Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы


Бөлімше. Кабиналық экипаж мүшелерін (бортсеріктерді)



бет5/33
Дата12.06.2016
өлшемі2.8 Mb.
#129657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

17 Бөлімше. Кабиналық экипаж мүшелерін (бортсеріктерді)
кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары
      200. Осы Кабиналық экипаж мүшелерін кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары кабиналық экипаждың мүшелерінің, ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің рәсімдері және қосымша бағдарламалар есебінен, мысалы жолаушыларға сервистік қызмет көрсету және т.б. бойынша ұлғайтылуы мүмкін штаттан тыс және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша ең төменгі кәсіби даярлау көлемін регламенттейді.
      201. Кабиналық экипаждың мүшелерін кәсіби даярлау белгіленген Біліктілік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етеді және мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) бастапқы даярлау;
      2) қайта даярлау;
      3) кәсіби деңгейді қолдау.
      202. Бастапқы даярлау кабиналық экипаж мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келу үшін бастапқы, біліктілік білімдерін және машықтарын алуды, сондай-ақ, дамытуды қамтамасыз етеді. Бастапқы даярлаудан бұрын кабиналық экипаж мүшесі ретінде жұмыс істемеген барлық тұлғалар өтеді.
      203. Қайта даярлау пайдаланылатын жабдықтың бейіні, жұмыс сипаттамасы немесе шарттары (жаңа рәсімдерді енгізу), мамандық, мамандану, жұмыс бейіні өзгерген кезде, сондай-ақ, жүйелерді, жабдықты пайдалануға рұқсат алу және біліктілік белгілерін алу үшін жүргізіледі.
      204. Кәсіби деңгейді қолдау жаттығулар жолымен білімдер мен машықтарды қолдауды, тәжірибелік жаттығуларды, бақылау тексерулерін орындауды, ұжымдық жұмыс машықтарын қоса алғанда, қолданыстағы білімдер мен машықтарды кеңейтуді, жүйелердің немесе жабдықтың өзгерістерімен танысуды, жаңа ресімдер мен тәжірибелерді зерделеуді, сондай-ақ, жұмыстағы үзілістерден кейін 6 айдан астам кәсіби машықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
      205. Кабиналық экипаждың мүшелері (бортсеріктер) үшін осы Үлгілік бағдарламалардың талаптарына сәйкес пайдаланушының кабиналық экипаждың мүшелерін кәсіби даярлауды ұйымдастыруы олардың әрқайсысының төмендегілерді:
      1) ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және авариялық және штаттан тыс жағдайлардағы іс-әрекеттермен байланысты оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындай алуын;
      2) бортта құтқару желеткелері, құтқару салдары, авариялық басқыштар (астаушалар), авариялық шығулар және люктері, тасымалды өрт сөндіргіштер, оттегі жабдығы және медициналық дәрі қобдишалары сияқты авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалана білуін;
      3) 3000 м (10 000 фут) астам биіктікте ұшуды орындайтын ұшақтарды жұмыс кезінде оттегі жетіспеушілігінің салдарлары туралы, бітемеленген ұшақтарда жұмыс кезінде бітеменің ашылуынан туындайтын физиологиялық құбылыстар туралы білуін;
      4) бұл бортсеріктің өз міндеттерін орындау үшін қаншалықты қажетті авариялық жағдайда экипаждың басқа да мүшелерінің міндеттер мен функцияларын білуін; және
      5) жолаушылар кабинасында жүргізілуі мүмкін және жүргізілмейтін қауіпті жүктердің түрлерін білуін және қауіпті жүктер бойынша даярлау бағдарламасынан өтуін қамтамасыз етеді.
      206. Бортсеріктерді кәсіби даярлау кезеңдері мыналардан тұрады:
      1) теориялық даярлау;
      2) тренажерлық даярлау;
      3) тәжірибелік даярлау.
      207. Теориялық негізінен даярлау оларға қосымша авариялық жағдайларда іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында тәжірибелік жаттығулар және жаттығулар орындалатын сыныптағы лекциялық сабақтар түрінде жүргізіледі, бұл оқушыларға олардың өздерінің кәсіби міндеттерін табысты орындау үшін қажетті машықтарды жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді. Теориялық даярлау оқытудың мынадай негізгі нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) құрамдастырылған;
      2) стационарлық күндізгі (кешенді, үлгілік);
      3) модульдік;
      4) сырттай;
      5) қашықтықтық.
      208. Тренажерлық даярлау бастапқы даярлаудың міндетті бөлігі болып табылады және жұмыстың тәжірибелік машықтарын пысықтауға және жетілдіруге мүмкіндік беретін нақты штаттан тыс және авариялық оқиғаларға еліктеуге мүмкіндік беретін өндірушінің пайдалану шарттарына сәйкес келетін арнайы тренажерлық кешендерде, жеке тренажерларда немесе әуе кемелерінде жүргізіледі. Тренажерлық даярлау оқытудың мынадай негізгі нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) стационарлық күндізгі (кешенді, үлгілік);
      2) құрамдастырылған;
      3) модульдік.
      209. Тәжірибелік даярлау тағайындалған уәкілетті тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылады және жұмыс орнындағы функционалдық міндеттерді тікелей орындаумен байланысты (өз бетінше ұшуға рұқсат алу, біліктілік алу).
      210. Әрбір оқушы міндетті түрде ұшу алдындағы даярлығы барысында, ұшуда, қону алдында және қонудан кейін өзінің функционалдық міндеттерін білуін және машығын тексеру үшін жеткілікті уақыттың осындай кезеңі ішінде білімдерін бақылау тексеруінен өтеді. Бұдан өзге, жаттығулар және тексерулер мұндай тренажерлардың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты көлемде тренажерларда орындалуы мүмкін.
1 Параграф. Кабиналық экипаждың мүшелерін бастапқы даярлау
      211. ӘК бірінші түріне дайындықты қоса алғанда бастапқы даярлауды жүргізу кезінде іске асырылатын бағдарламаларда мынадай өлшемдерге сәйкестікті ұстап тұру керек:
      1) кабиналық экипаждың мүшелерін бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі ӘК бірінші түріне дайындықты қоса алғанда, кемінде 128 сағат болуға тиіс;
      2) ӘК бірінші түріне дайындықты қоса алғанда, тренажерлық даярлау көлемі кемінде 12 сағат болуға тиіс;
      3) тәжірибелік даярлау көлемі көп мүшелі кабиналық экипажы бар ӘК-де бастапқы оқытудан өткен тағылымдамадан өтушілер үшін кемінде 10 сағат және 5 ұшу және бір мүшелі кабиналық экипажы бар ӘК-де тағылымдамадан өту кезінде кемінде 20 сағат және 10 ұшу болуға тиіс;
      4) ағылшын тілі бастапқы даярлау бағдарламасына қажеттілігіне қарай, қажетті құжаттарды пайдалана білу және функционалдық міндеттерді орындау үшін жеткілікті деңгейде игерудің қамтамасыз ететін үйренушілердің санатына және оларға қойылатын пайдаланушының біліктілік талаптарына байланысты енгізіледі;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен анықталатын кабиналық экипаждың мүшелерін кәсіби даярлауға қойылатын жаңа және қосымша талаптарды енгізу кезінде бастапқы даярлау бағдарламасында оларды іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны пропорционал түрде өзгереді.
      212. Бастапқы даярлау бағдарламасы төменде «Бортсеріктерді бастапқы даярлауға кіретін міндетті пәндердің ең төменгі тізбесі» кестесінде көрсетілген пәндер бойынша қажетті білімдер және машықтар деңгейін игеруді және көрсетуді қамтамасыз етеді.
      213. Бастапқы даярлау бағдарламасына кіретін тренажерлық даярлау ең кемінде мынадай пәндер бойынша тәжірибелік сабақты қамтамасыз етеді:
      1) авариялық шығудың әрбір түрінде штаттық және авариялық режимдерде есіктерді ашу;
      2) жолаушыларды көшіру рәсімі;
      3) өртті сөндіру;
      4) оттегіні пайдалану;
      5) судағы даярлық.
      214. Оқу материалын игеруге қойылатын нысаналы нормативтік талаптарды жақсы түсіну үшін курстың әртүрлі бөліктеріне ұлғаю шамасына қарай материалды тереңдетілген білуді көрсететін 1-4 кодтық сандары берілген:
      «1» - Пән негіздерін білу. Бортсеріктердің бұл білімдерді тәжірибеде қолдана алатындығы болжанбайды;
      «2» - Пәнді білу және қажеттілігіне қарай тиісті анықтамалық материалдар және нұсқаулықтар болған кезде оларды тәжірибеде қолдану қабілеті;
      «3» - Пәнді тереңдетілген білу және оларды тәжірибеде жылдам және дәлме-дәл қолдану қабілеті;
      «4» - Пәнді кеңінен білу және қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекеттерде оларды іске асыру қабілеті.
      Бортсеріктерді бастапқы даярлауға кіретін міндетті пәндердің тізбесі осы Үлгілік бағдарламаның 17-қосымшасында берілген.
      215. Тыңдаушылардың үлгерімін тексеру ағымдағы, межелі және қорытынды бақылаудың көмегімен жүзеге асырылады және оның ішінде компьютерлік техниканы пайдалана отырып, техникалық құралдарды, сауалнама жүргізу, тестілеу, ауызша сұраулар, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. әдістерді қолдана отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
      216. Бастапқы даярлау бағдарламасы аяқталғаннан кейін тәжірибелік даярлау маман бастапқы даярлықтан өткені туралы құжатты алған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей басталуға тиіс. Олай болмаған жағдайда бастапқы даярлау бағдарламасы кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасы бойынша қайта өткізіледі.
2 Параграф. Кабиналық экипаждың мүшелерін қайта даярлау
      217. Оған біліктілігі бардан ерекшеленетін әуе кемесінің түрінде немесе конфигурациясында өздерінің міндеттер орындаудың алдында кабиналық экипаждың әрбір мүшесі конфигурациясы бір түрден екінші түрге немесе ерекшеленетін ӘК-ге тиісті қайта даярлау курсынан өтеді.
      218. Қайта даярлау төменде «Бортсеріктерді қайта даярлауға кіретін міндетті пәндердің ең төменгі тізбесі» кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
      219. Қайта даярлау бағдарламасына кіретін тренажерлық даярлау кемінде мынадай пәндер бойынша тәжірибелік сабақты қамтиды:
      220. авариялық шығудың әрбір түрінде штаттық және авариялық режимдерде есіктерді ашу;
      221. жолаушыларды көшіру рәсімі;
      222. өртті сөндіру;
      223. ӘК ерекшеленетін түріне немесе конфигурациясына қайта даярлау көлемі мынадай өлшемдерге сәйкес келуге тиіс:
      1) ӘК-нің бір түріне немесе конфигурациясына қайта даярлаудың жалпы көлемі кемінде 28 сағат болуға тиіс;
      2) ӘК-нің бір түріне немесе конфигурациясына тренажерлық даярлау көлемі кемінде 3 сағат болуға тиіс;
      3) тәжірибелік даярлау көлемі кемінде екі ұшу, біреуі танысу ұшуы ретінде, екіншісі біліктілік алу үшін болуға тиіс.
      224. Оқу материалын игеруге қойылатын нысаналы нормативтік талаптарды жақсы түсіну үшін курстың әртүрлі бөліктеріне ұлғаю шамасына қарай материалды тереңдетілген білуді көрсететін 3-4 кодтық сандары берілген:
      «3» - Пәнді тереңдетілген білу және оларды тәжірибеде жылдам және дәлме-дәл қолдану қабілеті;
      «4» - Пәнді кеңінен білу және қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекеттерде оларды іске асыру қабілеті. Бортсеріктерді даярлауға кіретін міндетті пәндердің тізбесі осы Үлгілік бағдарламаның 18-қосымшасында берілген.
      225. Тыңдаушылардың үлгерімін тексеру ағымдағы, межелі және қорытынды бақылаудың көмегімен жүзеге асырылады және оның ішінде компьютерлік техниканы пайдалана отырып, техникалық құралдарды, сауалнама жүргізу, тестілеу, ауызша сұраулар, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. әдістерді қолдана отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
      226. Қайта даярлау бағдарламасы аяқталғаннан кейін тәжірибелік даярлау маман қайта даярлаудан өткені туралы құжатты алған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Олай болмаған жағдайда қайта даярлау бағдарламасы кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасы бойынша қайта өткізіледі.
3 Параграф. Аға бортсеріктерді даярлау
      227. Аға бортсеріктерді даярлауды пайдаланушы тәжірибелік даярлау нысаныда іске асырғаны сияқты авиациялық оқу орталығында жеке курс (тренинг) нысаныда іске асыруы мүмкін. Бұл ретте даярлау бағдарламасын уәкілетті органда бекіту талап етілмейді, бірақ мынадай бөлшектер зерделеуді қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 19-қосымшасында берілген.
      228. Тәжірибелік даярлау көлемі - екі ұшу, біреуі танысу ұшуы ретінде, екіншісі біліктілік алу үшін болуға тиіс.
4 Параграф. Тәжірибелік даярлауды ұйымдастыру
      229. Тәжірибелік даярлау және тағылымдамадан өту жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, ӘК бортында лауазымдық міндеттерді орындау үшін тәжірибеде кәсіби білімдерді, машықтарды және дағдыларды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған және:
      1) өз бетінше жұмысқа рұқсат алу үшін;
      2) ӘК жаңа түріне немесе конфигурациясына қайта оқытудан кейін;
      3) маманның қызмет саласын кеңейту кезінде;
      4) пайдаланушының ауысымында;
      5) авиациялық оқиғаға немесе авиациялық уақиғаға алып келген бұзылулар кезінде;
      6) кейіннен біліктілік деңгейін беру (растау) кезінде;
      7) жұмыс 6 (алты) айдан астам үзілістер кезінде;
      8) маманның өзінің функционалдық міндеттерін орындау қабілетін тексеру үшін қажетті өзге де жағдайларда жүргізіледі.
      230. Тағылымдамадан өту бөлімше басшысының бұйырығы негізінде жүргізіледі, онда әрбір тағылымдамадан өтушіге тағылымдама басшысы (нұсқаушы) бекітіледі, мақсат, объект, басталу және аяқталу мерзімдері анықталады. Бір нұсқаушыға тағылымдамадан өтушілердің саны төрт адамнан аспауға тиіс.
      231. Нұсқаушы тағылымдамадан өтуші туралы объективтік деректер және онымен жеке сұхат негізінде тағылымдаманы өткізудің жеке жоспарын жасайды, онда қажеттілігіне қарай қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
      232. Тағылымдаманы өткізудің жеке жоспарын жасау кезінде тағылымдамадан өтушіні қосымша тестілеуге (білімдерін тексеруге) рұқсат етіледі.
      233. Тағылымдама барысында мыналар зерделенеді:
      1) лауазымдық нұсқаулық, қауіпсіздік, өртке қарсы, авиациялық қауіпсіздік, объект ішілік жұмыс режимі мен тәртібі техникасы бойынша нұсқаулықтар;
      2) маманға қатысты бөлігінде нормативтік құжаттама;
      3) жергілікті шарттарының ерекшеліктеріне немесе тағылымдамадан өтуші мамандығының ерекшелігіне қатысты тағылымдама жоспарында көзделген басқа да ережелер мен талаптар.
      234. Бұдан кейін нұсқаушы тағылымдамадан өтушінің білімдерін тексеруді және тәжірибелік жұмыстың басталуына оның дайындығы туралы шешім қабылдауды жүргізеді.
      235. Егер тағылымдамадан өтуші тәжірибелік жұмысқа өту үшін қажетті ең төменгі білімдер деңгейіне ие болмаса, оған білімдерін кейіннен қайта тексере отырып, даярлау үшін қосымша уақыт тағайындалады.
      236. Тағылымдамадан өту жоспарда көрсетілген көлемде тағылымдамадан өтушінің білімдерін және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес оның міндеттерін орындауға тәжірибелік дайындығын тексерумен аяқталады.
      237. Тағылымдамадан өту егер тағылымдама басшысының қорытындысы бойынша тағылымдамадан өтуші тиісті жұмыс орнындағы өз бетінше жұмысқа дайын емес болса бастапқы белгіленген көлемнен аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін.
      238. Егер тағылымдамадан өтуші қосымша тағылымдамадан кейін сәйкес шешім қабылдай білу және лауазымдық міндеттеріне қызметті жүзеге асыру қабілетін көрсетпесе, тағылымдама бұл қызметкерді кабиналық экипаж мүшесі ретінде пайдаланудың орындылығы туралы шешім қабылдайтын қызмет басшысына (пайдаланушыға) қорытындыны ұсына отырып, тоқтатылады.
      239. Кабиналық экипаж мүшесі ретінде өз бетінше жұмысқа рұқсат тағылымдама басшысының (нұсқаушының) тағылымдамадан өтушіні өз бетінше кәсіби қызметке жіберу мүмкіндігі туралы ұсынымы негізінде жүргізіледі және басшысының (немесе нұсқаушының) ұсынуы бойынша қызмет басшысының (немесе пайдаланушының) бұйырығымен ресімделеді.
      240. Персоналды өз бетінше кәсіби қызметке жіберу мүмкіндігі туралы негізді шешім үшін тағылымдаманы және аттестаттауды өткізген тұлғалар жауапкершілікте болады.
5 Параграф. Экипаж мүшелерінің жұмысын оңтайландыру саласындағы даярлау (CRM)
      241. Ұшу экипажының мүшелерін кәсіби даярлау бағдарламаларын әзірлеу кезінде бағдарламаның әрбір түріне төменде көрсетілген «Экипаж мүшелерінің жұмысын оңтайландыру саласындағы кабиналық экипаждардың мүшелерін даярлау» кестесіне сәйкес даярлау бөлшектерін енгізу қажет.
      242. Экипаждың жұмысын оңтайландыру саласындағы даярлауды мүмкіндігіне қарай жалпы бүкіл экипаждың жұмысын жақсы түсіну және жақсарту үшін ұшу экипажының мүшелерімен бірлесіп жүргізу ұсынылады.
      243. Экипаждың жұмысын оңтайландыру саласындағы бастапқы даярлау кезінде қорытынды тестілер немесе емтихандар өткізілмейді, бірақ тестілеу, сынақ, бақылау жұмыстары және т.б. түрінде материалды игеруді бағалау жүргізіледі. NOTECHS жүйелерін қолдану ұсынылады.
      244. Экипаж мүшелерінің жұмысын оңтайландыру саласындағы даярлау (CRM) кестесі осы Үлгілік бағдарламаның 20-қосымшасында берілген.
6 Параграф. Ұшу экипажы мүшелерінің (бортсеріктер) кәсіби деңгейін қолдау
      245. Кәсіби даярлықтың аталған түрі бекітілген үлгідегі құжат беріліп, тренингтер, курстар, тәжірибелік даярлықтар, модульдік немесе біріктірілген оқулар немесе мәліметтерде басқадай түрмен беру және тіркеу арқылы (электронды жүйе, құжаттаудың бекітілген процедураларына немесе құжаттандырудың ішкі процедураларына сәйкес кәсіби даярлық туралы жазба) өткізіледі.
      246. Кәсіби даярлықты қолдау бағдарламасын жүзеге асыру аясында бекітілген мерзім ішінде төмендегі «Кәсіби даярлықты қолдау бағдарламасының аясына енетін міндетті пәндер тізімінің ең аз шамасы» кестесінде келтірілген элементтер міндетті болып табылады және осы Үлгілік бағдарламаның 21-қосымшасында берілген.
      247. Кәсіби деңгейді қолдау мынандай мақсаттар үшін жүргізіледі:
      1) кәсіби біліктілік деңгейін қолдау;
      2) апатты және штаттан тыс жағдайда білім және біліктілік әрекеттерін қолдау;
      3) жұмысынан 6 айдан артық қол үзген мамандардың кәсіби машықтарын қалпына келтіру;
      248. Кейбір жағдайларды және шұғыл қажет болғанда кәсіби даярлықтың аталған түрі жоспардан тыс, бірақ кезекті кезеңнен кеш емес мерзімде өткізілуі мүмкін.
      249. Жұмысынан 6 айдан артық қол үзген мамандардың кәсіби машықтарын қалпына келтіру жүргізіледі:
      1) жұмыста 6 айдан 12 айға дейін үзіліс болса – рейстік жағдайда кәсіби машығы тексеріледі;
      2) жұмыста бір жылдан артық үзіліс болса – кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасынан және машықтанудан өтеді. Маманның даярлық деңгейіне қарай машықтану көлемі төмендетіледі, бірақ бастапқы белгіленген рұқсат көлемінің 70% -нан кем емес.
      250. Кәсіби деңгейді қолдау, сондай-ақ эксплуатанттың нұсқаушылар құрамы рейстік жағдайда өткізетін тексерістер арқылы да қамтамасыз етіледі, оның мерзімділігі:
      1) жеке жұмыс істеуге рұқсат берілген алғашқы 12 айда 6 айда бір рет;
      2) бір жыл жеке жұмыс істегеннен кейін 12 айда бір рет.
18 Бөлімше. Әуе кемесінің ұшу жарамдылығына қолдау көрсету
бойынша қызметкерлердің типтік кәсіби даярлық бағдарламасы
      251. Осы Әуе кемесінің ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша қызметкерлердің типтік кәсіби даярлық бағдарламасы қажеттілік бойынша қосымша бағдарламалар арқылы көбейтілуі мүмкін аталған қызметкерлердің ең аз кәсіби даярлық шамасының көлемін белгілейді.
      252. Бастапқы даярлық пен қайта даярлаудың көлемі үміткердің біліктілік деңгейіне байланысты белгіленеді, бірақ базалық авиациялық даярлығы жоқ тұлғалар үшін ХХХ сағаттан кем болмауы тиіс, ал ӘК техникалық пайдалану саласында базалық авиациялық даярлығы бар тұлғалар үшін ХХХ сағаттан, және ӘК ұшу эксплуатациясы саласында базалық авиациялық даярлығы бар тұлғалар үшін ХХХ сағаттан кем болмауы тиіс.
      253. Біліктілік деңгейін қолдау бағдарламасының көлемі ХХХ сағаттан кем болмауы керек және онда оқу бағдарламаларымен бекітілген салалық модульдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласына қатысты заңнамасымен анықталған қосымша элементтер болуы шарт.
      254. Осы Типтік бағдарлама авиациялық қызметкердің куәлігін алу немесе біліктілік бағасын қою үшін әуе кемесінің ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша маманның құзыреттілік шегін анықтайды.
      255. Әуе кемесінің ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша маманның осы Типтік бағдарламасында оқытудың басқа формалары үшін оқу бағдарламасын жасағанда өзгеріске ұшырауы мүмкін модульдік принцип (форма) көрсетілген.
      256. Әуе кемесінің ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша маманның осы Типтік бағдарламасында кәсіби даярлықтың оқу процесінде және оны аяқтағаннан кейін біліктілік деңгейі әр пән бойынша тиісінше (1,2 және 3) деп бағаланатын авиациялық қызметкердің куәлігін немесе ӘК-нің А, В1, В2, В3 және С санаттарына техникалық қызмет көрсетудің (әрі қарай – ТҚ) біліктілік бағасын алу үшін қандай базалық білім(индикаторы) алуы керек екендігі көрсетілген.
      257. С санатына үміткерлер В1 немесе В2 санаттарының базалық білім деңгейіне сәйкес болуы тиіс.
      258. Базалық білім индикаторлары белгілері және мақсаттары бойынша шектесіп жатады:
      1) 1 деңгей – заттың принциптік элементтерімен таныс;
      2) үміткер заттың базалық элементтерімен таныс болуы керек;
      3) үміткер жалпылама сөздер мен мысалдар келтіре отырып тұтас нысанды сипаттап беруге қабілетті болуы керек;
      4) үміткер типтік терминдерді қолдана білуі тиіс.
      2) 2 деңгей – заттың теориялық және тәжірибелік аспектілерін жалпылама білу және бұл білімді қолдана алу қабілеті:
      үміткер заттың теориялық негіздерін түсіне алуы керек;
      үміткер мысал келтіруге қажет заттың жалпы сипаттамасын беруге қабілетті болуы тиіс;
      үміткер сипаттап тұрған заттың физикалық заңдарына сәйкес математикалық формулаларды пайдалана білуі керек;
      үміткердің эскиздерді, суреттерді және сызбаларды, сипатталған нәрселерді оқи алатын және түсіне алатындай қабілеті болуы керек;
      үміткер детальді процедураларды қолдана отырып өзінің білімін тәжірибеде пайдалана алатындай болуы керек;
      3) 3 деңгей – заттың теориялық және тәжірибелік аспектілерін егжей-тегжейлі білу және қисынды әрі жан-жақты мәнерде біліктіліктің жекелеген элементтерін біріктіру және қолдану:
      үміткер заттың теориясын және оның басқа пәндермен өзара байланыстылығын білуі тиіс;
      үміткер заттың теориялық негіздер мен өзіндік ерекшеліктеріне байланысты затты жан-жақты сипаттап бере алуы тиіс;
      үміткер затқа қатысты математикалық формулаларды түсінуге және пайдалана білуге тиіс;
      үміткер эскиздерді, қарапайым суреттерді және сызбаларды, сипатталған затты оқи, түсіне және жасай білуге тиіс;
      үміткер өндірушінің нұсқаулығын пайдалана отырып өзінің білімін іс жүзінде қолдан білуі тиіс;
      үміткер әртүрлі дереккөздердің нәтижелері мен өлшем шараларын түсінуі және керек болса өз әрекеттерін түзетуі тиіс;
      Әр санат үшін «Х» белгісімен белгіленген әрбір пайдаланылатын зат модульдерін келесі қалыпқа сәйкес келетіндей етіп базалық затқа жинастыру керек және барлық модуль осы Үлгілік бағдарламаның 22-қосымшасында берілген.
19 Бөлімше. Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша
қызметкерлерді даярлауға кәсіби типтік бағдарламалар
      259. Осы әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша қызметкерлерді даярлауға кәсіби типтік бағдарламалар ұйымдастыру, тәртіп және минималды көлемді кәсіби дайындыққа, сонымен қатар өзіндік қызметке рұқсатнама ұстанымын айқындайды:
      1) ұшу басшылықтары (ұшу басшысының міндетін атқарушы аға диспетчерді);
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсетуші диспетчерлерді;
      3) әуе қозғалысын жоспарлаушы, бақылаушы және үйлестіруші диспетчерлерді;
      4) брифинг диспетчерлерді.
      260. Әуе қозғалысына қызмет көрсету (әрі қарай - ӘҚҚК) және әуе қозғалысын жоспарлау (әрі қарай - ӘҚЖ) мамандарын кәсіби даярлау мамандықты игеруде, жаңа технологиялармен танысудағы немесе қызметтік шеңберінің аумақтауында, апаттық, штаттық емес жағдайларда және жүйенің жұмыс істеу қабілетінің нашарлаған жағдайында қызметтік міндеттердің орындалу талаптарына сай ұйымдастырылады.
      261. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының біліктілік талаптарына сәйкес болуына алғашқы дайындық бастапқы, біліктілік білім мен дағдының алуына, сонымен қатар жетілуін қамтамасыз етеді.
      262. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының қайта даярлануы жұмыстың жағдайы мен мінездемесінің, жүйенің құрылымының, мамандықтың, жұмыс пішінінің өзгеруіне, сонымен қатар біліктілік белгінің алуына байланысты жүргізіліп отырады.
      263. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының кәсіби деңгейлерін қолдау ұжымдық қызметтің дағдыларын, жүйе мен жабдықтардың өзгерістерімен танысуын, жаңа процедуралар мен тәжіребиелерді үйренуін, апатты, қауіпті және штаттық емес жағдайлардағы іс-әрекеттерін, сонымен қатар жұмыстан 6 ай үзілістен кейін кәсіби дағдыларын қалпына келтіруді қоса алып қайта қарауды, бекітуді, білімі мен дағдысының кеңейюін қамтамасыз етеді.
      264. Диспетчерлік пункттердің (жұмыс орны) белгілеуі авиациялық қызметкерлерге куәлік беру ережелерінде ұсынылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет