Визуализация (бейнелеу). ГАЖ-дың соңғы нәтижесі, бұл деректерді карта немесе график түрінде көрсету. Географиялық деректерді сақтау және көрсетудегі өнімді әдістерінің бірі — карта. Бұрынғы уақытта картаны көптеген жылға жасайтын. Бүгінде, ГАЖ технологиясын пайдаланып, оған қосымша графиктермен, кестелермен, үш өлшемді бейнелеулермен т.б. деректермен толықтыруға мүмкіншілік алынды.
1.2 ГАЖ-дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы
Әртүрлі өндіріс саласында істейтіндер ГАЖ-дың мүмкіншілігін пайдалана отырып көптеген мәселелерді шешеді:
- Ағаш дайындаушылар территорияда өсетін ағаштардың канша түрлері бар екендігін;
- Жедел жәрдем қызметкерлері, шақырушыға ең қысқа жолды немесе маршрутты табады;
- Социология және демография мәселелерін;
- Сатушылар, тауардың кайсысы қай уақытта өтетінін, кандай тауарларға ізденіс көптігін;
5. Полиция жұмысында жүліктер, бандиттерге, тонаушылар туралы деректер қорьш жинап оны іздеуде.
6. Соғыскерлер, соғыс және әскерлердің жылдам қозғалу жоспарларын;
7. Ғылымда (биология, геология, география, экология т.б.) табиғи феномендерді модельдеуге т.с.с.
Демек өндірістің, ғылымның және қоғамның барлық саласында қолданатьш қуатты технология деуге болады. Мүны кітап басып шығару технологиясы, телефонды ойлап табу, арбаны машинаға айырбастау ғаламдық, компьютерді ойлап табумен салыстыруға болады.
Қазіргі кезде картаны цифрлы түрге алмастыру және цифрды картографиялық тақырыптық қабаттар тұрғызу, өзара катынасын табу-геоақпараттық технологияның үлкен жетістігі.
Достарыңызбен бөлісу: |