7. Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар.
Пәнді оқыту негізінен дәріс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі. «Си бағдарламалау тілі» курсын оқу нәтижесінде студенттер Turbo (Borland) Cи ортасында программалау негізімен танысады. Пәнді оқытуда студенттердің алгоритмдеу білімін жетілдіре отырып, төменгі курс та оқылған Паскаль программалау тілімен салыстыра отырып түсіндіріледі. Паскаль және Си программалау тілдері ұқсас болғандықтан дәрісханалық сабақта негізгі ұғымдар беріліп, қалған білім студенттің өз бетімен меңгеуіне беріледі. Пәнді оқыту барысында аталған программалау тілінің негізгі операторларын қолдана отырып, күрделі математикалық есептердің программасын құру дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, программалау технологиясының құрылымдық, модульдік, объектілі-бағдарлы түрлерінің ерекшеліктерін білуге үйрету жүзеге асырылады. Бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру және машықтандыру іскерлігі қалыптастыру жүзеге асырылады.
Негізгі қолданылатын әдістер: программалап оқыту, салыстыра оқыту.
Өздік жұмыста Си программалау ортасында студенттер тақырып бойынша берілген есептің программасын құру оны орындату, түзету, нәтижесін талдауды жүзеге асырады. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, қосымша берілген есеп программалары құрылады, тексеріледі және талқыланады. Бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі.
Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студенттер Си программалау тілінің құралдарын қолданып тестілеу, оқыту, жаттығу программаларын өздігімен жасап, оларды презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пән бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сияқты қасиеттерін дамытады.
8. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ
САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Зертханалық жұмыста Си программалау тілінде есептердің программасын құру қарастырылады. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында Си программалау тілінің технологиясын меңгеру, тілдің құрылымын білу, оның интерпретаторы мен компиляторымен жұмыс істей білу іскерлігін меңгерту, негізгі құрылымдардың жазылу және қолданылуын білу, тілдің мәтіндік, графиктік режимде жұмыс істеу мүмкіндіктерін қолдана білу, Си тілінде күрделі типтерді түрлендіру командаларын меңгеру, түрлі есептерді шешудің Си программалау тілінде программасын құра білу іскерлігін дамыту жүзеге асырылады.
Си тілінің ортасы (оның компиляторы) Паскаль тілімен ұқсас болғандықтан, студенттерге тілдің интерфейстік ортасында жұмыс жасау көп қиындық туғызбайды. Негізгі операторлардың жазылу ерекшелігін ғана ескеру, Си –дің мәтіндік редакторымен ұқыпты жұмыс істеу дағдысы мен іскерлігіне тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Зертханалық жұмыс соңында студент берілген есептің Си тіліндегі программасын көрсетіп, оны орындатып, тестілеуді жүзеге асырады. Тақырыпқа сәйкес бақылау сұрақтарына жауап береді.
Практикалық жұмыс №1.
Тақырыбы: Turbo (Borland) Си программалау тілінің ортасында жұмыс.
Тапсырма: Си программалау тілінде қарапайым программа құру.
-
Үш қабырғасы берілген үшбұрыштың ауданын табу программаын құрыңдар.
-
Радиусы 5,2 берілген шеңбердің ұзындығын және дөңгелектің ауданын табу программасын құрыңдар.
-
Қабырғасы а- ға тең кубтың көлемін есептейтін программа құрыңдар.
-
Үшбұрыштың екі қабырғасы арасындағы бұрышы берілген. Қалған бұрыштарын табыңдар.
-
Жазықтықта координаталары берілген 2 нүктенің ара қашықтығын табыңдар.
-
Шеңбер ұзындығы берілген. Осы шеңбермен шектелген дөңгелек ауданын табыңдар.
Практикалық жұмыс №2.
Тақырыбы: Енгізу,шығару операторлары.Сызықтық программа құру.
Тапсырма:Си программалау тілінде сызықтық программа құру.
-
Төбелері берілген үшбұрыштың периметрі мен ауданын табыңдар.
-
Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген үшбұрыштың биіктіктерін табыңдар.
-
Үшбұрыштың үш төбесі берілген. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын, биіктіктерін табыңдар.
-
Центрі координаталар басындағы, сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2 сақинаның ауданын табыңдар.
-
Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А – ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірлігіне айналдырыңдар.
Практикалық жұмыс №3.
Тақырыбы: Тармақталу операторлары.
Тапсырма: Си программалау тілінде тармақталу операторларының көмегімен программа құру.
-
a,b,c сандары берілген. Қабырғалары осы сандар болатын үшбұрыш бола ма?
-
Берілген нүкте сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2, центрі координаталар басындағы сақинаға тиісті бола ма?
-
Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Берілген үшбұрыш
а) тең бүйірлі
б) тең қабырғалы бола ма?
-
Енгізілген адам жасына байланысты оны 4 топқа: мектепке дейін, оқушы, қызметкер, зейнеткер, бөлетін программа жазыңдар.
-
Айдаһарға әр жыл сайын 3 бас шығады, ал жүзге толғаннан кейін 2 бастан шығады. N жастаға айдаһардың неше басы мен неше көзі бар?
-
А1(Х1,У1),А2(Х2,У2),А3(Х3,У3),А4(Х4,У4) нүктелері берілген. Бұл нүктелер параллелограм төбелері бола ала ма?
Практикалық жұмыс №4.
Тақырыбы: Таңдау командасын қолданып программалау
Тапсырма: Си тіліндегі таңдау командасының көмегімен программа құру.
-
Ай нөмірі бойынша сол айдағы мейрам күндерін экранға шығаратын программа құрыңдар.(Мысалы: n=1 1- қаңтар Жаңа жыл мейрамы, n=3 8- наурыз Аналар мейрамы, 22- Наурыз мейрамы.)
-
Апта күні нөміріне байланысты, сол күнде болатын сабақ санын шығарыңдар.
-
1-ден 12 – ге дейінгі натурал санға сәйкес ай атын шығарыңдар.
-
Берілген өлшем бірлік бойынша (1 – дециметр, 2 – километр, 3 – метр, 4 – миллиметр, 5 - сантиметр) және L ұзындығы бойынша кесінді ұзындығын метрмен өрнектеңдер.
-
0-9 дейінгі енгізілген санға сәйкес оның ағылшынша атауын шығаратын программа құрыңдар.
-
х,у оң нақты сандар берілген. Оларға орындалатын арифметикалық амалдар былайша нөмірленген: 1-қосу, 2-азайту, 3-көбейту, 4-бөлу. Берілген нөмірге байланысты сәйкес амалды орындайтын программа жазыңдар.
Практикалық жұмыс №5.
Тақырыбы: Циклді программалау.
Тапсырма: Си программалау тілінде параметрлі , әзір циклін қолданып программалар құрыңдар.
-
Бұрышты -3600 –тан 3600-қа дейін 300 қадаммен градустан радианға айналдырыңдар.
-
1000-нан 10000-ға дейін 1000 қадаммен өзгерген теңге мәндерін курсқа байланысты рубль, доллар, евро ақша бірліктерімен өрнектеңдер.
-
Егер өсімдіктің өсу биіктігі өткен күнге қарағанда 5% артық болса, 6 айдан кейінгі биіктігі қандай болады? Биіктіктің бастапқы мәні 50 см.
-
Алғашқы 50 жұп санның арифметикалық ортасын табыңдар.
-
Барлық екі таңбалы сандар ішінен 3 – ке бөлінетін, бірақ 5 – ке бөлінбейтін сандарды табыңдар.
-
Бір клеткалы амеба әрбір 3 сағат сайын 2 клеткаға бөлінеді. Бастапқыда 1 клетка болған болса, 3, 6, 9, ..., 24 сағаттан кейін қанша клетка болады?
Практикалық жұмыс №6.
Тақырыбы: Бір өлшемді массив элементтерін түрлендіру.
Тапсырма: Төмендегі бір өлшемді массивті түрлендіру есептерінің Си тілінде программасын құрыңдар
-
Кез- келген бірөлшемді А(10) жиымының оң элементтерін екі есе кемітіңдер, ал теріс элементтері болса, онда оларды индекстерінің мәнімен ауыстырыңдар.
-
N кәсіпорынның бір жылғы электр энергиясын тұтынуы туралы дерек бар. Осы бойынша энергия тұтынудың арифметикалық ортасын анықтаңдар.
-
Екі массив берілген. Бірінші массивті элементтерінің өсуі, екіншісін кемуі бойынша реттеп алып, екі массивтің қосындысын табыңдар.
-
Массивтің 0-ге тең элементтерінің индексінен массив құрастырыңдар.
-
Массивтің көршілес жұп және тақ нөмірлі элементтерінің орнын алмастырыңдар.
-
N натурал сан берілген. Оның жұп элементтерінен массив құрастырыңдар.
Практикалық жұмыс №7.
Тақырыбы: Бір өлшемді кездейсоқ сандар массивін түрлендіру.
Тапсырма: Төмендегі есептердің Си тілінде программасын құрыңдар:
-
Кездейсоқ сандар массивіндегі ең үлкен элементті табыңдар және санаңдар.
-
Массивтегі ең үлкен элементті тауып, оны массивтегі 1-элемент орнына, ең кіші элементті тауып, соңғы элемент орнына қойғанда шыққан массивті анықтаңдар.
-
[10,50] арасындағы кездейсоқ сандар массивіндегі ең кіші және ең үлкен элемент арасындағы элементтердің қосындысын табыңдар.
-
Массивтің ең үлкен және ең кіші элементтерінің арасындағы элементтерді 0 – ге айналдырыңдар.
-
А,В массивтері берілген. Алдын ала А массивін өсуі, В массивін кемуі бойынша реттеп алып, 2 массивтің қосындысын табыңдар.
Практикалық жұмыс №8.
Тақырыбы: Екі өлшемді массив.
Тапсырма: Төмендегі есептердің Си тілінде программасын құрыңдар:
-
Матрицаның жұп және тақ элементтерінің санын табыңдар.
-
Екіөлшемді А(4,4) жиымында 3- және 1-жолдардың орындарын алмастырыңдар.
-
А(3,4) матрицаның әр жолындағы элементтердің көбейтіндісін табыңдар.
-
Квадрат матрицаны 0 және 1 сандарымен шахматтық ретпен толтырыңдар.
-
Квадрат матрицаның негізгі диагоналының үстіндегі оң элементтердің көбейтіндісін табыңдар.
-
Квадрат матрицаның негізгі диагоналының ең үлкен, қосалқы диагоналының ең кіші элементтерін тауып, олардың орнын алмастырыңдар.
-
Матрица элементі «ерекше» деп аталады, егер ол өз жолында ең кіші және сол бағанда ең үлкен элемент болса. Қандайда бір «ерекше» элементтің жол және баған нөмірін анықтаңдар.
-
Берілген матрицаны транспонирлеңдер.
Практикалық жұмыс №9.
Тақырыбы: Символдық жолдарды өңдеу функциялары.
Тапсырма: Төмендегі есептердің Си тілінде программасын құрыңдар:
-
Берілген әріп дауысты ма екенін анықтаңдар.
-
Сөздегі орыс алфавитінің бас әріптерін экранға шығарыңдар.
-
6 цифрдан тұратын трамвай билетінің «бақытты билет» екенін анықтаңдар.
-
Символдық жолдағы жақша ішіндегі символдарды экранға шығарыңдар.
-
Сызықшамен бөлінген екі сөздің алғашқысын экранға шығарыңдар.
-
Сөздегі бірінші кездескен «а» әрпінің индексін табыңдар.
-
Сөйлемдегі сөздердің санын табыңдар.
Практикалық жұмыс №10.
Тақырыбы: Функцияны қолданып программалау.
Тапсырма: Төмендегі есептердің Си тілінде программасын құрыңдар:
-
Нүктеден шеңбер центріне дейінгі қашықтықты табу функциясын қолданып, 8 элементтен тұратын нүктелер массивінің центрі (1,1), радиусы R шеңберге тиісті нүктелерінің санын табыңдар.
-
Табаны а-ға тең, биіктігі 2-ден 6-ға дейін 0,5 қадаммен өзгеретін үшбұрыштардың орташа ауданын, үшбұрыш ауданын табу ішкі программасын қолданып есептеңдер.
-
n нүктенің жазықтықта координатасы берілген. Екі нүктенің ара қашықтығын табу функциясын қолданып, берілген нүктелерден координаталар басына дейінгі қашықтықтарды табыңдар.
-
n! –ды табу функциясын қолданып, алғашқы 10 жұп натурал сандардың факториалдарын табыңдар.
-
Екі нүктенің ара қашықтығын табу процедурасын қолданып, төбелері берілген үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Практикалық жұмыс №11.
Тақырыбы: Құрылымдық типтерді программалау.
Тапсырма: Төмендегі есептердің Си тілінде программасын құрыңдар:
-
Ойыншықтар туралы: ойыншықтар аттары, бағалары және олар арналған балалардың жас шамалары туралы деректер берілген. Бағасы 200 теңгеден аспайтын ойыншықтар атын және 5 жасқа дейінгі балаларға жарамды ойыншықтар атын шығарыңдар.
-
Студент фамилиясы, және 3 пәннен емтихан бағасы берілген.
а) топтың орташа бағасын
б) орташа бағасы ең жоғары 3 студенттің фамилиясын анықтаңдар.
-
Оқушы фамилиясы, жасы өрістерінен тұратын жазбаның
“Жасы” өрісін кемуі бойынша реттеңдер
-
Кондитерлік фабрика шығаратын конфет аттары, бағасы өрістерінен тұратын жазбаның
а) бағасы ең арзан конфет атын
б) конфет бағасының жартысын табыңдар.
Практикалық жұмыс № 12.
Тақырыбы: Көрсеткіш. Оны программалауда пайдалану.
Тапсырма: Төмендегі есептердің Си тілінде программасын құрыңдар:
-
A[m][n] матрицаның жолдарының евклидтік нормасын табу программасын құрыңдар. (Бір өлшемді массивтің элементтерінің квадраттарын табатын фунцияны қарастырып, функция параметрі ретінде массивке көрсеткішті қолданыңдар.)
-
Бір өлшемді нақты сандар массивінің орташа мәнін табу функциясын жасаңдар. Бұл функцияны ең үлкен мәнді орташасы бар матрица жолының нөмірін анықтайтын негізгі программада қолданыңдар.
(массивке көрсеткішті қолданыңдар.)
Практикалық жұмыс №13.
Тақырыбы: Деректер ағынымен жұмыс істеу командаларын қолданып программалау.
Тапсырма: Деректер ағынымен жұмыс істеу командарларын қолданып, Си тілінде программа құрыңдар:
-
f файлында квадрат матрица берілген. Матрицаның жұп элементтерінің орнына 0, тақ элементтерінің орнына 1 санын қойып, пайда болған матрицаны g файлына шығар.
-
Файлды кездейсоқ сандармен толтырып, ондағы тақ сандардың
квадраттарының қосындысын табыңдар
-
f файлында сөздер массиві берілген. Берілген әріптен басталатын сөздерді g файлында көрсетіңдер.
-
Файлдағы сөздерді алфавит бойынша реттеп, нәтижені басқа файлға жазыңдар.
-
Орысша сөздерден тұратын файл берілген. Бірдей әріптен басталатын және аяқталатын сөздерді басқа файлға шығарыңдар.
-
Оқушы аты және жасынан тұратын файл берілген. Оқушы жасын өсуі бойынша реттеп, оларды атымен қоса екінші файлға шығарыңдар.
Практикалық жұмыс №14.
Тақырыбы: Мәтіндік режимді басқару функцияларын қолданып программалау.
Тапсырма: Мәтіндік режимді басқару программаларын құрыңдар.
-
Экранды көк түсті жұлдызшамен жиектеңдер де, рефераттың басқы бетін безендіріңдер.
-
Қызыл түсті экранға 0..9 аралығынан ақ түсті 100 кездейсоқ сан шығарыңдар. Сонан соң экранды жасыл түске, сандарды сары түске бояңдар.
-
Экран ортасына «Информатика» сөзін шығарып, оны әртүрлі түске бояу программасы.
-
Кездейсоқ сандар шығару функциясын қолданып, экранда «жұлдызды аспан» бейнесін шығару программасы.
Практикалық жұмыс №15.
Тақырыбы: Си тіліндегі графиктік функцияларды қолданып программалау.
Тапсырма: graphics.h тақырыптық файлының функцияларын қолданып программалар құрыңдар.
-
Х осіне параллель бағытта солдан оңға қарай қозғалатын шеңбер суретін шығаратын программа.
-
Стрелкасы қозғалатын сағатты имитация жасайтын программа.
-
Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайықтың суретін салыңдар.
-
Түрлі- түсті кемпірқосақты бейнелейтін сурет салыңдар.
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (СОБӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
1- апта.
№1.СОБӨЖ
Тақырыбы: Си программалау тілінің негізі.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Си программалау тілінің алфавиті
2. Айнымалылар, деректер типтері
3. Тіл құрамы, алфавиті.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-18-22 бет,[1]- 22-26 бет,[3]- 10-26 бет,[4] 170-176б
№1.СӨЖ
Тақырыбы: Си программалау тілінің негізі.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Программалау парадигмалары
2. Операциялар.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-18-22 бет,[1]- 22-26 бет,[3]- 10-26 бет,[4] 170-176б
№2.СОБӨЖ
Тақырыбы: Turbo (Borland) Си программалау тілінің ортасында жұмыс.
Тапсырма:
Программалау жүйесіндегі Си тілімен жұмыс жасау этаптары көрсетілген [4], 173 бетіндегі 41 суретті талдау.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-18-22 бет,[1]- 22-26 бет,[3]- 10-26 бет,[4] 170-176б
№2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)
Тақырыбы: Turbo (Borland) Си программалау тілінің ортасында жұмыс.
Тапсырма:
Бақылау сұрақтары:
1. Си программалау тілінің элементтері. Алфавиті.
2. Си программалау тілінің идентификаторлары.
3. Си тіліндегі қызметші (кілттік) сөздер.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-18-22 бет,[1]- 22-26 бет,[3]- 10-26 бет,[4] 170-176б
№3.СОБӨЖ
Тақырыбы: Turbo (Borland) Си программалау тілінің ортасында жұмыс.
Тапсырма:
Си тіліндегі қарапайым программа жазу.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-18-22 бет,[1]- 22-26 бет,[3]- 10-26 бет,[4] 170-176б
№3. СӨЖ
Тақырыбы: Turbo (Borland) Си программалау тілінің ортасында жұмыс.
Тапсырма: [4] 176 бетіндегі 42 суретті, 177 беттегі 4.1. кестені талдау.
Бақылау сұрақтары:
-
Си тіліндегі деректер типтері.
-
Си тіліндегі тұрақтылар, олардың жазылуы.
-
Си тіліндегі айнымалыларды сипаттау.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-18-22 бет,[1]- 22-26 бет,[3]- 10-26 бет,[4] 170-176б
2 – апта.
№1.СОБӨЖ
Тақырыбы: Си тіліндегі программа құрылымы. Енгізу,шығару операторлары.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Программа құрылымы.
2. Енгізу,шығару операторы.
3. Түсініктеме, меншіктеу операторы.
4. Программа құрылымы.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-33-37 бет,[1]-32,33 бет,[3]- 63-80 бет,[4] 189-197 б.
№1.СӨЖ
Тақырыбы: Си тіліндегі программа құрылымы. Енгізу,шығару операторлары.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
-
Айнымалылар және мәндер.
-
Меншіктеу операторы.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-33-37 бет,[1]-32,33 бет,[3]- 63-80 бет,[4] 189-197 б.
№2.СОБӨЖ
Тақырыбы: Енгізу,шығару операторлары.Сызықтық программа құру.
Тапсырма: Сызықтық программаларға есеп шығару.
Есептер:
-
Берілген екі санның арифметикалық және геометриялық ортасын табу.
-
Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу.
-
Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А – ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірлігіне айналдырыңдар.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-33-37 бет,[1]-32,33 бет,[3]- 63-80 бет,[4] 189-197 б.
№2 СӨЖ
Тақырыбы: Енгізу,шығару операторлары.Сызықтық программа құру.
Тапсырма:
[4] 191 бетіндегі Математикалық функциялар (math.h файлы) атты 4.3 кестені талдау.
Бақылау сұрақтары:
1. Си тіліндегі программа құрылымы.
2. Си тіліндегі негізгі операторлардың қызметтері.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-33-37 бет,[1]-32,33 бет,[3]- 63-80 бет,[4] 189-197 б.
№3 СОБӨЖ
Тақырыбы: Енгізу,шығару операторлары.Сызықтық программа құру.
Тапсырма:
Есептер:
1. Бұрыш өлшемі радианмен берілген. Оны градусқа, минутқа және секундқа айналдырыңдар.
2. Қабырғалары a,b,c болатын үшбұыштың бұрыштарын градуспен және радианмен өрнектеңдер.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-33-37 бет,[1]-32,33 бет,[3]- 63-80 бет,[4] 189-197 б.
№3 СӨЖ
Тақырыбы: Енгізу,шығару операторлары.Сызықтық программа құру.
Тапсырма:
С++ тіліндегі негізгі операторлар көрсетілген 1.5 кестені талдау.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-33-37 бет,[1]-32,33 бет,[3]- 63-80 бет,[4] 189-197 б.
3 – апта.
№1.СОБӨЖ
Тақырыбы: Си тіліндегі тармақталу операторы. Құрама шарттар.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Шартты оператор.
2. Шартты операция
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-41 бет [1]-44 бет,[3]- 80-89 бет,[4] 197-202 б.
№1.СӨЖ
Тақырыбы: Си тіліндегі тармақталу операторы. Құрама шарттар.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1.Құрылым дық программалардың базалық конструкциялары.
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-41 бет [1]-44 бет,[3]- 80-89 бет,[4] 197-202 б.
№2.СОБӨЖ
Тақырыбы: Тармақталу операторлары.
Тапсырма: Шартты операторларды қолданып программалау.
Есептер:
-
Енгізілген адам жасына байланысты оны 4 топқа: мектепке дейінгі, оқушы, қызметкер, зейнеткер деп бөлетін программа жазыңдар.
-
Берілген күннің реттік нөмірі бойынша сол күннің датасы мен ай атын шығаратын программа құрыңдар.(Мысалы, 33 күн – 2 февраль)
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-41 бет [1]-44 бет,[3]- 80-89 бет,[4] 197-202 б.
№2.СӨЖ
Тақырыбы: Тармақталу операторлары.
Тапсырма: Шартты оператор схемасын талдау.( [4] 198 бет)
Әдебиеттер: [1]- [4],[1]-41 бет [1]-44 бет,[3]- 80-89 бет, [4] 197-202 б.
№3.СОБӨЖ
Тақырыбы: Тармақталу операторлары.
Тапсырма: Шартты операторларды қолданып программалау.
Есептер:
-
Берілген квадрат теңдеуді шешетін программа құру.
-
Екі санның үлкенін табатын программа құрыңыз.
-
Екі бүтін санның үлкені мен кішісін табыңдар.
Әдебиеттер :[1]- [4],[1]-41 бет [1]-44 бет,[3]- 80-89 бет,[4] 197-202 б.
№3 СӨЖ
Тақырыбы: Тармақталу операторлары.
Тапсырма: Шартты операторларды қолданып программалау.
Есептер:
-
Функцияны есептеу программасын жазыңыз: ;
-
Функцияны есептеу программасын жазыңыз:
Әдебиеттер :[1]- [4],[1]-41 бет [1]-44 бет,[3]- 80-89 бет,[4] 197-202 б.
Достарыңызбен бөлісу: |