№
|
Қадамдар
|
Әрекет алгоритмі
|
|
Науқастың жағдайын бағалау
|
Аллергеннің организмге түсуін тоқтату.
Пациенттің жағдайының ауырлығын бағалаңыз және жедел жәрдем бригадасын шақыруды қамтамасыз ету.
АҚ, ЖЖЖ, ТЖ, сатурация мониторингін қамтамасыз ету.
|
|
Пациентті шокқа қарсы іс-шараларды жүргізуге дайындау
|
Пациентті жатқызып, басын бүйіріне қаратыңыз, төменгі жақ сүйекті алға тартып, ауыз қуысын тазалаңыз, аяғын көтеріңіз (Тренделенбург қалпы).
|
|
Вена ішіне кіруді қамтамасыз ету
|
Шеткергі венаны катетерлеу. Катетерлер №14,16
|
|
Пациенттің организмін оттегімен қамтамасыз ету
|
Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. Ылғалданған оттегіні беру
|
|
Анафилаксиялық шокты емдеу үшін негізгі дәрілік және медициналық құралдарды дайындау
|
Шокқа қарсы іс-шараларды жүргізу үшін қажеттінің барлығын дайындау:
Шокты емдеуге арналған негізгі дәрілік заттардың тізбесі
дәрілік заттарды в/і тамшылатып енгізуге арналған жүйе, әртүрлі көлемдегі шприцтер,
ӨЖЖ аппараты (Амбу қабы) кеңірдекті интубациялауға арналған жиынтық (болған жағдайда)
|
|
Шұғыл көмек көрсету бойынша іс-шараларды орындау
|
Дәрігердің тағайындауымен: дәрілік заттарды енгізуді қамтамасыз ету:
санның алдыңғы немесе бүйір бетіне 0,18% эпинефрин ерітіндісі 0,5 мл, тиімділігі болмаған жағдайда 5 минуттан кейін б/і қайта енгізу; 50 мкг (0,25 мл) 0.18% эпинефрин ерітіндісі 500 мл физ. ерітіндімен в/і тамшылатып енгізу.
инфузиялық ем жүргізу (коллоидты және кристаллоидты ерітінділерді енгізу 0,9% натрий хлоридінің изотоникалық еріт. 1-2л.
|