Шымкент институты


Малдың дене бітімінің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі448.58 Kb.
#124653
1   2   3   4

Малдың дене бітімінің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады


  1. Организмнің бірлігі

  2. Әр түрлі ден мүшелерінің формасы мен көлемінің және қызметінің организмінің бірлігіне сәйкес дамуы

  3. Нақтылы сыртқы орта жағдайларына бейімділігі мен орта өзгерісіне бейімделу қабілеті

  4. Нәсіліне тәуелділігі

  5. Сыртқы орта жағдайына жалпы бағыныштылығы

  6. Белгілі бір өнім беруге бейімділігі

  7. Жұқпалы ауруға шалдығуға бейімділігіне қарсы тұруға төзімділігі.

Әр мал тұқымының өніміне сай дене бітімі болады, ол сол жергілікті өскен ортасына лайықты ортасына лайықты болады.

Кез келгенн организмнің өзіндік ерекшелігі болады. Малдың өзіне тән, басқалардан айырмашылығы бар дене бітімі болатыны даусыз. Бірақ мал арасында дене бітімі жағынан өзара ұқсастық бар екені де ақиқат нәрсе. Екі малдың өнім бағыты, тіршілік ортасы ұқсас болған сайын, олардың дене бітімінің де ұқсастығы арта береді, яғни оларды дене бітімі жағынан бір топқа біріктіруге болады. Сонымен бірге дене бітімінің әр түрлі болатыны да шындық. Мәселе сол дене бітімі ерекшеліктерін, түрлерін ажырата білуде. Зоотехниялық тәжірибеде дене бітімін жіктеу малдың дене бітімін жәй көзбен қарағанда анық көрінетін оның түр-тұлғасы мен кейбір морфо-физиоогиялық қасиеттері, ерекшеліктері арқылы ажыратуға негізделгенн. Осы әдіс бойынша малдың дене бітімі қазіргі кезде бес түрге бөлінеді. Сөлекет, нәзік, тығыз,борпас, мықты



  1. Сөлекет – дене бітімге жататын малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, түгі жуан, бұлшық еттері толымды болады. Мұндай малдың жалпы түр-тұлғасы сөлекеттеніп, көзге өреселеу көрінеді. Бірақ мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді, ауруға көп шалдықпайды.

  2. Нәзік – дене бітімділердің терісі жұқа, етсіз, ашық, сүйегі жіңішкелеу, көзге толымсыздау көрінгенімен, ас қорыту ағзалары біршама жақсы жетілген, зат алмасуы жедел, нерв жүйесі тез тозғыш. Мұндай малдар жақсы бағып күтуді керек етеді.

  3. Тығыз- дене бітімі малдың сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі тығыз келеді. Қан айналу, тыныс алу, ас қорыту ағзалары жақсы жетілген, жүйкелері мықты. Бұл мал ірі төзімді әрі өнімді келеді, сондықтан оны өсіруге қолайлы да пайдалы.

  4. Борпас – дене бітімі малдың денесі жалпақ, ас қорыту жүйесі жақсы жетілген, зат алмасу процесі баяу жүреді. Мінезі жуас, семіруге бейім. Ет өндіретін шаруашылықта пайдалы, өте қолайлы.

  5. Мықты – дене бітімді малдың смүйегі берік, барлық мүшелері бір-біріне сәйкес, жақсы жетілген, терісі тығыз, бірақ аса қылшық емес, түгі жақсы дамыған. Жалпы мал өте келбетті, ширақ. Мұндай мал ауруға берік, өнімі жоғары, қажырлы болады. өсіру үшін ең жақсы мал қатарына жатады.

Мал шаруашылығы әртүрлі мал тұқымдары еңбек құраым болып табылады. Материалдық өндірістің барлық саласындағы сияқты, мал шаруашылығында да негізгі еңбек құрамы – мал тұқымы қоғамның дамуына сәйкес ұдайы жетілдіріліп отыруы тиіс /11,12,13-15/.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысының негізгі әдістеріне, белгілі бір мақсатқа сәйкес сұрыптау мен жұп таңдау жатады. Сұрыптау деп тіршілік пен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, құнды малды ұрпақтан ұрпаққа іріктеп отыруды айтады. Жұп таңдау – іріктеп алынған малдың ішінен ұнамды ұрпақ беретін бір-біріне лайық аталық және аналық жұп құру.

Сұрыптау мен жұп таңдаудың мақсаты бір, олар бірін-бірі толықтырады және бір-бірімен тығыз байланысты. Сұрыптау мен жұп құрудың бірлігін селекция деп атайды.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысының нәтижелілігі бұл зоотехниялық әдістің үздіксіз жүргізіліп отыруына тікелей байланысты. Кез келген мал тобымен жүргілілетін тиянақты селекция жұмысы сұрыптаудан басталып, сол жылы жұп таңдауымен аяқталуы тиіс. Келешекте осы жұп таңдаудан алынған ұрпақ шын мәнінде жүргізілген селекцияға ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз жүргізіетін сұрыптау мен жұп таңдау тізбегі деп қарауға болады.

Сұрыптау – таңдау жалпы тұрғыдан алғанда адамға ежелден түсінікті ұғым. Сұрыптаудың ғылыми негізін қалаушы Ч. Дарвин (1809-1882) органикалық дүниенің эволюциялық дамуына, тірі организмнің жаңа түрлерінің, жаңа тұқымдық топтарының пайда болуына сұрыптаудың шешуші ролі барын анықтады. Ол сұрыптау, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік біріге отырып, эволюцияның негізгі қозғаушы күшін құрайтындығын дәлелдеді. өзгергіштік әр ұрпақта онша көзге көрінбейтін көптеген жаңа нәсілдік қасиеттер туғызады. Ал сұрыптау осы кзге көрінбейтін көптеген ұсақ пайдалы жа ңа нәсілдік қасиеттерді жинақтап, белгілі бір арнаға түсіріп отырады. Сөйтіп тіршілік формалары бірте-бірте өзгеріп, дамып отырады.

Ч. Дарвин сұрыптауды екі түрге бөледі: табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау.

Табиғи сұрыптау деп организмнң тірщілік ортасына бейімделу ерекшеліктерінің кейбір жеке артықшылықтарының арқасында тіршілік үшін күресте тірі қалып, ұрпақ қалдыруын айтады. Табиғи сұрыптау табиғат күштерінің ықпалымен өтеді.

Қолдан сұрыптау деп адам өзіне ұнаған малдарды жеке іріктеп алып өсіруді айтады.

Сонымен, қолдан сұрыптау үй малдары ішінде тікелей өзі жүргізеді. Бұдан жануарлар селекциясын адам өз қолына алысымен табиғат өз жайына қалады деген ұғым тумауы керек. Табиғи сұрыптау ұй жануарларының барлық түрлерінде өз ретімен жүреді. Адам оның ықпалын бір арнаға түсіріп, қажетті бағыттқа түсіріп отырады. Өзінің қарауына қарай табиғи сұрыптаудың әсерін күшейтіп не бәсеңдетіп отырады.

Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың бір-бірімен ұқсастығы да айырмашылығы да және байланыстылығы да бар. Селекционер мұны өзінің мал тұқымын асылдандыру жұмысында ескеріп, басшылыққа алуы тиіс.

Табиғи және қолдан сұрыптау аралығындағы ннегізгі ұқсастық - олардың әсердеріне творчествалық сипаттың тәндігі. Табиғи сұрыптау түбінде жаңа түр шығарса, қолдан сұрыптау арқылы жаңа мал тұқымы шығарылады.

Табиғи сұрыптау малдың тіршілігіне қажет белгілерді ғана сақтап қалады, сондықтан ол белгілі бір ортада жақсы бейімделген, өміршең малдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қолдан сұрыптау да мал белгісінің адамға қажеттілігіне байланысты іріктеледі. Көпшілігінде кейбір өнімдік белгілердің соншалықты жақсы дамуының организмге қажетті болмауы мүмкін. Міне бұл екі түрлі сұрыптау бағыттары нәтижелердің басты айырмашылығы.

Адамға қажетті өнімділіктің қасиеттері жақсы дамыған малдың дене бітімінің беріктігі табиғи және қолдан сұрыптау бағыттарының сәйкестігімен анықталады. Сонымен, қорыта айтқанда, мал тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізгенде нақтылы ауа райы мен жер жағдайында табиғи сұрыптаудың бағытын біліп, оны қолдан сұрыптаумен ұтымды ұштастыра білу керек /16,17/.

Селекция жұмысының нәтижелілігі сайып келгенде малдың тұқымдық және өнімділік қасиетін мүмкіндігінше дәл және ерте бағалап, анықтауға байланысты. Осы бағытта селекционер алдында біршама үлкен қиындықтар кездеседі. Біріншіден, малдың сұрыпталатын белгілері көп. Мысалы, қойдың еттілігі, жүнділігі, өсімталдығы, тез жетілгіштігі, төзімділігі және т.б., екіншіден, малдың негізгі белгілері бойынша құндылығын бір уақытта бір-ақ рет кесіп айтуға мүмкіншілік жоқ. Себебеі малдың негізгі пайдалы белгілерінің дамып жетілуі қатар жүрмейді. Сондықтан бір белгісі бойынша бағалау үшін малдың нақтылы 1 жасқа жетуін күту керек. Үшіншіден, малдың негізгі өзіндік белгілеріне сыртқы орта жағдайларының күшті әсер етуі, малдың сол белгілері бойынша нәсілдік құндылығын дәл бағалауды біршама қиындатады. Төртіншіденн, әрбір селекционер өз жұмысында нәсілдік қасиеті жоғары және сол қасиетін ұрпқтан-ұрпаққа бере алатын тұқымдық малды таңдап ала білуі қажет. Бірақ малдың нәсілдік қасиетіне тікелей баға беруге әзірге мүмкіншілік жоқ, ол көзге көрінбейді. Сондықтан селекционер оның фенотиптік көрінісіне ғна баға бере алады. Сонымен малдың тұқымдық құндылығын өз өніміне (фенотипіне), ата-тегіне және ұрпғының сапасына кешенді баға беру арқылы анықтайды. Осы үш саладан түсетін мәліметтер толық дәл болған сайын, сұрыптау нәтижелілігі де арта түседі.

Малды сұрыптауға, жалпы мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыруға байланысты жүргізілетін малды тұқымдық қасиеті мен өніміне қарай малды бағалау бонтировка деп аталады. Барлық шаруашылықтарда бонтировка жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бонтировканы мал дәрігерлері мен фермердің қатысуымен арнайы нұсқауға сәйкес тәжірибелі, білімді зоотехник-бонитер жүргізуі қажет.

Іс жүзінде малға жан-жақты баға беру, оны сұрыптау барлық шаруашылықта негізінен бонтировка кезінде жүргізіледі. Бонтировка кезінде әр малдың дене бітімі, түр-тұлғасын, өсімдік қасиеттерін көзбен көріп және зоотехниялық ең бастапқы есеп құжаттары негізінде баға беріп, ата-тегі және ұрпағының сапасы туралы мәліметтерге сүйене отырып жасайды.

Малға бонтировка жасағанда оның тұқымының ұнамды типіне қоятын талаптарға сәйкес жақсыларды таңдап алып, тұқымдық және өнімдік құндылығына қарай элита рекорд, элита, бірінші, екінші, үшінші деген сияқты классикалық топтарға бөледі. Ал нашарлары бракка шығарылады. Өнімділігі тұымның стандарттылығына сәйкес малды бонтировкалық бірінші класка жатқызады. Егер өнімділігі тұқымның стандартылығынан төмен болса, ол екінші немесе үшінші класқа жатқылылады. өнімділігі бірінші кластың нұсқаудағы өнімділігінен артық болса – элита класына, одан да жоғары болса элита-рекорд класына жатқызады.

Бонтировка әдетте ұрпақ беретін малға жүргізіледі. Онв жүргізу жыл мезгілі мен малдың жасына, негізгі өнімдік бағытына байланысты болады. Бірақ малға ботировка оның негізгі өнімі толық жетілген уақытта жүргізіледі. Шаруашылықтарда тұқымдық мал топтары жыл сайын белгілі уақытта, ірі қара – сиыр, бұқа, алты айдан асқан баспақ, қойда – саулық. Қошқар, тоқтылар, қаракөл қозылары 1-2 күнділігінде, жылқыда - бие, айғыр, екі жастағы байтал; түйеде – мая, бура, үшке келген еркек және ұрғашы жасан мал бонтировкадан өтуі тиіс.

Малдың түріне, тұқымына, жынысына байланысты оған бонтировка жүргізудің ерекшеліктері бар. Мұның бәрі Ауылшаруашылығы министрлігі бекіткен арнайы нұсқауларда нақты көрсентілген. Сол нұсқауларды бұлжытпай орындау керек /18,19/.

Бонтировка қорытындысымен шаруашылықта мал топтары бөлініп (селекциялық топ, өндірістік топ, т.т) олармен келешек жұмыс жоспары белгіленеді.

Шаруашылыққа тиімді сапалы мол өнімді малдарды сұрыптан алғаннан кейінгі жауапты зоотехнияялық жұмыс – жұп таңау. Жұп таңдау сұрыпталған малдардан ғылыми негізде бір-біріне лайықты, өздерінен жақсы ұрпақ беретін, аталық және аналық жұп құруды айтады. Яғни жұп таңдау таңдап алған, мысалы, саулықтан жақсы төл алу үшін оны қандай қошқармен шағылыстыру қажеттілігін дұрыс шешу. Сұрыптау мен жұп таңдау селоекция ғылымында тел ұғым. Мал тұқымын асылдандыруда бұл екі жұмысты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірін толықтырады. Екуін де үзіліссіз қатар қолданбайынша мал тұқымын асылдандыруда ойдағыдай нәтижеге жету мүмкін емес. Мысалы кез-кедген саулық пен қошқарды шағылыстырғанмен жақсы төл алынбайды. Белгілі бір мақсатта жұп таңдау арқылы бір жағдайда іріктеп алған малдың ұнамды қасиеттерін оданәрі жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа нәсілдік негізде бекітуге болады. Сөйтіп жұп таңдау, сұрыптау бағытында белгіні жетілдіре түседі. Екінші бір бағытта ата-енесінің ұнамды қасиеттерін жаңа бір бағытта біріктіріп және сол ерекшеліктеріне қарай тұқым қуалайтын төл алуға болады. Бұл сұрыптау мүмкіншілігін кеңейте түседі.

Сайып келгенде сұрыптау малдың тағдырын шешеді, ал жұп таңдау келесі ұрпақтың тағдырын анықтайды. Ұрпақтың сапасы – ата-енесі нәсілдік қасиеттерінің бір-біріне үйлесімділігіне, лайықтылығына, яғни ата-ене жұбын дұрыс құруға байланысты. Тіпті нақты бір ата ана нәсілдік қасиеттерінің үйлесімділігі тұрақты емес, әр келесі ұрпақ алған сайын өзгеріп отыруы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда бір биеден ала да туады, құла да туады.

Мал шаруашылығында жұп таңдаудың екі түрі қолданылады: біртекті немесе гомогендік және әртекті немесе гетергогендік. Біртекті немесе гомогендік жұп таңдау дегенде өнімджік қасиеттері ұқсас малды шағылыстырады. Бұл жолмен селекционер аталық пен аналықты ұнамды ұқсас қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа бекіңту, олардың гендік гомозиготалылығын арттыру арқылы құнды белгіні одан әрі жетілдіру, сонымен ұнамды топтардың малын көбейтуге қол жеткізу.

Әртекті, яғни гетерогендік жұп таңдау - өнімділік қасиеттерінде, тегінде айырмашылықтары бар аталық пен аналық малды шағылыстыру арқылы төл алу. Бұл әдісте көздейтін негізгі мақсат ата-енелерінен өзгеше төл алу. Гетерогендік жұп таңдаудың құндылығы да, осалдылығы да осында. Құндылығы – ол келесі ұрпақтағы өзгешеліктің пайда болуы, егер де ол ұнамды болса. Осалдығы- кейде өзгешеліктер ұнамсыз болады. Олай болмас үшін жұптаған малды бағытты түрде бағып-күту керек.

Жұп таңдаудың екі түрі де сұрыптау әсерін селекция бағытында күшейте түседі. әр текті жұп таңдау белгіленр өзгергіштігін күшейтіп сұрыптау мүмкіншіліктерін кеңейтсе, біртекті жұп құру –таңдап алған белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа бекіте түседі /20,22,23/.

1.4. Мал өсіру әдістері
Мал өсіру әдістері таңдап алған малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып жүргізген жұп таңдау жүйесінің нақты іске асыру жолдарын айтады.

Әр тұқымды оның өзіне тән өзгешелігіне сәйкес пайдалану дұрыс болады. Ол үшін мал өсірудің ғылым мен тәжірибе тапқан түрлі-түрлі жолдары бар. Оның қайсысын қолдану жоғарыда айтылған жағдайларға тығыз байланысты. Қазір ғылымның қол жеткізген деңгейінде барша елдер мойындған мал өсіру әдістерінің үш түрі бар. Олар:



  1. таза тқым өсіру

  2. будандастыру

  3. түраралық будандастыру

Таза тұқым өсіру әдісі ұрпақтан-ұрпаққа бір тұқымның малын өзара шағылыстыруды айтады. Таза тұқым өсіру қазіргі уақытта да, келешекте де мал шаруашылығында жетекші роль атқарады. Себебі тек таза тұқым өсіру әдісі арқылы ғана белгілі бір мал тұқымын сақтап және оны одан әрі жетілдіруге болады.

Бір тұқымның малында өнімнің бағыты мен мөлшері жалпы биологиялық және нәсілдік қасиеттері жағынан бір бағытта жүргізген сұрыптау, жұп таңдау жұмыстары жәнетегінің, өскен орталарының бірлігіне байланысты көптеген ұқсастық болады. Осыған байланысты оларды шағылыстырып отырғанда, бұл ұқсастық ұрпақтан ұрпаққа тарайды және күшейе береді, олардың өздеріне тән биологялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерін ұрпағына беру қабілеттілігі арта түседі. Мұның бәрінің негізінде – мал тұқымын таза өсірген уақытта, малдың тұқымқуалаушылық қасиеттерінің гомозиготалық дәрежесінің көбеюі жатыр. Таза тұқым өсіру әдісінің бұл ерекшеліктері асыл тұқымды мал бағытталған шаруашылықтарының негізгі міндетіне сай келеді. Ол міндет өз тұқымына тән, өз бойындағы қасиеттерін ұрпағына тұрақты бере алатын мал өсіру, оларды тұқым ретінде басқа шаруашылыққа сату.

Таза тұқым өсру әдісі сапалы, мол өнімді малы бар өндірістік шаруашылықтарда да қолданыфлады. Мұндай шаруашылық асылдандыру жұмысын жолға қою арқылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққы айналады.

Қорытып айтқанда, таза тұқым өсіру әдісі белгілі бір мал тұқымын сақтап, оны одан әрі жетілдіру үшін және таза тұқымды мал санын көбейту үшін қолданылады.



Таза тұқымды мал санын өсіру әдісінің табысты болуы мынадай басты шарттарға байланысты

  1. өнімі шаруашылықтың бағытына, биологиялық қасиеттері жергілікті жердің жағдайына, ауа райына сәйкес келетін мал тұқымын таңдай білу

  2. өнімділік және тұқымдық қасиеттері жағынан өсіру де алға қойған мақсатқа сай келетін, малдың ең жақсыларын жүйелі түрде сұрыптап өсіру

  3. іріктеліп алынған малдың бір-біріне неғұрлым лайықты аталық және аналық жұптар құрастыру, яғни жұп таңдау

  4. мал тұқымының биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік қасиеттерінің толық дамуына қолайлы мал азықтандыру, бағып-күту жағдайын жасау.

Таза тұқымды өсіру әдісі арқылы алынған малды таза қанды деп атайды. Малдың таза қандылығы әдетте оның келешекте мол өнім беруімен оның төзімділігі жатады. Таза тұқым өсірудің жоғары дәрежелі, күрделі түрі мал тұқымы ішінде өзіндік ерекшеліктері бар топтар – аталық ізбен ұялар құру және оларды мал тұқымын жақсарту бағытында тиімді пайдалану. Мал тұқымын жақсартудың шегі жоқ



    1. Малды будандастыру жолдары.




  1. сіңіре будандастыру бұнда будандастыру жұмысын жүргізбес бұрын алдын ала барлығын, яғни тұқымды жан-жақты ойластырып, таңдап алады. Сол таңдап алынған тұқымның аталығы мен жергілікті ұрғашыларын шағылыстырады. Кейін әр келесі ұрпақ будандарының ұрғашыларын тек жақсартқыш тұқымның аталық малымен шағылыстырады. Кейін әр келесі ұрпақ будандарының ұрғашыларын тек жақсартқыш тұқымның аталық малымен шағылыстырады. Сіңре будандастыруға қатынасқан мал тұқымдарының санына байланысты бұл әдіс екі түрге бөлінеді: жай сіңіре будандастыру – жақсартқыш тұқым ретінде бір ғана мал тұқымы пайдаланылады. Мысалы, женргілікті қазақ қойларын қаракөл қошқарымен будандастырып, түбінде қаракөл қой тұқымын шығарып алуға болады.

  2. Күрделі сіңіре будандастыру. Бұл әдісте жақсартқыш ретінде бірнеше мал тұқымы пайдаланылады. Мысалы, қазақ қойын алдымен Прекос қошқарымен, кейін Рамбулье қошқарымен шағылыстырып, нәтижесінде жергілікті жерде тамаша биязы жүн беретін қой тұқымы шығарылады. Сіңіре будандастырудың қай түрін қолданғанда болмасын есте болатын мәселе: ол - жергілікті мао тұқымының пайдалы биологиялық қасиеттерін жоғалтпау, мүмкіндігінше жақсартылушы және жақсартушы тұқымдардың пайдалы қасиеттерін олардың буданында дұрыс ұштастыру. Нәтижесінде көздеген нысанаға қол жеткізу болып табылады. Сіңіре будандастыруды тиімді қолданудың мысалы ретінде қазақтың жергілікті сиырын республикалың оңтүстік-шығыс аудандарында швед тұқымымен, солтүстік-шығыс аудандарында симменталь тұқыммен жақсартуды келтіруге болады.

  3. Қан араластыра будандастыру. Будандастырудың бұл қасиеті жалпы өнімдік, жергілікті жағдайға бейімделген малд тұқымының кенйбір кемшіліктерін жою үшін немесе кейбір өнімділік белгілерін жедел жетілдіру үшін қолданылады. Қан араластыру әдісігн қолданғанда жергілікті өсіретін тұқымның негізгі өнімдік типін бұзбауға тырысады. Қан араластыру әдісі жеміәсті болу үшін, біріншіден, жергілікті тұқым жақсартқыш тұқыммен бір рет қана шағылыстырылапды. Осы шағылыстырудан туған ұрпақты қайтадан жергілікті тұқыммен шағылыстырады. Жақсартқыш тұқымның будандарға одан әрі қатынасы болмайды. Бірақ алынған будандардыәр уақыт мұқият сұрыптап, олардан ұйлесімді жұп құрып отыру қажет. Сондықтан жақсартқыш тұқым өзінің өсімдік қасиеті жағынан жергілікті жақсарылтушы тұқымға жақын болып. Ол малда жетіспейтін қасиет жақсы дамыған болуы шарт. Қан араластыра будандастыруды асыл тұқымды мал шаруашылықтарында да, өндірістік шаруашылықтарда да қолдануға болады. Бірақ шаруашылықтың бьағытына қарай әрқайсысында бұл будандастырудың әдісін қолданудың ерекшеліктері бар. өндірістік шаруашылықта жақсартқыш тұқымның аталығы мен өнімі төмен аналықтарды шағылыстырады. Себебі таза тұқым өсіру әдісіне мұндай нашар саулықтардан сапалы төл алу үшін көп уақыт кетереді. Ал қан араластыру әдісі арқылы бірінші ұрпақтың өзінде-ақ өнімділік қасиетін бірсыпыра жақсартуға болады. Бұған жалпы будандастыруларда бірінші ұрпақта кездесетін гетерозис құбылысының пайдалы ықпалы тиеді. Бұл әдіс Қазақстан қой шаруашылығында жиі қолданыфлады. Мысалды, қазақтың арқар мериносын Аскания қой тұқымымен қан араластыру арқылы жергілікті қойдың сапасын едәуір жақсартты. Ірі қарадан Алатау сиырын Швед тұқымымен қан араластыра будандастырып, оның сүттілігі мен майлылығын және желін формасын жақсартты. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында қан араластыру әдісін пайдаланудағы негізгі мақсат – жаңа аталық із кұру. Осы аталық ізді пайдаланудағы негізгі мақсат жалпй мал тұқымын жақсарту. Сондықтан жақсартқыш тұқыммен шағылыстыру үшін жергілікті мал тұқымына тән шаруашылыққа пайдалы өнімдік қасиеттері жақсы жетілген таңдаулы ұрғашылар бөлінеді. Будандармен жоғарыда айтылған тәртіппен жұмыс жүргізеді. Қан араластыру әдісін қолданғанда аса сақтық пен біргірлік керек. Жақсартқыш тұқымға жете мән бермеу, будандарды ретсіз сұрыптау мен кездейсоқ жұптау, жергілікті мал тұқымын жақсартудың орнына керісінше нәтиже алуға болады.

  4. заводтық будандастыру шағылыстырылған мал тұқымдарының тиімді қасиеттеріне ұтымды ұштастырған, немесе кейбір қасиеттері бар мал тұқымын шығару үшін қолданылатын будандастыруды айтады. Қазіргі жаңа мал тұқымдарының басым көпшілігі будандастырудың осы әдісімен шағылыстырылады. Бірақ бұл будандастырудың қиын да күрделі екенін айту керек. Сондықтан бұл әдісті қолданып жоғары нәтижеге жету үшін, үлкен де білгір маман селекционер жұмысты бастамас бұрын жоспар жасап, нақты шаруашылықтарды белгілеп, тұқымдарды айқындап ашуы тиіс. Заводтық будандастыруды қолданғанда мына төменгі негізгі шарттарды басшылыққы алып байыпты жұмыс істеу керек;

а) жаңа тұқымның қандай болуы туралы нақты түсінік болуы шарт, яғни жаңа тұқымның ұнамды типі алдын ала белгілі, оның молелі болуы керек,

б) будандастырылатын мал тұқымын таңдау

в) будандастырудың ұтымды схемасын белгілеу

г) мүмкіндігінше тәжірибеде мол малды пайдалану

д) туыстас малды өзара шағылыстырғанда әсіресе жұмыстың басты кезінде аса ретті пайдалану

е) қажетті малға сәйкес белгілердің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай туғызу.

5. Өндірістік будандастыру. Етке тапсырылатын немесе басқа өнім алу үшін екі немесе бірнеше тұқымдарды будандастыру арқылы өндірістің пайдалылығын арттыру үшін қолданылатын әдіс. өндірістік будандастырудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай өндірістік будандастыру екі тұқымның малын бір-бірімен шағылыстырып, алған бірінші ұрпақ буданынан әр түрлі өнім алумен шектелу. Күрделі будандастыруға үш тұқым қатынасады. әуелі екі тұқымды будандастырады. Осы жолмен аынған будандар еркек ұрғашысына қарамай белгілі өнім алуға пайдаланылады. өндірістік будандастыруда көбіне тек бірінші будан ұрпақты алумен шектеледі. өндірістік будандарда герерозистік құбылыс жиі кездеседі. Гетерозистік будандар тез жетілгіш әрі өміршең, төзімді, жақсы бордақыланады. Азықтандыруы, бағып күтуі бірдей жағдайдың өзінде, гетерозистік буындар таза тұқымдарға қарағанда өнімді 20-30 пайызға артық береді. Бірақ гетерозис құбылысы кез келген тұқымдарды будандастырғанда кездесе бермейді. Бұл құбылыс көбінесе будандастырылған екі тұқымның нәсілдік қасиеттерінің сәйкес келуіне байланысты. Республика ғалымдары мүйізді ірі қара шаруашылығының барлық саласында етті тұқыцдарды өндірістік будандастыру арқылы сиыр етін өндіруді 10-15 пайзға көбейтіп және өнімнің сапасын жақсартуға болатындығын зерттеулер арқылы толық дәлелдеп берді

6. Кезек будандастыру будандастыруға қатысатын мал тұқымының аталықтарын алмастыра, кезек пайдалану. Кезек будандастырудың өндірістік будандаструмен мақсаты бірдеі, яғни бірінші ұрпақта кездесетін гетерозис құбылысын мейлінше толық пайдалану. Сондықтан кезек будандастыруды жүргізгенде бірінші ұрпақтың және одан кейінгі әр келесі ұрпақтың ұрғашыларынан кензек будандастырудың қай түрінде де алынған төлдің енелері будан, ал аталары таза тұқым болып отыруы міндетті. Осының нәтижесінде әр уақытта біршама жоғары дәредедегі гетерозиготалықтың сақталуына байланысты бірнеше ұрпақ бойына гетерозисті будандарды алуды қамтамасз етеді.

7. Малды гибридтеу. Гибридтеу екі түрге жататын малдлы шағылыстыру. Гибриттердің ғылыми тәсіл ретінде жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын және ұрықтану процестері мен олардың шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Дегенмен гибридтеуді қолданудағы нешізгі мақсат – жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану. Осы тұрғыдан гибридтеуді екі түрге бөледі. Оның бірі – күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін, ал екіншісі – малдың жаңа тұқымдарын шығару үшін пайдаланады. Күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін қолданылатын гибридтеу көне заманнан белгілі. Адам осыдан 4 мың жыл бұрын есекпен жылқыны будандастырып, жүк артуға, қара жұмысқа төзімді, ұзақ тіршілік ететін ұрпақ-қашарды алған. Сол сияқты айыр түйе мен аруананы будандастырудан қоспақ түйе алған

II ЗЕРТТЕУ ЄДІСТЕРІ



2.1. Малды азықтандыру жолдары

Малдың өсіп-жетілуі үшін және сапалы өнім алу оларды азықпен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Малдың азығының құнарлығы, құндылығы, дәмділігі малдан алынатын өнімнің сапасына тығыз байланысты. Сондықтан малшаруашылығын дамыту үшін берік жем-шөп қорын жасау, азықтандыру мәселелерін ғылыми негізде ұйымдастыру қажет.

Мал азығының химиялық құрамы мен қоректілігі. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ас қорыту ағзаларында белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіп, тіршілік қажеттілігіне пайдаланылады.

Азықтық заттардың қосындылары күрджелі және алуан түрлі болып келеді. Тек белок түрлері 5 миллионнан асады.

өсімдік клеткаларының қабығы целлюлозадан, ал жануарлар клеткасыбелоктан тұратындықтан, біріншілерінің құрамында - клетчатка, екіншілерінің құрамнында протейн көп болады.

Жемшөптің қоректілігі оның химиялық құрамына байланысты болады. Қай азық болмасын, оның құрамы судан тұрады. Су негізгі қоректік зат емес, бірақ ол азық құрамында тіршілік үшін өте маңызды физиологиялық-биохимиялық қзмет атқарады. Сондықтан азықтардың құнарлылығын, құрамын зерттеу олардың ылғалдылылығын анықтаудан басталады.

Протеиндер. Шикі протеиндер- жемшөптегі барлық азотты қосындыларды біріктіретін ең маңызды қоректік зат. Жануарлар организмінің құрғақ затының жалпы алғанда 45 пайызы, ал кебір мүшелерінің 85 пайызы белоктан тұарды. өсімдіктегі белок көлемі біршама төмен.

Қоректік затар ішінде протеиндердің тіршілік үшін маңызы өте жоғары. Протеин мал азығында үзіліссіз еніп тұрмаса, организм тіршілігіне қауіп төнеді, тіпті тоқтауы мүмкін. Денедегі белок алмасуын қамтамасыз етіп, ескіріп ыдыраған қосындылар орнын жаңалармен алмастырып, өсіп келе жатқан жас организмде жаңа үстеме қосындылар құрастырып, өндірілетін өнім белогын түзуге жағдай туғызуы үшін қоршаған ортадан қажетті мөлшерде және сапалы деңгейде азоттық заттар еніп тұруы шарт. Барлық протеиндер организмде ферменттік қызмет атқарып, зат алмасу, денсаулық сақтау функцияларына белсенді қатысады. Қажетті жағдайда протеин энергия көзі ретінде де пайдалы.

Белоктар адам мен малдың қорегінің бірі болып табылады. Олар организм клеткаларының негізін құраушы күрделі, көп молекулалы органикалық қосылыстар болып саналады. Сонымен бірге олар денедегі заталмасу барысына да әсер етіп отырады. Себебі кейбір гормондар мен ферменттердің құрамында белок болады. Химиялық құрамы жағынан жай белоктар протеиндер және күрделі белоктар протеидтер.

Малдың организмінде кейбір белоктар түзілмейді ол белоктар малдың организміне азықпен бірге келіп тұруы керек. Сондықтан мал азықтық протеиннің құндылығы ең алдымен денеде түзілмейтін аминг қышқылдық құрамы бойынша бағаланады. Өнеркәсіпте орны толмас белокты синтетикалық жолмен өндіруді қолға алған, сол белоктарды да қолдануға болады.

Күйіс қайыратын малдың (сиыр, қой, ешкі, түйе) алдыңғы қарындарында азықтық азоттық заттары алуан түрлі микроорганизмдерден игеріліп, олардың денесіндегі белоктар құрамына енеді. Осындай жолмен күйіс малының алдыңғы қарындарында микробиологиялық түзілу процестері жүреді. Соның нәтижесінде орны толмас аминқышқылдармен қоса кейбір витаминдер және басқа да биологиялық маңызды қоспалар түзіледі, бір сөзбен айтқанда алдындағы микроорганизмдердің денесі малға белоктың көзі болып табылады. Сондықтан да мал азықтандыруда олардың ас қорыту жолдарының осы бөліктеріндегі сан алуан микроорганизмдердің тіршілігін қамтамасыз ету жағдайын да ұдайы қарастыру қажет.

Майлар – глицерин мен май қышқылдарынан тұрады, басқа углеводтық қосқослыстарға қарағанда 2,25-2,3 есе көп энергия шығардандықтан азықтардың қуатын арттыратын маңызды заттар болып табыладыв. Мал организмдегі зат алмасу барысында 1 г углеводтар ыдыраған кезде 17,2 килоджоуль энергия бөлінсе, 1г май ыдырағанда 39,8 килоджоуль энергия бөлінеді. Сонымен қатар майлар организмде түзілу процестерінде маңызды құрылымдық қызметтер атқарады. Азықтардағы май құрамының ерекшеліктері мал денесінде түзілмейтін май құрамына ықпал етеді. Мысалы сиырға көк шөп берсе оның сүт маый жұмса болады, егер сабан, құрғақ шөп берсе сүт майы қатая түседі.

Өсімдіктегі май мөлшері сабағында аздай оның ддәнінде көп болады. Зығыр, күнбағыс майында майдың мөлшері 30-60 пайызға жетеді.

Көмірсулар азықтықтағы негізгі энергия көзі болып табылады. Олардың үлесіне өсімдіктердегі азықтың құрғақ затының 70-80 пайзы тиеді. Тез еритін көмірсулар мал азығында тез қорытылатын негізігі энергия көзі болып есептелінеді. Клетчатка мен крахмал күрделі көмірсулар полисахаридтерге жатады, жеке және қос көмірсулардан тұратын қосындылар – моно және дисахаридтер – қанттар деген ұғымды білдіреді.

Крахмал астық тұқымдас дақылдар ішінде жүгеріде басым болады. Сұлыда 50-60 %, арпала 65%, жүгеріде 70%. Картоп түйнегінде 20% крахмал болады. Қанттарға қарағанда крахмал суда ерімейді, дәмі де болмайды. Бірақ жеңіл де тез қорытылатын болғандықтан, крахмал мен қанттарды тез қорытылатын көмірсуларға жатқызамыз.

Клетчаткалар, бұған керісінше ауыр қорытылатын көмірсуларға жатады. Оның себебі малдың ас қорыту бездерінің клетчатканы ыдыратқыш фермент бөліп шығармайтындығы. Сондықтан да күйіс қайырмайтын мал клетчатканы баяу қорытып, нашар пайдаланады. Ал күйіс қайыратын мал олар азықтардың құрамындағы клетчатканы тез қорыта алады. Сондықтан да күйіс малы рационындағы клетчатка көлемін қалыпты деңгейде сақтаған жөн.

Клетчаткадан басқа көмірсулар негізінен ішекте қорытылады да, глюкоза және моносахаридтер күйінде қанға сіңеді. Бірақ малдың денесінде көмірсулар өте аз болады, олар негізінен мал крахмалы – гликоген ретінде болады. Егер мал организмінде көмірсулар артық мөлшерде түсетін болса онда көмірсудың артық мөлшері майға айналады.

Минералды заттар. Азық құрамында органикалық заттармен қатар минералды заттар да бар. Олардың мал өміріне, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызы зор. Мысалы 20 кг сиыр сүтінде 20г кальций, 20г фосфор болады.

Мұндай маңызды минералды заттарды азық құрамындағы мөлшері бойынша екі топқа – макро және микроэлементтерге бөледі. Макроэлементтер азықтар килограмында грамм есебімен, микроэлементтер миллиграмммен есептеледі. Маңызды микроэлементтерге – кальций, фосфор, натрий, калий, хлор, магний, ал микрэлементерге – темір, мыс, мырыш, кобальт, марганец, йод жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет