Шымкент қалалық білім бөліміндегі 2015 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарының есебі Білім бөліміне қарасты мекемелер



Дата23.02.2016
өлшемі128.5 Kb.
#2909
Шымкент қалалық білім бөліміндегі 2015 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарының есебі

Білім бөліміне қарасты мекемелер.

2014 жылы Шымкент қаласындағы мектептер саны - 128 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 80, мект ептен тыс мекемелер саны - 9.

2015 жылы мектептер саны - 126 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 82, мектептен тыс мекемелер саны – 9.




Жылдар

Мектептер

Балалақшалар

Мектептен тыс мекемелер

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

2014

128

148351

80

24377

9

15545

2015

6 ай


126

147908

82

24524

9

15545

2014 жылы типтік мектеп – 98, ыңғайластырылған мектеп саны – 26. Түзету мекемесінде 2 мектеп орналасқан.



Қаржыландыру. 2015 жылға білім саласын дамытуға 30 млд. 950 млн. 410 мың теңге қаралып, оның ішінде 15 млд. 920 млн. 928 мың теңгесі 2015 жылдың 6 айына қаралған. Қазіргі таңда қаралған қаржының 99,4% игерілді.




Бюджет түрі

2014 жыл (мың теңге)

2015 жыл (мың теңге)

1

Жергілікті бюджет

22 941 967,0

23 769 536,0

2

Республикалық бюджет

6 205 76,0

5 534 636,0

3

Облыстық бюджет

627 995,0

1 646 238,0




Барлығы

30 190 438,0

30 950 410,0


Білім қорына бөлінген қаржы. 2015 жылы білім қорына 382 млн. 986 мың теңге қаралды, ол 2,2 %-ды құрап отыр. Аталған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 8080 оқушы және туберкулез дертіне шалдыққан 2046 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Педагог кадрлар






Ұстаздар саны

Жоғары санат

І-санат

ІІ-санат

Санатсыз

1

2014 жыл

15691

3981

25,4%

3628

23,1%

4427

28,2%

3655

23,3%

2

2015 жыл

15643

3975

25,4%

3616

23,1%

4406

28,2%

3646

23,3%

Шымкент қаласының 2015 жылы біліктілікті арттыруға облыстық бюджет есебінен 2510 мұғалімге 146 858 мың теңге қаржы қаралып. Оның ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы базасында үш деңгейлік (3 ай) курстарға 761 мұғалім (оның ішінде 726 мұғалім, 35 мектеп басшылары), қысқа мерзімді курстарға (2 апта) 1749 мұғалімді жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда біліктілігін арттыру курстарына жіберу жоспарланған 2510 мұғалімнің ішінде 1394-і курстардан өтті.



Күрделі жөндеу. 2014 жылға 29 мектепке, 8 балабақшаға және 3 әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 40 мекеменің – 2 мектебінде (№25, 38) ЖСҚ-да қаралған қаржы 2015 жылға өтпелі.

Ал, 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 375 млн. 791 мың теңге қаржы бөлініп, ол қаржыға 6 мектепке (№№21,25,41,43,44,65) және 7 балабақшаға (№№24,41,69,70,75,97,118) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Жаңа құрылыс. 2014 жылдың желтоқсан айында 2 балабақша (Самал-3-320, Тұлпар-320 орындық) және 3 мектеп (Ворошиловка елді-мекеніндегі 1200, Құрсай ш/а-900, №105 жом – 300 орындық) құрылысы пайдалануға берілді.

2014 жылдың маусым айында құрылыстары басталған Ақтас-2 – 200 орындық, Көкбұлақ -300, Бозарық-1200, Қаражол-1200, Сайрам-1200 орындық мектеп және Гаражная-80, Нұртас-320, Қазығұрт-330, Жангелдин-320, Самал-2-320, Бозарық-320, Ерімбетов-320 орындық балабақшалардың құрылысы 2015 жылға өтпелі. 2015 жылға өтпелі құрылыстардың ішінде 1 балабақшаның (Гаражная-80 орындық) құрылысы аяқталып, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді.



Қосымша құрылыс. 2014 жылы №15,58 мектептердің қосымша құрылыстарының және БЭСМ-3 мәжіліс залының жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. 2014 жылы №12, 22, 36, 73, 94 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары басталып, 2015 жылға өтпелі.

Апатты жағдайдағы мектептер. 2014 жылы 6 (№№1, 12, 36, 105, 118, 124) мектептердің ғимараттары апатты жағдайда деп танылып, соның ішінде №1, 105, 124 мектептерінің қайта құру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

2015 жылы 4 (№№12, 34, 36, 118) мектептер апатты жағдайда деп танылып, аталған мектептерде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде, 2015 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал, №34 мектептің құрылысын 2016 жылы тапсыру жоспарланған.



Үш ауысымда оқытылатын мектептер. 2014 жылы 3 ауысымда оқитын 12 мектеп (№22,49, 57, 59, 69, 76, 80, 82, 83, 85, 91, 103, 111).

2015 жылы 3 ауысымда 10 мектепте білім берілуде (№22, 57, 59, 69, 76, 83, 85, 82, 91, 111). Аталған мектептерде үш ауысымдылықты жою үшін төмендегі жұмыстар атқарылуда: №22,57,85 мектептердің құрылысы басталып, 2015 жылы аяқтау жоспарлануда. №69,76 мектептерге ЖСҚ дайындалып, облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына тапсырылды. №91, 111 мектептердің жанынан қосымша құрылыс жұмыстары басталып, 2015 жылы тапсыру жоспарлануда. №59,82,83 мектепке қосымша құрылыс салуға 2015 жылға ЖСҚ дайындауға сұраныс берілді.



Тасымал. 2014 жылы 10 (№55,56,58,61,72,73,83,88,98,120) жалпы орта мектептерінің оқушылары тасымалдануда.

2015 жылы 8 (№55,58,61,72,73,88,98,120) жалпы орта мектептерінің оқушылары тасымалдануда. Қазіргі таңда тасымал жұмыстары тоқтатылып, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап тек №49 мектептің оқушыларын тасымалдау жоспарлануда.



Оқулық. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жылы 4, 6, 11 сынып, 2012 жылы 1, 7, 8 сынып, 2013 жылы 2, 9 сынып оқушыларының оқулығы және 1-ші сыныптың ағылшын тілі, 5-ші сыныптың информатика оқулықтарымен қамтылды. 2014 жылы 2-сынып ағылшын тілі оқулығы, 3, 10-сынып оқушыларының оқулығы және 6-сынып информатика пәні оқулықтары мекемелерге толық жеткізілді. 2015 жылы 4, 5, 6,11-сынып оқушыларының оқулығы, 3-сыныптың ағылшын тілі, 7-сыныптың информатика оқулығы алынады деп жоспарлануда.

Компьютер. Білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, 2014 жылы 1 компьютерге 16 оқушыдан келіп отыр. 2015 жылға республикалық бюджеттен 10 000 дана компютерге сұраныс берілді. Сұраныс орындалған жағдайда міндеттемеге сәйкес 1 компьютерге 9 оқушыдан келетін болады.

e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

2014 жылы 36 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес толық жабдықталған.



Жобаның негізгі мақсаттары:

  • үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;

  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;

  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.

Е-Learning-те оқушылар үшін оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар.


Кабинет. 2014 жылы 387 интерактивті тақта, 159 лингафон кабинеті, 47 биология, 63 физика, 57 химия кабинеттері жабдықталды. 2015 жылға 43 интерактивті тақта мен 9 лингофон кабинетін алу жоспарлануда.


Жылдар

Лингафондық кабинеттер

Интерактивті тақталар

Физика кабинеттері

Химия кабинеттері

Биология кабинеттері

2013

126

356

52

31

34

2014

159

387

63

57

47

2015

6 ай


159

387

63

57

47


Спорт алаңшалары. Қала мектептеріне 2013 жылы облыстық бюджеттен 139 млн 539 мың теңгеге 12 мектептің (№3, 17, 23, 25, 39, 40, 45, 51, 62, 65, 66, 78), жергілікті бюджеттен 58 млн 635 мың теңгеге 5 мектептің (№13, 26, 34, 59, 83) аулаларына спорт алаңшалары орнатылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу. 2014-2015 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 6519 мектеп бітіруші, олардың ішінде өзбек тілінде оқитыны - 1084 бітіруші, емтихан тапсырғаны 2576 оқушы, ҰБТ тапсыруға өтініш бергені - 3943 оқушы (ол, 72 пайызды құрайды). Оның ішінде 22 оқушы ҚР БҒМ 22.05.2015 жылғы №320 бұйрығына сәйкес ҰБТ-дан босатылды.

Шымкент қаласы бойынша орта балл 81,8 ( 2014 жылы - 80,1 + 1,7 балға жоғары).




Жыл

Мектеп саны

11- сынып бітірушілер саны

ҰБТ-ға қатыс-

қаны

Орта балл

0-49 аралығында балл жинаған оқушы саны

100-125

аралығында балл жинаған оқушы саны

«Алтын белгі» иегерлер саны

2014

 125

 6428

 3928


80,1

350

635

100

2015

123

6519

3921

81,8

337

728

81


Мектептен тыс мекемелер. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2014 жылы мектептен тыс мекеме саны 9, тартылған оқушы саны – 15545. 2014 жылы қаламызда жұмыс істейтін 15 аула клубында 23 түрлі үйірмелерге 4321 бала тартылған. 2015 жылы қосымша 8 аула клубын ашу жоспарлануда.

2015 жылы 1285 үйірмелерге 43569 бала тартылып отыр.



Үйірме жұмысы туралы. 2015 жылы 1285 үйірмеге 43569 бала тартылды. 415 спорттық секцияларға 33965 бала қамтылды.

Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихатттау мақсатында 91 спорт зал, 32 спорт алаңшалары жұмыс істеуде.



Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс. 2014 жылы аудандық ішкі істер бөліміне жасаған қылмысы мен тәртіп бұзушылық себептерімен 70 оқушы есепке тіркелген. (2013 жылы бұл көрсеткіш-56 болған).

Білім мекемелерінде мектеп инспекторларымен психологтар бірлесіп алған сауалнаманың нәтижесі бойынша 2014-2015 оқу жылында құқық бұзуға бейім девиантты мінез-құлықты 275 оқушы мектепішілік есепке алынып, тәлімгерлер бекітілді.

2015 жылы ұрлық – 13, тонау – 4, бұзақылық – 4, жарақат салу – 3, құқық бұзуға бейім – 23, наркологиялық есепте – 5 тіркелген.

Инклюзивті оқыту бойынша. Шымкент қалалық психологиялық, дәрігерлік-педагогикалық комиссияның есебінде мүмкіндігі шектеулі 7 жаспен 18 жас аралығындағы – 4662 бала есепке тіркелген, соның ішінде 1898-і, яғни 40,7% инклюзивті оқытумен қамтылған. Міндеттеме бойынша 25%.

62 білім мекемелерінен кіріктірілген (интегрирлі) сыныптар ашылып 591 оқушы білім алып коррекциялық қолдау көрсетілуде. 1307 оқушы логопедтік топтарда білім алуда.



Балабақшадағы инклюзивті оқыту. Шымкент қаласы бойынша 3-7 жастағы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала саны – 2198. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, 2014 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің №893 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №1377 Қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету» жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасына сәйкес «2014 жылы инклюзивтік білім берумен қамтылған мектепке дейінгі жастағы балалардың үлесін 7%-ға жеткізу» бойынша Шымкент қаласы білім бөлімі және Шымкент қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесімен мектепке дейінгі мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізілді.

Сараптамасының нәтижесі бойынша 13 мектепке дейінгі мекемелеріне (№26,30,36,39,45,47,49,58,66,70,73,97,100) логопед штат бірлігі бөлу үшін мектепке дейінгі мекемелердің жарлығына өзгерістерді еңгізу бойынша 2014 жылғы 25 шілдедегі №1464 Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысы бекітілді.

Шымкент қаласы білім бөлімінің 2014 жылғы 12 қарашадағы «Қосымша штат бірлігін ендіру туралы» №905 бұйрығына сәйкес 13 бөбекжай балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына 19,5 логопед штат бірлігі беріліп, инклюзивті оқытуға 201 (9,1%) бала қамтылды.

Ыстық тамақ. 2015 жылы 123 мектептің 95-де асхана, 23 буфет бар. 5 мектепте асхана да, буфет те жоқ. Тұрмысы төмен отбасылардан 97229 бала ыстық тамақпен қамтылған.

09.01.2015 ж. Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімінің «Бірінші қажетті азық-түлік тауарларының» мәліметі бойынша 8184 бала тегін тамақтандырылады, бір балаға күніне – 218,52 теңге қаралған, ал туберкулез ауруына шылдыққан 2046 балаға күніне 165 теңгеден қаралған.



Балалардың әлеуметтік жағдайы. 2015 жылы көп балалы отбасынан шыққан бала саны – 15503, аз қамтылған отбасынан – 4879, мүмкіндігі шектеулі бала – 786, жартылай жетім бала - 4686, оралман отбасынан – 46. Жалпы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 788, барлығы 26688 бала.

2015 жылы 748 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса, 40 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген.





Мектепке дейінгі білім беру. 2015 жылы Шымкент қаласында мектепке дейінгі мекемелер саны 296 (мемлекеттік балабақшалар - 82, жекеменшік балабақшалар - 170, мектеп жанында шағын орталықтар - 44).

82 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерінде 24524 бала, 170 жекеменшік балабақшаларда 19294 бала және 44 жалпы орта мектептер жанындағы шағын орталықтарында 2550 бала қамтылған.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 45781 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша 44424 бала қамтылып, ол 76 %-ды құрап отыр.





2014 жыл

2015 жыл


Мектепке дейінгі мекемелер

мекеме

саны

бала саны

мекеме

саны

бала саны

Мемлекеттік

80

24377

82

24524

Жекеменшік

170

19294

170

19294

Мектептер жанындағы шағын орталықтар

45

2706

44

2550

Барлығы:

295

46377

296

46368

Қамту пайызы

(«Балапан» бағдарламасы бойынша)



 

45020

77,1%





45011

77,1%



Білім саласындағы өзекті мәселелер
1. Сауле ш/а №76 мектепте оқитын балаларымыз дене шынықтыру сабақтарын далада өтуде, әр түрлі мәдени шаралар өтетін мәжіліс залы жоқ.

Шешімі: №76 мектеп жанынан асхана, спорт, мәжіліс залдары және шеберхана құрылыстарын салуға ЖСҚ дайындалуда, 2015-2016 жылдарға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

2. Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты мектептерде 5,6,11-сынып оқушыларының және 7-сыныптың информатика оқулықтары жетіспейді.

Шешімі: 2015-2016 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға 2015 жылға арналған қала бюджетінен 320 901,0 мың теңге қаралып, аталған қаржыға 6 баспамен келісімшарттар түзіліп, жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті бюджетте қаржы тапшылығын ескере отырып, 5,6,11 сыныптардың оқушыларын 100 пайыз және 3-сыныптың ағылшын тілі, 7-сыныптың информатика және 1,2,3,8,9,10 сыныптардың оқушыларын оқулықтармен толық қамтамасыз ету мақсатында білім бөлімінің 12.05.2015 жылғы №17/3444/1 хатымен жергілікті бюджеттен 620 459,0 мың теңге бөлу үшін сұраныс жолданды.

3. Қайнарбұлақ саяжайында 40 мыңға дейін тұрғындар бар. Аталған елді-мекендегі №83 мектеп үш ауысымда білім беруде. Балабақша мәселесі шешілмеген.

Шешімі: Қайнарбұлақ саяжайында мектеп және балабақша мәселесін шешу мақсатында, 1200 орындық мектеп және 320 орындық балабақша салуға қажетті жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет