұмтылыспен қарайтынын байқатады, олар дәрігерлер көмегіне, экологиялық жағдайдың жақсаруына және т.б. сүйенеді. Өз кезегінде, аталмыш көрсеткіштер осы 18% іріткішіл девиацияларға бейім екендігін білдіруі мүмкін, өйткені қарастырылып отырған құндылық ұстанымына қол жеткізуге деген ішкі мүдделілік байқалмайды. Қалған 82%, керісінше, сындарлы және бейтарап девиацияларға бейім, яғни денсаулыққа қол жеткізу кезінде сәтсіздікке ұшырайтын болса, басқаны (үшінші тарапты) кінәламайды, бұл жағдайды өз бетімен шешуге әрекеттенеді.

Келесі құндылық – отбасы. Бұл құндылыққа қол жеткізу механизмдерін 4-суреттен көруге болады.



Сурет 4. «Отбасы» құндылығына жетудің негізгі механизмдері (пайызбен).

Негізгі ұғымдардың түсіндірілуін ұсынамыз (жауап берушілердің пікірі бойынша):



  • сыйласымдық – барлық отбасы мүшелерінің бір-бірін, кішілердің үлкендерді сыйлауы.

  • қолдау – отағасының кез келген бастамаларда басқалардан қолдау көруі.

  • сенім – отбасында оң жағдай болу үшін қажетті шарт.

  • ымыра – барлық тараптардың пікірін тыңдап, барлық мүдделерді ескере отырып, кез келген отбасылық шиленістерден шығуға мүмкіндік беретін құрал.

  • түсінушілік – бір бірінің қателігіне жылы шыраймен қарау.

Бірнеше сауалнамаларда елдің экологиялық және ішкі саяси жағдайының отбасылық қарым-қатынасқа ықпалы туралы көрсетілген. Бұл дерек жауап берушілердің елдегі реформалар туралы хабардар болып, оларды талқылауға қатысатын, азаматтық белсенді тұлғалар ретінде сипаттайды.

Студенттер үшін отбасыға әсер ететін аспект ретінде неке (оның ішінде азаматтық неке), махаббат сияқты ұғымдарға жауапкершілік (жауапты қарым-қатынас) маңызды орында.

Егер «Отбасы» құндылығына қол жеткізу механизмдерін жалпы қарайтын болсақ, олардың барлығы ішкі мотивациялық сипатта, яғни жауап берушілер толыққанды сау отбасы құру - әр адамның ісі және отбасы қатынастары қалай өрбитіндігі, мәселелер мен қайшылықтар қалай шешілетіндігі тек сол адамның өзіне ғана байланысты екендігін тамаша түсінеді. Ауытқыған мінез-құлық жағдайында аталмыш құндылыққа жету жолында, жалпы алғанда, девиациялар сындарлы сипатта болады.

Ерекше назарды біз «Ақша» деген құндылыққа аударуды жөн санадық, өйткені зерттеуіміздің басында бұл ұстанымға қатысты жауап берушілердің мотивация сипаты туралы сауалдар пайда болған еді.

«Ақша» құндылығына қол жеткізу механизмдерін 5-суреттен көруге болады.

Сурет 5. «Ақша» құндылығына жетудің негізгі механизмдері (пайызбен).

Басым механизм – бұл білім алу. Мұнда жоғары білім алуға ерекше назар аударылған, жауап берушілердің пікірінше, тек жоо-ның дипломы жалақысы жоғары қызметке орналасуға мүмкіндік береді және тұрақты материалдық игілікті қамтамасыз етеді.

5-суретте бейнеленген ақпарат бойынша, аталмыш құндылыққа жету мотивациясы тек ішкі ғана болады, жауап берушілер үшінші тараптың кірісуін күтпейді, өз бетімен қаржылық мәселелерін шешеді.

Зерттеуді қорытындылай отырып, жалпы алғанда жауап берушілердің өз болашағына деген көзқарасы оң екендігін атап өткен дұрыс. Жастар өз бетімен шешім қабылдап, оларға жауапкершілікпен қарауға дайын. Әрбір жас мөлшерлік және әлеуметтік-мәдениеттік санатқа белгілі бір құндылықтар бағыты өзекті болып табылады және адамның басқа топқа өтуі арқылы, олар да өзгеріп отырады. Бұл жастар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлығының мәселесін шешу амалы ретінде бөлшекті көзқарастың қажеттілігін білдіреді.



Жауап берушілердің түсініктемелерінің талдауы көрсеткендей, іріткішіл девиацияларды азайту үшін оларға өздерінің құндылықтар ұстанымына қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау қажет. Дәлірек айтсақ:

  • Салауатты өмір салтын насихаттауға қатысты ақпараттық материалдарды (бюллетеньдерді, жинақтарды, журналдарды) әзірлеу және шығару.

Жауап берушілер үшін өзекті болып табылатын тақырыптар: «Дұрыс тамақтану», «Біртіндеп зиян әдеттен қалайша арылуға болады», «Белсенді демалыс», «Стреспен және күйзеліспен қалай күресуге болады» және т.б.

  • Спорт ғимараттарына, секцияларына, клубтарға қатынасу ақысын төмендету (жеңілдіктер көрсету).

Бұл тармақ ерекше назарды қажет етеді, өйткені ол 2004 жылдың 7 шілдесінің № 581-ІІ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда заңмен бекітілген. Бұл тармақтың жүзеге асырылуын мемлекеттік деңгейде регламентациялайтын құжат әзірлеу қажет.

  • Денсаулық сақтау мекемелерінде жеңілдікпен қабылдау және емдеу.

Бұл аспект те «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында бекітілген. Сәйкесінше, жастардың оны жүзеге асыруға барлық құқығы бар.

  • «Жас отбасы» және сол сияқты байқаулар өткізу.

Мұндай байқаулардың жүлдесі ретінде жеңілдікті баспана, жас жұбайларға арналған стипендиялы бағдарламалар тағайындалуы мүмкін.

  • Жастардың бұқаралық ақпарат құралдарын құру.

Жастар телеарнасы жастар саясаты саласында болып жатқан жағдайларды жариялайтын құрал болып қана табылмайды, сонымен қатар жас кәсіби мамандарға – журналисттерге, репортерлерге, режиссерлерге, менеджерлерге, PR-шыларға, операторларға және т.б. бастамалық алаң болады. Сондай-ақ бұл жоғарғы сынып оқушыларына, студенттерге арналған көптеген жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл жастар радиосын жасауға да қатысты.

  • Шетел кәсіби мамандарын шебер-класс көрсетуге шақыру (оқу орындарға).

Әр жастың шетел немесе халықаралық компанияларда тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бола бермейді. Бұл үрдіске жастардың көпшілігін тарту үшін, қазақстандық оқу орындарына тәжірибемен, қазіргі заман технологияларымен және т.б. алмасу үшін кәсіби мамандарды шақыру қажет.

  • Алкогольден, психотропты заттардан, дәрілерден тәуелділікті емдеумен айналысатын наркологиялық және өзге мекемелерге; түзеу мекемелеріне міндетті түрде экскурсиялар жүргізу.

Әсіресе бұл шара жоғарғы сынып оқушыларына өте пайдалы, өйткені 14-18 жастағы жасөспірімдер өте әсерленгіш және бұл деректі жастардың, соңында бой үйрену мен тәуелдікке алып келетін, әр түрлі заттарды пайдаланып «көру» әркеттер санын азайту тәсілі ретінде пайдалануға болады, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттерге қатыспас бұрын, ойлануға мәжбүрлейді.

  • Оң мысалдар.

Жастар ортасында іріткішіл девиациялардың артуына әкелетін негізгі себептердің бірі ретінде, сарапшылар* мақсаттық тобымыздың жұлдыздарының теріс мінез-құлық, тәртібін анықтады.

Оң мінез-құлық, тәртіп мысалын, өмірлік ұстанымдарды насихаттау үшін (қазақстандық және шетелдік теледидар, эстрада, кино және т.б.) жұлдыздардың қатысуымен бір қатар акциялар өткізу қажет.

* – жобадағы сарапшылар ретінде девианттық және делинквентті жастармен жұмыс істейтін мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, жастар ортасында барлық девианттық құбылыстарды азайту тәсілдері мен шаралары бір кешенде болса және бұл іске мемлекеттік құрылымдардың, арнаулы мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін ғана емес, сондай-ақ тікелей жастардың өздерін қосқан тиімді болатындығын атап өткіміз келеді. Жастарды жай үрдіске қатысушы ғана емес, таңдау құқығы бар толыққанды мүше ретінде араластырған дұрыс. «Тең-теңге» ұстанымы бойынша жұмыс істей отырып, «тәлімгер-шәкірт»-ке қарағанда айтарлықтай нәтижелерге жетуге болады. Бұл жастарды себептілікке итермелеп, олар өдерін ортақ нәтиже үшін жауапты екендіктерін сезеді.





СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Девиацияларға бейім студенттермен жұмыстың негізгі ерекшелігі әлеуметтік бақылаудың жүзеге асырылуы болып табылады. Бір қатар зерттеушілердің пікірі бойынша, өтпелі қоғамдағы әлеуметтік бақылау факторлары төмендегідей:

1. Әлеуметтік бақылаудың тәсілдері мен құралдары девианттық мінез-құлықтың нақты түрлеріне қатысты адекватты болуы тиіс. Әлеуметтік бақылаудың негізгі құралы «қалыпты емес» мінез-құлыққа бейім тұлғалардың әртүрі қажеттіліктері мен мүдделерінің қанағаттандырылуы болып табылуы тиіс. Осылайша, студенттік ортадағы ғылыми, техникалық және т.б. шығармашылық түрлері құқыққа қарсы және арсыз мінез-құлыққа балама формалары ретінде болуы мүмкін.

2. Ықпал етудің репрессиялық іс-шараларды айтарлықтай азайту. Бостандықтан айыру тұлғаны әлеуметтік және адамгершіліктік құлдырауға душар етеді және ықпал етудің ең ауыр түрі ретінде қолданылуы мүмкін. Сәйкесінше, жас құқық бұзушыларға қатысты бостандықтан айыру мерзімдерін азайту, үкімнің орындалуын шегеру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және ең бастысы – қамауда ұстау жағдайларын өзгерту рауалы болып табылады.

3. Мемлекеттік, қоғамдық, қайырымдылық және өзге құрылымдық сатылардан тұратын әлеуметтік көмектің икемді және тармақталған жүйесін құру. Бұл орайда «өзіне өзі көмектесу» ұстанымына негізделген қоғамдық ұйымдар (анонимді маскүнемдер, нашақорлар немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босап келгендердің топтары) жақсы жетістіктермен қызмет етуде.

Студенттердің мінез-құлығын әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру мақсаты үшін, әлеуметтанушылар жоо-дағы девианттылықтың алдын алу мен түзеудің бірқатар тәсілдерін ұсынады.

Бірінші тәсіл бойынша студенттердің құқықтық және азаматтық әлеуметтенулері үшін оңтайлы жағдайлар жасау керек, яғни жоо-дағы тәрбиелік және алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет. Бұл жұмыстың басым бағыты ретінде олардың бос уақытын және «екінші қызметін» ұйымдастырудан, кәсіби өзін-зі анықтайдан тұратын, әртүрлі девианттық мінез-құлықтың алдын алу жүйесін құру болып табылуы мүмкін. Мұнда маңызды аспект ретінде студенттердің құндылықтар бағытына әсер ету арқылы девианттылықтың пайда болу себептерінен бұрын ықпал ету танылады. Осыған байланысты студенттік жастарды аталмыш әлеуметтік топтың жақсы қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретіндей, сан алуан әлеуметтік акцияларға, қайырымдылық шараларына тарту өзекті мәселе болып табылады.

Студенттік ортадағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу мен түзетудің екніші тәсілі жоғарғы оқу орындарындағы әлеуметтік нормалар мен санкциялардың жетілдірілуімен байланысты. Әдетте, мұнда әлеуметтік бақылау «қатаң» институциялық формалар (емтихандар, сынақтар, сабаққа қатысуды есепке алуды жүргізу) көмегімен жүзеге асырылады және кері әсерлі санкциялардың (сөгіс жариялау, оқудан шығару туралы ескерту) қолданылуы көзделеді. Әлеуметтік бақылауды жетілдіру мақсатында кері әсерлі санкциялардан оқуға деген ынтасын оятып, өзін өзі бақылаудың дамуына ықпал ететін және осы арқылы девиациялардың пайда болуына кедергі болатын, оң әсерлі санкцияларға (материалдық ынталандыру, алғыстар) қайта бағдарлану ұсынылады.

Үшінші тәсіл бойынша жоо әкімшілігінің барлық деңгейлерінің жауапкершілігін арттыруды жөн санайды. Бұл ЖОО-дағы көптеген нормалар мен ережелерді белгілейтін, олардың сақталуын бақылайтын, олардың орындалмағаны үшін санкциялар енгізетін әкімшіліктің өзіндік қызметіне байланысты. Ақыр соңында бұл құрылым жоо-дағы білім беру деңгейін қадағалайды, студенттердің мінез-құлығын бағалайды және олардың тәрбиелік, білімдік және мәдени жетілуіне жауапты.

Осылайша, жоо-дағы әлеуметтік бақылауды тәрбие беру және алдын алу ісін оңтайландырудан, әлеуметтік нормалар мен санкцияларды жетілдіруден, студенттердің өзін өзі бақылауын дамытудан және әкімшіліктің жауапкершілігін арттырудан тұратын, бірегей кешендік үрдіс ретінде қарастырған жөн*.



* – электрондық және баспалық БАҚ материалдары қолданылды.

ГЛОССАРИЙ

терминдер сөздігі


БЕЙІМДЕЛУ – жүйенің сыртқы және ішкі орта жағдайларына икемделу үрдісі.

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ – жеке тұлғаның әр түрлі әлеуметтік құралдардың көмегімен өзгерген ортаға белсенді түрде бейімделу үрдісі.

МАСКҮНЕМДІК – спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдалану нәтижесінде дамитын созылмалы дерт, ол алкогольден физиологиялық және психологиялық тәуелділік арқылы білініп, тұлғының әлеуметтік және психологиялық құлдырауына әкеледі.

АНОМИЯ – қоғамның құндылықты-нормативті жүйесіндегі бұзылушылықтардың әр түрін білдіретін термин.

ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – қандай да бір қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қайшы келетін (ауытқитын) әрекеттердің жасалуы.

ДЕВИАНТТЫЛЫҚ – әлеуметтік құбылыс, бұл қоғамда ресми белгіленген немесе іс жүзінде қалыптасқан ережелерге сай келмейтін адам қызметінің көпшілік және тұрақты формаларына қатысты байқалады.

ДЕЛИНКВЕНТТІК СУБМӘДЕНИЕТ – девианттық мінез-құлықты түсіндіру барысында қолданылатын ұғым, ол девианттық мәдениет – жекелей алғанда жастар тобымен азшылдардың кері позицияда және депривацияда байқалатын әлеуметтік әсердің қалыптасуын көрсетеді.

ДЕЛИНКВЕНТТІК – (құқық бұзушылық) бұл термин қарапайым тентектіктен ұрлық сияқты қылмыстық әрекеттерге дейінгі құқықтық және әлеуметтік нормалардың әр түрлі бұзылуларын қамтиды.

ДЕПРИВАЦИЯ – әлеуметтік игіліктерге қатынасудың теңсіздігі.

МАРГИНАЛДЫҚ – мәдениет аралық байланыстар, әлеуметтік және технологиялық ығысулар және т.б. факторлар ықпалымен нормативті-құндылықтар жүйесінің босаңсуы нәтижесінде пайда болатын, тұрақты әлеуметтік құбылыстарға қатысты сипаттама.

НАШАҚОРЛЫҚ – медицинеада – дерт, әлеуметтануда – ауытқыған мінез-құлық түрі.

БЕЙТАРАПТАНДЫРУ – девианттық мінез-құлықты жалғастыруға мүмкіндік беретін жауапты реакция. Девианттық әрекеттер жасайтын адамдар, көп жағдайда жауапкершіліктен бас тарту, келтіірлегн залалдан бас тарту, жәбірленушіні айыптау және бұл девианттық әрекетті айыптаушыларды сынау сияқты тәсілдер (техникалар) көмегімен өзінің кінәсін бейтараптандыруға тырысады.

ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР – әлеуметтік әрекетке жалпы көрсеткіш болып табылатын тиісті мінез-құлықты күту; жеке тұлғалар мен топтарды әлеуметтік реттеу құралдары.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері.

АУЫТҚЫҒАН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – топтағы, қоғамдағы жеке тұлғаның немесе тұлағалар санатының (девианттардың және делинквенттердің, яғни бұзушылар мен құқық бұзушылардың) мінез-құлқының қарсы ұйымдастырылу формасы, бұл қоғамның моральдық және құқықтық талаптарына орай күтілетін жайттарға сәйкессіздікті аңғартады.

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ, ПРОБЛЕМА – субъектілермен (жеке тұлғалармен, топтармен және т.б.) сезілетін әлеуметтік қайшылық, бұл олар үшін маңызыд болып табылатын, бар мен болуы тиіс нәрсенің, қызмет нәтижелері арасындағы сәйкессіздік, ол мақсатқа жетуге арналған құралдардың жеткіліксіздігінен немес болмауынан, осы жолдағы кедергілерден, әр түрлі қызмет субъектілерінің мақсаттары арасындағы күрестен пайда болып, әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылмағандығына әкеледі.

ӘЛЕУМЕТТІК САНКЦИЯЛАР – қоғамның, әлеуметтік топтың интеграциялануы , оның мүшелерінің әлеуметтенуі қызметін атқаратын және соңғыларына нақты әлеуметтік әрекеттерді қолданатын әлеуметтік бақылаудың оперативті құралдары.

ӘЛЕУМЕТТЕНУ – тұлғаның қалыптасуы, жеке тұлғаның құндылықтарды, ережелерді, ұстанымдарды, сол қоғамға, әлеуметтік қоғамдастыққа, топқа тән мінез-құлық үлгілерін үйрену және меңгеру үрдісі.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ – бұл зерттелінетін әр түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және т.б. қоғамда болып жатқан құбылыстар туралы жаңа мәліметтер алу мүмкіндігін беретін теориялық және тәжірибелік процедуралардың жүйесі. Әлеуметтік зерттеулер жүргізу объективті себептермен туады, әдетте, ол дамудың анағұрлым сәйкес күйіне басқару нысанын айналдыруға бағытталған, басқару шешімдерін қабылдау қажеттілігімен байланысты.

ӘЛЕУМЕТТІК ҮЛГІ – аса тұрақты, қандай да бір әлеуметтік нысан (адам, топ , құбылыс) туралы сызбаланған көрініс.

СУБМӘДЕНИЕТ – қандай да бір әлеуметтік немесе демографиялық топтың мәдениеті, құндылықтар, ұстанымдар, әлеуметтік топтың, бүтін бір қоғам немесе ұйымның құрамдас бөлігінің өмірлік стилі мен мінез-құлығының тәсілдерінің жүйесі.

«АЙДАР ТАҒУ» ТЕОРИЯСЫ – мағынасы келесідей: девианттылық - қоғам мүшелері тарапының айыптаулары және әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру нәтижесі болып табылады.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР – адами мәдениетпен қалыптастырылған және қоғамдық сананың өнімі болып табылатын адамгершілік және эстетикалық талаптары.

ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ – тұлғаның өмірлік мақсаттары және осы мақсаттарға жетудің негізгі құралдары болып табылатын және осының әсерінен жеке тұлғалардың әлеуметтік мінез-құлықтардың маңызды реттегіштері қызметіне ие, әлеуметтік құндылықтар.

АЛҒЫСТАР

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы «Әлеуметтік қызмет – девианттық мінез-құлықты жастарға арналған қайта бейімделу орталығының қызмет етуін қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы» атты жобаның жүзеге асырылуына ат салысқандардың барлығына алғыс білдіреді:



  • Қазақстан жастар конгресі;

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департментіне және жеке Утешев Нұрлан Сүлейменұлына түсіністігі мен қолдау көрсеткені үшін;

  • ШҚО Азаматтық альянсына және Талдау және болжау институтына;

  • Жоба қатысушыларына, сарапшыларға.


Біздің байланыс көздеріміз:

070000, Қазақстан Республикасы

Өскемен

Қ. Қайсенов к-сі 121 (екінші қабат)



Шығыс Қазақстан облыстық

Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы

+7 (7232) 57-00-94

+7 (7232) 57-01-65



+7 777 578 41 07 (Ольга Негачева)

biruza7@mail.ru







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет