Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы


Параграф. БРТЖП мамандықтары бойынша қайта даярлау



бет8/33
Дата12.06.2016
өлшемі2.8 Mb.
#129657
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

4 Параграф. БРТЖП мамандықтары бойынша қайта даярлау
      396. Аталған кәсіби дайындық түрі БРТЖП бойынша мамандары айтарлықтай жұмыс пішіні өзгерген кезде, жаңа және жабдықты жетілдіруді енгізгенде біліктілік мамандармен қамтамасыз ету үшін, мамандарды қызметке орналастыру қажеттілігі болғанда, жеке объектілердің қызмет пішіні және қызмет көрсету рәсімдері өзгеріске ұшырағанда қосымша дайындық деңгейін және мамандандыруды талап еткенде өткізіледі.
      397. Қайта даярлау бағдарламасы тиесілі құрғылардың және жүйелердің тұжырымдамасын үйренуін, тиесілі құжатнамаларды қолдануды, ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірбиелік әдістерін пайдалану және қамтамасыз етуді қосу қажет.
      398. Қайта даярлау бағдарламасын игергеннен соң тиесілі сынақтан өту мерзімі өткізіледі.
      399. Нақты назарланған жұмыс саласына немесе қызметкерлердің міндеттерінің негізінде ҰРТҚЕ мамандары бойынша қайта даярлау арнайы дайындық түрінде жүргізіледі және жүзеге асырылады:
      1) БРТЖП жабдықтарының жаңа түрін қайта оқып игеруіне және байланыс пен БРТЖП нақты жабдықтарына және жүйелеріне қызмет көрсету құқығының алуына;
      2) пайдаланудың жаңа технологиясын игеру;
      3) авиациялық оқиғаға немесе авиациялық келіспеушілікке әкеліп соқтырған апаттық, қауіпті және штаттық емес жағдайлардағы және бұзушылықтан соң әрекеттері бойынша өзгерулерді өңдеу;
      4) ҰРТҚЕ бойынша жұмысының уақытты; реттейтін,нормативті-құқықтық талаптардың елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылатын басқа да жағдайларда.
      400. Арнайы дайындық тәжірбиеде нақты білім, дағды және іскерлікті бекітіп, жұмыс орнында пайдаланылатын жабдықтарда қызметтік міндеттердің орындалып жұмыс орнында үйрететін білікті нұсқаушының қадағалауымен шынайы жағдайда алдында алынған білімдер мен дағдылардың шынайы инеграциясына бағытталған. Аталған дайындық байланыс пен БРТЖП бойынша нақты жабдықтарды пайдалануға рұқсатнамаға айналған жүйе мен жабдықтарға тиесілі білім мен дағдының аяқталу кезеңі болып табылады.
      401. ҰРТҚЕ бойынша қызметтерді арнайы дайындау аэронавигациялық ұйымдарда тәжірбиелік дайындық түрінде де (қажет болған жағдайда), жеке курстар, тренингтер түрінде де авиациялық оқу орталығында да жүзеге асырылады. Өкілетті органдарда дайындық бағдарламасын бекіту қажет етілмейді.
      402. арнайы дайындық теориялық білімі мен тәжірбиелік дағдыларын тексерумен, қажетті техникалық жабдықтарға қызмет көрсетуде және БРТЖП мен байланыс объектілерінің жабдықтарының жұмыс істеу қабілетін қайта қалпына келтіруімен аяқталады.
24 Бөлімше. Ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етуші
мамандарды (маман, әуежайлардағы жабдықтарды электро жарық
техникасын пайдалану бойынша инженерлі-техникалық қызметкерлер)
кәсіби дайындаудың типтік бағдарламасы
      403. Ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етуші мамандарын кәсіби дайындау бойынша осы типтік бағдарламасы мамандардың кәсіби дайындалуларына тікелей ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етуші қызметтерін орындайтын мамандарының «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуының электро жарық техникасымен қамтамасыз етуінің ережелері» мерзімделініп, «ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,авиациялық қызметкерлердің кәсіби дайындығының ережелеріне» сәйкес арналған.
      404. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалынатын кәсіби дайындыққа жаңа және қосымша талаптар қосымша және арнайы курстар мен тренингтер қажеттілік туындалғанда азаматтық авиация ұйымының қарастыруымен өткізіледі.
      405. Электро жарық техникалық қамтамасыз ету мамандарының ұшуға алғашқы дайындығы міндетті түрде бастапқы кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін, алғашқы қабылданғандар үшін өткізіледі. Осыған дейін азаматтық авиация саласына ұқсас мамандандырылған болса дайындықты қажет етпейді.
      406. Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» заңына сәйкес дайындалған құқықтық-нормативтік актілерінің уақытын өлшей келе, оқыту уақытынан тәуелсіз алғашқы дайындық мөлшері 48 сағатты құрайды.
      407. Ұшуларды электротехникалық қамтамасыз ету мамандарын қайта дайындау азаматтық авиация кәсіпорындарында құрылғыларды құрастырушылардың бағдарламасы бойынша жаңа жүйелер мен технологияларды пайдалануға енгізу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ АУЦ ГА. Бағдарламасы бойынша да іске асады. Бағдарлама азаматтық авиация саласында өкілетті ұйымдардың міндетті келісімін қажет етпейді Кәсіптік деңгейді өз қалпында сақтап қалу, курстардан өту, тренинг және семинарлар, оның ішінде қашықтықтан, бастапқы дайындықтың типтік тақырыптық бағдарламасына сәйкес және 5 жылға жүйелену арқылы жүзеге асады.
      408. Кәсіптік деңгейді өз қалпында сақтап қалу,курстардан өту, тренинг және семинарлар, оның ішінде қашықтықтан, алғашқы дайындықтың типтік тақырыптық бағдарламасына сәйкес және 5 жылға жүйелену арқылы жүзеге асады.
      409. Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» заңына сәйкес дайындалған құқықтық-нормативтік актілерінің уақытын өлшей келе,оқыту уақытына байланысты кәсіптік деңгейді қалпында ұстаудың жалпы курстық сағаты 24 сағатты құрайды.
      410. Іске асырылып отырған кәсіптік дайындықтың түріне қарамастан оқудың соңында маманның білімі тексеріледі. Білімді тексеру аяқталғаннан кейін курстан өтуші маман тиесілі құжатқа ие болады.
      411. Алғашқы дайындық пен қайыра дайындалу аяқталған соң, жұмыс орынында сынақ ісінен өтеді. Сынақ ісі маман өтетін азаматтық авиациялық кәсіпорынның уақыт өлшемімен сәйкестендіріледі.
      412. Алғашқы дайындықтар аз дегенде төмендегідей қажетті білімдерді меңгеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 32-қосымшасында берілген.
      413. Алғашқы дайындық пен қайта дайындау да алған кәсіптік деңгейді қалыпында ұстау бағдарламасының мазмұны бойынша, біліктілікті бағалайтын элементтерді қосқанда, біліктілік пен білімді қамтамасыз етеді.
      414. Кәсіптік деңгейді қалыпында ұстау төмендегідей мақсаттар бойынша өткізіледі:
      1) кәсіптік деңгейді қалыпында ұстауды мамандық бойынша үздіксіз жүйелі түрде қадағалау;
      2) штаттан тыс,кездейсоқ, қауіпті, апатты жағдайдағы әрекеттерді үйрету; 6 айдан көп үзілісте болған мамандардың кәсіптік білігін қалыпына келтіру.
25 Бөлімше. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілерін
кәсіби дайындаудың типтік бағдарламасы
      415. Осы категориядағы сала қызметкерлеріне арналған, АУЦ ГА оқу бағдарламасында қамтылған, бұл типтік бағдарлама азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілерін кәсіби дайындауда оқытудың қысқа мазмұнын қамтиды.
      416. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілері қатарына алғашқы жетекшілер (бас директор, директор, президент, вице-президент т.б.) және штаттық орынбасарлар жатады.
      417. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілері қатарына алғашқы жетекшілерінің қосымша және мамандандырылған курстары мен тренингтары өз қалауынша,кәсіпорындардағы өндірістік үрдісте білімдерін кеңейту үшін, сондай ақ басқа да салаларда қызмет ету үшін өтеді.
      418. Кәсіптік дайындықтың толық циклі курстардан өтумен қатар, тренингтер мен семинарлар, оның ішінде қашықтықтан, көрсетілген типтік бағдарлама тақырыбына сәйкес өтеді және 3 жылды құрайды.
      419. Оқыту бірыңғай курстық формада ұйымдастырылуы мүмкін. 3 жылда бір рет жеке модуль ретінде де 3 жыл мерзімінде жүзеге асу қажет.
      420. Қайтадан басқа жетекшілік қызметке тағайындау жағдайында өтілген курс немесе модульді курсты өткен күннен бастап бес жылға дейін күшін жоймайды.
      421. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілері алғашқы жетекшілер қатарына (бас директор, директор, президент, вице-президент т.б) және штаттағы орынбасарлар жатады. АУЦ ГА жетекшілік ететін жұмыскерлері немесе азаматтық авиация оқу ұйымдары да жатады.
      422. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшісінің семинарға тақырыпқа және типтік бағдарламаның бірден бір бөліміне толық сәйкес қатысуы және құжатпен расталу (сертификат, куәлік, диплом жеке куәлік).
      423. Азаматтық авиация саласының жетекшілерін оқыту бағдарламасы келесі аспектілерді зерттеуді қарастыру осы Үлгілік бағдарламаның 33-қосымшасында берілген.
26 Бөлімше. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі
маманды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары
      424. Осы Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандарды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары келесілерді кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды:
      1) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман;
      2) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушы.
      425. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандарды кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
      426. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
      1) Теориялық даярлау;
      2) Тәжірибелік даярлау.
      427. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетілген мамандар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 76 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі.
      428. Кәсіптік деңгейді ұстау 24 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
      429. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі және келесі өлшемдерге сәйкес келеді:
      1) авиациялық персонал тұлғалары ішінен теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 40 сағат болу тиіс;
      2) авиациялық білімі болмайтын тұлғалар ішінен теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 76 сағат болу тиіс;
      3) теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының 4-ші деңгейден кем емес ИКАО тіл білімінің шкаласы бойынша игеру деңгейін растайтын әрекеттегі сертификаты болу тиіс;
      4) теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының авиациялық станция операторының әрекеттегі куәлігі болу және теңіз қондырғыларында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі болу тиіс.
      430. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
      431. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
      432. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандарды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 34-қосымшасында берілген.
      433. Теориялық даярлау аяқталған соң тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
      434. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
      435. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі білікті мамандар-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетімен жұмыс істеуге қатынау үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
      436. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органға өз бетімен жұмыс істеуге өтініш берер алдында тікелей 6 ай бойы қызмет көрсетілетін тікұшақтарды кемінде 75 ұшу мен қондыруды құрау тиіс.
      437. Тағылымдама келесілер сияқты, білімді, дағды мен іскерлікті алуды қамтамасыз ету тиіс:
      1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
      2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
      3) әуе кеңістігінің құрылымын зерделеу;
      4) вертодром нысандарын зерделеу;
      5) жұмыс орнында жұмыстың жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
      6) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты зерделеу (вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты;
      7) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
      8) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестіру огандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
      9) жұмыс орнының метеорологиялық қамтамасыз етуімен танысу;
      10) жұмыс нысанында радиотехникалық, жарық-сигналдық, метеорологиялық, отын-май құятын, өртке қарсы және апаттық-құтқару жабдығымен танысу;
      11) жерүсті байланыс құралдарымен танысу;
      12) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және жұмыс жағдайларының ерекшеліктерін зерделеу;
      13) нақты жұмыс орнында теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның жұмысына қатысты рәсімдерді, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құжаттаманы зерделеу және оны тәжірибеде қолдану;
      14) вертодромда апаттық орай әрекет ету бойынша рәсімдер мен әрекеттерді зерделеу;
      15) тәжірибелік қызмет (даярлау).
      438. Осыдан кейін теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманмен тағылымдамадан өтушінің білімін тексеру және тәжірибелік даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушінің дайындығы туралы шешім қабылдау жүргізіледі.
      439. Тәжірибелік даярлау теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның жұмыс орнында жүргізіледі.
      440. Тәжірибелік даярлау жұмыс орнында нұсқаушының рәсімдерді нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысынан тұрады.
      441. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман үшін нұсқаушылық көрсету келесілермен сүйемелденетін, тағылымдамадан өтуші болған кезде теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушының тәжірибелік жұмысын қарастырады:
      1) жұмыс ахуалының сипаттамалық мысалдарын түсіндіру;
      2) жұмыс ахуалын бақылаудың тәсілдері мен рәсімдерін түсіндіру;
      3) тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау мен алу себептерін түсіндіру;
      4) ӘК-мен жұмыс істеген кезінде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
      5) жабдықты пайдалану бойынша ұсынымдар;
      6) аралас жұмыс тармақтарымен және қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бойынша ұсынымдар.
      442. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденеді:
      1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушінің әрекеттерін маман-нұсқаушының үздіксіз бақылауы;
      2) тағылымдамадан өтушінің әрекеттеріне дер кезінде кедергі жасауға маман-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
      3) тағылымдамадан өтушінің қиындықтары туындаған кезде маман-нұсқаушының түсіндірмелерді, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
      443. Тағылымдамадан өткен соң тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен іскерлікті тиісті тексеруді жүргізіп, тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында өз бетімен қызмет жасауға даярлығы туралы шешім шығарады.
27 Бөлімше. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі
маман-нұсқаушыны кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары
      444. Осы Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды.
      445. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
      446. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
      1) теориялық даярлау;
      2) тәжірибелік даярлау.
      447. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетілген мамандар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 76 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі.
      448. Кәсіптік деңгейді ұстау 24 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
      449. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі және келесі өлшемдерге сәйкес келеді:
      1) авиациялық персонал тұлғалары ішінен теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 40 сағат болу тиіс;
      2) авиациялық білімі болмайтын тұлғалар ішінен теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 76 сағат болу тиіс;
      3) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының 4-ші деңгейден кем емес ИКАО тіл білімінің шкаласы бойынша игеру деңгейін растайтын әрекеттегі сертификаты болу тиіс;
      4) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының авиациялық станция операторының әрекеттегі куәлігі болу болу тиіс;
      5) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде - теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушы ретінде жұмыс тәжірибесі теңізде екі және одан артық вертодромда кемінде бір жыл болу тиіс.
      450. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
      451. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
      452. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандар-нұсқаушыларды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 35-қосымшасында берілген.
      453. Теориялық даярлау аяқталған соң тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
      454. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
      455. Теңіз қондырғысына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушыны теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң, тағылымдама жүргізілмейді.
28 Бөлімше. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі
маманның көмекшісін кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары
      456. Осы Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары келесілерді кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды.
      457. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
      458. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
      1) теориялық даярлау;
      2) тәжірибелік даярлау.
      459. Бастапқы даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кемінде 16 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
      460. Кәсіптік деңгейді ұстау 24 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 16 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
      461. Бастапқы даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.
      462. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 16 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
      463. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
      464. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін бастапқы даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 36-қосымшасында берілген.
      465. Теориялық даярлау аяқталған соң тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
      466. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі білікті мамандар-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетімен жұмыс істеуге қатынау үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
      467. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемі азаматтық авиацияны ұйымдастыруға өз бетімен қатынауға рұқсат алар алдында тікелей 6 ай бойы қызмет көрсетілетін тікұшақтарды кемінде 30 ұшу мен қондыруды құрау тиіс.
      468. Тағылымдама келесілер сияқты, білімді, дағды мен іскерлікті алуды қамтамасыз ету тиіс:
      1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
      2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
      3) вертодром нысандарын зерделеу;
      4) жұмыс орнында жұмыстың жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
      5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты зерделеу (аэродромның, вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты);
      6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
      7) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестіру огандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
      8) жұмыс нысаныда радиотехникалық, жарық-сигналдық, метеорологиялық, отын-май құятын, өртке қарсы және апаттық-құтқау жабдығымен танысу;
      9) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және жұмыс жағдайларының ерекшеліктерін зерделеу;
      10) нақты жұмыс орнында теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның көмекшісінің жұмысына қатысты рәсімдерді, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құжаттаманы зерделеу және оны тәжірибеде қолдану;
      11) вертодромда апаттық орай әрекет ету бойынша рәсімдер мен әрекеттерді зерделеу;
      12) тәжірибелік қызмет (даярлау).
      469. Осыдан кейін теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманмен тағылымдамадан өтушінің білімін тексеру және тәжірибелік даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушінің дайындығы туралы шешім қабылдау жүргізіледі.
      470. Тәжірибелік даярлау теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның көмекшісінің жұмыс орнында жүргізіледі.
      471. Тәжірибелік даярлау жұмыс орнында нұсқаушының рәсімдерді нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман нұсқаушысы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысынан тұрады.
      472. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның көмекшісі үшін нұсқаушылық көрсету келесілермен сүйемелденетін, тағылымдамадан өтуші болған кезде теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушының тәжірибелік жұмысын қарастырады:
      1) жұмыс ахуалының сипаттамалық мысалдарын түсіндіру;
      2) жұмыс ахуалын бақылаудың тәсілдері мен рәсімдерін түсіндіру;
      3) тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау мен алу себептерін түсіндіру;
      4) ӘК-мен жұмыс істеген кезінде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
      5) жабдықты пайдалану бойынша ұсынымдар;
      473. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның нұсқаушысы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденеді:
      1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушінің әрекеттерін маман-нұсқаушының үздіксіз бақылауы;
      2) тағылымдамадан өтушінің әрекеттеріне дер кезінде кедергі жасауға маман-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
      3) тағылымдамадан өтушінің қиындықтары туындаған кезде маман-нұсқаушының түсіндірмелерді, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
      474. Тағылымдамадан өткен соң тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен іскерлікті тиісті тексеруді жүргізіп, тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында өз бетімен қызмет жасауға даярлығы туралы шешім шығарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет