Шильдебаева Л. К



Дата12.07.2016
өлшемі50 Kb.
#195634
Шильдебаева Л.К., Ахметова К.О.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
КИІМ ДИЗАЙНЫНДАҒЫ СӘН ЖИЫНТЫҚТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сәнгерлердің қазіргі уақытта мақсаты - сән үлгілерін өнеркәсіпте таралымын көбейту. Өнеркәсіптік өндіріске дара үлгілерді дайындау тиімсіз, себебі ол жиі қайта өңдеу мен техникалық құжаттарды дауындауды талап етеді. Уақыт талабында жаңа сәнді стильдер мен бағыттар өнеркәсіпте шығарылатын бұйымдардың маусымдық сән ритмінде әрдайым қайта жаңарып отыруын талап етеді. Сондықтан киім дизайнері сәнді киім жиынтығын жобалау мәселесіне тіреледі.

Сән жиынтығы (латын тілінен соllectio - жинау) - [1] ол ғылыми тарихи немесе шығармашылық қызығушылық тудыратын қандай да бір, біртекті заттардың жүйелі жиналуы. Киім үлгілеуде сән жинағы – авторлық концепция, бейне, сән жинақтарында пайдаланылатын материалдардың, түсінің, формасының негізгі конструкцияларының стильдік шешімдерінің біртұтастылығымен біріккен әр түрлі бағыттағы үлгілер сериясы.

Сән жиынтығының бағытталу типіне қарай сол, немесе басқа да белгілері басым болады. Авторлық шығармашылық сән жиынтығында, мысалы аса маңызды болып концепция, стиль және бейне біртұтастығы табылады. Өнеркәсіптік сән жинағындағы маңызды белгі, керісінше - бірыңғай конструктивтік негізі, форма тұтастығы, түстің біртұтастылығы. Бірақ әркезде сән жиынтығының басты белгісі - оның тұтастығы, ол сән жиынтығын әртүрлі үлгілерде механикалық жинаудан ерекшелейді. Тұтастық стильдің біртұтастығымен қамтамасыз етіледі, шығармашылық әдісімен, түс гаммасымен, материалдар құрылымымен, формасы, бейнелердің біртұтастығымен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, сауатты жасалған сән жиынтығының белгісі динамика болып табылады, яғни берілген сән жиынтығында идеялардың дамуы. Сән жиынтығы-бірдей немесе біршамалы ұқсас үлгілердің сериясы емес. Берілген сән жиынтығының ерекшелігі болып табылатын қызықты конструктивті немесе декоративтік шешімі әрбір жаңа үлгіде жаңа қырымен көрінуі керек. Сән жиынтығында идея дамуының барлық мүмкіншіліктері көрсетілуі тиіс. Сән жиынтығы әр түрлі элементтерден тұруы мүмкін - ол ансамбльдер, комплекттер, дара бұйымдар, толықтырулар, аксессуарлар болуы мүмкін.

Перспективалық сән жиынтығына жоғарғы сән үлгілерінің көптеген сән жиынтығын жатқызуға болады (жетекші сән үйлері) және белгілі дизайнерлер жасаған «прет-а-порте». Бұл сән жиынтығында «сүйір» формалар мен кескіндер, ашық образдар мен материалдар, технологияларымен және конструкцияларымен эксперименттер жасау сипаты. Перспективалық сән жиынтықтар болашақ адамның бейнесін береді, сондықтан да оларды жобалағанда сән болжамдары, өмір салтының даму тенденциялары, экономикалық жағдай болжамы, түс қалауларының өзгеруі туралы мәліметтер және т.б ескеріледі. «Прет-а-порте» сән жиынтығы бір уақытта нақты бір фирма үшін өнеркәсіптік базалық сән жиынтығы болып табылады.

Өнеркәсіптік базалық сән жиынтығын тікелей енгізу үшін ассортимент концепциясын ұсынады. Оларда сәннің өзекті бағыттары жүзеге асыралады. Олар тікелей жаппай өндіріс үшін арналған. Мұндай сән жиынтығы сауда өкілдері үшін сән жәрмеңкелерінде көрсетіледі. Өнеркәсіптік сән үлгілері үшін «жұмсартылған» формалар, қыналған шешімдер сипатты. Бұл сән жиынтықтарындағы сәнді тенденциялар материалдар мен түс гаммасының белгілі құрылымдарында жүзеге асырылады.

Авторлық сән жиынтықтары дизайнердің шығармашылық концепциясын бейнелейді. Жеке тұтынушы немесе жаппай тұтынушылардың барлығына, сондай-ақ халықаралық көрмелермен жәрмеңкелерде көрсету үшін, шығармашылық конкурстарға қатысу үшін арналған белгілі дизайнерлермен дайындалған «прет-а-порте» сән жинақтары мен «от кутюр» сән жинақтары авторлық жинақ болып табылады.

Арнайы мақсаттардағы сән жиынтығы, мысалы мектеп киімі, формалық киім.

Сән жиынтықтарының барлық аталған типтері мынаны ескере отырып диференцияланады: ассортимент, маусымдылығы.

Сонымен қатар сән жинақтары кімге арналып тігілетіне байланыста келесідей топтарға бөлінеді:

1.Жеке гардероб - жеке тұтынушыға арналып тігілген үлгілер сериясы;

2. Жаппай халықтық

а) жаппай өндіріс үшін

б) тұтынушылардың белгілі типтері үшін.

3. Топтық - адамдардың белгілі бір тобына арналған:

а) формалық киім сән жиынтығы (мектеп, аспасшы формалары және т.б.);

б) фирмалық киім сән жиынтықтары (нақты кәсіпорындар үшін, мысалы әуежай немесе сауда фирмаларының жұмыскерлеріне арналған киім);

в)өкілдер мен делегацияларға арналған (мысалы, олимпиада ойындарында ұлттық командаға арналған киім).

Сән жиынтығын жасау кезінде дизайнер берілген марканың қайсысы тұтынушыларда қалыптасқанын және қай образ қажет екенін ескеруі қажет. Сондықтан сән жиынтықтарының үлгілері консервативті, өте сәнді фольклорды немесе этникалық стильге сәйкес келу керек.

Тұтынушыларды тарту мақсатында көптеген фирмалар өздері шығаратын сән жиынтықтардың санын арттыра бастады.

Өнеркәсіптік дизайнның обьектісінің бірі - киімнің сән жиынтығы да көптеген мамандармен белгілі кезекте жасалады: тұтыну мен сұраныстың обьективті факторларын зерттеу, берілген сән жинақтарындағы арнайы жасалатын тұтынушылардың типологиялық ерекшеліктерін анықтау, сән жинақтарында арнайы жасалатын тұтынушылар тобының өмір салты мен тұтынушылардың анықталған қажеттіліктерін өзара байланысын зерттеу, форма қалыптастыру типтерін анықтауда зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру, тұтынушылардың бақылау тобына сынақ жүргізу, жаңа сән жинақтарының жарнамасын жобалау және пресс-релиздер дайындау.

Сонымен, жобалауға кіріскенде дизайнер берілген сән жиынтығын кімге арналатынын және ол қандай қажеттіліктерді қанағаттандыратынын нақты бейнелей алу керек. Сондай-ақ киімді жобалағанда тұтынушылардың типологиялық ерекшеліктерін - жыныстық-жастық белгілерімен жас топтарын, өлшемдері мен бойлары бойынша тұтынушылардың классификациясын ескеру қажет [2].

Сән жиынтығын дайындайтын жақсы сәнгер - кешенді жұмыс үрдісінің нәтижесі. Сондықтан сәнгерлерді дайындауда концептуалді ойлай алатын маман алуды көздеу қажет. Олар сән жиынтығын нарыққа шығарудағы жарнамалық жұмыстардан бастап, оны өндірістік дайындауға, фирмалық стилін жасауға, олардың қажеттілігін біліп үйренуге бағытталған жұмыстарды атқара білетін мамандар қатарында болу керек.



Резюме

В данной статье расматриваются понятие о перспективных, промышленных, авторских и специальных видах коллекции одежды, их группах и творческих особенностях создания моделей современными дизайнерами.

Resume

This article is about the concept of perspective, industrial, author and special types of collection of clothes, their groups and features of creation the models of modern designers.

Әдебиет

  1. В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. Моделирование и художественное офрмление одежды. «Академия», 2000. 169-176 б.

  2. Л.А. Сафина, Л.М Тухбатулина, В.В. Хамматова. Дизайн костюма. «Феникс», 2006. 295-303 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет