Шредингердің толқындық теңдеуі. Толқындық функцияның мәні. Толқындық функцияның квадраты


Шредингердің толқындық механикасы



бет3/3
Дата03.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#461846
1   2   3
Жұмабек Жадыра

Шредингердің толқындық механикасы

  • Әрбір физикалық шамаға сызықты оператор сәйкес келеді;
  • Жүйенің күйі операторлық теңдеудің шешімі болып табылатын толқын функциясымен толығымен сипатталады:

  • Hj=Ej

Дәл шешілетін модельдер
  • Еркін бөлшек
  • Потенциалды жәшіктегі бөлшек
  • Қатаң ротатор
  • Гармоникалық осциллятор
  • Сутек атомы.

Кванттық механиканың постулаттары. І.

  • Кез-келген жүйе тек ғана ерекше күйде болуы мүмкін, олардың әрқайсысы белгілі бір толқын функциясымен немесе күй векторымен сипатталады.
  • Әрбір байқалатын шамаға Шредингердің көзқарасындағы оператор немесе Гейзенбергтің көзқарасындағы матрица сәйкес келеді.

Кванттық механиканың Постулаттары . II.

  • Байқалатын шаманың кванттық күйдегі орташа күтім шамасы j мынаған тең:

  • немесе
  • Байланысқан микрожүйе құрамына кіретін барлық электрондар әртүрлі күйде болуы шарт.

Кванттық сандар

  • Кванттық сандар– кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т.б.), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды ) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Кванттық жүйе күйін түгелдей анықтайтын кванттық сандардың жиынтығын толық кванттық сандар деп атайды.

Атомдағы электронның кез келген тұрақты күйі белгілі квант сандарының мәнімен сипатталады. Квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі атомдық электрондык орбиталь ( АО) деп аталады.
n – (бас квант саны ) атомдағы электронның энергиясын және энергетикалық деңгейін, яғни АО өлшемін анықтайды. Бас квант саны 1- 7 мәндерін ( периодтық жүйедегі период номеріне сәйкес) қабылдайды.
l – орбиталь квант саны атомдағы электронның энергиясын және электрондық орбитальдардың пішінін анықтайды,мәні 0 – ( n - 1 ) қабылдайды. l = 0,1,2,3 сәйкес атомдық орбитальдар s- , p-, d-, f – орбитальдар деп аталады.
l = 0 .... п – 1
  • n = 1, l = 0 (s)
  • п = 2, I = 0, 1 (s, p)
  • п = З, I = 0, 1, 2 (s, p, d)
  • п = 4, I = 0, 1, 2, З (s, p, d, f)
  • l = 0 болса, электронның пiшiнi шар, l =1 болса, гантель,
  • Магнит квант саны (ml ) орбитальдардың электрон бұлттарының кеңiстiкте орналасу бағытын көрсетедi.
  • ml = - l .... 0 .... + l
  • l = 0 (s) ml = 0
  • l = 1 (p) ml = -1, 0, +1
  • l = 2 (d) ml = -2, -1, 0, +1, +2
  • l = 3 (f ) ml = -3, -2, -1, 0, +1, +2, +3

Орбиталь квант саны

Сәйкес деңгейшелер

Магнит квант санының (mι) мәндері

Деңгейшелердегі орбитальдардың саны

0

s

0

1

1

P

-1,0,+1

3

2

d

-2,-1,0,+1,+2,

5

3

f

-3-2,-1,0,+1,+3,

7
  • Спинді кванттық саны. Спин – ол электронның өзінің осінің айналасында өзінің айналуы. Спин квант саны (mS) электронның із осiнiң бойында айналу бағытын кірсетедi.
  • mS = + 1/2 Спинді сипаттау үшін төртінші кванттық санын m енгізеді, оны спиндік кванттық саны деп атайды. Ол тек екі мәнді +1/2 және -1/2 қабылдай алады.
  • Сонымен атомдағы электронның күйі төрт кванттық санының көмегімен өрнектеле алады: n, 1, m. Олар электронның энергиясын,оның формасын, түрі мен пішінін, орбитальдар мен спиннің қаныққандығын сипаттайды.

ж
Қорытынды
Кванттық механика бойынша электронның толқындық және бөлшектікіндей қасиеті болады. Яғни толқын сияқты оның толқындық жиілігі болады, ал бөлшек сияқты оның пішіні, массасы болады. Атом құрылысын зерттей зерделеу зат қасиеттерін жүйелеуге, химиялық реакцияларды және олардың механизмін жіктей реттеуге,биохимиялық және фармацевтикалық сан алуанды түрде болуын пайымдай түсуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Патсаев Ә.Қ., Махатов Б.Қ., Жайлау С.Ж.,Мамытова В.К. “Бейорганикалық химия“-Шымкент, 2008ж.
  • Интернет желісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет