Сиќырлы шаршылар



бет2/4
Дата09.03.2022
өлшемі73.5 Kb.
#456071
1   2   3   4
conf jakenova

Пифагор квадраты.
Ғұлама ғалым Пифагор, философиялық оқудың – негізін қалаушы, санаулы қарым – қатынастың негізі заттың болу-болмауы деп жариялап, адамның болу-болмауы өзінің туған күні мен жылына байланысты болуы мүмкін деп ойлаған.Сондықтан Пифагордың сиқырлы квадраты арқылы адамның мінезін, денсаулығының қаншалықты төмендеп кеткенің және оның потенциалды мүмкіндіктерін, ерекшеліктерімен кемшіліктерін, сонымен қатар осылардың алдын алу мақсаттарын білуге болады. Пифагордың сиқырлы квадраты мен оның нәтижелері қалай есептелінетінің түсіну үшін, мен өзімнің мысалым арқылы есептеп көрейін.Менің мысалым : 20.08.1986жыл.Туған күннің,жылдың,айдың сандарын қосамыз (нөл есепке алынбайды):2+8+1+9+8+6=34.Енді шыққан нәтиженің сандарын бір-біріне қосамыз:3+4=7.Одан кейін бірінші саннан туған күннің бірінші санының екі еселенгенің аламыз:34-4=30.Тағы да шыққан нәтиженің сандарын бір-біріне қосамыз:3+0=3.Енді шыққан барлық нәтижелерді қосу ғана қалды 1 мен 3; 2 мен 4: 34 + 30=64;7+3=10.
Бізде мынадай сандар табылды: 20, 08, 1986, 34, 7, 30, 64, 10.Енді сиқырлы квадрат құрастырамыз, барлық бірліктер бірінші ұяшыққа кіреді, екіліктер екінші ұяшыққа солай жалғаса береді.Нөлдерге назар аударылмайды.

Нәтижесінде мынадай квадрат шықты:



44


9


2


33


-


7


88


11


66


Біздің квадраттың ұяшықтары мынадай мағынаны білдіреді:
1 ұяшық – мақсаттылық, рух, менменшілдік.
1- әр кезде өз пайдасын іздейді.
11- менменшілдікке жақын.
111- сабырлы, өзгелермен тіл табады.
1111-өте рухты адамдар,әскери адамдар.
11111-ойына келгенді жасайды.
111111-өте қатыгез,миға сыймайтын жағдай жасауы мүмкін,басқаның әсеріне тиеді.
2 ұяшық –сезімтал,адамгершілігі мол.Екіліктердің саны биоөрістің денгейін білдіреді.Екілік жоқ – қуатын жоғалтуы.
2-атмосферадағы өзгерістерге сезімтал.
22-биоөрістің көп болуы.Бұндай адамдардан жақсы дәрігер, медбикелер, санитарлар шығады.Жанұяда стресс бола қоймайды.
222-емшілік белгісі.
3 ұяшық – нақтылық,жинақылық,тазалық,сарандық,үнемі «әділдік орнатқыш».
4 ұяшық –денсаулық.Бұл адамдарды ата-бабаларының рухы қорғайтын экрогендік қасиетпен байланысты.Төрттіктердің болмауы адамның аурушандығын білдіреді.
4-орташа денсаулық,ағзаны шынықтыру қажет.Спорт түрлерінен жүгіру мен жүзу ұсынылады.
44-мықты денсаулық.
444 және одан жоғары-денсаулығы өте мықты адамдар.
5 ұяшық –бұл адамдардың сезгіштігі,көріпкелділігі байқала бастайды. Бестіктері жоқ –ғарышпен байланыс жабық.
5-байланыс аңғары ашық.Бұл адамдар өзіне деген пайданы молынша ала алады.
55-сезгіштік өте қатты дамыған.Бұлар «түс көріп» оқиғаларды болжай алады.Бұндай адамдарға-заңгер,тергеуші болуы керек.
555-көріпкелділеу.
5555-көріпкел.
6 ұяшық –таңғажайыпқа сенбейді,сапалыққа сенімсіздікпен қарайды. Алтылықтар жоқ-бұл адамдарға қара жұмыс қажет,жұмысты жақсы көрмесе де олар көркемді талғаушылықпен
қиялшылдықпен ерекшеленген.
6-шығармашылықпен,ғылымменайналысуларына болады,бірақ қара жұмыс бұлардың тіршілігінің кепілі.
66-пендешілігі басым,қара жұмысқажақын тұрады,бірақ бұл қажет емес,ақыл-ой қажет,жұмыс істеулері керек,болмас,өнермен айналысу керек.
666-шайтан белгісі,ерекше және зұлымдылық білдіретін белгі.Бұлар өте темпераментті.Қоғамда,ортада өздеріне аударта біледі.
6666-бұлар өте еңбекқор,еңбексіз өмір сүре алмайды.Егер бұлардың квадратында тоғыздық болса,онда,ақыл-ой қажет ететін еңбекпен айналысуы керек.Тым болмаса жоғарғы білім алу керек.
7 ұяшық-жетіліктердің саны талант өлшемін білдіреді.
7-неғұрлым көп еңбек етсе, соншалықты қайтарады.
77-өте дарынды,музыкаға жақын,көркемдік талғамы жоғары деңгейде дамыған адамдар,мүсіндік өнерін дамытуларына мүмкіндігі бар адамдар.
777-бұл адамдар Жерге ұзақ мерзімге келмейді.Олар өте ақкөңіл, сабырлы, әділсіздікке көз жұмып қарай алмайды.Өте сезімтал,армандағанды жақсы көреді,ақиқатты көрмейді.
7777-Періште белгісі.Бұл белгіде адамдар үнемі «балалық шақта» өмір сүреді,өміріне әрдайым қауіп қатер төнеді.
8 ұяшық-жауапкершілік,борыш,міндет,жаза.Сегіздіктердің саны жауапкершіліктің деігейін білдіреді.
8-нақты,жауапты адамдар.
88-жауапкершілігі дамыған адамдар,олар әрдайым көмекке әзір,әсіресе осал,жалғыз-жарым,денсаулығы жоқтарға.
888-бұлар еліне қызмет ете алатын,ғұламалар.Үш сегіздігі бар басқарушылар ең жоғары нәтижелерге жетеді.
8888-бұл адамдар парапсихологиялық қабілетті,нақты мамандарға бейімделгіш.Оларға барлық жол ашық.
9 ұяшық-ақыл,ақылгөйділік.Тоғыздықтардың болмауы,ақыл-ойдың дамуы өте шектеулі екендігінің дәлелі.
9-бұл адамдар өмір бойы тыным таппай еңбек ету керек,ақыл-ойдың кемістігін толықтыру үшін.
99-бұл адамдар туғанынан ақылды.Сабаққа аса мән бере қоймайды,себебі бұл оңай беріледі.Олар қылжақпас,тәуелсіз.
999-өте ақылды.Сабаққа көп күштің қажеті жоқ.Өте жақсы әңгіме айтушы.
9999-бұл адамдарға шыңайылық ашылады.Егер бұлар сезімтал болса,әр бастамалары сәтімен аяқталады.Осының бәрі бола тұра олар өте сүйкімді.
Сонымен-сиқырлы Пифагор квадратын құрастырып және барлық цифрлардың құрамасының мағынасын біле отырып,сіздер өздеріннің табиғат-ана берген қасиеттеріне баға бере аласыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет