ШҚО Қаржы басқармасы бастығы А.Құрманғалиевтың баяндамасы Құрметті Бердібек Машбекұлы!



Дата25.02.2016
өлшемі86.93 Kb.
#24880


2010 жылдың 9 айындағы республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының игерілуі жөніндегі

ШҚО Қаржы басқармасы бастығы А.Құрманғалиевтың

баяндамасы
Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Құрметті мәжіліске қатысушылар!
Есеп беру кезеңінде облыс бюджетінің кірістер бөлігі 96,5%-ға немесе бұл жарты жылдық қорытындысынан 1 пайыз жоғары орындалды. Бекітілген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 121,3 млрд.теңге жұмсалды, оның 75,4 млрд.теңгесі әлеуметтік саланың басым бағыттары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша немесе ол бюджет көлемінің 62%-ы. Облыстың 6 өңірі қаражатты тиімді пайдаланды (Абай, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Курчатов қаласы, сондай-ақ 12 облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, қаражатты игеру 99% және одан жоғары).

Жергілікті бюджеттер қаражаттары жақсы игерілуде.

Тоғыз айда Күршім ауданынан басқа, облыстың барлық өңірлері қабылданған міндеттемелерді 99,2%-ға орындады, төлемдер бойынша бекітілген жоспарлар шегінде облыстың бюджеттік ұйымдарын ағымдағы ұстау бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілді.

Дегенмен де, ай сайын қаражаттар бірқалыпты игерілмей, қалдықтар сомасы 3 млрд.-тан 6 млрд.теңге аралығында қалып отырды.

1 қазанда 4,3 млрд.теңге игерілмей қалды, ол жарты жылдыққа қарағанда 17%-ға артық, оның 2,4 млрд.теңгесі республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер, 578,0 млн.теңгесі тұрғын үй құрылысына арналған кредиттер, 450,4 млн.теңгесі Үкіметтің резерв қоры және 236,0 млн.теңгесі су тасқыны салдарын жоюға облыстың өңірлерінен алынған қаражат.

Осы барлық кезеңде қаражаттың төмен игерілуіне Көкпекті, Күршім аудандары, Өскемен және Риддер қалалары, облыстың құрылыс, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармалары жол берген.



Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша міндеттемелердің орындалмауынан тікелей нәтижелерге қол жеткізілген жоқ.

Ағымдағы жылы инвестициялық жобаларды іске асыруға үш тоқсанда 19,1 млрд.теңгеге тікелей нәтижелерге қол жеткізе отырып, 24,8 млрд.теңге қарастырылды. Нақты 16,4 млрд.теңге немесе 85,9% қаражат игерілді, бұл 2,5 пайыздық тармаққа облыс бюджетінің тиімсіз атқарылуына әкеп соқты.

Негізгі себептер болып: - біріншіден, конкурстық рәсімдерді уақытында өткізбеу (бастапқыда белгіленген мерзімдері бойынша бірінші сәуірге дейін 2,6 млрд.теңге сомасына 70 ашық конкурс, 1 маусымда – 3,8 млрд.теңге сомасына 51 конкурс өткізілген жоқ болатын), осыған байланысты жұмыстар бекітілген кестелерден жай басталды.

Сонымен қатар, бақылаушы органдар конкурстардың сапасыз өткізуінен конкурс нәтижелерінің күшін жойды (1,5 млрд.теңге сомасына 29 конкурс бойынша рәсімдер тоқтатылды және қорытындылары жойылды).

Объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі ұйымдастыру рәсімдерін уақытында өткізбеу (1 қазанда жобалар құнының 5 пайыздық көлемін аяқтауға қалтырылған 330 млн.теңге игерілмей қалды, ол - 43,0 млн.теңге форум өткізу бойынша, 41,2 млн.теңге ұшу жолдарын аяқтау бойынша, 90,0 млн.теңге Өскемен қаласындағы, Семей қаласы Холодный ключ кентіндегі және Үржар ауданы Благодарное ауылындағы үш мектеп құрылысын аяқтау бойынша, 30,0 млн.теңге кредиттік тұрғын үй бойынша, 33,8 млн.теңге 16, 22, 28 тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілер, 78,4 млн.теңге Аягөз ауданы Тарбағатай ауылындағы су құбыры, Көкпекті және Катонқарағай ауылдарындағы екі аудандық аурухана бойынша).

Мердігерлердің атқарылған жұмыс кестелерінің орындалуына мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы, түзету жасауға қажеттілік тудыратын жобалық құжаттамалардың сапасыз орындалуы (Өскемен қаласы Жыланды және Новоявленка ауылдарындағы жерасты сулар бойынша қосымша жұмыстар ескерілмеген, Аягөз ауданының автомобиль жолдары арқылы өтетін 16 су тартқыш бойынша, көктемгі су тасқынынан Ақсуат-Бөкей-Қарсу-Ақжар-Омск-Майқапшағай жолдарының бұзылуынан жұмыстарды қосымша ұлғайтуды талап етеді).

Ағымдағы жылы облыста 75 объект салынып, қайта жаңартылып жатыр, олар: әлеуметтік сала, тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдары объектілері, сондай-ақ 3 өңірдегі инженерлік коммуникация объектілері және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кешендері, оның тек 30%-ында жұмыстар кестелерге сәйкес жүргізіледі, дегенмен де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер мердігерлерге айыппұл санкцияларын қолдана отырып, қатаң бақылау жасау жөніндегі мәселені қарастырмайды. Өткен кезеңде тек жеті мердігер ұйымына құрылыс, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармалары 9,6 млн.теңгеге санкция қолданған.

Барлық аталған себептер туындаған мәселелерді шешуге және шаралар қабылдауға қосымша уақытты қажет етті, ол сәйкесінше бюджеттердің шығыс бөлігінің атқарылуы жөніндегі бекітілген жоспарлардың бұзылуына әкеп соқты.



Құрметті әріптестер,республикалық бюджеттен бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға 32,1 млрд.теңге нысаналы трнасферттер алынды, нақты 29,7 млрд.теңге немесе 92,5%-ы игерілді.

Қалалық және аудандық деңгейде 48%-ға іске асырылуда, өткен кезеңде 648,0 млн.теңге игерілмей қалды. Біршама игерілмей қалған қаражат қалдығына Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар аудандарында жол берілген. Игерілмеудің ең үлкен бөлігі облыстық әкімшілерінде болып отыр, алынған 15,5 млрд.теңгенің 1,7 млрд.теңгесі игерілмей қалды.

Жекелеген жобаларды іске асыру бойынша жіберілген қалыс қалулар ұзақтығына назарларыңызды аударғым келеді.

Өскемен қаласы бойынша

Сумен жабдықтаудың 3 объектісінің құрылысы бойынша 22,4 млн.теңге игерілмей қалды, 6 ай бойы 23 млн.теңгеден 36 млн.теңгеге дейін қаражат игерілмей жатыр.

Осындай жағдай ақпан айынан бастап қалдық 60 млн.теңге шегінде 2 коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша, инженерлік-инфрақұрылым бойынша ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ай сайын 160 млн.теңгеден 500 млн.теңге шегінде жұмыс көлемі орындалмаған, 9 айдың қорытындысы бойынша 236,0 млн.теңге игерілмей қалды, тиісінше жыл аяғына дейін бағдарламаны 600,0 млн.теңгеден астам қаражатты іске асыру қажет, ал бұл жылдық көлемнің 26%-ын құрайды.

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша 572,0 млн.теңге игерілмей қалды, оның 407,9 млн.теңгесі – «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша бір пәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша, сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынының төмендеуі байқалады. Мамыр айынан бастап шілде айына дейін қаражат 75%-дан аз игерілсе, 1 қазанда осы көрсеткіш 66%-ға төмендеді.



Семей қаласында Энергетик кентіндегі жалға берілетін үйлер салуға 4 ай ішінде жылумен жабдықтау схемасы бойынша жобаны және конкурс өткізуді келісу бөлігіндегі мәселелердің қарастырылмауынан жобаны іске асыру кідіріп қалды, игерілмеген қаражат қалдығы есеп беру күніне 54,6 млн.теңгені құрады.

Аягөз ауданы бойынша Тарбағатай ауылындағы су құбырын қайта жаңарту бойынша жұмыстар 7 ай бойы мерзімдерді бұза отырып жүргізіліп келеді.

Беген және Бесқарағай ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту бойынша республикалық трансферттер сәуір айынан бастап тиімсіз игеріліп жатыр. Есеп беру күніне қалдық 12,0 млн.теңгеден артық болып отыр.

Осындай жағдай Күршім ауданы Құйған ауылындағы су құбыры және Үржар ауданы Үржар ауылында екінші кезектегі су құбыры бойынша, онда жарты жыл бойы қаражат қалдығы игерілмей келеді.

Облыс жолдарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары басталғаннан бері көлік басқармасы ай сайын бюджет қаражатының игерілмеуіне жол беріп отыр, 9 айдың қорытындысы бойынша игерілмеу 200,0 млн.теңгеден асты.

Қаражаттың игерілмеуінің біршамасына құрылыс басқармасында болып отыр.

Есеп беру кезеңінде 793,2 млн.теңге денсаулық сақтау және 288,4 млн.теңге білім объектілерінің құрылысына бөлінген трансферттер игерілмей қалған, барлық салынып жатқан 12 объектідегі жұмыстар орындалған жоқ. 9 айдың қалдықтарын ескере отырып, жыл аяғына дейін аталған бағыттар бойынша 2,4 млрд.теңгені игеру қажет, бұл жылдық көлемнің 31%-ын құрайды. Жыл соңына дейін қалған уақытты ескерсек, мердігер ұйымдары қабылдаған міндеттемелердің орындалмай қалу қаупі бар, ол әлеуметтік сала объектілерінің құрылысына бекітілген нысаналы трансферттерінің атқарылуының түпкілікті нәтижесіне әсерін тигізеді.


Жол картасы бойынша
Облыста «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аяқталып келеді.

Есеп беру күніне инвестициялық жобаларды іске асыруға қарастырылған 9,9 млрд.теңге қаражаттың 9,6 млрд.теңгесі игерілді. Тұрғын үй-коммуналдық шарушылық жүйесін жөндеу, қайта жаңарту және дамыту бойынша қаражаттың төмен игерілуі Семей қаласында, Глубокое, Шемонаиха аудандарында болып отыр.

Бүгінгі таңда Жол картасы шеңберінде Көкпекті ауданындағы тазалау құрылыстарын аяқтау қиын жағдай болып отыр, 2009 жылғы толық игерілмей қалған қалдық 166,9 млн.теңге. 9 ай өтті объектіде жұмыстар басталған жоқ, сәйкесінше бөлінген қаражат игерілмей қалды, Бюджеттік заңнамаға сәйкес өткен жылдың игерілмеген нысаналы трнасферттері жылдың соңына дейін республикаға қайтарылуы керек.

Аягөз, Шемонаиха аудандары мен Семей қаласының жол-жөндеу жұмыстары бойынша, Өскемен, Риддер, Аягөз, Абай, Ұлан аудандарының білім объектілері бойынша, облыстық білім және денсаулық объектілері бойынша қаражаттар игерілмеген.

ҚР Үкіметінің резерві бойынша
Ағымдағы жылы облыстағы болып жатқан жағдайларға байланысты Үкімет 6,1 млрд.теңге сомасында қаржылық көмек көрсеткен болатын, оның 849,9 млн.теңгесі ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін игеру мерзімімен 2010 жылғы көктемгі су тасқыны салдарын жоюға бөлінген.

Алынған транш бойынша 1 қазанда нақты игеру 680,0 млн.теңгені немесе 80,7%-ды құрап, 163,0 млн.теңге игерілмей қалды. Өскемен қаласында қаражат игерілмей жатыр, онда орындалу пайызы тек 45% немесе 3 ай бойы 21,9 млн.теңге игерілмей келеді, осындай жағдай Риддер қаласында 30% аванс төленді, 6 ай бойы қаражаттардың қозғалысы жоқ, игерілмеген қаражат қалдығы 112,2 млн.теңгені құрады, Зайсан ауданындағы Кендерлік өзеніндегі бөгет құрылысына арналған қаражатты пайдалану үлкен мәселе болып отыр.

Қалған транштар бойынша Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы мектеп құрылысына, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VII форумын өткізуге бөлінген қаражат қанағаттаналықтай игерілді.
Кредиторлық, дебиторлық берешек
Кредиторлық берешектің болуы қаржылық тәртіптің нашарлауының бірден бір көрсеткіші болып табылады. 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 676,6 млн.теңге берешек пайда болды немесе бірінші жарты жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда 241,6 млн.теңгеге өсті. Негізгі өсімге Өскемен қаласы, Бородулиха, Глубокое, Көкпекті аудандары жол берген. Барлық аталған өңірлер кірістер бойынша жоспарды асыра орындады және шоттарында берешектің пайда болуына немесе өсімге жол бермеуге жеткілікті қаражаттары болған, мысалы Бородулиха ауданы бойынша асыра орындалу 19,0 млн.теңгені құрады (салықтар, коммуналдық қызметтер бойынша 19,0 млн.теңге), Глубокое - 35,9 млн.теңге (19,5 млн.теңге -еңбекақы).

Берешектің ұлғаюына 146,5 млн.теңге облыстық әкімшілер, 111,9 млн.теңге құрылыс басқармасы, 27,4 млн.теңге денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ жұмыспен қамту, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет басқармалары жол берген.

Сонымен қатар, Өскемен қаласы және облыстың құрылысы басқармасы осы күнге дейін өткен жылдың 34,6 млн.теңге сомасындағы берешекті жойған жоқ.

Дебиторлық берешекті қысқартуға нашар бақылау жасалынады, ол 1 қазанда 3,4 млрд.теңге сомасында немесе бірінші жарты жылдықта төленген аванстардың 50%-ға жуық берешегі бар. Өскемен, Семей, Риддер қалалары және Бородулиха, Аягөз және Шемониха аудандарында, облыстық құрылыс, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармалары, ішкі істер департаменті бойынша төлем төленген жұмыс көлемдері орындалмаған, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жеткізілмеген.



Құрметті әріптестер, назарларыңызды өткен жылдың дебиторлық берешегіне аударғым келеді. Облыстың өңірлері бойынша тек 208,8 млн.теңге алдын ала төлеу Аягөз, Бородулиха, Ұлан, Үржар, Шемониха аудандары мен Өскемен, Семей және Риддер қалаларында, облыстық басқармаларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша. Барлығы бірінші сатымен – яғни, соттық тескеру жүргізумен шектелді, одан әрі сот атқарушыларымен жұмыс жүргізу қажет және жұмысты толық аяқтауға дейін жеткізу керек.

Құрметті әріптестер, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының қаражаттарды толық игеру жөніндегі ай сайынғы растауларына қарамастан, өткен 9 айдың қорытындысы жақсы емес. Жылдың аяқталуына дейін үш ай қалды (ауа райының жағдайларын ескерсек, одан да аз уақыт) 35 млрд.теңгеден артық қаражатты игеру қажет, осыған тағы қосымша ауыртпашылық 9 айдың игерілмеген 4,3 млрд.теңгесі және 3,0 млрд.теңгеден артық алдын ала төленген қаражаты бар. Әрине объективті себептерді шығарып тастауға болмайды (конкурстар, бос орындар, нормативтік база жоқтығынан үнем), дегенмен де бүгін біз жол бермеуге болатын кемшіліктер туралы айтып отырмыз.

Уақыттың тығыздылығына байланысты қаражат бөлінді, оларды игеру және әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында анықталған нәтижелерге қол жеткізу қажет.

Назарларыңызға рахмет.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет