Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. Мысалы, жиһаз шығарады, нанның түрлерін жасайды, шаштараздары болады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – саудамен шұғылданады, яғни өндірушіден сатып алған дайын тауарды басқа бағамен сатады. Мысалы, базарда, дүкендерде, жекелей және көтерме саудада жүзеге асады. Пайда сатып алу бағасы мен сату бағасының айырмашылығынан құралады.
Қаржылық кәсіпкерлік – ақша және құнды қағаздарды сату және сатып алудан тұрады. Олардың пайдасы қаржы қорларын сату және процент алудан құралады.
Консультативтік кәсіпкерлік – құқықтық, өз ісін ұйымдастыру жөнінде кеңес беру, балаларды кейбір пәндерді меңгеруіне көмек кеңесі. Сол қызметі үшін төленетін ақыдан пайда құралады.
Ашық акционерлік қоғам (ААҚ)-шығаратын акцияға ашық жазылуға, оларды еркін сатуға құқылы. ААҚ акционерлерінің санына шек қойылмайды. Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) - акцияны тек құрылтайшылар арасында бөліседі. Серіктес шаруашылық – капитал айналымы бар коммерциялық ұйым. Оларды жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөледі
КӘСІПКЕР ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?
Табыскер кәсіпкерлер келесі қасиеттері арқылы ерекшеленеді:
олардың күнделікті көздейтін мақсаты бар;
олардың өнімдеріне немесе қызмет түрлеріне деген сенімі шексіз;