Шєкєрім поэтикасы



бет1/17
Дата12.04.2024
өлшемі291.5 Kb.
#498535
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
350 ba0


Қолжазба құқығында
ӘОК 821. 512. 122. 092


ІЗТІЛЕУОВА САЛТАНАТ ДАЛБАЙҚЫЗЫ




Шәкәрім поэтикасы
10.01.02 – Қазақ әдебиеті
Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінде орындалды.

Ғылыми кеңесшісі: ҚР ҰҒА академигі, филология


ғылымдарының докторы, профессор
С.С. Қирабаев
Ресми оппоненттері: филология ғылымдарының докторы,
профессор
А.С. Еспенбетов

филология ғылымдарыньщ докторы,


профессор
М. Хамзин

филология ғылымдарының докторы


С. Дәуітов
Жетекші ұйым: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті

Диссертация 2007 жылы 14 желтоқсанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко, 28).


Автореферат 2007 жылы «___»______________таратылды


Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,


филология ғылымдарының кандидаты С.С. Қорабай


ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасына қайта үңілу оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Өткен ғасырдың күрделі кезеңінде өмір сүрсе де ғаламдық ой таным дәрежесіне көтерілген Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім ұлылығын айғақтайтын басты белгі. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – дін тақырыбына қатысты ақынның тұжырым, түйіндерін танып білудің маңыздылығы да дау тудырмайды. Себебі, ғұлама суреткер дін мәселесін шын ақыл мен салқын сана арқылы сараптап, негізгі өзегін өмір игілігіне айналдыра білген. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген. Күрделі болмыс иесінің шығармашылық мұрасын әр түрлі аспектіде тереңдей, кешенді түрде қарастырудың қажеттілігі де осыдан туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет