Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-Т‡РІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану факультеті
“Жалпы биология және экология” кафедрасы
Ауыр металдардың Шымкент қаласының территориясында
таралуы және Hordeum Lepоrinum өсімдігіне әсері
Орындаған:22-34 топ студенті Абдиева Б.
2-курс магистранты, Келдибекова У.М.
Ғылыми жетекшісі: Б.ғ.к., доцент
Байсеитова Н.М.
Шымкент-2008
|
Мазмұны
|
|
| КІРІСПЕ....................................................................................................... |
3
|
1.
|
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ .................................................................
|
5
|
1.1
|
Ауыр металдардың тірі организмдерге биологиялық әсері.............
|
5
|
1.2
|
Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттiк iс- шаралардың жүргiзiлуi...............................................................................................
|
11
|
2.
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................
|
14
|
2.1
|
Зерттеу орындары мен зерттеу объектісіне сипаттама....................
|
14
|
2.2
|
Зерттеу әдістері....................................................................................
|
15
|
2.2.1
|
Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі............
|
15
|
2.2.2
|
Өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдісі...............
|
17
|
2.3
|
Ауыр металдардың физика-химиялық сипаттамасы........................
|
18
|
2.4
|
Хромосомалар мен хромосомдық мутациялар (аберрациялар).......
|
21
|
3.
|
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ ...............................................
|
27
|
3.1
|
Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі............
|
27
|
3.2
|
Қоян арпа (Hordeum leporinum) өсімдігінде ауыр металдардың жиналу мөлшері....................................................................................
|
29
|
3.3
|
Қоян арпа (Hоrdeum Іeporinum) өсімдігіне ауыр металдардың әсерінің мутациялық активтілігі.........................................................
|
31
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................
|
35
|
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................
|
36
|
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында түсті металлургия өндірісі қарқынды дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан “Южполиметалл” ӨК ЖАҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи ортаны ластауда. Олардың ішіндегі негізгілері – ауыр металдардың ауаға, топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда. Ауадағы ауыр металдар жел арқылы тараса, ал топырақта ортаңғы қабаттарға дейін өтіп, өсімдік тамыры арқылы өсімдік ағзасына тасымалданып өз зиянын тигізуде. Атап айтқанда, Шымкент қорғасын өндірісінен бөлінетін негізгі ауыр металдарға – қорғасын, мыс , кадмий , мырыш жатады. Олардың ішінде қорғасын мен кадмий өте улы металдар. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы белгіленген санитарлық мөлшерден асып кетсе, тірі ағзаларға ауыр металл иондары кері әсерін тигізеді. Сондықтан олардың қасиетін зерттеумен қатар, қоршаған ортаны тазарту жолдарынан іздестіру өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Шымкент қаласының территориясында орналасқан “Южполиметалл” ӨК АҚ ұзақ жылдардан бері қала территориясын зиянды қалдық заттармен ластауда. Қаланың айналасында көптеген өндіріс орындары соңғы жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты өз жұмыстарын тоқтатқанмен, аталған қорғасын өндірісі қазіргі күнге дейін үздіксіз жұмыс істеуде. Оны жылдың барлық мезгілдерінде өндіріс мұржаларының будақтап шығып жатқан қою сұр түтін мен қаланың осы өндіріс орны орналасқан оңтүстік-батыс бөлігінің жиі-жиі көк тұманға малынып тұруынан, кейде тынысты тарылтып, тамақты ашытар атмосфера ауасынан да байқауға болады. Республикамызда өндіріс орындары дамуының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі адам экологиясы мен қоршаған орта гигиенасын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен оның өсімдіктер мен жануарларға, адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу үлкен қажеттілікке айналып отыр.
Өндірістік қалдықтардың қоршаған орта объектеріне түсуін, жиналуы мен миграциясын зерттеу , олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылаудың құрамына өндіріс орындары мен ластаушы заттардың құрамы мен қасиеттерін, биосферадағы химиялық элементтердің таралуын, олардың құрылымы мен функциональды көрсеткіштеріндегі өзгерістерді бақылау кіреді.
Осыған байланысты біздің жұмысымыздың мақсаты- Шымкент қаласының территориясында ауыр металдардың таралуы мен өсімдіктерде жиналу мөлшерін анықтау және қоян арпа (Hordeum leporinum) өсімдігін биоиндикатор ретінде алып өсімдіктердің хромосомалық жиынтығына әсерін зерттеп, соның негізінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау.
Қазақстандағы экологиялық қауіптілігі жоғары аймақтардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласындағы ірі өндіріс алыптарының бірі- «Южполиметалл» ӨК АҚ. Осы өндірістен бөлінген зиянды қалдықтардың негізгісі қорғасын және т.б. ауыр металдар. Олар суда, топырақта және тірі организмдерде жиналып, қоректік тізбек арқылы тасымалдана отырып адам ағзасына жиналады. Сондықтан қоршаған ортада ауыр металдардың таралу мөлшерін анықтап, олардың өсімдіктердің құрылысына әсерін бақылау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы -Шымкент қаласының климаттық жағдайында ауыр металдардың әртүрлі қашықтықтарға таралуына сәйкес өсімдіктерде жиналу дәрежесі анықталды. Жабайы астық тұқымдастардың өкілі- қоян арпа биоиндикатор ретінде алынып, олардың хромосома жиынтығына ауыр металдардың кешенді әсерінің мутациялық активтілігі бағаланды.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Достарыңызбен бөлісу: |