Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы



Дата30.06.2016
өлшемі24.19 Kb.
#167990

жоба


Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

1) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3312, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Дидар» газетінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 56, «Рудный Алтай» газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 56 сандарында жарияланды):

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларында:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін айқындайды.»;

2) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/220-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3317, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Дидар» газетінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58, «Рудный Алтай» газетінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 59 сандарында жарияланды):

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларында:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендетудің осы қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін айқындайды.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы А. Уразов
Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы Г. Пинчук



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет