Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары



Дата14.06.2016
өлшемі125.75 Kb.
#135954
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары

Оқырмандарымызды заңгер етуді мақсат етпей, дегенмен толық түсіну үшін қарапайым құқық бұзушылық пен сыбайлас-жемқорлық қылмыстың айырмашылығын түсіндірген пайдалы деп есептейміз. Оның үстіне кез-келген кәсіпкерде штаттық заңгер ұстауға және қорғаушының қызмет көрсетуін төлеуге мүмкіншілігі бар. Сыбайлас-жемқорлық кінәсі тағылған шенеунік қарсы іс-әрекет жасауы мүмкін, сондықтан өз заңдылығын мойындату үшін заң жағынан нық болған дұрыс. 

 1. Қылмыс—бұл ең алдымен қоғамдық қауіпті әрекет.
Қоғамдық қауіп-- сыбайлас-жемқорлық қылмысының ажырамас, қажетті белгісі, оның материалды нышаны, ол әлеуметтік маңызын ашады. Бұл ҚР ҚК 9 бабы 2 бөлшегінде ерекше көрсетіледі.ҚР ҚК ерекше бөлшегімен қарастырылған кез-келген әрекет формалды түрде іс-әрекет немесе әрекетсіздік сақтаса да қылмыс болып табылмайды, егер мағнасы аз болғандығынан зиян келтірмесе және жеке тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қаупін құрмаса.

 2. Қылмыс—қылмыстық заңсыз іс-әрекет.


Қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс болып табылмайды, егер ол жасалған уақытында қылмыстық заңмен қарастырылған болмаса.Құқыққа қарсылық қоғамдық қауіптің заңды белгісі. Ол қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық-құқықтық нормасы бар тыйымды бұзғанын көрсетеді. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс қылмыстық заңды бұзып, көбінесе сол мезетте құқықтың басқа салаларының заңнамалық нормаларын бұзады.Мысалы, лауазымды адамдар лауазымдық құзыреттерімен заңсыз пайдаланып азаматтардың меншікті мүлкімен пайдалану, иелену, билік жүргізу құқығын бекітетін монополияға қарсы заңнаманы, лицензиялау туралы заңды, азаматтық-құқықтық нормаларды бұзады. Мұндайда құқықтың басқа салаларының нормаларын бұзу, одан қалды мораль нормаларын бұзу қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыстық деп мойындауға жеткіліксіз. Міндетті түрде бұл іс-әрекет қылмыстық-заңсыз болып табылғаны керек, яғни қылмыстық заңмен қарастырылуы қажет.

Қолданыстағы қылмыстық заңнамалықта қоғамдық қауіп және қоғамдық заңсыздық, қылмыс түсініктемесінде қалыптасып, ажырамасыз.Тек қана осы екі белгінің болуы қылмыс деп белгілейді.



 3.Соған қарамастан маңызды белгілерден басқа-- қоғамдық қауіп және қоғамдық заңсыздық—қылмыстық заңнама қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды егер адам қылмысты жасаса ғана қарастырады, яғни ол оны әдейі немесе байқамай жасаған болса.

Орыс тілінде “жауапкершілік” “өз іс-әрекетіне және ісіне жауап беру міндеті, қажеттілік, яғни өзіне мүмкін болатын салдарын қабылдау” деп түсіндіріледі.

Қылмыстық жауапкершілік, демек,--адамды жасаған қылмысы үшін соттау, мемлекет атынан кінәлау үкімінде келтіру, тіпті бұл адам заң қарастырған негіздер бойынша қылмыстық жазалаудан босатылса да.

ҚР ҚК 20 бабының 1 бөліміне сәйкес әдейі жасалған қылмыс болып тікелей немесе жанама жымысқылықпен жасалған іс-әрекет болып мойындалады. Осы баптың 2,3 бөлімінде қылмыс тікелей жымысқылықпен жасалған болып мойындалады, егер адам өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілігін сезіне отырып, қоғамдық қауіпті салдарын көре білді және соның болғанын қалады; қылмыс жанама жымысқылықпен жасалған деп мойындалады,егер ол қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің болуын білді, болғанын қаламады, бірақ санамен оның салдарының бойын білді немесе немқұрайды қарады.

Сондықтан адамның қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған мезетте өзінің іс-әрекетін сезінуі, білуі, оларға басшылық жасауы, яғни саналы болуы кінәнің міндетті бөлшегі болып табылады.

 4.Қылмыстың тағы бір белгісі-- оны жазалау, бірақ ол міндетті түрде қылмыстың соңынан келетін іс емес. Жазалауды жазалау қаупінің келуі деп түсіну керек.Қылмыс құрамы қылмыс объектісін, объективті жағын, қылмыс субъектісін және субъективті жағын сипаттайтын 4 белгі тобын құрайды.Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың нақты құрамдары ҚР ҚК баптарында беріледі. 



 4.1. Қандай қылмыстар Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық болып мойындалады?

Сыбайлас-жемқорлық қылмыс болып ҚР ҚК 176 баптың үшінші бөлімінің г) тармағы;193 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы; 209,307 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы; 308,310-315 баптардың төртінші бөлімінің в) тармағы,380 бап қарастырған қылмыстар мойындалады.Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы сыбайлас-жемқорлық және басқа қылмыстар ҚР ҚК 13 тарауында болады.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстар, әлеуметтік-құқықтық іс болып, қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынасқа қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады.Мұндай қылмыстар қауіпті, себебі қоғамға және қоғамның мүшелеріне саяси, материалды және басқа зиян келтіреді. 

Соңғы үш жылда сыбайлас-жемқорлық қылмыстардың өсуі байқалады. Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілеттілген адамдарға және оларға теңелген адамдарға қатысты қылмыстық істер саны 23,8 % (922-ден 1141-ге дейін). 

ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, сыбайлас-жемқорлық қылмысқа жататын қылмыстың жеке түрлері арасында пара алу фактілері 8,3% (302-ден 327-ге дейін), бөтен мүлікті иемдену немесе шығындану—33,3% (99-дан 132-ге), билікті және лауазымды құзыретті асыра пайдалану—5,3% (57-ден 60-қа дейін), қызмет бойынша әрекетсіздік—2,1 (17-ден 36-ға дейін), қызметтік жалған іс—27,6% (453-тен 578-ге) өсті.

Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық қылмыс негізінен сот арасында жіберілген (0-ден 22-ге), ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында—79,7 % (59-дан 106-ға дейін); әділет—13,6 (22-ден 25-ке дейін), Қорғаныс министрлігі—3,5 рет (2-ден 7-ге дейін); селолық округтер мен аудан әкімдері 22,9% (83-тен 102-ге дейін).

Пара алу негізінен бүкіл мемлекеттік органдарда кеңінен таралған жағдай болып қалуда. Сыбайлас-жемқорлыққа жақын тұратын мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету саласы,инвестициялық және жекешелендіру үдерістері, оұқсат беру және лицензиялау жүйелері, бюджеттік қаражат пен жерді бөлу, салық жинау, басшылық орындарға тағайындау және мемлекеттік қызметке орналасу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі.



 4.2. Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың субъектісі болып кім табылады? 

Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері ретінде арнайы субъектілер шығады—жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс.

Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” №18 нормативтік Қаулысына сай, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери күштердің және басқа әскери құрамдардың және республика әскерлерінің лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдар болып табылады. ҚР ҚК 307 бабына берілген қосымшаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар болып ҚР Конституциясы, конституциялық және ҚР басқа заңдарымен мемлекет міндетін және мемлекеттік органдар құзыретін тікелей орындау үшін белгіленген адамдар есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарына ие адамдар. ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілденген адамдарға лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға теңестіріледі:

-жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;


-заң белгілеген тәртіппен ҚР Президенттігіне, ҚР Парламенті депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайлау органдары мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар;
-еңбекақылары ҚР мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;
-мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем емес мемлекеттік ұйымдарда басқару міндеттерін орындайтын адамдар.

 4.3. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдаланудың қайсысы сыбайлас-жемқорлыққа жатады?

Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану, практика көрсеткендей, ең көп тараған қылмыс, сондай-ақ басқа қылмыстарды, оның ішінде сыбайлас-жемқорлық қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады.Лауазымды қылмыс сондай-ақ басқа қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады және жиі қабысып жүреді, мысалы:

-тездету және әр түрлі процедураларды, ережелерді айналып өту үшін шенеуніктердің пара алуы, бопсалау, заңсыз тексерістер, бөтен мүлікті тартып алу, мемлекеттік қаражатты және жер учаскелерін заңсыз пайдалану, ақша үшін лицензиялар және басқа рұқсат құжаттар беру;
-мемлекеттік меншікті, ғимаратты, құрылысты, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану, заңсыз жекешелендіру, мемлекеттік қаражатты ұрлау, асыра сілтеулікпен сыйлықтар төлеу, тендер мен мемсатып алған кезде асыра сілтеушілік;
-монополияға қарсы заңнаманы және шынайы бәсекелестікті бұзу, өз мүддесіне кадр сұрақтарын шешу, саяси сыбайлас-жемқорлыққа және ықпал жасаудың сыбайлас-жемқорлық саласын жасауға дейін бару, дауыс берген кезде пайдалы заңдар үшін дауыс сату және сот шешімдерін сату және БАҚ-қа пара беру.

Бұл қылмыстың объектісі басқару тәртібіне, орнықты жұмысқа және мемлекеттік биліктің барлық сала органдарының мемлекеттік қызметінің мүддесіне, оның ішінде заңнама, атқарушы, сот органдарына, сонымен қатар өзін-өзі басқару органдарына қасқойлық болып табылады.Коммерциялық немесе басқа ұйымда лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану қаралып отырған баптың заңдылық ауқымына кірмейді және Қылмыстық кодекстің басқа баптарымен қарастырылғаны жөнінде айта кеткен жөн.

Мұндай сыбайлас-жемқорлық қылмыстың объективті жағы 307 баптың 1 бөлімінің диспозициясында көрсетілген: “Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның өз қызметтік өкілеттігін пайда табу және өзіне немесе басқа адамдар, ұйымдарға басымдық алу үшін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланса, онысы басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян әкелсе,егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін немесе заң қорғайтын қоғам немесе мемлекет мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса”.

Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген міндеттерін бұзу және заңдармен, ережелермен, нұсқаулармен және басқалармен реттелетін олардың құзыретіне кірмейтін іс-әрекет орындау болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыс себебі пайда табу және өзіне немесе басқа адамдарға және ұйымдарға басымдық алу болып табылады. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекет жасаумен қатар іс-әрекет жасамау болып табылады. Адам іс-әрекетті тек қана өзінің қызметтік жағдайына қарай жасай алатынын атай кеткен жөн. Іс-әрекет жасамады деп лауазымды адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны аталады.

Бұл қылмыстың субъектілеріне ҚР ҚК 307 бабының 1-3 бөліміне “Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану” сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарды немесе соларға теңелген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарды жатқызады. 

Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктеріне айтарлықтай зиян әкелуі мүмкін,мемлекеттік органдар беделін түсіруі, басқа қылмыс жасауға және оларды жасыруы мүмкін.



4.4. Не азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзу болып табылады?

Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе қорғалатын мүдделерді айтарлықтай бұзу оларға айтарлықтай материалдық зиян келтіру болып табылады. Келтірілген материалдық зиян мүліктік, жеке бастық және ұйымдастырулық болуы мүмкін. Мүліктік материалдық зиян ең төмен есеп айырысу мөлшерінде қылмыс жасалған сәтке бірнеше реттік мөлшерде ақшалай белгіленеді. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс нәтижесінде жеке адамға келтірілген зиян—лауазымды адамдардың асыра пайдалануы, мұндайда адамдарға айтарлықтай деп бағаланатын зиян келтіріледі, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орта ауыршылықты зиян келтіріледі. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс нәтижесінде заңды тұлғаға келтірілген зиян-- бұл заңды тұлғаның қызметін тоқтатуы, өнім шығаруын тоқтатуы, ұйымның бірқалыпты жұмысына кедергі болып табылады.



4.5.Лауазымды өкілеттікті асыра пайдаланудың нәтижесінде бұзылған құқық қалай қорғалады? 

Бұзылған құқықты қорғау үшін билік немесе басқару органына жүгіну сотқа құқық қорғау туралы талаппен жүгінуге кедергі болмайды, егер заңнамалық актімен басқа ештеңе қарастырылмаса. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық құқықты қорғау сотпен, арбитраждық сотпен немесе төрелік сотпен құқықты мойындау арқылы жүзеге асырылады; құқықты бұзғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оны бұзу қаупін жасайтын іс-әрекеттің жолын алу; міндетті нақты орындауға мәжбүрлеу; шығынды, тұрақсыздық төлемді өтеу; келісімді заңсыз деп мойындау; моральдық зиянның орнын толтыру; құқықтық қарым-қатынасты тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілетті органның немесе атқарушы органның заңнамаға сәйкес емес актісін заңсыз немесе қолдануға жарамсыз деп мойындау; мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан азаматқа немесе заңды тұлғаға құқық сатып алуға немесе жүзеге асыруға кедергі жасағаны үшін айыппұл салу. Құқығы бұзылған адам өзіне келтірілген шығынды толық өтеуін талап ете алады, егер заңнамалық актімен немесе келісім-шартпен басқа ештеңе қарастырылмаса. 

Шығын деп құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиіс шығыс аталады, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты зиян), сондай-ақ осы адам құқығы бұзылмаса алатын кіріс (ала алмаған пайда) болып табылады. 



4.6. Қылмыстық үдеріс жүргізуші органдардың қандай іс-әрекеттері заңсыз болып табылады?

Қылмыстық үдеріс жүргізуші органдардың іс-әрекеттері қылмысты жіктеу кезінде қылмыстық заңнаманың нормаларын дұрыс қолданбауы; тыйым салу шараларын немесе заң қарастырған процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды оның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайда ұстау; тұтқындалмаған адамды соттың шешімі болмаса да сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптау жасау үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп жатқызу; озбырлық, қаталдық немесе адам намысын қорлайтын әрекет жасау; қатысып отырған адамдардың өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайда процессуалдық іс-әрекет жасау; қылмыстық үдеріске қатысушының ар-намысын қорлайтын шешім қабылдау және іс-әрекет жасау; ҚПК қарастырмаған мақсат үшін жеке өмір туралы, сондай-ақ адам құпияда ұстауды қажет деп есептеген жеке сипаттағы мәліметтерді пайдалану және тарату; заңсыз соттау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды қолдану; тәрбиелеу ықпалы бар мәжбүрлеу шараларды қолдану және басқалары заңсыз болып табылады.

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі “Қылмыстық үдеріс жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша заңнаманы қолдану практикасы туралы” №7 қаулысында ақтау туралы шешім, сондай-ақ басқа шешім қабылдаған кезде, соңынан адамда зиянның орнын толтыру құқығы пайда болады, соттар процессуалдық құжаттарда олардың сондай құқығын мойындап, зиянның орнын толтыру тәртібін түсіндірмегені айтылады.

4.7.Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде келтірілген материалдық, моральдық зиянның орны қалай толтырылады? 

Жеке және заңды тұлғалар шенеуніктердің заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде келтірілген материалдық және моральдық зиян орнын толтыру туралы сотқа жүгінуіне болатынын білген дұрыс.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ лауазымды адамдар келтірген зиян үшін жауапкершілік ҚР Азаматтық кодексінің 922 бабымен қарастырылған:

-мемлекеттік орган заңнамалық актілерге сай емес актілер шығару нәтижесінде келтірілген зиян актілер шығарған органдардың және лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан сот шешімі негізінде орнын толтыруға жатады. Зиянның орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады.Қазынаның өкілі болып қаржы органдары немесе басқа органдар және арнайы тапсырма бойынша азаматтар шығады; -жергілікті өзін-өзі басқару органдары олардың органдарымен және лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін сот тәртібімен жауап береді. Әкімшілік саласындағы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиянның орны осы органдардың билігіндегі ақша есебінен жалпы негізде толтырылады. Ол жетпеген кезде мемлекеттік қазына есебінен ақша бөлу арқылы жабылады.

ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 21 маусымдағы “Соттардың моральдық зиян орнын толтыру туралы заңнамасын қолдану туралы” №3 Нормативтік қаулысында(ҚР Жоғарғы соттың 2003 жылғы 20 наурыздағы №3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгертулерімен қоса) азаматқа ол туғаннан біткен немесе заң бойынша біткен құқыққа моральдық зиян келтіруі мүмкін жеке мүліктік емес құқықтар мен жайлылықтарды бұзу, тартып алу немесе мәнін кеміту болып түсіндіріледі.

Адамға туғанынан біткен байлыққа өмірді, денсаулықты, ар-намысты, бостандықты, жеке бастың қауіпсіздігін жатқызуға болады, ал азаматтың құқықтарына—үй-жайына немесе меншікті мүлігіне қол сұқпау; жеке және отбасылық құпияға құқық; телефон, телеграфтық хабарларға және хат алмасуға құқық; атын пайдалануға құқық; бейнеленуге құқық; авторлық құқық және басқа жеке мүліктік емес авторлық құқық туралы заңнама қарастырған құқықтар; жүріп-тұру және мекен-жай таңдау құқығы; шынайы ақпарат алуға,сондай-ақ республиканың заңнамалық актілерімен қарастырылған басқа құқықтар.

Моральдық зиян деп заңсыздық нәтижесінде жасалған құқық бұзушылық, адамға жататын жеке мүліктік емес құқықтар мен жайлылықты бұзу, кемсіту немесе тартып алу арқылы жасалған адамгершілік немесе физикалық азапты түсінген жөн.

Азаматтық кодекстің 187 бабының 1) т.т. сәйкес моральдық зиянның орнын толтыру туралы талапқа талаптың ескіргені тарамайды. Азаматтық кодекстің 922 б. 1 б., 923 баб.1 және 2 бөл., 951 баб. 3 бөл.сәйкес зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан мемлекеттік қазына есебінен ақшалай (республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты) азаматқа келтірілген моральдық зиянның орны толтырылады:

-меморгандар заңнамалық актілерге сай емес актілер шығарса;
-заңсыз соттаса;
-қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартса;
-тыйым салу шарасы ретінде қамауға, үй қамауына, жол жүрмеу туралы қол қою шаралары заңсыз қолданса;
-әкімшілік жазалау ретінде қамауға заңсыз алынса;
-заңсыз психиатриялық немесе басқа емдеу мекемесіне орналастырылса;
-заңнамалық актілермен қарастырылған басқа жағдайларда.

Мемлекеттік қазына есебінен ақшалай моральдық зиян орнын толтыру туралы талап бойынша жауапкер (республикалық немесе жергілікті бюджет) мемлекет болып табылатын болғасын, осы санатты істердің сотталуын соттар мемлекет қазынасының өкілі тұратын мекен-жай бойынша белгілейді.

Мемлекеттік қазынаның өкілі мемлекеттік қазына мүддесін көрсетіп-білдіру бойынша арнайы құзыреті бар ҚР Қаржы министрлігі немесе басқа мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар болуы мүмкін. 

Осындай санатты істерді қараған кезде соттар мемлекеттік қазына өкілін, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісін белгілеуге және оларды азаматтардың талаптары бойынша моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру жөнінде істерді қарауға тартуға тиіс. Жәбірленушіге бірлескен бірнеше заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген моральдық зиян Азаматтық кодекстің 287 баб.1-4 бөл. Және 932 бабына сәйкес бұл зиянды келтіргендер ортақ немесе үлестік тәртіппен толық мөлшерде орнын толтырады.

Талапкер талап өтінішінде оның нақты жеке мүліктік емес құқықтары мен жайлылығын бұзу фактісінің дәлелін, сондай-ақ оларды қорғау тәсілін көрсетуге міндетті.Моральдық зиян орнын толтыру туралы талап өтініш берген кезде талапкер өзіне келтірген зиян орнын, оның пікірінше, толтырады деген соманы көрсетуге міндетті.

Моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру туралы азаматтардың талаптары азаматтық сот өндіру тәртібімен қарауға жатады. 

Қаулыда сондай-ақ соттардың назары Азаматтық процессуалдық кодекстің 221 бабының талаптарына байланысты моралдьық зиян орнын толтыру туралы әр іс бойынша мынаның болуы керектігіне аударылды:

-жәбірленушіге моральдық зиян келтірген құқық бұзушылықтың сипатын келтіру;


-бұзылған мүліктік емес құқық және жайлылықты көрсету;
-жәбірленушінің адамгершілік немесе физикалық азап көргені туралы мәліметтер;
-мүліктік емес құқықтарды қорғау тәсілі (жағдайды қалпына келтіру, моральдық зиянның салдарын жою,моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру), сондай-ақ моральдық зиянның ақшалай орнын толтыру мөлшерін негіздеу;
-шешім шығарған кезде сот басшылыққа алған материалдық құқық нормалары.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет