Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Ахметовтың округтің 2013 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері



жүктеу 36.62 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі36.62 Kb.
Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Ахметовтың

округтің 2013 жылы әлеуметтік дамуы туралы

есептік баяндамасының тезистері
Шөптікөл ауылдық округінің жалпы жер көлемі 0,6 мың шаршы километр. Округ құрамына 3 елді мекен кіреді ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон ауылдары. Округ халқының саны 2014 жылдың 1 қаңтарына – 725 адамды құрады. Жыл басынан округ бойынша 11 бала дүниеге келген.


Ауыл шаруашылық

Округ бойынша 3 шаруа қожалығы, 1 мал соятын алаңы жұмыс істеуде.

Округ бойынша ірі қара мал саны - 1539 бас, соның ішінде сиырлар 695  бас; жылқы - 442 бас, қой, ешкі - 1205, құстар - 1037.

Елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға профилактикалық іс – шараларды ауылдық округ мемлекеттік бас маман ветеринарлық дәрігер және лицензият мал дәрігері егу, емдеу жұмыстарын жүргізді.

Мал өнімдерін жыл бойы тұрғындар Екібастұз қаласындағы “Нарық” базары және де аудан әкімі орынбасарының бекітілген кестесі бойынша муниципалдық базарына, “Пұшпақ” және “Санат” шаруа қожалықтары қатысып, мал өнімдерін тапсырады.



Денсаулық сақтау
Округте 3 медициналық пункттер бар. Әр ауылда 3 медбике жұмыс атқарады. 1 арнайы жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген.

Тұрғындардың барлығы флюротексеруімен қамтылған, Манту вакцинациясымен 100% қамтамасыз етілген. Округте есепте тұрған адамдарды үзбей дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуде. Майқайын кентінің дәрігерлік амбулаториясынан айына бір рет дәрігерлер жергілікті тұрғындардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында тиісті көмектерін беруде.



Білім беру
2013-2014 оқу жылында округ бойынша 2 орта мектеп, 2 мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс істейді. 122 оқушы білім алып, 53 мұғалім еңбек етуде.

Аз қамтамасыз етілген балалар 100% сапалы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

2 мектеп интерактивті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және кең жолақты ғаламторда жұмыс істейді.
Әлеуметтік саласы
Округіміздің әлеуметтік – экономикалық негізгі қадамдары: жұмыссыздықты төмендету, денсаулық сақтау мен білім беру қызметінің сапасын арттыру, елді – мекендерді көріктендіру мен тазалық жұмыстары және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның тұрақтылығымен бірігуін одан әрі дамыту.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Жыл бойы кәсіпорындармен, ұйымдармен жұмыстар атқару нәтижесінде төмендегідей өзгерістерге қол жеткізілді. 01.10.2013 жылға 319 жұмыс істейтіндер болса, бүгінгі күні 327 адам жұмыс істейді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 8 адам. Жыл бойы қоғамдық жұмыстарға 4 адам тартылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдем ақы алушылар жоқ.

Ауылдық округ әкімінің сұранысы бойынша 3 әлеуметтік жағдайы төмен жалғыз басты аналар отбасыларына аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 90,0 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілді.

Биылғы жылы аудандық, округ ардагерлер ұйымы арқылы округ бойынша 2 зейнеткер Павлодар қаласының «Ағарту» санаторлық – курорттық демалысына емделіп келді және 1 зейнеткер тамыз айында Еліміздің Ордасы Астана қаласына көрікті жерлерін көру үшін 3 күндік саяхатқа барып келді.
Мәдениет саласы
Шөптікөл округінде 2 ауылдық клуб қызмет етеді. ЦЭС, Шөптікөл ауылдарында кітапханалары үзіліссіз жұмыс атқаруда. ЦЭС ауылының кітапханасының кітап қоры - 1620, оқырман саны - 106, Шөптікөл ауылдық кітапханасының кітап қоры - 1820, оқырман саны - 82.

Жыл бойы округтегі клуб, кітапханаларда іс шаралар өткізілуде. Округ тұрғындарының арасында түрлі конкурстер, фестивальдар, мәдени шаралар өткізілуде. Округтегі ескерткішке Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі ұжымының демеушілігімен ағымдық жөндеу жұмыстары жасалынды.



Көріктендіру және санитарлық жұмыстары

Елді мекендерді көріктендіру және санитарлық жұмыстары жыл бойы жүргізілді, сеңбіліктер жүргізіліп отырды. Мемелекеттік мекемелер, ауыл тұрғындары үнемі тазалық жұмыстарын атқаруда.


Байланыс, ақпарат
Округте телефондық байланыс жақсы жолға қойылған. 131 телефон нөмірлері іске қосылған. ЦЭС, Шөптікөл ауылдарында «Аctiv», «Beеlline» ұялы байланыс қондырғылары жұмыс жасап тұр. Тұрғындар ғаламтор арқылы байланыс жасайды.

2013 жылғы 17 қазанда Сұлужон ауылының тұрғындарымен өткен есептік кездесуде ұялы байланысын орнату жөнінде ауыл тұрғындарынан өтініш, ұсыныстар түскен болатын. Биылғы жылы «Картел Beеlline» орталығы «Майкөбен-Вест» ЖШС арқалы байланыс күшейткішін орнататынын айтты.

Округтің барлық елді мекендері “Қазақстан”, “Хабар”, “ОРТ Евразия” теледидар бағдарламаларымен қамтылған. 60 үйге «Отау ТВ» ұлттық спутниктік қондырғылары орнатылған.
Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылға арналған жұмыс бағдарламасы:

- 2015 жылы Сұлужон ауылында мәдениет үйінің ашылуының жоспарланған құрылысына байланысты құжаттар дайындау.

- Учаскелік полиция инспекторын тұрғын үймен қамтамасыз ету.

- Әкім аппараты ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.


Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б.Ахметов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет