Шифр: 6В01703 Студент: Ерсай Ұлпан Сағынтайқызы Тәжірбие базасының сынып жетекшісі



бет2/5
Дата15.02.2024
өлшемі0.52 Mb.
#491836
1   2   3   4   5
есеп

Қорытынды
Мен, Ерсай Ұлпан Сағынтайқызы, 23.01.23-31.03.23 ж аралығында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында» КММ педагогикалық тәжірбие жинақтай алдым. Мен тәжірбиеде өз алдыма қойған мақсаттарыма жеттіп деп есептеймін. Сынып жетекшім Сандуған Жанботаевнаның арқасында көптеген дүниелерді үйреніп, ойға түйдім. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген бабалар сөзі көп нәрсені аңғартады. Ұстаздың ең кемеңгері – жетекші екені даусыз.
Тәжірбиеден өту кезінде жетекшім Сандуғаш Жанботаевнаның бойынан нағыз педагогқа тән көптеген қасиеттерді көрдім. Өз ақылын аямайды, дұрыс жол сілтеп, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына зор еңбек сіңіреді.
Қорытындылай келе, ұлы педагог, профессор, қоғам қайраткері Ушинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалім мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырғы мол рухани жан дүниесіне үніле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

«Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балалаға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ 11-сынып оқушыларымен жүргізген кәсіби бағдар беру жұмысының есебі
2022 жылдың 23 ақпаны «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балалаға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар бойынша кездесу өткіздім. Кездесуден бұрын мектеп директоры Бакиров Ержанат Рымгалиевичпен биылғы мектеп бітіруші түлектер жайында әңгімелесіп, оқушылардың білім сапасы бойынша сөз қозғадық.
Кездесуге директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Қоспанова Дариға Ерденқызы , сынып жетекшілері қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандықты таңдау екендігін айта келе, қазақ тіл мен әдебиет пәнін таңдаған оқытушылармен таныстырды.
Кәсіби бағдар беру барысында М.Қозыбаев атындағы СҚУ университетінен шыққан танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, басшылық орындарда жүрген мемлекеттік қызметкерлер көптеп саналатындығы туралы айтып, университетіміздің ғылым мен инновациялық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстары, білім беру бағдарламаларымен таныстырдым. Университетте спорттық клуб, астрофизикалық обсервотория, заманауи медициналық құралдармен қамтылған денсаулық пункті, студенттік театрлармен қамтылғанын айта кеттім.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. Кәсіби бағдар бойынша жұмыс барысында оқушылар мамандықтар әлемімен танысты. Оқушыларға қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді. Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға көмек көрсетеді. Кәсіби бағдар беру барысында М.Қозыбаев атындағы СҚУ университеті туралы жан-жақты мәлімет берілді. Оқушыларға университет жайында буклеттер таратылды.
«Мамандық таңдау деген өзің айналысқын келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Мамандық таңдаудан жанылмай, өз өмірлеріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауларыңызға тілектеспін! Біздің ЖОО -ға түссеңіздер, өз таңдауларыңызға өкінбейсіздер»-деген сөздермен қорытындыладым.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдаған оқушылар саны екеу:

  1. Ташет Қаракөз

  2. Еркін Адия

«Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет