ШЫҒыс халықтарының мақал-мәтелдері құрастырып, аударған Нұртас Оңдасынов



бет7/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#124435
1   2   3   4   5   6   7   8

Көрпеңе қарай өкшеңді шығар.
Аз асым, өз басым.
Бір қолтыққа екі қарбыз сыймайды.
Даяр асқа аспазшы.
Алтын жолда жатпас,

Жақсылық ұйыққа батпас.


Елге қосылсаң — ер боларсың,

Елден ажырасаң — жер боларсың.


Жарымес — ұятқа жарымас.
Есімі бар, егесі жоқ.
Жаман ұрықтан жақсы жеміс күтпе.
Ақымақ ақымақ емес,

Оны ақымақ қылған — ақымақ.


Көзден ары —

көңілден тысқары.


Ителгі — қаршығаның серігі.
Жігітке жетпіс өнер де аз.
Сөзді ұққанға сөйле,

Түйеге жантақ керек болса, мойнын созар.


Көршің тыныш —

Көңлің тыныш.


Арқанның ұзыны жақсы,

Әңгіменің қысқасы жақсы.


Өзіңді ер санасаң —

Өзгені арыстанға бала.


Соқыр таяғын бір-ақ рет жоғалтар.
Қазанда болса,

Ожауға ілінер.


Сүтпен кірген —

Сүйекпен шығады.


Берместің асы піспес.
Шын сөз — шымыр сөз.
Тесік құлақ есітеді.
Қорыққан алдымен жұдырығын көтерер.
Әкеңнің баласы болма,

Адамның баласы бол.


Ашу — дұшпан,

Ақыл — дос.


Жаман жолдастан таяқ тәуір.
Бос қап тік тұрмас.
Атағы — зор,

Сыпырасы — құр.


Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
Есегінің құлағына тамбур шертпек.
Жалғыз аттың шаңы шықпас,

Шаңы шықса да, даңқы шықпас.


Ақымақты аяғы шаршатады.
Қиқымды елемесең, көзге түсер.

Бір көрген — таныс,

Екі көрген — біліс.
Ақымақты ұрмай-соқпай жұмысқа сал.
Ер жігіттің қадірін

Інісі емес, ел білер.


Жақсылыққа — жақсылық —

Әр жігіттің ісі.

Жамандыққа — жақсылық —

Ер жігіттің ісі.


Әскербасы алғыр болса,

Дұшпанның басы аспаннан салбырар.


Бидайыңды өзің арт,

Диірменіңді өзің тарт.


Кемпірдің қазасы —қозада.
Исаның ызасын Мұсадан алмақ.
Үсті — жалтырақ,

Іші — қалтырақ.


Асыл ірімес,

Ірісе де шірімес.


Сұрағанның айыбы жоқ.
Ұры қарыны қараңғыда да таниды.
Мал иесіне ұқсамаса арам өледі.
Саспасаң — жау қашады.
Уақытың өтті — бақытың кетті.
Сырын білмегенге сыр айтпа.
Түйесінен қоңырауы қымбат.
Қанға — қан,

Жанға — жан.


Аяқ киімің тар болса,

Дүниенің кеңдігінен не пайда.


Жаманның кесапаты бір шақырым

ілгері жүреді.


Бұзау базға дейін жүгірер.
Қыс қамын жазда жаса.
Айтылған сөз — атқан оқ.
Қыш қалыбынан қалады.
Мүйізге ұрса, тұяқ сырқырайды.
Нақақ іске жол жоқ.
Ақымаққа айтқанмен,

сөз өтпейді.

Қайрақ тасқа қаққанмен,

Шеге өтпейді.


Қастасқан екі патшадан,

Достасқан екі дәруіш артық.


Бір күн бір жылды асырайды.
Ғашығы жоқ — есекпен,

Кеселі жоқ — кесекпен тең.


Аларда — жүзім құлпырар,

Берерде — жаным шыңғырар.


Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.


Жақсылықты алмаған,

Жамандықтан қалмаған.


Бай байға қарар,

Су сайға ағар.

Кеңесті той ірімес.
Үлкен арба қайда жүрсе,

Кіші арба солай жүреді.


Қолы ойнамағанның

көзі ойнар.


Қорқақ қойдан қашар,

Жігіт майдан ашар.


Бейнеттің түбі — зейнет.
Сұм тұмсағынан ілінер.
Суға кетер адам сілекейіне де шашалар.
Түйе шөксе, орын көп.
Қары бол, ұры бол —

Ынсаптың құлы бол.


Аяғы жүйрік — асқа,

Тілі жүйрік — басқа.


Жаманның жақсысы болғанша,

Жақсының жаманы-ақ бол.


Бұл да өтер,

Өтер де кетер.

Жоқты өндіруге болмайды.
Жолбарыстың баласын ұстау үшін —

Үңгіріне кіру керек.


Жұмсақ ағашты құрт жейді.
Көкке қараған жығылар.
Ай туса да — оныкі,

Күн туса да — оныкі.


Жұттан шықсаң да,

Жұрттан шықпа.


Жүзімін же,

Жүзігін сұрама.


Қисық қазыққа —

Қисық тоқпақ.


Жүрген жолдан табады,

Отырған қайдан табады.


Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды.
Ертеңгі майдан

бүгінгі ет артық.


Жүгіргендікі емес,

Бұйырғандікі.


Алдымен жолдас таңда,

Артынан жол таңда.


Жақсы қант жегізер,

Жаман дерт жегізер.


Керек тастың ауырлығы жоқ.
Ит иесін танымас.
Асың адал болса,

Көшеде-ақ асай бер.


Сүйкімді бұзау екі енені емеді.
Құлықсызға сөз айтсаң,

Құлағының сыртында.


Балшыққа кесек атпа,

Бетіңе шашырайды.


Сүлеймен өлді,

Диюлар құтылды.


Мәуелі ағашқа тас тигіш.
Қазанына қараған — туыс емес.
Әдеп базарда сатылмайды.
Жантақтан әтір шықпас,

Ақымақтан батыр шықпас.


Бөзші бөзге жарымас,

Көзекші көзеге жарымас.


ТАТАР МАҚАЛ МӘТЕЛДЕРІНЕН


Досым көп деп жүрерсің,

Ісің түскенде білерсің.


Жүктің ауырын нар көтерер.
Ертең дегенмен, бүгін ерін жыбырламас.
Шалбары жоқ —

Белдігі көп.


Иттің тісі — қатер,

Мысықтың іші — мекер.


Ойнап айтсаң да,

ойлап айт.


Біреу табады,

Біреу көмейлеп соғады.


Жыртық жамауға жыртыңдар.
Ниет ниетке жеткізеді.
Аяқсызға шайтан таяғын тапсырған.
Мүмкіннің түбі — тұңғиық.
Ат тартпаса,

Арба жүрмейді.


Сыныққа — сылтау.
Бөрене арқылы бөріні көреді.
Үрген итке оқтанба,

Үрмеген иттен сақтан.


Көлді қамыс көркейтер,

Ерді намыс көркейтер.


Сиыр туласа, аттан жаман.
Өгіз айтыпты дейді:

“Мүйізді бастық болсын”.


Тыңдамас,

Өлтірсең де аңдамас.


Асы тездің —

Ісі тез.
Ескі жаңаны сақтайды.


Бәле — аяқ асытнан.
Жайлы іс —

Майлы іс.


Қомағай құтырса, құдыққа қармақ салар.
Егінші жауында тынығады,

Балықшы дауылда тынығады.


Тырысқан адам —

Ырысты адам.


Барлықта тарлық жоқ.
“Мен жаман” дегенді ешкім айтпас.
Күл болмай,

Гүл болмассың.


Ақымақтың ағасы да,

Балсы да болмайды.


Баланың баласы —

балдан тәтті.

Жақсы зат —

тапшы зат.


Қымбат болса, хикметі бар,

Арзан болса, ақауы бар.


Сен дегенде екі аяғым секеңдер.
Әкесіне ғана ұқсап ұл тумас,

Анасына ғана ұқсап қыз тумас.


Тоқ үйдің де мысығы тоймайды.
Ұйқы жастық жастанбас.
Бай борышын малмен төлер,

Жарлы борышын термен төлер.


Қандағаштан доға июге болмайды.
Досың қандай —

Қадірің сондай.


Түсіне қарама,

Ісіне қара.


Ертеңгі тауықтан,

Бүгінгі жұмыртқа жақсы.


Иттің мойнына інжу қарғы тақпайды.
Ашу қысса —

Ақыл қашады.


Ізгілік естен шықпас.
Оқу мен өнеге

Адамды көреген етеді.


Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.


Көңілдіге күй — қуаныш,

Көңілсізге жыр — жұбаныш.


Кісі жанымен жан сақтау қиын.
Заттың бағасы — затпен,

Тақтың бағасы — тақпен.


Тәуіп ауырса, өзіне дәрі таба алмас.
Мәслихатты іс тиянақты бітер.
Ат мінбеген ат мінсе,

Шаба-шаба өлтірер.


Сынаны сына сынайды.
Үндемеу — құптау белгісі.
Бөрілер бірін-бірі бұтарламайды.
Қасқырдан қорыққан тоғайға бармайды.
Көл тамшыдан құралар.
Жалғыз сандуғаш көктем әкелмес.
Сиыр сүйкенсе,

шетен сұлайды.


Өгіздей жасады,

Өгіздей асады.


Тазалық — байлық.
Моншасы да сол,

Мұржасы да сол.


Бәледен сақ бол,

Жақсыға тап бол.


Жаман ауыздан

Жаман сөз шығады.


Асын — асаған,

Жасын — жасаған.


Қонағына қарай — құрметі.

Егін салғанда сайрамасаң,

Қырман басында ыңырсисың.
Тырнағы кірсе,

Бармағы да кіреді.


Бармағы басына қарай иіледі.
Мергеннің оғы тигіш.
Ақымақтың табаққа шақырсаң,

Ол сені ақырға тартады.


Бала өсірсең,

Бойын ғана емес,

Ойын да өсір.
Жақсыға жақсы ереді,

Жаманға жыланшық ереді.


Әккі шымшықты кебекпен алдай алмассың.
Толы шөлмектің тығыны тұрақсыз.
Байға күнде мейрам,

күнде той.

Кедейге — күнде қасірет,

күнде ой.


Қанша шайнасаң да —

сіңірлі балықтың сүйекті басы.

Дұрыс сөзге — жауап жоқ.
Досы көптің —

күші көп.


Ер сапарда сыналар.
Қырманда қырық адамнан жұмыс ауысқанмен,

Жалқауға жуыспайды.


Іші — сабан,

Сырты — күл.

Өлген сиыр —

сүтті сиыр.


Бір теріден тон шықпайды.
Нәркес гүлі —

назды гүл.


Терең өзен шымырлап ағады,

Таяз өзен шуылдап ағады.


Сүзеген сиырға

мүйіз бұйырмаған.


Білегіңе таянба,

Жүрегіңе таян.


Кеңесіп тіккен тон келте болмас.
Жыламаса баласы,

Жұбатар ма анасы.


Сұлулық — батырлықта,

Батырлық — батылдықта.


Тастан да жөке сыдырар.
Арық малды жемдесең,

Ауыз-мұрның май болар.

Жаман адамды жемдесең,

Ауыз-мұрның қан болар.


Тауық түсінде тары көреді.
Ел ішінде елу досың болсын.
Бойына қарамайды,

Ойына қарайды.


Жаудан жай қайтқанша,

Жаралы боп қайт.


Қисық кеспе — келіндікі.

Тауықпен ұйықтап,

Әтешпен оянды.
Елек сұрағанға,

Шелек береді.


Батылды бақыты бастайды.
Майламасаң — дөңгелек айналмайды.
Кімнің арбасына отырсаң,

Соның жырын жырларсың.


Алысқа қойсаң —

Жақыннан аласың.


Бал тәтті деп бармағын сормайды.
Жалқау киінгенше,

Пысық бес бітіреді.


Қарға қарғаның көзін шоқымайды.
Әр істің ұстасы бар,

Әр ұстаның ұстазы бар.


Суға сүңгіген сорлыға

Жаңбыр шайып не істер.


Тұздай ащы да болма,

Балдай тәтті де болма.


Үйрек берген қаз алады,

Түк бермеген не алады?


Ақылы қысқаның —

тілі ұзын.


Бақырдан күміс шықпас,

Бақырғаннан іс шықпас.


Шетелде өз еліңнің иті де ізгі.
Адамды еңбек еңкейтпейді,

қайғы еңкейтеді.

Өнер ас сұрамайды,

Өзі асырайды.


Жұмыссыз ит жияр,

Қамсыз бит жияр.


Ер жігіт өзі үшін туады,

елі үшін өледі.


Иелі мал киелі.
Ащыны татпай,

тұщыны білмессің.


Былжыр аузындағысынан айрылар.
Көз үстіндегі қастай қастерлі.
Тоныңды — бастан,

Арыңды жастан сақта.


Істің басы қатты болса,

Нәтижесі сәтті болар.


Өзінікін — жүрекке,

Өзгенікін — жыртыққа.


Мехнат түбі — рахат.
Жамандық көрмеген —

Жақсылықтың қадірін білмес.


Намысыңды жастан сақта.
Өзі жалғыз, өзі жалбыз.
Молдасына қарай — мешіті.
Хақ сөзде дық жоқ.
Жолды білмес,

жол бұзар.

Тілді білмес —

тіл бұзар.


Сөзге саз —

ісі аз.
Отпен мақта ойнамас.


Тозақ азабына да төзеді.
Ас иесімен тәтті.
Есіріктің досы болмас,

Еріншектің ісі оңбас.


Берсең — аларсың,

Шашшаң — орарсың.


Жарқанттың тілеуіне қарай түн болмайды.
Қолда бардың қадірі жоқ.
Екі айда бас піспесе,

Он айда қазаның қайнамас.


Тілегі бар төндірер.
Көзге шалынады,

Ақылдан қағылады.


Жоғалтқан мың жазықты,

Ұрлаған бір жазықты.


Сөз көркі — мақал.
Адасқан қойды қасқыр жейді.
Тамшы тама-тама тасты теседі.
Есімі бар да,

егесі жоқ.


Асы көп болса,

Білмілдасы неге қажет?


Бетіңді беземе,

Ақылыңды безе.


Жаңғақ еменде екен,

Жапырағы төменде екен.


Қол қолды жуады,

Екі қол бетті жуады.


Екі қарға шектессе,

Жапалаққа мамық түседі.


Тіл қылыштан да өткір.
Мейрам асы қарама-қарсы.
Көп сүрген көп білмес,

Көп жүрген көп білер.


Алдыңда — сенерің,

Артыңда сүйенерің болсын.


Бал да май ішінде жүзеді.
Жалғыз адасып өлгенше,

Жұртпен матасып өмір сүр.


Құйрығын қыссаң, қоян да шырпы тұтатар.
Әр құс өз ұясын мақтайды.
Сабыр еткен —

Мұратына жеткен.


Рахатын көргеннің,

мехнатын да көр.


Тіл тісінен белгілі.
Төсегіңе қарай аяғыңды соз.
Ұрыс-керісте

Жақсы сөзің — теріс те.

Ақеділдің ар жағында бір инеге бір сиыр береді.
Қасапшы көбейсе —

Мал батасыз бауыздалар.


Ажалдан бәрі де құтқара алмайды.
Аса қызыл тез оңар.
Сұлу гүл қыраудан да солады.
Әккі боп әбден жаралған,

Бұл істе сақалы ағарған.


Асаған сайын ауызға,

Аппақ қазы түспейді.


Бойымен емес,

Ойымен.
Елекпен су тасымайды.


Тілімен құс ұстайды.
Батыр болу үшін, білек те,

жүрек те керек.


Қисық атты,

Тура құлатты.


Майламасаң таба қызбайды.
Күтіп ұстасаң –

Мың күндік.

Түтіп ұстасаң –

Бір күндік.


Алыстағы туғаннан

Жақындағы дос артық.


Жалқаудың тамыры жуандайды.
Қарға – қаршығаның азығы

Мешін – адамның азығы.


Әр істің өз уақыты бар.
Сөйлесең – тілшәр дейді

Сөйлемесең – тілазар дейді.


Түйе аяғы – маймақ,

Төре аяғы – тайғақ.


Ақымақ айып тартады,

Ақылды билік айтады.


Бақытсыздықты көрмеген,

Шын бақытты танымас.


Қалтырауық қысты пеш үстінде өткізеді.
Шелегіне қарай шанағы.
Адамды жолсыздық адстырмайды,

Шарасыздық адастырады.


Игілікті істің ерте – кеші жоқ.
Істемеген —

ішіп –жемеген.


Жаманның төрінде болғанша,

Жақсының көрінде бол.


Не кебір емес,

Не қамыр емес.


Әрсіз өрнек былғағыш.
Керек — теректі де кеседі.
Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,

Алақандағы торғайдан айрылып қалма.


Дүреден қорықпа,

Күнәдан қорық.


Бұл — ақша жемісі емес,

Бақша жемісі.


Тұзсызды көзсіз де ажыратады.
Үйдегі ұрыдан сақтану қиын.
Ақыл жаста емес,

Баста.
Баймен дауласпа,

Жаманмен жауласпа.
Қонақ — қожасының есегі.
Әлемде әсем адамдар аз кездеспейді.
Ажал жетпей өлмейді.
Дәнсіз масақ бойлап өседі.
Жұмыртқалы тауықтай жүйткиді.
Ит кімге үрсе,

Мысық та соған мияулайды.


Қарным аш болса да,

Құлағым тыныш.


Өлім екі рет келмеді.
Жасаулы келін — ерке келін,

Жасаусыз келін — келте келін.


Бір рет өтірік айтсаң,

өмір бойы сенбейді.


Надандық — ең үлкен жамандық.
Кішіпейілдік те — даналық.
Мың бәлеге —

бір жауап.


Аузыңа сенің — сары май.
Сұңқар да күннен жоғары ұша алмайды.
Білгенің тоғыз болса,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

Керуенде нарың болса,

Жүгің жерде қалмайды.


Жығылған күреске тоймас.
Су отты өшірер.
Тау көркі тас,

Ер көркі шаш.


Сіркесі су көтермейді.
Аса жіңішкертсең — үзіледі.
Ел түкірсе, көл болады.
Бозторғай жаңбырдан балапанын қорғайды,

Бұршақтан өз басын қорғайды.


Жау жоқта батыр көп.
Қашып кетсең де,

Дәнін шашып кет.


Елдің ісі ер мойнында,

Ердің ісі ел қойнында.


Батырға өлім жоқ.
Күнді етекпен жабуға болмайды.
Амалын тапқан тас кесер.
Бал — шыбынды,

Тіл адамды тартады.


Жалқауға жұманың жеті күні түгел мейрам.
Әруақытта майлы ботқа бола бермейді.
Сенбе кісі сөзіне,

Илан жалғыз өзіңе.


Түйедей бойың болғанша,

Түймедей ойың болсын.


Үйректі өбектегеніңмен,

Аққу бола алмайды.


Бақыты тасқанның қоразы да жұмыртқалайды.
Ақымақ ақымақтығын істейді.
Қабілетсіз ұстаның

Құралы қырық құрақ.


Шелегі болса —

Қақпақ табылады.


Адам өз жайын қарастырады,

Жайын лайын қарастырады.


Өткен бұлтты ұстауға болмайды.
Иттен көріп күшігі үреді.
Аштың көзі — нанда,

Тоқтың көзі — тамашада.


Іскерлік — әсер,

Жалқаулық — кесел.


Өлеңді жерде мал семіреді,

Келенді жерде би семіреді,

Өлімді жерде молда семіреді.
Бір көзі — жексенбіге,

Бір көзі сәрсенбіге қараған.


Жорғалығымен жолдас болма,

Көр наданмен сырлас болма.


Кісі сенбес сөзді

шын болса да айтпа.


Терлеп істесең,

Дәлдеп жерсің.


Білмеген ақымақ,

Білген ақылдыға күлер.


Сұңқар жоқта жапалақ жоталы.
Кербездің қолы тимес,

Сырбаздың жаны күймес.


Күйдірген де — тіл,

Сүйдірген де — тіл.

Жаңа нәрсе жақсы болар.
Екеуіне де нанған,

Ерсіз қалған.


Тізе бүгіп өмір сүргеннен,

Тік тұрып өлген артық.


Бас бөрік үшін емес, білік үшін.
Мехнатсыз іс —

Тұзсыз ас.


Кірер есігіңді қатты жаппа.
Алдымен ойла,

Сонан соң байла.


Бала үшін ананың — жүрегі,

Әкенің білегі ауырады.


Жақсы ниет — жарым ырыс.
Құтырған ит көкке қарап үргенмен,

Айдың беті кірлемейді.


Әрбір түлкі өз құйрығын мақтайды.
Қарға ұшып сұңқар болмас.
Ұрыншақ атта жал қалмас.
Айыпсыз дос іздесең — жалғыз қаларсың.
Байдың мұржасы қисық болса да,

Түтіні түзу шығады.


Молданың қызында да кінә болады.
Қарамай кеспегі қажы барса да,

Кеспек күйінде қалады.


Дұшпан сырыңды білмесін десең,

Досыңа да сырыңды айтпа.


Ерке қайда —

Бұзық сонда.


Ағашы қандай —

Жемісі сондай.


Ит жатағында ырылдауық.
Аю қасқа болмайды,

Жауыз жақсы болмайды.


Істеп шықсаң —

абройын аларсың.

Істей алмасаң —

ұятына қаларсың.


Өзі — имансыз,

Сөзі — дәмсіз.


Бір рет алға үңілсең,

Бес рет артыңа бұрыл.


Жан тартпаса да,

Қан тартады.


Киімді таңдай білмейтін саудан,

Бұйымды айыра білетін соқыр артық.


Теректің жануында мін жоқ,

Бірақ жылуында мән жоқ.


Мұнысы тек баласы,

Пеште жатыр анасы.


Ат — шанада,

Батыр додада сыналар.


Шыдамдылық шойынды да үзеді.
Білегі жуан бірді жығады,

Білімі жуан мыңды жығады.


Кешсіз күнді мақтама.
Жығылған сүрінгенге күледі.
Сөзінің парқын ойлағанша,

Артын ойла.


Тасбақаны төңкерген соң,

Өлтірудің не керегі бар.


Жегілген соң — ерінбе.
Аспан ашық — күркірегені қалай?
Билегісі келмегенге,

Күй де келмейді.


Жарлы кісі жамайды,

Жамайды да, жалайды.


Екі текенің басы бір астауға симайды.
Тілмен сөзі істейді,

Қолмен өзі істейді.


Басың істемесе,

Аяғыңа күш келеді.


Мың алтын тасың болғанша,

Бір ақылды басың болсын.


Көрге кірген кері шықпас,

Ойға кірген құр шықпас.


Алтын аяқ астында жатса да ардақты.
Бал ұстаған бармағын жалайды,

Май ұстаған қасығын жалайды.


Жалғыз жаңқа жанбайды.
Шаңырақ шартықсыз болмайды.
Қатын ауырса,

үйдің құты қашады.


Әр нашардың бір жақсы жағы бар.
Саңылау жоқ деме,

бөренің үстінде.

Бөрі жоқ деме,

бөрік астында.


Тура сөз бас жарады.
Үйге кіріп, асыңды асайды,

Тысқа шығып, басыңды асайды.


Ақылды қой сояды,

Ақымақ жөке сыдырады.


Байлық басы — саулық.
Қонақ мөлшері — үш,

Артса, қожаға — күш.


Адамды еңбек қартайтпайды,

Қайғы қартайтады.


Шақырылғанның орны — жайылған жастық.
Игіліксіз санға кіргенмен,

Санатқа кірмейді.


Іш-бауырыңа кірер,

Білдірмей ірер.


Өлгеннен кейін тәубе жоқ.
Аяқталмаған іс —

Қанаттан қалған құс.


Бірі — қалаға,

Бірі — далаға.


Жаман хабар —

Жылдам тарар.


Нәсіпті ризық тіс сындырып кіреді.
Терек текке тербелмейді.
Мұржамызды жел қақпас,

Қақпамыздан ит қаппас.


Ат істейді,

Ит шаршайды.


Шынтағымды тістер едім,

Тіс жетпейді, қайтейін.


Киіндірсең, томар да көрікті.
Сөзі болшалайды,

Сонда да аузы босамайды.


Көп сөз — күміс,

Аз сөз — алтын.


Орманға отын тасымайды.
Таныс жерде бой сыйлы,

Танымас жерде тон сыйлы.


Асы жоқ ораза тұтады,

Ісі жоқ намаз оқиды.


Еш болмаса,

Кеш болсын.


Би білмеген аюға орын ұнамайды.
Жасы көп,

Ақылы жоқ.


Қой алдында — батыр,

Батыр алдында — пақыр.

Қос қаршыға таласса,

Қос жастықтық мамық бар.


Әр нәрсе жіңішке жерінен үзіледі.
Сақалы өскен,

Ақылы өшкен.


Тура сөз туғаныңа да жақпайды.
Менен кеткенше,

Иесіне жеткенше.


Тура сөйлеген құтылады,

Жалған сөйлеген тұтылады.


Басы үзілсе қолтығына қыстырып жүреді.
Көп ұйықтаған сорлайды,

Көп сөйлеген алдайды.


Ақсақалдардың арасына түскен бала

дана болар.


Алтын тас болмас,

Алабота ас болмас,

Ата жауың дос болмас.
Жалғыздың шаңырағы жоғалар,

Жамиғаттың шырпысы да жоғалмас.


Құмарлық бар,

Дәрмен жоқ.


Әр құстың өз сайрауы өзіне ұнайды.
Сақалға сенбе,

Ақылға сен.


Үйге сыймаған,

Елге сыймайды.


Ақылдының аты арымайды,

Тоны тозбайды.


Бай малын айтады,

Жарлы зарын айтады.


Қоырққан бірінші жұдырықтайды.

Шайтан жылап сендіреді.


Адам десең, мәні жоқ,

Айуан десең, жүні жоқ.


Дос бұйырса — қалма,

Дұшпан бұйырса — барма.


Жүзсең,

жоғары қарай жүз.


Есекке алтын ер салсаң да,

есек боп қалады.

Іждағат еткен —

Мұратына жеткен.


Аяққа тағылған тас.
Іскерді нан басар,

Жалқауды сор басар.

Бітік бидайды үсік шалмайды.
Жай оғын тоса алмайсың.
Не ексең — соны орасың.
Тентектің таяғы сегіз —

бірі тимесе, бірі тиеді.


Үркер жерге түскенде,

Сиыр суға түседі.


Басқа жерде ит құйрығын қайқайтпайды.
Көктегі тырнадан дәметіп,

Қолдағы шымшықты ұшырып алма.


Жоқтан бар болмас,

Бар болса, нәр болмас.


Соқыр тацыққа бәрі бидай.
Тай туласа, үйірден ұзамайды.
Отыз тістен шыққан сөз —

Отыз әлемге жайылады.


Жас махаббат орданы бұзар,

Ескі махаббат қорданы бұзар.


Асыл зат ауыр болмайды.
Есік бауы бір алтын,

Біздің әпкей мың алтын.


Ісіне қарай — асы.
Өкпешінің жүрегі — кермек жусан.
Жан бар жерде қаза бар.
Не айтсаң да,

Сөзбен айтасың.


Мұңлы мұңын айтса —

Мұңсыздың басы ауырар.


Аузының не айтқанын құлағы естімейді.
Шыбыртқымен балтаның желкесін сындыра алмассың.
Көп білген —

көп бәледен құтылған.


Киіміне қарап қарсы алар,

Ақылына қарап шығарып салар.


Жығылсаң, нардан жығыл.
Сөзің күміс болса,

Үндемей алтын жый.


Ораза-намаз тоқтықта,

Иман қашар жоқтықта.


Тапқан қуанады,

Таныған алады.


Астын кесіп,

Үстіне жамайды.


Бикеш безенгенше той тарқайды.
Жастық шақ —

Мастық шақ


Қойдың жығылғаны да көрінбейді,

Түйенің сүрінгені де көрінбейді.


Екі рет ойла,

Бір рет сөйле.


Қос қоянды қуған —

Құр ентігіп тынған.


Тіл ұшының үрпі бал,

Тіл түбінің құрты бар.


Басы — таз,

Көңілі — наз.


Мұрнының астындағыны көрмейді,

Орманның аржағындағыны көреді.


Алтын-күміс асылдан,

Туып-өскен жер артық.


Балта шапқанда,

Жаңқа ұшады.


Қонақ болсаң,

Кішіпейіл бол.


Молда “берге” — саңырау,

“Алға” — жылдам.


Кісінікімен жомарт,

Өзінікімен сараң.

Алмазарға алма өсер,

Түйешағанда — тікенек.


Жалғанмен жалғанды,

Жағалап шыға алмайсың.


Құрал атқарады,

Ер мақтанады.


Өз орныңды өзгертпе.
Сабырсыз,

Сабырсыздың ісі тамырсыз.


Туған туғанын табады,

Жатқа бәлесі қалады.


Ұялмаған бұйырмағанды жейді.
Аққа қара жұқпайды.
Байлығын жасырған бүлінеді,

Ауруын жасырған өледі.


Қатты ағаш тарс бүлінер,

Шіріген ағаш ілбіп ілінер.


Шама шамаға шақ келмейді.
Адамның көптігі жұмысқа пайдалы болса да,

кеңеске зиян.


Өнерсіз — тірі өлік.
Есек Меккеге барғанмен қажы болмайды.
Ащы болсаң — тұздай бол,

Тәтті болсаң — қыздай бол.


Жасамаған жан ғана жаңылыспайды.
Өз үйінде сүт пісіре алмайтын,

Кісі үйінде ет пісірмекші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет