Шоғырландырылған қаржылық есептеме «электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы»


Қаржы тәуекелдерін басқарудың мақсаттары



бет13/14
Дата14.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#135847
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қаржы тәуекелдерін басқарудың мақсаттары
Тәуекелді басқару – Топ қызметінің маңызды элементі. Топ тәуекелдердің деңгейі мен көлемі бойынша тәуекелге бейімділік талданатын тәуекелдер бойынша ішкі есеп арқылы Топтың операцияларына жататын қаржы тәуекелдерін бақылайды және басқарады. Бұл тәуекелдерге (валюта тәуекелін, әділ құнына қатысты пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелі мен баға тәуекелін қоса алғанда) нарық тәуекелі, өтімділік тәуекелі және ақша ағынына қатысты пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелі кіреді. Төменде Топтың тәуекелдерді басқару саясатының сипаттамасы келтірілген.
Нарық тәуекелі
Топтың қызметі ең әуелі валюта бағамы (төмендегі «Валюта тәуекелін басқару» қар.) мен пайыздық мөлшерлемедегі (төмендегі «Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістердің тәуекелін басқару» қар.) өзгерістердің қаржы тәуекеліне бейімделген. Топ өзінің пайыздық мөлшерлеме тәуекелі мен валюта тәуекеліне бейімділігін басқару үшін туынды қаржы құралдары бойынша келісім жасамайды, өйткені басшылық мұндай бейімділіктің шоғырландырылған қаржылық есептемеге айтарлықтай әсері тимейді деп есептейді.

Валюта тәуекелін басқару
Топ іске асыру мен сатып алу бойынша шет ел валютасында көрсетілген кейбір операцияларды өткізеді. Осыған байланысты валюталар бағамындағы өзгерістер тәуекелі туындайды. Топта сондай-ақ шет ел валютасында деноминацияланған активтер де, міндеттемелер де бар. Осындай түрде Топ валюта бағамындағы өзгерістерден тәуекелді азайтады.
Топтың ақша активтері мен ақша міндеттемелерінің валютадағы теңгерімдік құны, 2009, 2008 жылғы 31 желтоқсан мен 2008 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша мына түрде берілген:





Активтер







Міндеттемелер




31 желтоқсан 2009 ж.




31 желтоқсан 2008 ж.

1 қаңтар 2008 ж.




31 желтоқсан 2009 ж.

31 желтоқсан 2008 ж.

1 қаңтар 2008 ж.




мың теңге




мың теңге

мың теңге




мың теңге

мың теңге

мың теңге




























АҚШ доллары

8,614,479




1,469,677

1,912,442




51,814,203

39,368,351

30,785,152

Евро

1,275




985

1,013




1,353,744

962,341

774,193

Фунт стерлинг

1,311




-

-




-

-

195,487

Ресей рублі

1,433




874

93




-

-

588

Тәжік соманиі

118




-

-




-

-

-


Шет ел валютасына қатысты сезімталдық талдауы
Топ көбінесе АҚШ доллары бағамының өзгеруіне байланысты тәуекелге бейімделген. Топта сондай-ақ берілген және АҚШ доллары мен Евроға деноминацияланған аванстар бар, олар Топты АҚШ доллары мен Евроның бағамының өзгеруіне байланысты айтарлықтай тәуекелге ұшыратпайды.
Мына кестеде Топтың тиісті шет ел валютасына (2008 ж.: 5%-ға көбею/азаю) қатысы бойынша теңгедегі құнының 10%-ға көбеюге/азаюға сезімталдығы көрсетілген. 10% - бұл негізгі басшылық үшін валюта тәуекелі бойынша ішкі есепті жасау кезінде қолданылатын сезімталдық үлесі және ол басшылықтың валюта бағамындағы болуы мүмкін өзгерістердің бағалауын көрсетеді. Сезімталдық талдауына шет ел валютасындағы басқарылмаған ақша позициясы ғана кіреді және валюта айырбастау бағамындағы 5% өзгерісті есепке алып кезеңнің аяғында олардың аударылуын түзетеді. Егер заем несиегерлік/дебиторлық берешек несиегер мен дебитор валютасынан басқа валютада көрсетілген болса, сезімталдық талдауына а) сыртқы займдар мен несиегерлік берешек, сондай-ақ б) Топтың дебиторлық берешегі кіреді. Төменде келтірілген кестеде тиісті валютаға қатысы бойынша теңгенің 10%-ға (2008: 5%) күшеюі кезінде қаржы активтері мен міндеттемелерінің өзгеруі көрсетілген. Жағымды сан есептік кезеңдегі пайданың көбеюін, ал жағымсыз сан - пайданың азаюын көрсетеді. Тиісті валютаға қатысы бойынша теңгенің 10%-ға (2008: 5%) әлсіреуі кезінде пайдаға тең және қарама-қарсы әсері тиеді.





АҚШ долларының әсері




Евроның әсері




2009 ж.




2008 ж.




2009 ж.




2008 ж.

























Қаржы активтері

(861,448)




(74,458)




(127)




(49)

Қаржы міндеттемелері

5,181,420




1,956,942




135,374




43,712

Бұл көбінесе ақша қаражаты бойынша тәуекелге және оның баламаларына жатады, сондай-ақ Топтың 2009, 2008 жылғы 31 желтоқсан мен 2008 жылғы 1 қаңтардағы АҚШ доллары мен Еврода көрсетілген несиегерлік берешегіне жатады.


Топтың шет ел валютасына сезімталдығы ағымдағы кезең ішінде ұлғайды, ол көбінесе АҚШ долларындағы займдарды қосымша игеруге байланысты, бұл 2009 жылғы 31 желтоқсанда АҚШ долларындағы займ қалдығының ұлғаюына әкелді.
Пайыздық мөлшерлеме тәуекелін басқару
Топ займдарды тартатын болғандықтан пайыздық мөлшерлеме тәуекеліне бейімделген. Топ бұл тәуекелді құбылмалы сияқты тіркелген пайыздық мөлшерлемемен де займдарды тарту жолымен басқарады. Топ бұл тәуекелді болмашы ретінде қарайды.
Топтың қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекеліне бейімділігі осы ескертудегі өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі бөлімде көрсетілген.

Пайыздық мөлшерлемеге қатысты сезімталдық талдауы
Төменде берілген сезімталдық талдауы есептік күнде өнімсіз құрал бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелінің бейімділігіне қатысты жасалған болатын. Құбылмалы мөлшерлемелермен міндеттемелер бойынша талдау есептік күнде жабылмаған міндеттеменің сомасы жыл бойы жабылмай қалуына қарап жасалған. Басшылыққа ішкі есеп беруде міндеттемелер бойынша құбылмалы пайыздық мөлшерлемелер 100 базистік тармаққа көбейгені немесе азайғаны туралы болжам қолданылады және пайыздық мөлшерлемедегі негізделген болуы мүмкін өзгерісті басшылықтың бағалауы болып табылады.
Егерде міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер 100 базистік тармаққа көп/аз болса және басқа өзгермелілердің барлығы тұрақты болса, онда Топтың 2009 ж.31 желтоқсанда аяқталып жатқан жылдағы пайдасы 466,253мың теңгеге (2008 ж.: 62,490 мың теңгеге азаю/көбею) азаяр/көбейер еді, бірақ бұл өзгерістерді Топтың қызметіне тарифтерді өзгерту арқылы Топ өтеген болар еді. Бұл көбінесе Топтың құбылмалы пайыздық мөлшерлемелері бар займдары бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекеліне бейімділігіне қатысты.
Топтың пайыздық мөлшерлемелерге сезімталдығы ағымдағы кезең ішінде ұлғайды, әсіресе 2008 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша займдардың ұлғаюына байланысты.
Басқа да баға тәуекелдері
Үлестік инвестициялармен байланысты Топ баға тәуекелдеріне бейім. Үлестік инвестициялар саудалық емес стратегиялық мақсаттар үшін ұсталып тұрады.
Несие тәуекелін басқару
Несие тәуекелі контрагенттің өзінің келісім-шарттық міндеттерін орындамай, Топ үшін қаржы шығынына әкеп соғатын тәуекелмен байланысты. Топ тек несие төлеуге қабілетті контрагенттермен ғана іс жүргізу және міндеттемелерді орындамау нәтижесінде қаржы шығыны тәуекелін төмендету құралы ретінде қолдануға болатындай жеткілікті қамтамасыз етуді қолдану саясатын қабылдады. Топтың бейімділігі мен оның контрагенттерінің несие төлеуге қабілеттілігі үнемі бақыланып тұрады.
Несие тәуекелі ең әуелі дебиторлық берешекпен және басқа да ағымдағы активтермен байланысты (11 мен 13 ескертуді қар.). Топтың күмәнді берешектер бойынша резерв құрған контрагенттерін қоспағанда басқа контрагенттердің бірінің өз міндеттемелерін жабуға жағдайы болмайтындығын Топ күтпейді.
Өтімділік тәуекелін басқару
Өтімділік пен қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруды басқару талаптары бойынша Топтың басшылығы үшін қажетті өтімділік тәуекелін басқару жүйесін жасаған Топтың акционері өтімділік тәуекелін басқаруға біржолата жауап береді. Топ өтімділік тәуекелін баламалы резервті, банк займдарын және қол жетімді кредит желісін қолдау жолымен, болжанған және нақты ақша қозғалысын үнемі монитроингтеу және қаржы активтері мен міндеттемелерін жабу мерзімін салыстыру жолымен басқарады.

Өтімділік тәуекелі мен пайыздық мөлшерлеме тәуекелі бойынша кесте
Мына кестелерде Топтың өнімсіз қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша оның келісім-шарттық мерзімдері көрсетілген. А) Топтың төлем қабылдауды күтіп отырған, б) Топтан төлемді талап етуі мүмкін ең ерте датаның негізінде қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша ақша ағынының дисконтталмаған қозғалысы негізінде осы кесте құрылған. Кестеге пайыздар бойынша да, қарыздың негізгі сомасы бойынша да ақша ағыны кіреді.


2009 ж.

Орта есеппен алғандағы тиімді пайыздық мөлшерлеме

1 жылға дейін




1-5 жыл




5 жылдан жоғары




Барлығы

Қаржы активтері

























Қызметкерлерге берілген займдар
(9 ескертуді қар.)

10.08%

13,885




69,428




55,543




138,856

Сауда дебиторлық берешегі
(11 ескертуді қар.)

-

887,539




-




-




887,539

Басқа да дебиторлық берешек
(13 ескертуді қар.)

-

71,558




-




-




71,558

Басқа да қаржы активтері (14 ескертуді қар.)

-

17,908,584




2,500,430




984,429




21,393,443

Пайдаланылуы шектелген ақша қаражаты (15 ескертуді қар.)

-

2,641,530




445,080




2,418,268




5,504,878

Ақша қаражаты мен оның баламасы (16 ескертуді қар.)

-

7,213,933




-




-




7,213,933

Қаржы міндеттемелері

























Құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар займдар (18 ескертуді қар.)

4%

4,654,051




22,621,303




21,413,180




48,688,534

Тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар займдар (18 ескертуді қар.)

7.93%-9.82%

870,150




3,227,421




5,031,988




9,129,559

Сауда несиегерлік берешегі
(19 ескертуді қар.)

-

5,910,857




-




-




5,910,857

Басқа да несиегерлік берешек пен есептелген міндеттемелер
(21 ескертуді қар.)

-

811,268




-




-




811,268



2008ж.

Орта есеппен алғандағы тиімді пайыздық мөлшерлеме

1 жылға дейін




1-5 жыл




5 жылдан жоғары




Барлығы

Қаржы активтері

























Қызметкерлерге берілген займдар
(9 ескертуді қар.)

10.86%

8,804




44,023




35,219




88,046

Сауда дебиторлық берешегі
(11 ескертуді қар.)

-

911,183




-




-




911,183

Басқа да дебиторлық берешек
(13 ескертуді қар.)

-

38,964




-




-




38,964

Басқа да қаржы активтері (14 ескертуді қар.)

-

8,785,026




-




-




8,785,026

Пайдаланылуы шектелген ақша қаражаты (15 ескертуді қар.)

-

2,255,809




362,310




2,009,661




4,627,780

Ақша қаражаты мен оның баламасы (16 ескертуді қар.)

-

1,192,421




-




-




1,192,421




























Қаржы міндеттемелері

























Құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар займдар (18 ескертуді қар.)

5.18%

3,997,212




17,966,445




13,861,074




35,824,731

Тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар займдар (18 ескертуді қар.)

7.93%-9.82%

551,630




3,134,952




4,615,193




8,301,775

Сауда несиегерлік берешегі
(19 ескертуді қар.)

-

4,295,618




-




-




4,295,618

Басқа да несиегерлік берешек пен есептелген міндеттемелер
(21 ескертуді қар.)

-

652,648




-




-




652,648


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет