«Сыбаға»  Қарыз мақсаты: заңды және жеке тұлғалар үшін (қожа шаруашылықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер) – етті тұқымды жас малды қалпына келтіру



жүктеу 30.56 Kb.
Дата08.06.2016
өлшемі30.56 Kb.
«Сыбаға»
 Қарыз мақсаты: заңды және жеке тұлғалар үшін (қожа шаруашылықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер) – етті тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың аналық басын және бұқа-өндірушілерін сатып алуға; негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру, қарыздың жалпы көлемінің 15% аспайтын сомада.

Қарыз беру шарттары:

  • Қарыз сомасы – 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін;

  • Несие желісінің мерзімі – 84 айға дейін;

  • Қарыз/транш беру мерзімі:

- ірі қара малдың аналық басын сатып алуға - 84 айға дейін;

- асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға - 24 айға дейін;

- айналымдағы қаражаттарды толықтыруға - 24 айға дейін;

- негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге - 84 айға дейін.



  • Сыйақы ставкасы – жылдық 6%.

  • Тиімді сыйақы ставкасы – жылдық 6,7% дейін.

  • Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдетілген кезең:

- асылды тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға, айналымдағы қаражатты толықтыруға - әр траншты бөлген күннен бастап 12 айдан ұзақ емес;

- ІҚМ аналық басын сатып алу және негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу мен жөндеуге - әр траншты бөлген күннен бастап 24 айдан ұзақ емес;



  • Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдетілген кезең:

- ІҚМ аналық басын, асылды тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға және негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге - әр траншты бөлген күннен бастап 12 айдан ұзақ емес;

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:

  • Төлеу қабілеті және қаржылық тұрақтылық;

  • Несие өтінішін берген/қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • жағымды несиелік тарихы (несие тарихы бар болса);

  • малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;

  • азықтық қормен қамтамасыз ету;

  • жайылымдық жерлердің болуы, сондай-ақ бірлескен шаруашылық туралы келісім-шарт бойынша;

  • шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық жағдайдың болуы;

  • жалпы ірі қара малдың (өз және сатып алынатын ІҚМ) ішінде 25%-ы көлемінде өз ірі қара малының болуы. Өз ІҚМ болмауы жағдайында, қарыз алушы сатып алынатын ІҚМ саны құнынан 25% қаражат түрінде тең қаржыландыруын қамтамасыз етуі тиіс.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар:

  • сатып алынатын ІҚМ аналық басының жасы - 18 айдан 36 айға дейін;

  • өз және/немесе несиелік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды бұқа-өндірушілердің болуы, ІҚМ санының арасалмағы: 30 аналық мал басына 1 асыл тұқымды бұқа;

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес ірі қара малды бірдейлендіруді (таңбалау, жапсырмалау) және оларға ветеринарлық төлқұжаттар ресімдеуді қамтамасыз ету;

  • лицензиясы бар, бәсекелес және шарт жасасу негізінде қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық мамандар есебінен ветеринарлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

  • малды бөлшектейтін орын (ІҚМ жеке жұмыс жасауға арналған мал өткізетін дәліз) қамтамасыз ету;

  • асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқым деген және ветеринарлық куәлігі бар, 1 санаттағы ет тұқымынан төмен емес бұқалар сатып алу;

  • бүкіл жас малды - бұқаларды бордақылау алаңдарына өткізу;

  • несиелеу мерзімі барысында аналық мал басы мен етті тұқымды бұқа-өндірушілердің санын қарызға алған қаржыға қамтамасыз ету.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет