Шинтимирова Баян Габбасовна: библиографический указатель



бет3/3
Дата15.06.2016
өлшемі297 Kb.
#136572
түріУказатель
1   2   3

ПАРАСАТ БИІГІНДЕ
Өркениет жалғасқан сайын дүние тұтасып бара жатыр, міне осы дүниенің інжу тасы жеке адам, тұлға, азамат әйел. Әйел тағдыры жапан дүниенің неше бір ғұламаларын ойландырып келген. Себебі, әйел - өмір жалғасы, тұрмыс сәні, сенім мен сүйіспеншілік иесі.

Зиялы қауым ғалымдар мен өнер, мәдениет өкілдері әрқашан да саясаттан алшақ, саяси билік мәселелерін Шарль Луи Монтескье идеялары негізінде ғана түсініп, гуманизм принциптерін берік ұстана отырып, қоғам санасын тәрбиелеуде, өркениет дамуының бағыт-бағдарын анықтауда өлшеусіз еңбек етеді. Оған дәлел Орал өңірінің интеллектуалдық ордасына айналған Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және оның ғалымдары.

Осы тұрғыдан алғанда, арамызда жүрген құрбы, әріптес Баян Ғаббасқызы туралы бірер сөз.

Баян Ғаббасқызы 1949 жылы Қазақ Таловка жерін қоныстанған Алаша руының жанұясында өмірге келген. Әкесі Ғаббас, анасы Зылиха екі ұл, төрт қыз тауып өсірген жандар. Бар бала ата-анаға бірдей қымбат болғанымен, әрқайсысы өз ерекшелігімен сүйікті болатын сияқты, жасынан зерделі, кітапқа құмар Баянға ата-ана көп үміт артатын. 1966 жылы білім ордасы ҚазМУ-дың тарих факультетіне түскен Баян Ғаббасқызы 1971 жылы табысты аяқтап, өскен өлке, туған жері Орал өңіріне қайта оралды.

70 жылдардың басында Орал педагогикалық институты тарихында ерекше өзгерістер болды. Кеңес дәуірі ұлт саясатын қаншама дәріптегенмен де, институттағы қазақ бөлімдеріндегі оқу жүйесі орыс тілінде жүргізілетін.

1971 жыл шоқ жұлдыздай бір топ ҚазМУ түлектері институтқа жұмысқа келді, соның ішінде Б. Шынтемірова да болатын. Сұлулық әрқашан да көз тартады, бүлдіршіндей сұлу Баянға бұрылып қарамау қиын. Осы топта Т.З.Рысбеков, М.Абдіров, Б.Қ.Бірімжаровтар болатын, осы кезден бастап тарих факультетіндегі дәрістер қазақ тілінде жүргізіле бастады. Бұл құбылыс, елеулі өзгерістер болатын. Міне, содан бері табандай 36 жыл бойы Баян Ғаббасқызы осы ұжымда еңбек етіп келеді.

"СССР тарихы" кафедрасының қатардағы оқытушысынан бастаған еңбек жолы сатылы, сапалы өзгерістерге толы. 1989 жылы тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған Баян Ғаббасқызы 2007 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанындағы Біріккен докторлық Диссертациялық Кеңес отырысында "Қазақстан Республикасы және ТМД мемлекеттері интеграциясы: тарихи аспекті (1991-2005 ж.ж.)" тақырыбында тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны табысты қорғап шықты. Диссертацияда XX ғ. 90 ж. - XXI ғ. басындағы дүниежүзіндегі ғаламдық және аймақтық өзгерістер тұрғысында посткеңестік кезеңдегі интефациялық үдерістердің саяси құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси және гуманитарлық бағыттағы мазмұнын ашып, нақты тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін зерттеп, осы процестердегі Қазақстанның орны мен ролін ғылыми тұрғыдан талдап қорытындылар жасайды.

Бүгінгі таңда салиқалы ғалым, тәжірибелі ұстазға айналған Баян Ғаббасқызы "Мен әрқашан да студенттермен тең сөйлеуге, тең дискуссия жасауға, бірақ олардың әлі де жас, бала екенін де есімнен шығармауға тырысатынмын. Әрбір студенттің жеке-дара қабілетінің айшықтанып көрінуі үшін күш салатынмын", - дейді.

Яғни, "ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, жаманмен жақын болсаң, басың кетер" деген нақыл-қағиданы үйретуден жалықпаған. Қатардағы қарапайым мұғалімнен бастап, білім саласындағы басты қызметкерге дейін өскен мұғалім-ғалымның құпиясы неде? Құпия сыры - зерек ақыл, ыстық жүрек және қажымас кайратты бір бағытқа қоғам болашағы жастарды тәрбиелеу мен ғылым саласына жұмсай білгендігінде жатыр.

Педагогикалық қызметпен қоса ғалым ретінде өзінің 100-ге жуық ғылыми еңбектері мен оқу құралдарын жариялады. Солардың ішінде 1998 жылы "Өлке" баспасынан шыққан "Саясаттану" (оқу-әдістемелік құрал), 1999 жылы Алматы "Білім" баспасынан шыққан "Құқық теориясының негіздері" деген Сорос - Қазақстан қоры ұйымдастырған конкурс жеңімпаздары деп танылған еңбектердің қатарындағы авторлық жұмыс болып табылады. 2005 жылы көлемі 16,2 б.т. аға оқытушы Т.Т. Шайхиевпен бірлесіп жазған "Әлеуметтану" (оқу-әдістемелік құралы) М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығынан жарық көрді.

Бұл еңбектерде мемлекеттердің жоғары өркениетке ұмтылысы, қоғам мен табиғаттың, адам мен қоршаған ортаның ұдайы гармониялық, үйлесімді өзара әрекеттесуі, прогрестің даму тенденциялары сияқты проблемалардың әдіснамалық /методология/ негіздерін ғылыми пайымдап, осы проблемаларды оқыту әдістері көрсетілген.

Баян қырағы жан. Жаман мен жақсының, сенім мен опасыздықтың арасын жіті айыра білген, сондықтан да шығар табалдырығы мен төрінің құрметін үлкен сабырлықпен сақтап, жанұя кемесінің бір шетін берік ұстап келеді. Баян ана жолында үлгі тұтар қыз. Тұңғышы - махаббат пен мақтаныштың белгісіне айналған Салтанат бүгінде тарих ғылымының кандидаты, болашағы алда жас ғалым, ана қолының өрнегін бойына сіңірген Ләззат - экономикалық жүйелерде бас маман, қыз болса да ұлдай әке тізесінде өскен кішкентай Жанна - Тұяқбай мен Баянға немере сыйлап, сөз жоқ тұрмыс, өмір сәніне айналған.

Баян Ғаббасқызы өмірінің тұтастығы мен парасаттылығының тірегі жан жолдасы Тұяқбай - республикаға белгілі ғалым - академик. Бұл өз алдына үлкен бір сөз.

Ұзақ жыл үзеңгілес еңбек етіп келе жатқан құрбымызға ойыңыз кемел, жаныңыз терең, әрқашан да парасат биігінен көріне беріңіз дейміз.



Х.И.Қожабергенова,

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

МАЗМҰНЫ

СОДЕРЖАНИЕ

Тарих ғылымдарының докторы,

профессор Б.Ғ.Шинтимированың

ғылыми-педагогикалық қызметі

туралы қысқаша очерк............................................................................3

Б.Ғ. Шинтимированың

өмірі мен ғылыми-педагогикалық

қызметінің басты белестері....................................................................7


Основные даты жизни научно-

педагогической творческой

деятельности Б.Г. Шинтимировой.......................................................9
Профессор Б.Ғ.Шинтимированың

ғылыми еңбектерінің көрсеткіші.........................................................11

Указатель научных трудов

профессора Б.Г.Шинтимировой..........................................................11


Профессор Б.Ғ.Шинтимированың

өмірі мен іс-қызметі туралы әдебиеттер............................................21

Литература о жизни и деятельности

Профессора Б.Г.Шинтимировой.........................................................21


Шүйіншәлиева М. Ақ Жайықтың Баяны /очерк/...............................22
Джумакаева Б.С. Секреты ее успеха...................................................31
Қожабергенова Х.И. Парасат биігінде................................................35

Редакторы:

Таушева Г.З. – Ғылыми кітапхана директоры

Құрастырған:

Ермекқалиева Н.А. – Ақпараттық-библиографиялық және кітапханааралық кітап алмасу бөлімінің меңгерушісі

Көлемі. Таралымы 5 дана. Офсет қағазы.

Тапсырыс №3. Бағасы келісім бойынша.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығы



Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34. тел.: 50-76-52



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет