«шымкентцемент» акционерлік қОҒамы «шымкентцемент» АҚ



жүктеу 423.07 Kb.
бет1/2
Дата22.02.2016
өлшемі423.07 Kb.
  1   2
Қазақстан Республикасының

Қаржылық нарық пен қаржылық

ұйымдарды реттеу және

қадағалау жөніндегі

Агенттігінде тіркелді
___________________

АКЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ПРОСПЕКТІСІ


Қоғамның толық және қысқаша атауы:

«ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» АҚ
Қоғамның бірінші басшысымен бекітілді
_____________________

Энтони Кеннет Макли мырза


м.о.
Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектісінде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар ұсынуды білдіреді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуі үшін ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды.
1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер

 

2. Акционерлік қоғамның атауы.
Қоғамның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы;
Орыс тілінде: Акционерное общество «Шымкентцемент»;
Ағылшын тілінде: Shymkentcement Joint Stock Company.
Қоғамның тіркелген қысқаша атауы:
Мемлекеттік тілде: «Шымкентцемент» АҚ;
Орыс тілінде: АО «Шымкентцемент»;
Ағылшын тілінде: Shymkentcement JSC.
Бұрынғы толық және қысқарған атаулары:
Қоғам 1993 жылы 21 желтоқсанда «Шымкентцемент» ұжымдық кәсіпорнын қайта тіркеу туралы Құрылтай шартының негізінде «Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы болып құрылған, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 18509, 30 желтоқсан 1993 жыл. Қоғам 1994 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) қолданысқа енуіне байланысты қайта тіркелген. Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігінің № 292-1958-АҚ, 13 желтоқсан 1995 жыл, сериясы А № 071421.
3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет.
«Шымкентцемент» АҚ 31.08.2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде № 292-1958-АҚ (и/у) болып қайта тіркелген.

Алғашқы тіркелген уақыты – 30.12.1993 жыл.
4. Салық төлеушінің нөмірі (СТН):
582400001162
5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефоны мен факстың нөмірі, электронды почтаның мекен-жайы туралы ақпарат.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160006, Шымкент қ., Ақназар хан көш., нөмірсіз.

Байланыс телефоны: (8-7252) 572174, 577949

Факс: 572174, 577949

Электронды почтаның мекен-жайы: shymkentcement@hotbox.ru
6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.
е/ш 006467342 ЮКОФ АО «Қазақстан Халық Банкі» МФО 195801604
7. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері.
Құрылыс материалдар өндірісі, осыған қоса мына уылдыратын материалдар – портландцемент, минералды үстемелері бар цемент, асбестоцементті бұйымдарға арналған цемент, тампонажды цемент және сульфатқа төзімді цемент, қабырғаға арналған материалдар өндірісі (мыналар сияқты кіші дуалдарға арналған бетонды блоктар), шлакобетонды блоктар және әртүрлі осы сияқты өнімдер және осыған байланысты қызмет жасау; құрылысты өнеркәсіп конструкцияларының, материалдарының және өнімдерінің өндірісі, осыған қоса бетонды және темірбетонды конструкциялар мен бұйымдар; өнімдерді сынақтан өткізу, сонымен қатар тіркеуден өткен сертификатталған өнімдерді сынақтау; жөндеу және құрылыс жұмыстары, ғимараттар мен іргетастарды қайта жаңарту және күшейту, өздерінің өндірістік базаларын жөндеу және күту; Қолданылатын құқық бойынша өндірістік қызметке қатысы жоқ әртүрлі пайдалы қазбаларды өндіру, шығару және өңдеу, осыған қоса кеңтаралған мыналар сияқты пайдалы қазбаларды өндіру – саз, әк тас, ұсақ тас, гипс, жер асты сулары, минералды шикізаттарды өңдеу және жер астындағы іргетастарды құру мен іске қосу; жабдықтарды, материалдарды, тауарларды, материалдық тауарлар жинағын және басқа мүліктерді сақтау үшін Қолданылатын құқықта рұқсат етілген жолмен қоймаларды, артатын және түсіретін жабдықтарды құру және іске қосу; күші бар Қоданылатын құқыққа сәйкес заңды және жеке тұлғалармен істелетін әртүрлі коммерциялық және шаруашылық қызмет; Қолданылатын құқыққа сәйкес сыртқы экономикалық қызмет; қызметтің түрлерін орындау үшін тікелей немесе жанама түрде қажет ететін негізгі және қосалқы қызметтерді және/немесе қатар жүргізілетін қызметті, осыған қоса медициналық жәрдем және денсаулықты жақсартатын шаралар сияқты адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін орындау.

Қоғамның басқа да барлық кәсіпкерлік қызметке осының ішінде, шектеліп қоймай бартерлі операцияларда, қайта сатуда, дистрибьютерлі қызметте және сауда мен экспортты-импортты операцияларда қатысуға құқысы бар.
8. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәлімет. Қаржылық агенттің мәртебесі берілгендігі туралы мәлімет.
Акционерлік қоғамға немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтері тағайындалмаған.
9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілеттіктерінің атауы, тіркелген күні, орналасқан жері және почталық мекен-жайлары.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамының филиалдары жоқ.
«Шымкентцемент» АҚ өкілдігі:
Алматы қ., Абай көш., 153, офис 42

тіркелуі 1831-1910-П-о, 05.10.2000 ж.
10. Акционерлік қоғамның соңғы аяқталған үш қаржы жылдың қаржылық есебіне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың, олардың тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауын көрсету (аудитордың аты-жөні, бар болса - әкесінің аты).
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы қаржылық есебіне аудит «ЭРНСТ ЭНД ЯНГ КАЗАХСТАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен іске аслырылған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылдың 21 қазандағы берілген сериясы МФЮ № 0000007мемлекеттік бас лицензиясы, 480099, Алматы, Фурманов көш., 240 Г.
Байланыс телефоны: 8(3252) 58-59-60, факс 8(3252) 58-59-61

Бас директоры: Айсулу Нарбаева.

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)

 

11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.


Аты-жөні, әкесінің аты

Туған жылы

Хронологиялық тәртіппен берілген соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі

Энтони Кеннет Макли мырза (Mr. Anthony Kenneth Muckley)

1952 жылы шілденің 8-і

2003 жылдан 2006 жылға дейін – Calisto International Limited компанияның директоры.
2006 жылдан осы уақытқа дейін –«Шымкентцемент» АҚ-ның Бас Директоры

Фабрицио Донега мырза (Mr. Fabrizio Donega)

Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы

1963 жылы тамыздың 26-ы

2004 жылдан 2007 жылға дейін - Italcementi S.p.A.-ның Вице-Бас менеджері, сонымен қоса – AITEC кәсіби ассоцияциясының Вице-Президенті және Cembureau Еуропалық цемент секторының ассоцияциясының директорлар кеңесінің мүшесі.
2007 жылдан осы уақытқа дейін – Ciments Francais (Italcementi Group)-тің Бас менеджердің орынбасары.

Доменико Сермази мырза (Mr. Domenico Sermasi), тәуелсіз директор

1966 жылы қырқүйектің 4-і

2003 жылдан 2006 жылға дейін – «Adala Consulting» ЖШС-нің партнері.
2006 жылдан осы уақытқа дейін – «Adala Consulting» ЖШС-нің Директорі.
2007 жылдан осы уақытқа дейін – Алматыдағы Италия Республикасының құрметті консулы.

2008 ж. қыркүйектің 18-дегі Қоғамның директорлар кеңесінің отырысы хаттамасының негізінде Фабрицио Донега мырза Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы болып оның Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі уәкілеттік мерзіміне сайланды.


3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;
Директорлар кеңесі мүшелері қоғамның акцияларын иеленбейді.


4) еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санымен проценттік ара қатынасы;
Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдары жоқ.
5) соңғы екі жыл ішіндегі директорлар кеңесі құрамының өзгеруі және көрсетілген өзгерістердің себептері.
2007 жылдың 23 кантарында Гюндуз Юджебашоглу мырза өз қызметінен босату туралы ниет білдіргендіктен, оның Директорлар кеңесін мүшесі ретінде уәкілдіктері тоқтатылды. Оның орнына Энтони Кеннет Макли мырза сайланды.

Шымкентцемент АҚ–ның 2007 жылдың 3 шілдесіндегі акционерлер жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің (2004 жылы сайланған) құрамында Мишель Лефебвр, Филипп Марша, Жан де Мартр, Энтони Кеннет Макли мен Чезаре Бергамаски мырзалар бар өкілеттік мерзімі жаңа мерзімге ұзартылды.

2008 жылы Чезаре Бергамаски, Жан де Мартр және Мишель Лефебвр мырзалар өз қызметтерінен босату туралы ниеттерін білдірді. Шымкентцемент АҚ–ның 2008 жылдың 8 шілдесінде өткен акционерлер жалпы жиналысын Директорлар кеңесіне Фабрицио Донега мен Хавьер Блутел мырзалар сайланды.

Одан кейін, 2008 жылдың 28 тамызында Филипп Марша және Хавьер Блутел мырзалар олардың Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшеліктен шығуы туралы өздерінің ниеттерін білдірді. Соған байланысты, 2008 жылдың 8 қыркүйегінде Қоғамның кезектен тыс акционерлер жалпы жиналысы Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшедерінің - Филипп Марша және Хавьер Блутел мырзалардың өкілеттіктердің мерзімінен бұрын 2008 жылдың 28 тамызынан бастап тоқтату туралы шешім қабылдады. Осы жиналысы Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына жаңа мүшесі тәуелсіз директор ретінде Доменико Сермази мырза сайланды.
12. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.
1) акционерлік қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, бар болса - әкесінің аты не акционерлік қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты;
Қоғамның бас директоры - Энтони Кеннет Макли мырза, 08.07.1952 ж. туған.
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі;
2003 жылдан 2006 жылға дейін – Calisto International Limited компанияның директоры.
2006 жылдан осы уақытқа дейін –«Шымкентцемент» АҚ-ның Бас Директоры.
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы.
Қоғамның бас директоры Қоғамның акцияларына ие болып табылмайды.
13. Қоғамның осы проспектісінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға соңғы қаржы жылында берілген және төленген сыйақы мен жалақының, сондай-ақ жеңілдіктердің жалпы сомасы.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мен айлық төленбейді. Лауазымды тұлғалардың (бас директордың) жалақысы соңғы қаржы (2003) жылда 1,065,201 теңгені құрады. Бас директорға сыйақы төленбейді.
14. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.
1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері;

Әкімшілік басқару аппараты

Техникалық қызмет

Қаржылық қызмет

Есеп бөлімі

Жабдықтау қызметі

Маркетинг және өткізу қызметі.
2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің, оның ішінде акционерлік қоғам филиалдары мен өкілеттіктері қызметкерлерінің жалпы саны;
437 адам.
3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленетін акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны және олардың процентпен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы жиынтық үлесі;
49 «Шымкентцемент» Акционерлік қоғамының қызметкерлері қоғамның акцияларына иеленеді.
4) акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы);
Техникалық қызмет: Техникалық директор – Фарук Османпашоглу, 1955 жылы туған:

Қапжалық қызмет Қаржы директоры – Айдын Аглоуглу, 1968 жылы туған;

Әкімшілік басқару аппараты: Қызметкерлер жөніндегі директоры – Оксана Александровна Никитина 1954 жылы туған;

Маркетинг және өткізу қызметі: Маркетинг және өткізу жөніндегі директоры – Сергей Анатольевич Дмитриев 1959 жылы туған.
5) филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы).
Алматы қаласындағы өкілдік басшысы – Сергей Анатольевич Дмитриев, 1959 жылы туған.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамында филиалдар жоқ
15. Қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері.


Акционерлер-заңды тұлғалардың жалпы атауы немесе акционерлер-жеке тұлғалардың фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы

Акционерлер-заңды тұлғалардың орналасқан жері немесе акционерлер-жеке тұлғалардың төлқұжат көрсеткішілері мен туған жерлері

Қоғам сапған акциялардың 10 және одан да пайыздарын ------- акционерлерге тиісті акциялардың пайыздық қатынасы

Ciments Francais

Франция, Париж ла Дефанс, Сидикс, Люто, Плас да ла Пирамид көшесі, 5

99.7473%


Қоғамның дауысқа салынатын акцияларын сатып алуға опционерлер қортындысы жасалмаған.
16. Қоғам ірі акционері болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп үлесі бар ұйымдар туралы мәліметтер.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы басқа ұйымдардың ірі акционері болып табылмайды.
17. Қоғам қатынасатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.


«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы 2002 жылдан бері цемент және бетон өндіретін Ассоциациялардың мүшиесі болып табылады.
18. Акционерлік қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлімет.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамының аффилирленген тұлғалар жоқ..
18-1. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын мәмілелер.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы өзінің аффилирленген тұлғалармен мәмілелер жасамаған.

 

3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты



 

19. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаты, акционерлік қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.
портландцемент, минералды үстемелері бар цемент, асбестоцементті бұйымдарға арналған цемент, тампонажды цемент және сульфатқа төзімді цемент, қабырғаға арналған материалдар өндірісі (мыналар сияқты кіші дуалдарға арналған бетонды блоктар), шлакобетонды блоктар және әртүрлі осы сияқты өнімдер және осыған байланысты қызмет жасау;
Бәсекелестер болып мыналар табылады:


«Востокцемент» АҚҚ

ҚР, Өскемен қ., Крыпов көшесі, 85

цемент өндіру

«Семейцемент» АҚҚ

ҚР, ШҚО, Семей қаласы, Батыс өнеркәсіптік торабы

цемент өндіру



20. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
Акционерлік қоғамның негізгі қызметі ретіндегі нарық кірісінде көрініс табатын жағымсыз көрсеткіштер жоқ.
Жылымды көрсеткіштерге жататындар білікті мамандардың жеткіліктігі, арнайы техника мен құрылғылардың жеткіліктілігі, осындай нысандарды жұмыс тәжрибесі, өндірісті арзан отандық энергия сақтаушы – көмірге бұру.
21. Соңғы екі жыл немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істейтін кезең ішінде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудің) көлемі.
Цементті сатқаннан түскен кіріс: 2003 ж. – 2 365 763 345, 20 теңге

489 440 тонна

2002 ж. – 1 526 240 625 теңге

369 234 тонна
Соңғы екі жылдағы және бүкіл жұмыс жөніңдегі жасалған өнімдердің (атқарылған жұмыстар және қызмет көрсетулер) өзгерісін талдау.
Кәсіпорын цемент сатуды 1998 жылғы Фарнцуз компаниясы Симент Франсездің басшылығымен кәсіпорын құрылған сәттегі 30,7 мың тоннадан 2003 жылы 489,3 мың тоннаға дейін ұлғайтуға қол жеткізді, яғни 1400% астам 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда өз қалпында сатылған дейін өнімнің көлемі 32.6% ұлғайды, ал кәсіпорының бағамен есептегедегі сатқан дайын өнімі көлемі мен көрсеткен қызметі 55% артты.
22. Өз өнімдерін (жұмыстар, қызмет) сатуды ұйымдастырудағы қоғамның қызметі.
1) барлық жеткізілген тауарлардың 5 және одан да көп пайыздын құрайтын жеткізіп берушілірдің атауы, жалпы жеткізілген тауарлар көлеміндегі олардың үлесі:
- Азия Транс Газ ЖШС (табиғи газ жеткізу) – 11.9%

- Аружан – СТ ЖШС (көмір жеткізу)– 6.95%

- Медлайф СД ЖШС (қаптар жеткізу) – 6.55%

- Энегоорталық – 3 АҚ (электр энергиясын жеткізу) – 7.77%

- Жамбыл ТехПД – 7.81%

- Қазы – Ғұрт АҚ (темір жол қызметтері) – 5.5%

2) Акционерлік қоғам өнімдерін (жұмыс, қызмет көрсету) сатудан түскен жалпы түсімнің 5 және одан да көп пайзына иелік еткен тұтынушылардың атауы, сатудың жалпы көліміндегі олардың үлесі:



- Та ТуСтрой ЖШС (цемент сату) – 11,5%
23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:
1) қызметтің маусымдық сипаты бар түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі үлесі;
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамға қызметінің маусымдық өзгерістермен қатынасы жоқ.
2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттағы акционерлік қоғам сататын өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) үлесі;
- импорт үлесі – 18,1%

- жалпы көлемдегі цемент экспорты: 0,16% (839 тонна)
3) сот процестеріндегі акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәлімет. Оның қатысуымен сот процестері мәнінің сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелері бойынша акционерлік қоғамның қызметі тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы сот процестеріне қатысқан емес
4) акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) сот салған барлық әкімшілік жазалар туралы мәліметтер;
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының анықтамасымен заң бұзғандығы үшін Қоғамға 18 380 теңге мөлшерінде ҚР КоАП 421 – бабының 1 – бөлігі бойынша әкімшілік жаза берілген. Айып пұл ерікті түрде төленген.
5) тәуекел факторлары.
Акционерлік қоғам акциясы ұйымдасқан рынок айналымына түспейді. Қоғам акцияларының құнында бейнеленген тәуекел факторлары Қоғам қызметіндегі ақпараттық және басқа да экономикалық, саяси жағдайлар болжамдары жағымды болып табылады және таяу жылдарда оның тұрақтылығын куәландырады.

 

4. Қоғамның қаржылық жай-күйі



 

24. Инвестициялар.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзімді инвестициялар салмаған.
25. Дебиторлық берешек.
1) акционерлік қоғамның алдында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері;

2) дебиторлық берешекті өтеу мерзімдері жөніндегі ақпарат;

3) жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.
Акционерлік қоғамның алдындағы Қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайыз мөлшерінде дебиторлық қарыздары бар ұйымдар жоқ.
25-1. Активтер.
Құны Қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызы мөлшерін құрайтын мүлік жоқ.
26. Қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамның төленген Жарғылық капиталы 350 000 000 теңгені құрайды.
27. Заемдар.
2003 жылы:
1) Интерстай Холдинг компаниясының 321, 100 мың теңгелік (2470,0 АҚШ доллары) қарызы әр тоқсан сайын төленетін ЛИБОР+1% (орташа мөлшерлемесі 3,0275) үш айлық пайыздық мөлшерлемесі төленеді.

2004 жылдың 4-тоқсаны – 2005 жылдың 1,2 тоқсаны тоқсан сайын 247,0 мың АҚШ долларынан төленеді.

2005 жылдың 3 – тоқсаны – 259,535 мың АҚШ доллары

2005 жылдың 4 - тоқсаны – 257,745 мың АҚШ доллары

2006 жыл – 1013,071 мың АҚШ доллары, 2007 жыл – 248,791 мың АҚШ доллары.
2) Франциясың Симентс Франсез (Ciments Francais) компаниясының 1,264,209 мың теңгелік займы (9724,687 АҚШ доллары) жыл сайын (2005-2007 жылдардын 4-тоқсаны) 2000,0 мың АҚШ долларымен, 2008 ж., 2009 ж. – 1500,0 мың теңге, қалған 971,687 АҚШ доллары 2010 жылдың 4-тоқсанына дейін төленеді, ал әр тоқсан сайын төленетін ЛИБОР+0,5% (орташа мөлшерлемесі 2,5275) үш айлық пайыздық мөлшерлемесі 2004 ж. 4 тоқсанында – 64,1 мың АҚШ доллары, 2005 ж. 1-2 тоқсанында 78,3 мың АҚШ долларынан, 2005 ж. 3,4 тоқсаңында 68,4 мың АҚШ долларынан, 2006 ж. 263,7 мың АҚШ доллары, 2007 ж. 224,4 мың АҚШ долары, 2008 ж. – 175,9 мың АҚШ доллары, 2009 ж. 107,0 мың АҚШ доллары, 2010 ж. – 58,2 мың АҚШ доллары.
28. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешекте (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар):
1) қоғамның алдында қоғамның баланс активтері құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде берешегі бар ұйымдардың атауы және орналасқан жері және берешек сомасы көрсетіледі;
2) кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері бойынша; жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.
Ұйымдардың қоғам алдында қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайыздар мөлшерінде қарыздары жоқ.

 

5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы


Акционерлік қоғам қаржылық ұйым болып табылмайды.

 

 

6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары



туралы мәліметтер (акциялар шығарылымы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының

2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін тіркелген

қоғамдар үшін)

 

43. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:


Жалпы саны

1270

548 424

16 951 576

Номиналдық құны

  1. 200 теңге

  2. 2 теңге

  3. 20 теңге

20 теңге

20 теңге

Күрделі емес:

саны (дана)

  1. 50

  2. 300

  3. 420

548 424

16 951 576













Жеңілдіктер берілген:

саны (дана)

2) 500

жоқ

жоқ

Шығару түрі

құжатпен

құжатсыз

құжатсыз

Мемлеткеттік тіркеуді іске асырған орган

Финанс министірлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

003

А 0959

А 0959-2

Құнды қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу уақыты

24.06.1991 жыл

12.01.1996 жыл

12.12.2001 жыл

Орналыстыруды бастау уақыты

24.06.1991 жыл

12.01.1996 жыл

12.12.2001 жыл

Орналастыруды аяқтау уақыты

24.06.1991 жыл

01.04.1997 жыл

18.01.2002 жыл


3) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі), орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты әрбір жыл және акциялар түрі бөлігінде орындауды көрсетуді қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешекті өтеу үшін қабылдаған шараларын көрсету;
Бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында Қоғамның міндеттерін орындамау оқиғалары жоқ
4) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган шешім қабылданған күнді және оның негіздемесін көрсетуі тиіс:
Жоқ.
5) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетіледі;
Облигациялар шығарылмаған
6) бір акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түрі үшін дивидендтің жалпы сомасы;
Бір акцияға дивидендтер жиынтығы дивидендтер шығарылмаған
7) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын рыноктарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегі бағалы қағаздармен сауда жасалатын негізгі рыноктар.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы акциялары саудаға шағарылмаған
7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет

 

44. Акциялар туралы мәлімет:

1) акциялардың саны, түрлері;
19 033 000 (он тоғыз миллион отыз үш мың) жай акциялар.
2) құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлері;
Жай акциялар: 17 500 000 жай акциалар акционерлер арасында орналастырылған,
3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақты құны;
Құрылтайшылар төлеген бір акцияның номиналдық құны: 20 теңге


  1. Жеңілдіктер берілген акциялар бойынша дивидендтердің кепілдік мөлшері:


Жеңілдіктер берілген акциялар шығарылмаған
45. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.
«Шымкентцемент» Акционерлік қоғамы конвертрленген құнды қағаздар шығармайды
45-1. Төлем жасаушы агент туралы мәлімет.
«Шымкентцемент» АҚ-да төлем жасаушы агенттер жоқ
46. Тіркеуші туралы мәлімет
Муратбаев көшесі, 75, байланыс телефондары: 53-57-90, 53-71-77.

Құнды қағаздар жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы берген Лицензия № 0408200147, 04.09.00 ж.

Құнды қағаздар ұстаушылар реестрін жүргізетін шарт №000 – А – 2215, 05 сәуір 2004 жыл .

8. Қосымша ережелер


47. Акциялар шығару шығындардың сомасы.
Акцияларды шығаруға шығын шықпаған
48. Инвесторларға арналған ақпарат.
Инвесторлар қоғамның инвесторлар арасында таратқан Қоғам Жарғысының көшірмесімен, шығарылатын акция проспектісімен, сондай-ақ басқа да қажетті ақпараттармен мына мекен-жай бойынша танысуына болады:

ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Ақназар хан көшесі нөмірсіз, факс: 57-21-74, 57-79-49, байланыс телефондар: 57-21-74, 57-79-49
Қоғамның Бас директоры
____________________

Энтони Кеннет Макли мырза
М.о.
Қоғамның Бас бухгалтері
___________________

Тажибаева Гаухар ханым
«ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» АҚ-НЫҢ АКЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ПРОСПЕКТІСІНЕ 1-ШІ ҚОСЫМША



  1. «Шымкентцемент» АҚ Акционерлердің Жалпы жиналсының

  2. 2008 жылы қыркүйектің 8-дегі хаттамасымен

  3. бекітілген

















  4. АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰНЫН АЙҚЫНДАУ

  5. ӘДІСТЕМЕСІ


2008
  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет