Шымкент қаласы білім бөлімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары туралы



жүктеу 95.31 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі95.31 Kb.
Шымкент қаласы білім бөлімінің 2011 жылы атқарылған

жұмыстары туралы

МӘЛІМЕТІ
Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 2010-2011 оқу жылында 87 болса, 2011-2012 оқу жылында 86 болды. 2011 жылы бір жаңа мектеп ( Асар м/а №89 мектеп) ашылып, екі мектеп- балабақша балабақша желісіне ауысты.

Кешкі мектеп саны -3.

2010-2011 оқу жылында 87 жалпы білім беру мектебінде 98 595 бала білім алса, 2011-2012 оқу жылында 86 жалпы білім беру мектебіндегі бала саны - 101122 жетті. Яғни бала саны 2527 өсіп отыр.

Мектептен тыс мекеме саны 2010-2011 оқу жылында 9 болса, 2011-2012 оқу жылында 8, экологиялық орталық облыстық білім басқармасының желісіне өтті. Мектептен тыс мекемелердегі 2010-2011 оқу жылындағы бала саны - 9860 болса, 2011-2012 оқу жылындағы бала саны - 9154.



Қаржыландыру. 2010 жылы білім мекемелеріне 11 млрд. 39 млн.теңге қаралса, 2011 жылы 14 млрд. 247 млн. 680 мың теңге қаралды. Яғни, 2 857 680 теңгеге артып отыр.

Білім қорына бөлінген қаржы. Жалпы білім қорына 2010 жылы 79 млн.586 мың теңге (1%) қаралса, 2011 жылы 142 млн 576 мың теңге (1,5%) қаралды. Яғни, білім қорына бөлінген қаржы 0,5 % өсіп отыр.

79 млн.586 мың теңгенің 55 млн. 488 мың теңгесіне 3177 бала ыстық тамақпен қамтылған. 12 млн. 098 мың теңгеге 1086 бала жазғы сауықтыру лагерінде демалса, 12 млн. теңгеге 2400 бала мектепке жол акциясы барысында мектеп формасы мен оқу құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

2011 жылы жалпы білім қорына бөлінген 142 576,0 мың теңгенің 74 925 мың теңгесіне 3397 бала ыстық тамақпен қамтылған, ал мұқтаж 3951 баланы мектепке киім – кешекпен қамтамасыз етуге 39 510,0 мың теңге жұмсалған. Жазғы сауықтыру лагерінде демалуға 28 141,0 мың теңге 1324 бала қамтылып отыр.

Жаңа құрылыс. 2010 жылы 7 жаңа мектеп (№24,55,72,86,87,88 және Азат м/а №68) пайдалануға берілсе, 2011 жылы Асар мөлтекауданында 1 мектеп және 5 жаңа балабақша құрылысы пайдалануға берілді.

2011 жылы апатты жағдайдағы № 5 мектептің ғимараты бұзылып, РБ 600 орындық және Асар мөлтекауданында 1200 орындық 1 мектеп құрылысы жүргізілуде, 2012 жылы пайдалануға беріледі. Қазығұрт мөлтекауданында және Асар мөлтекауданындағы 2 балабақша (320 орындық) 2012 жылы іске қосылады.



Қосымша құрылыс. 2010 жылы облыстық бюджеттен 6 (23,19,76,53,83,63) мектеп жанынан (300 орындық) қосымша құрылыс басталып, 2-і 2010 жылдың ІІ жарты жылдығында құрылысын аяқтаса, 4-і 2011 жылдың тамыз айының 24-жұлдызында пайдалануға берілді.

2011 жылы РБ есебінен 3 (№48,52,56) мектеп жанынан 600 орындық қосымша құрылыстар (өтпелі) салу жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылғы жаңа оқу жылына тапсырылуға беріледі.



Күрделі жөндеу. 2010 жылы 3 мектеп 5 балабақша, барлығы 8 мекемеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, 2011 жылы ОБ 5 мектепке, ЖБ 18 мектепке, 1 балабақша, 2 мектептен тыс мекеме, барлығы 26 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жөндеу. 2010 жылы ағымдағы жөндеуге 98 млн 921 мың теңге қаралса, 2011 жылы 102 846 мың теңге қаралып, толық ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үш ауысым. 2010 жылы 6 мектеп (№ 19,23,53,63,76,83) үш ауысымда оқыса, 2011 жылы қосымша құрылыстардың тапсырылуға берілгендігінен үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі толық шешімін тапты.

Жылыту маусымына дайындық. 2010 жылы жылу жүйесін жөндеуге, қысымдауға 54 652 мың теңге жұмсалған болса, ал 2011 жылы аталған жұмыстарға 61 320 теңге жұмсалып отыр.

Тасымал. 2010 жылы 10 мектепте (№52,69,77,82,55,56,80,83,63,88) 3781 баланы тасымалдауға 15 921 000 теңге жұмсалған.

2011 жылы бөлімге қарасты 8 (№52,55,56,58,72,80,83,88) жалпы орта мектептің 4903 оқушыны тасымалдау үшін 31 335 526 теңгеге қаржы қарастырылып тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.

Тельман елді мекеніндегі №52 орта мектептің қолданыстағы ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуіне байланысты, қараша айынан оқушыларды тасымалдау тоқтатылып, мектеп өз жұмысын жалғастыруда.

Жылыжай. Облыс әкімінің №183 тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы жеке қазандықтан жылытылатын 12 мектеп жанынан типтік талаптарға сай жылыжай салынды. 11 жылыжай ЖБ бюджет есебінен 15 млн. 750 мың теңгеге, 1 жылыжай демеуші көмегімен салынды.

Спорт алаңшалары. 2011 жылы Қаз ТрансГаз Аймақ АҚ-ның демеушілігімен №50,64,77 жалпы білім беру мектептерінің аулаларына қазіргі заманға сай жабдықталған спорттық алаңшалары салынды.

Оқулық. 2010-2011 оқу жылында оқушылардың 86 пайызы тегін оқулықпен қамтамасыз етілсе, 2011-2012 оқу жылында жалпы оқушылардың кітапхана қорынан қамтылғаны 89 пайыз, ал қалған 11 пайызы бөлшек сауда желісі арқылы ата-аналар есебінен шешімін тапты. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жыл соңына дейін 4,6,11 сынып оқушылары да әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамтылады.

Компьютер. 2010 жылы 87 жалпы білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 98,8 % қосылған, бір компьютерге 23,6 оқушыдан келсе, 2011 жылы бір компьютерге 21 оқушыдан келіп отыр.

2010 жылы интерактивті тақта саны 408 болса, 2011 жылы 481 –ге жетті.



Кабинет. 2010 жылы 29 биология, 18 химия, 52 физика, 82 лингофон кабинеті болса, 2011 жылы жаңа 3 биология, 10 физика, 30 лингофон кабинеті қосылып, биология кабинеті 32, физика кабинеті 62, лингофон кабинеті 112-ге өсіп отыр.

Мектепке дейінгі білім беру.

Шымкент қаласында 2010 жылы 139 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс атқарса, 2011 жылы 157 жетті (балабақшалар-68, жекеменшік балабақшалар-51, мектеп жанында шағын орталықтар-34, бастауыш мектеп балабақша кешендері – 4).

2010 жылы мектепке дейінгі жастағы балалар саны 100 010 болған болса, 2011 жыл мектепке дейінгі жастағы балалар саны 110 308 жетті, яғни 10 298 балаға өсіп отыр. 2010 жылы “Балапан” бағдарламасымен 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды дайындықпен қамту 62,4 болған болса, 2011 жылы 16 мектепке дейінгі мекемелер ашылып, қамту 65,96 пайызды көрсетіп отыр.

Атап айтқанда:

1. Әлеуметтік серіктестік арқылы ашылған балабақша (жалға алу) – 1 (№25 «Қарақат»)

2. Қайтарылған бұрыңғы балабақша ғимараттары – 2 (№27 және № 81 «Бастауыш мектеп-балабақшалары»)

3. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардың жанынан ашылған топ - 4;

4. Ашылған балабақшалар құрылысы – 5 ( Чапаевка м/а, Ворошиловка м/а, Қайтпас-2, Сауле м/а, Азат м/а)

5. Ашылған жекеменшік балабақшалар – 10

6. Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыспен орналастыру бойынша

40 млн. 056 мың теңге қарастырылып, 1200 орын қамтылды.

7. Мектеп жанынан ашылған шағын орталық - 2 (№72, №68 орта мектеп)

Мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаға кезекке қою білім бөлімінде және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңға 45000 астам бала кезекке тіркелген.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру БАҚ қызметкерлері және депутаттардың қатысуымен ашық түрде жұмыстар жүргізілуде.



ҰБТ. 2009-2010 оқу жылының Ұлттық Бірыңғай тест қорытындысы бойынша орта балл көрсеткіші - 92, шекті деңгейден өте алмаған мектептер жоқ. 2010-2011 оқу жылының Ұлттық Бірыңғай тест қорытындысы бойынша орта балл көрсеткіші- 90, шекті деңгейден өте алмаған мектептер жоқ. Алтын белгі иегері 2010 жылы 109 болса, 2011 жылы-111-ге көтерілді.

Олимпиада, ғылыми жоба. Мектеп оқушылары арасында оқушылардың білім сапасын анықтайтын түрлі ғылыми жоба жарыстары, олимпиадалар, интеллектуалды байқаулар өтті.

2009-2010 оқу жылында облыстан жүлделі орын алған 47 ғылыми жобаның 7 республикалық жүлдені иеленсе, 2010-2011 оқу жылында облыстан жүлделі орынға ие болған 41 ғылыми жобаның 7 республикалық, 2 халықаралық жүлдеге ие болды.

2009-2010 оқу жылында облыстық олимпиададан жүлделі орынға ие болған 18 жеңімпаздың 3 республикалық жүлдеге ие болса, 2010-2011 оқу жылында облыстық олимпиададан жүлделі орынға ие болған 32 жеңімпаздың 3 республикалық, 1 халықаралық жүлдеге ие болды.

2010 жылы Халықаралық “Кенгуру- математик” ойын байқауынан оқушыларымыз 75 орынды иеленсе, ал 2011 жылы 220 орынды алып отыр. “Кенгуру-лингвист” ойын байқауынан 2010 жылы 22 орын, 2011 жылы 61 орын иеленіп отыр.

Халықаралық “Руский медвежонок” ойын байқауынан 2010 жылы 167 орын, 2011 жыл 263 орынды иеленіп отыр. Халықаралық “Золотое руно” ойын байқауынан 2010 жылы 209 орын болса, 2011 жылы 346 орын.

Жазғы демалыс. 2010 жылы жетім және жартылай жетім, көп балалы отбасы балаларының 6954-не жазғы маусымдағы демалыс ұйымдастырылған болса, 2011 жылы 8974 бала жазғы сауықтыру лагерінде тегін демалды.

Тәрбие жұмысы. 2010 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер жасаған ұрлық, тонау, дене жарақатын салу, топтық төбелес және т.б. құқықбұзушылық бойынша 72 бала қалалық ІІБ тіркеуге алынған болса, 2011 жылы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалалық ІІБ тіркелген бала саны 28 –ге түсті. Жүргізілген жұмыстарды атап айтатын болсақ:

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың және жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицидтің алдын алу мақсатында қалалық ішкі істер басқармасымен, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, облыстық салауатты өмір салтын насихаттау орталығымен және облыстық наркологиялық орталықпен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспар негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Олар:

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу мақсатында «Қылмысқа жол жоқ» екі айлық акциясы жарияланып, жұмыстар жүргізіліп, бөлім қызметкерлері тарапынан аптасына бір рет рейдтер жүргізіліп, жалғасын табуда.



  • Балаларды оқумен қамту және сабақтан бос уақытта бей-берекетсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында күндізгі және түнгі рейдтер жүргізілуде;

  • Рейд қорытындысы және құқық бұзушылық орын алған мектептердің оқушыларымен ата-аналарының бала тәрбиесіне жауапкершілігі қалалық «Тәртіптік кеңесте» қаралды;

  • Жасөспірімнің жасаған қылмысы үшін, заң алдында жауапкершілігін сезіндіру үшін, Отырар телеарнасымен келісім шарт түзіліп, «Жасөспірім және заң» тақырыбында оқушылардың қатысуымен сот процессін бейнелейтін сюжеттер түсіру кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес сюжеттер түсірілуде;

Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында:

  • ата-аналар комитетінің төрағасы қайта сайланып, міндеттері мен мақсаттары талқыланып, іс-шара бекітілді;

  • ай сайын прокуратура, ІІБ қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасалып, жүргізілуде;

  • 2011 жылдың 20 қазан күні өткізілген «Қылмысқа жол жоқ!» акциясының қорытындысы алқа мәжілісінде қаралып, қалалық құқықтық штабта тыңдалды;

  • “Бала тәрбиесінде ата-аналардың жауапкершілігі” (Айғақ телеарнасы), “Бала тәрбиесінде психологиялық ахуалды қалыптастыру“(«Отырар» телеарнасы), “Бала еңбегінің ең ауыр түрлері” («Отырар» телеарнасы) тақырыптарында сұхбаттар берілді. «Ата-анасыз бір сағат» бағдарламасынан №58 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының «Табиғат сыры», №29 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының «Жануарлар әлемінде» тақырыптарындағы ашық сабақтары көрсетілді (Жұмыс жоспарға сәйкес жалғасады.);

  • Қалалық білім бөлімі жанынан тәртіптік кеңес құрылып, құқықбұзушылыққа жол берген балалардың ата-аналарының жауапкершілігі қаралуда;

  • 2011 жылдың 14 қазанында ата-аналар кеңесінің төрағаларына арналып «Құқықтық оқыту» өткізілді;

  • 2011 жылдың 2 қараша күні облыс прокурорының аға көмекшісі Ж.Алиханованың, қалалық ІІБ қызметкерлерінің, мектеп басшыларының қатысуымен жиналыс өткізіліп, қалалық мобильдік топ құрылды;

  • 2011 жылдың қыркүйек айында облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, ата-аналардан «Кәмелетке толмаған жаөспірімдер арасында тәрбие жұмысын жақсарту» тақырыбында сауалнама алынды;

  • Құқық бұзуға бейім, есепке тіркелген оқушыларды 2011 жылдың қазан айының 14 күні және қараша айының 24 күндері жабық мекемеге алып барып, тәрбиелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • Жалпы білім беру мектептеріндегі 69 мектеп- инспекторына арнайы кабиналар қойылды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерінің зияндылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта:

  • «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағдарламасы бойынша темекінің ағзаға зияндылығы “Никотин және жастар” тақырыбында қалалық акция өткізілді;

  • Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында білім мекемелерінде “Денсаулығын өз қолыңда” тақырыбында жазбаша диктант өткізілді;

  • Мектептерде “Мектеп темекісіз аймақ” айдарымен декада жарияланды;

  • Қызыл-Ай қоғамдық қайырымдылық бірлестігімен “Жас санитария” қалалық байқауы өткізілді;

2011 жылдың қараша айының 10-14 аралығында «Жастар нашақорлыққа қарсы» қалалық акция өткізілді.

Орын алған қылмыстық оқиғалар бойынша 3 мектеп директоры, 8 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 4 мектеп психологы қызметінен босатылып, 3 директорға, 16 директордың орынбасарларына сөгіс берілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодекстің 111 бабы бойынша бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 121 ата-анаға айыппұл салынды.

Педагог кадрлар. 2010 жылы 9047 педагогтың 48% жоғары және бірінші санатты, ал 28% екінші санатты, 24% санатсыз болса, 2011 жылы 9301 педагогтың 51 % жоғары және бірінші санатты, ал екінші санаттысы 27%, санатсыз-22% құрады. Яғни, 2011 жылы жоғары және бірінші санаттаға мұғалімдердің үлесі 3% артып отыр.

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер қызметкерлерінің жалақысы 30% көбейді және 1 қыркүйектен бастап жоғары санатты мұғалімдерге төленетін қосымша ақы 60 %-тен 100 %-ке көтерілді. Бірінші санатты мұғалімдерге 35% -тен 50% –ке, екінші санаттыларға 20%-тен 30 %-ке көтерілді.




Бөлім бастығы Ж.Тажиева


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет