Маңызы. Папоротник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе тропикалық, субтропикалық және Солтүстік жалпақ жапырақты ормандардың негізгі компоненттерінің бірі. Олар ашық және жабық грунттарда, сәндік бақтар өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер, сонымен бірге дәрі – дәрмек алуға таптырмайтын шикізат. Классификациясы. Бөлім 7кластан тұрады : аневрофитопсидтер (Aneurophytopsida), археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida), зигоптеридопсидтер (Zyqopteridopsida немесе Coenopteridopsida), офиоглосопсидтер немесе ужовниктер (Оphioqlossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida), полиподиопсидтер (Роlypodiopsida). Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы. Полиподиопсидтер класына 270туыс, 10000- дай түр жатады. Өмірлік формасы алуан түрлі : ағаш тәрізді, лианалар, шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық ормандарда) көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыржай және слқын климатты зоналарда). Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін өсімдіктер. Қалғандары (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер. Кластың жапырақты ормандардың ылғалды, көлеңкелі жерлерінде кең таралған өкіліне еркек папоротник (щитовник мужской –Oryopieш Шіх - тазз) жатады. Ол спорофитінің биіктігі 1 метрдей болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жер асты тамырсабағы түрінде берілген. Ол қысқа,жуан, қаралау – қоңыр түсті, құрылысы айқын байқалатын дорсивентральды болып келеді. Мұндай тамырсабақтар жас жапырақтармен қоршалған, өсу конусынан тұратын, төбе бүршіктерімен аяқталады. Тамырсабақтың үстінде жапырақтардың сағақтары қаптап тұрады, ал астыңғы жағынан қысқа қосалқы тамырлары кетіп жатады.
Тамырсабағының сырты эпидермиспен қапталған. Оның астын сыртқы қабаты механикалық ұлпалардан тұратын, қабық қабаты алып жатады. Орталық цилиндрдің ортасын өзек алып жатады. Концентрлік өткізгіш шоқтары орталық цилиндрдің шет жағында орналасқан. Камбийі болмайды. Жапырақтары үлкен. Жапырақтың сағақтары қоңыр түсті пленкамен қалың болып қапталған. Жапырақ тақтасы эллипс тәрізді сопақша, екі рет қауырсынды тілімделген болып келеді. Жапырақ сегментінің бірінші қатары кезектесіп орналасады, ұштары үшкір болады.Сегменттің екінші қатарының шеттері тіс –тіс болып иректелген және ұштары доғал болады. Жапырақтарының сыртын эпидермис жауып тұрады, оның клеткаларында хлоропластар болады. Жапырақтың мезофилі борпылдақ, өткізгіш шоқтарының құрылысы тамырсабақтарының шоқтарының құрылысымен бірдей.
Еркек папоротник тең споралы өсімдік, сондықтан да оның гаметофиті қосжынысты. Әдетте алдымен антеридийлері (аталық) пайда болады, содан соң барып архегонийлері (аналық) пісіп жетіледі. Антеридийдің формасы шар тәрізді, ол өскіншенің үстінен көтеріліп көрініп тұрады. Оның ішінен саны жағынан онша көп болмайтын спираль тәрізді бұралған көп талшықты спермотазоидтары жетіледі.
Папоротниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болған соң, ұрық өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді, сабағы түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін, сабақта жаңа жапырақтар пайда болады, содан соң, біртіндеп нағыз папоротник өсімдігі қалыптасады.
23-лекция
Тақырып : Ашық тұқымдылар – қарағайлар бөлімі
(1 сағат)
Жоспары :
-
Кәдімгі қарағай
-
Құрылысы
-
Маңызы
-
Классификациясы
-
Ұрықтануы
6. Тұқымды папоротниктер, саговниктер кластары.
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.
Құрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бұтақтанады,сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалыңдайды.Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрады. Сүзгілі (електі) түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас, ал екіншілерінде олар ұсақ, тұтас, қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді (қылқан -хвоя) болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлерінен басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық тұқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың тұқымбүрі (семязачатки), немесе тұқымбүршігі (семяпочки) болады. Тұқымбүрі дегеніміздің өзі метаспорангий, ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументтен қапталған. Тұқымбүрлері метаспорофилдерінде ашық орналасады, олардан ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады.
Дәннің пайда болуы ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке (артықшылыққа) ие болуын және құрлықта басым болуын қамтамасыз етті.
Ашық тұқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда,мысал ретінде кәдімгі қарағайды (сосна обыкновенная ) аламыз. Ол спорофитінің биіктігі 50м –дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жетілген,онда бүйірлік бұтақтары топтасып орналасады. Сабақтары моноподиальды бұтақтанып өседі. Ұзарған бұтақтарының сыртын қоңырлау – қызғыш түсті, қабыршақты жұқа (чешуевидный) жапырақтары жауып тұрады. Осы жапырақтардың қолтығында қатты қысқарған өркендер пайда болады, оларда екі – екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орналасады. Ине тәрізді дапырақтың, немесе қылқанның (хвоя) көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау дөңес болып келеді, оның ортасында өткізгіш шоғы орналасады.
Қарағай шамамен 30-40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорофилдері жиналып бір – бірінен айқын – айырмасы бар, бір өсімдіктер болатын екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (стробилдері, шишки) топтасып, ал аналық бүрлері жалғыздан орналасады.
2.Ұрықтануы. Тозаң аталық бүршіктерден (стобилдерден) тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцеллус пен интегументтің арасын толтырып тұратын қоймалжың, сұйықтың тамшысы оңай ұстайды. Бұл тамшы микропиле арқылы, сыртқа шығып тұрады. Кебе келе тамшы тозаңды тұқымбүрінің ішіндегі нуцелуске қарай тартады. Тозаңданған соң, микропиле жабылады. Осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықшалары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын метаспорангидің ішінде жалғастырады. Тозаңның экзинасы жарылады да, интинмен қоршалған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцеллустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын және сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.
Ашық тұқымдылардың папоротник тәрізділерге қарағанда бірқатар прогрессивтік
белгілері бар : гаметофиттері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофиттерінде пайда болады және соның есебінен өмір сүреді ұрықтануы сумен мүлдем байланыссыз, спорофиттің ұрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан жақсы қорғалған. Ашық тұқымдылардың дәндерінің ерекшелігі, олардың табиғатының екі жақтылығында қоректік ұлпа эндосперм гаметофитке (п) жатады, ұрық жаңа спорофиттің (2п) бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен (спермордермамен) нуцеллус аналық спорофиттің (2п) ұлпасынан пайда болады.
Ашық тұқымдылар 6 класқа бөлінеді. Ол кластар мыналар :
1 класс-тұқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсидтер (Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae).
2 класс-саговниктер немесе цикадопсидтер (Cycadopsida)
3 класс-бенетиттер немесе бенеттитопсидтер (Вennettitopsida)
4 класс-гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsida)
5 класс-гинкголар немесе гинкгопсидтер (Ginkqoopsida)
6 класс-қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер (Pinopsida).
4.Тұқымды папоротниктер класы – Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae.
Тұқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланыстырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің құрылыстары жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылады. Олардың аса кең таралған туыстарына мыналар жатады : климматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonia), глоссоптерис (Glossopteris).
Саговниктер класы – Cycadopsida.
Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас, ланцет болып келеді. Сабағы (діңі) жақсы жетілген өзектен, қабықтан және онша үлкен болмайтын сүрек қабатынан тұрады. Тұқымбүрі жапырақ тәрізді немесе азды – көпті метаморфозаға ұшыраған мегаспорофилдерінде орналасады. Әдетте тұқымбүрлері жалғыздан орналасады немесе топтасып (шишка) түзеді. Саговниктер эволюцияның үлкен жапырақты тармағы болып табылады. Саговниктер класы бір қатардан тұрады, онда бір тұқымдас бар.
Саговниктер тамаша сәндік өсімдіктер, оларды оранжерияларда және ашық грунтта өсіреді.
24-лекция
Тақырып : Жабық тұқымдылар
(1 сағат)
Жоспары :
-
Жалпы сипаттамасы
-
Гүлдің шығу тегі
-
Стролобилярлық теория
-
Систематиканың қысқаша тарихы
-
Жабық тұқымдылардың классификациясы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Түрлерінің саны 250 мыңнан 350 мыңға дейін болады. Бұл жер бетіндегі қалыптасқан қазіргі жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жайында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.
Құрылысы. Спорофиттердің өмірлік формасы – ағаштар, лианалар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. (бір,екі, көп жылдық)вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысы олардың гистологиялық элементтерінің алуан түрлілігі мен ерекшеленеді. Жабық тұқымдылардың өмірінің ұзақтығы әрқилы 2-3 аптадан бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жылдың қолайсыз мезгілдерін басынан өткізуге мүмкіндік беретін түрі өзгерген жер асты вегетативтік органдары, түйнектері, баданалары, тамырсабақтылары болады.
Көбеюі. Спорофитте гүлдер пайда болады, оларда микро мегаспоралар жетіледі. Споралы спорофиттерінің ішінде өсіп гаметофиттерге айналады. Аталық гаметофит тозаң екі клеткадан, ал аналық гаметофит ұрық қабы, сегіз клеткадан тұрады. Жыныстық процесстің нәтижесінде тұқым бүрінен дән, гүл түйінінен (жатынан) жеміс пайда болады. Гүлдің құрылысы микро және мегаспорогенез, аталық және аналық гаметофиттердің түзілуі, тозаңдануы мен ұрықтануы.
2. Гүлдің шығу тегі. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүлдің пайда болуының үш түрлі теориясы белгілі. Олардың ішінде ең белгілілерінің бірі Р. Веттштейіннің псевдант (грекше Pseudos) жалған anthos – гүл теориясы. Р. Веттштейіннің тұжырымдауы бойынша ең қарапайым гүлге ие болғандар бір жағында өсімдіктер (Monochlamydeal). Оларға шамшат гүлділер, қайың гүлділер, тал гүлділер жатады. Бұл тұқымдастылардың гүлдері ашық тұқымдылардың стробилдері (бүршіктері шишка) секілді аталық және аналық болып бөлінеді. Әсіресе бір жабынды өсімдіктердің гүлдері ашық тұқымдылардың ішіндегі қылшаның (эфедра) шоғырланған стробилдеріне (соцветия) ұқсас.
Р. Ветштейіннің пікірі бойынша барлық ең қарапайым жабық тұқымдылардың құрылысы қарапайым және бір ғана гүлсерігінен тұрады, немесе гүлсерігі көп жағдайда дара жынысты болады.
3. Стробилярлық теория – (стробиляр – қарағай, шыршаның бүршіктері - шишкалары), немесе эванттық (грекшесі – толық anthons -гүл) басқаша айтқанда толық жетілген гүл деген мағына. Бұл гүлдің пайда болуы туралы гипотезаның авторлары Н. Арбер және Д. Паркине теориясының пайда болуын 1907 жылы мезозойлық қосжынысты. Гүлдер стробилдері бар ашық тұқымдылардың ерекше бір тобының бенетиттердің табылуы себеп болады.
Сырт кескіні мен, тік бұтақталмаған діндерімен, жапырақтарымен бенетиттер пальмаға, көбірек ашық тұқымды саговниктерге ұқсас болған. Бірақ саговниктердің стробилдері дара жынысты. Мөлшері әртүрлі болып келетін бенетиттердің стробилдерінің жақсы жетілгені конус тәрізді өсі болады, оған әртүрлі жапыраққа ұқсас органдары орналасады. Төменнен жоғары қарай жабындық жапырақшалары “гүлсерігі” микроспрофильдері және аналығы (гинецей) орналасады. Микроспорангилері бірігіп біршама күрделірек құрылым микроспаринги түзеді. Аналығы (гинецей) тек микроспорофильдері түсіп қалған (протерандрия) стробильдерінде ғана байқалады. Тұқымбүрі аяқшаның ұшында орналасады және интегументері болады. Екі тұқым жарнағы бар ұрығы жақсы сақталған болады. Эндоспермдерінің болмауы ашық тұқымдыларда мүлдем кездеспейтін құбылыс. Бинетиттердің кейбір ерекшеліктері стробилдерінің қосжынысты болуы, жекелеген бөліктерінің орнласу ерекшелігі өсінің формасы, олардың көп жемістері мен жынысының жақындығы болған деген жорамал айтуға мәжбүр етті. Стробилярлық теория бойынша жабық тұқымдылардың гүліне бенетиттердің стробилдеріне де бастама берген, бізге дейін жетпеген, мезозойдың алғашқы кезеңдерінде өмір сүрген архайлық қосжынысты стробилі бар ашық тұқымды өсімдіктер болған. Мұндай стробилді К. Арбер және Д. Пазкине проангостробил деп атаған. Ол өстен жабынды микроспрофилдерден және мегаспрофилдерден тұрған. Прантостробил жабық тұқымдылардың гүліне барлық бөліктерінің құрылысы мен әсіресе микро және мегаспрофилдермен біршама айырмашылығы болған.
4. Көп ғасырлар бойындағы жабық тұқымдылардың классификациясының тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Утилитарлық систематиканың кезеңі. Классификацияның ең ескі кезеңі бұл кезеңдерде белгілі өсімдіктерді олардың шаруашылығындағы маңызына қарай топтастырған: тамаққа пайдаланатын улы, дәрілік тоқымалық т.бұл ең ұзақ кезең болған.
Жасанды системаның кезеңі. Бұл кезеңдегі классификацияның басты принципі ұсақ өсімдіктер негізінен бірғана морфологиялық белгілеріне қарай бөлу. Кезеңнің ең жоғарғы жетістігі ботаникамен зоологияны белгілі – бір жүйеге келтірген реформатор К. Линнейдің системасы. К. Линней бар – жоғы 24 класқа бөлген. Автор бұл жерде гүлдегі аталықтардың санын, олардың бірігуін, ұзындығын негізге алған. Соңғы класқа гүлдері жоқ өсімдіктерді жатқызған. Бұл құпия некелілер класы. К. Линнейдің системасының басты кемшілігі әрбір класқа түрлерді топтастырғанда, олардың тек бір ғана белгісін негізге алған. Бір класқа жататын түрлер әдетте нағыз туыстың жақындығымен топтастырылмаған. Гүлдердің құрылысының бір кездейсоқ сәйкестіктер аталықтарының саны шешуші роль атқарады. К. Линнейдің ситемасы жасанды системалар ішінде прогрессивті болғанымен ол өсімдіктер дүниесінің эволюциясын көрсетпейді. Табиғи системаның кезеңі алғашқы табиғи системаны 1789 жылы А. Жюссье жариялаған. Ол өсімдіктерді 1-2 белгісі бойынша емес, көптеген жиынтығы белгілерін ескере отырып топтастырған. Ол өсімдіктердің бірнеше органдарының белгілерін топтастырған. Органикалық дүниенің эволюциялық системасын құру принципі. Ч. Дарвиннің “түрлердің шығу тегі” атты еңбегі жарық көргеннен соң қалыптасты. Бұл еңбегінде Ч. Дарвин әртүрлі материалдар негізінде эволюцияның өзін және оны қорғаушы күшін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Т. Дарвиннің эволюциялық бағытта дамуына ескі әдет –ғұрыптармен және метафизикалық кезеңнің қалдықтарымен күресуде маңызы зор.
Филогенетикалық системаның кезеңі Ч. Дарвиннің еңбегінен кейін ғылымда жаңа кезең басталады. Жүз жылға созылған бұл кезеңде жалпы биологиялық масштабтағы эволюциялық морфологияның және жекелеген ғылымның деңгейіндегі осы маңызды мәселелер зерттелді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде ондаған филогенетикалық системалар құрылды. Филогенетикалық системаны құрастыруда Б.О.Р. ғылымдарының орны ерекше. Н. И. Кузнецов, Б. М. Козополянский, Н.А. Буш, А.А. Гроссгейм, А.Д. Тахтаджанның системалары жиі қолданылады. Қорыта айтқанда жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөледі.
Жабық тұқымдылардың классификациясы – жабық тұқымдылар қос жарнақты (Dicotyledoneae) және дара жарнақты (Monocotyledoneal) кластарына бөлінеді. бұл кластардың бір – бірінен ажырататын көрнекті белгілерін келтіреміз.
Қос жарнақтылар. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамырларының формасы көп жағдайда кіндік тамыр. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды. Сабақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш шоқтары ашық көлденең кесіндісінде шеңбердің бойымен орналасады, немесе барлығында бірдей өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жәй және күрделі жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.
Дара жарнақтылар. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша біршама ертерек өледі, қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз. Тамыр системасы шашақ тамыр. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыранқы орналасады. Жапырақтары жай, паралель немесе дара тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады. Жабық тұқымдылар. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Вегетатив органдары көптеген әртүрлі гистологиялық элементтерден тұрады. Арнайы маманданған вегетативтік органдары бар түйнектері, баданалары, тамыр сабақтары. Тұқым бүрін жеміс жапырақшалары жауып тұрады.
Гаметофит. Аналық гаметофиті сегіз клеткадан тұратын ұрық - қабық. Аталық гаметофиті тозаң, вегетативтік және генеративтік клеткалардан тұрады. Аналық гаметофиті эндосперм және екі немесе оданда көбірек архегониялар. Аталық гаметофиті тозаң бірнеше проталиальды, антеридиальды және вегетативтік клеткалардан тұрады.
Ұрықтануы. Қосарланып ұрықтанады, спермияның бірі жұмыртқа клеткасымен, ал екіншісі – екінші реттік ядромен қосылады. Бірақ рет ұрықтанады – спермияның бірі архегонияның бірінің ішіндегі жұмыртқа клеткасымен қосылады.Тұқымы. Тұқымы тез пайда болады 3-4 аптадан бір вегетативті кезеңге дейін созылады. Эндоспермі триплоидты (3п). Ұрықтың 1-2 тұқым жарнағы болады. Тұқым жемістің ішінде болады. Тұқымның пайда болуы өте жай жүреді (1,5 –2жыл) тозаңдану мен ұрықтанудың арасы 13 айға созылады. Эндоспермі гаплоидты (п). Ұрықтың тұқым жарнағы көп жағдайда екіден көп болады. Тұқым тунымдық қабыршақтың үстінде ашық жатады.
25-лекция
Тақырып : Раушангүлділер тектес бос желектілер және бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы.
(1 сағат)
Жоспары :
-
Раушангүлділер тұқымдасы
-
Бұршақ тұқымдасының жалпы сипаттамасы
-
Раушандар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы.
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceal. Түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар Солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен тарқалған. Раушангүлдердің вегетативтік және генеративтік органдарының құрылысы алуан түрлі. Өмірлік формалары мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін негізінен көпжылдық. Жапырақтары қарапайым және күрделі жапырақ серігі бар, немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ салалы жүйкеленген. Кейбір түрлерінің гүлдері мен жемістерінің біршама қарапайым болып келуі оларды көп жемістілерге жақындатады мыс: пестиктер санының көп болуы. Екінші біреулерінің гүлдің жекеленген бөліктерінің редукцияға ұшырауы және прогрессивті белгілерінің болуы тыс жатыны төмен болуы. Тұқымдастың негізгі қасиеті гиницеті мен гүл табанының құрылысында гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді және гинецеті көп апокарпты немесе гүлтабаны ойыс және гинецеті көп ценокарпты болып келеді. Осындай бір – бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формалары да болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып ұлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне гүл табанынан басқа гүлдің басқа да бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшаларының аталықтарының түп жағы кейде тостағаншаның асты да қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып, етжеңді және шырынды жағдайға келеді. Ол жемістердің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады. Раушнгүлдер сарғалдақ гүлдерден айырмашылығы гипанты жақсы жетілген, жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы, гүлдер астында тостағанша асты жапырақшаларының болуы, гүлдері барлық уақыт актиколеофор гүлсерігі қосарланған мүшесі сиректеу мүшелі аталықтары көп мүшелі олар қатар шеңбер түзі орналасады.
Раушангүлдер тұқымдасы гүл, жемістер құрылысына қарай 4 тұқымдас тармағына бөлінеді: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.
Тобылғылар тұқымдастармағы - Spirocoidae. Бұталар көп жылдық шөптесін өсімдіктер жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы орналасады. Гүл табасы біршама жалпақ, сиректеу ойыс. Тостағанша жапырақшаларының саны 5 олар түп жағынан біріккен болып келеді. Күлтесі 5 бос орналасқан андроцейі көп гинецейі –5 Ca5 Co5 A G5. Жемісі аналықтардың бірігіп кетуінен болады топталған жиынтық, қауашақтан тұрады.
Тобылғы туысы – Spiraea. Европа, Азия, Солтүстік Америкада 80-дей түрі бар. БОР – да 22 түрі бар. Қазақстанда 3 түрі өседі. Табиғи және мәдени жағдайларда өсетін түрлері таңқурай жапырақты тобылғы – Shypericifolia және доцес жиекті жапырақ тобылғы Serenata, тал жапырақты S. Salicifolia жатады. Парктерде әдемі гүлшоғыры бар жапон тобылғысы S- Japonica өсіреді.
Итмұрындар тұқымдастармағы – Rosoideal. Түрлерінің жалпы саны 800-дей олар Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеулерінде кең таралған. Өмірлік формалары мәңгі жасыл және жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәрізді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Гүл формуласы
Са (5) Co5 A Ce. Жемістері құрама дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан құрама топтамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектер жиынтығынан тұрады. Раушангүл немесе итмұрын туысы (Rosa) полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5 мүшелі түксіз қосарланған сиректеу жартылай түкті гүлсерігі болады. Солтүстік ендінің кең таралған орманды, шөлейтті, таулы сай бойларында өседі. Орта Азияда көптеген жерлерді алып жатады. Түрлер саны анық емес 120-350 дейін бар.
БОР –да 150 түр олардан 60 эндем Қазақстанда 24 түр бар. Бұлардың құрамында е.В.г. Р.К. және провитаминдер бар. Итмұрындардан тікенектік қоралар жасайды.
Таңқурай (ежевика - малина) Ribus туысы 500 түрі бар үлкен полиморф өзгергіш –БОР флорасында 45 түр, Қазақстанда 4 түрі бар. Солтүстік ендіктің қоңырт климатты жерлерінде көп тарқалған бұталар. Ағаш тәрізді формалары субтропикалық зонада өседі. Жеміс сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай –малина Ridalus Кавказ, Солтүстік және Солтүстік Американың ормандарында төменгі ярусын (қабатын) түзеді, өзендер бойында бұталар арасында өседі. Мәдени жағдайда көптеген сорттары өседі. Қожақат таңқурай – R. caesinius –ежевика, қойбүлдірген –R. Saxatilis. БОР-дың Европа бөлігнде кездеседі.
Құлпынай туысы- Земляника Fraqaria. 50-дей түрі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Тостаған астында тостағанша асты жапырағы болады. Аналығы ойыс, етжеңді болып келген гүлтабанына орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы –F. Vesca және жасыл бүлдірген
F. Viridis екі үйлі өсімдіктер олар БОР-дың Европа бөлігінде Сібірде, Орта Азияда бұталар арасында таралған ананас құлпынайы тек мәдени Fananasa жағдайда ғана белгілі олардың жемісі үлкен сортқа бөлінеді.
Алмалар тұқымдастармағы- Pomoidae. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары 5, олар көп жағдайда редукцияға ұшыраған 2-3, кейде 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, бакал тәрізді гипантимен бірігіп кетеді. Гүл формуласы Са(5) Со5 А Ce (1-5). Жемісі жидек. Алма туысы – Malus. Туыстың құрамына қоңыржай климатты елдерде өсетін 30 түр жатады. БОР-да 10 түр, Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Көп кездесетін түрлері : орман алмасы М. Siversii – Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалын ормандарда өседі. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының күрделі комплексі “үй алмасы” –М domestica деген атпен топтастырылады.
Алмұрт туысы –Pyrus. Құрамына негізінен Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20 түрі бар. БОР-да 17 түр, Қазақстанда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы сопақша болып келетін жемістерімен, олардың жұмсақ бөлігінде склероидтардың (тасты клеткалар) болуымен ажыралады.
Кәдімгі алмұрт – Р. communis табиғи жағдайда өзгергіш БОР-дың Европа бөлігінде, Кавказ Орта Азияның таулы бөлігінде ормандар түзеді.
Шетен туысы - (рябина – Sarbus). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі бар. БОР-да 34 түрі, Қазақстанда 3 түрі бар. Кең таралған түрі (рябинка обыкновенная - Sancuparia). Ақ түсті гүлді, қалқанша тәрізді гүл шоғырына жиналған. Жемістері кулинарияда пайдаланылады.
Қараөрік тұқымдас тармағы – Prunoideal. Ағаштар, бұталар гүл табаны ойыс. Гинецейі бір ғана жеміс жапырақшасынан тұрады. Тұқым бүрі 2 оның біреуі жетіледі. Гүл формуласы Са (5) Со3, A, Сl1. Жемісі шырынды сиректеу құрғақ сүйекті.
Шие туысы - (вишня Cerasus) 150 түрі белгілі. БОР –да 10 түр, Қазақстанда 7 түр кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесі С. viqaris, құс шиесі – (черешня Cavium) кеңінен отырғызылады. Бақ шиесі табиғи қауымдастықтарда кездеспейді. Құс шиесі Украинада, Молдовада, Кавказ тауларында көптеп кездеседі. Шие ағашының биіктігі 30м-ге дейін барады.
Қараөрік туысы –(Слива-Prnus) 35 түр бар. Қараөрік (слива домашняя –Р. Domestica) мәдени жағдайда көптеп аудандастырылған мәдени будандастырылған түрлердің негізгі арғы тегі ретінде кең таралған. Өсімдік (алша Divaricta) биіктігі 9-10м болатын ағаш, немесе бұта. Кавказ, Орта Азияда өседі.
Өрік туысы (абрикос - Armeniaca) табиғи жағдайда Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Қытайда таралған.
2. Бұршақ тұқымдасы – Fabaceal – Papilonaceal 120 мыңдай түрі бар (490 туыс) полиморф. Негізгі өмірлік формалары ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін формалары қоңыржай климатты аудандарда, топтасқан ағаштары мен бұталары тропикалық, субтропикалық аймақтарда өседі.
Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.
Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп
ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.
Са5 Со 3 +(2) А (9)+1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық,
жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.
Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая
V. hirsut.
Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.
Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі
-
дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.
Қызылбас беде клевер луговой –Т pratense биіктігі 30-50см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік мамырдан күзге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, шоқпарбас, дәндері біреуден болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі.
Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum) күлте жапырағының үсті солғын қызыл түсті болады. Ақ беденің (клевер ползучий белый Т. repens) күлте жапырағы ақ түсті болады. Мал азығы ретінде пайдаланады.
Жоңышқа туысы (люцерна - Medicaqo) 100- дей түрі бар көптеген регионда өседі. Борда –36 түр, Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағы 3 құлақ, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Сортаң сор топырақтарға жақсы өседі. Мал азығы үшін маңызы зор.
Сарбас жоңышқа –(люцерна желтая – М falkata) биіктігі 100 –120см болатын күлте жапырақшасының түсі сары құрғақшылыққа, ыстыққа суыққа төзімді өсімдік. Борда жабайы және мәдени жағдайда өседі.
Фасоль туысы (Phaseolis) 200-дей түрі бар. Азия, Африка аймақтарында өседі. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары көп жағдайда шырмалып өседі. Жапырақтары 3 құлақ күрделі. Күлте жапырақшалары сары, ақ қызғыштау сары, қоңыр қызыл, сия көк түсті. Борда 20 түрі бар. Олар мәдени жағдайда өседі.
Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенный ph vulqaris) көкеніс дақылы Солтүстік Санкт Петербургте өседі.
Соя туысы – Glycine 40 түрі бар Борда бір түр уссурий соясы (соя уссурская) өседі. Шаруашылықта маңыздысы түкті соя (соя щетенистая - Ghispida) биіктігі 30-50см бір жылдық өсімдік, бір дәні болады. 1тонна дәнде 115кг май, 725кг ұн алынады.Дән құрамында 35% белок бар. Соядан әртүрлі тағамдар дайындалады.
Люпий туысы -(Lupinus) 400 түр бар шөптесін өсімдік, жартылай бұталар гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде өсіріледі.
26-лекция
Тақырып : Раушандар тектес біріккен желектілер
(1 сағат)
Жоспары :
1. Раушандар тектес бір жабынды өсімдіктерге жалпы сипаттама
2. Раушандар тектес біріккен желектілер қатарлар тобына сипаттама
3.
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Бұл топтық құрылысының барлығына ортақ белгілеріне жататын ерекшеліктері: гүлдері ұсақ, антиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты, гүлсерігі тостағанмен жапырақшалар түрінде болады. Гүлшоғыры симподиальды жиналып сырға түзед
Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal. 900 түрі бар (8-9 туыс) мәңгі
жасыл, немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отырады. Ағаштар, бұталар олар қоңыржай климаты, субтропикалық елдерінде кеңінен таралған. Жапырақ қатары тұтас немесе қауырсынды кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара немесе қос жынысты актиноморфты жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбас түзеді. Гүлдері 6 мүшелі бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді. Әртүрлі түске қоңыр, қызыл, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны 3+3 не болмаса 3-7, аталықтар саны гүлсерігінің санымен бірдей.
Емен туысы (дуб). Дүние жүзі бойынша 300 түр. БОР –да 19 түр,
Қазақстанда 1 түр бар. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Діңі жуан, биіктігі 40м – ге дейін барады. Гүл формасы :Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10. Кавказ, Украина, Шығыс бүгі өседі.
Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae. Тұқымдас құрамында 130 түр (6 туыс) бар. Солтүстік ендікте тропикалық емес облыстарда өседі. БОР-да 64 түр, Қазақстанда 17 түр кездеседі. Өмірлік формалары жапырақтары қысқа қарай түсетін ағаш, бұталар. Гүлшоғы сырға тәрізді, дара жынысты (бір үйілі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, гүлсерігі болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша.
Қайың туысы -(береза)- Вetulaceae. Түрлерінің жалпы саны 60, борда40, Қазақстанда 15 түр. Салқын қоңыржай климатты зоналарда кең таралған ағаштар, бұталар. Гүл формуласы : Р6, А0, С(2), Р2, А2, С0.
Аталық, аналық гүлдері 3-тен орналасқан сырға түзеді. Жемісі қанатша. Түрлері : қотыр қайың, үлкен қайың.
Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) 8 түрі бар. БОР-да 7, Қазақстанда 1 түр. Қысқа қарай жапырақтары түсіп қалады. Ағаштар, бұталар бір үйлі жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүл формуласы : Р4,А0,С(2), Ро, А4,С0. Аталық гүлі бір гүлден тұрады, ұзын сырғалы, анылық гүлі екі гүлді, жапырақ қолтығында жайласқан бүршіктермен қоршалып тұрады, түрлері кәдімгі орман жаңғақ, аю жаңғақ.
Талдар тұқымдасы – Salicaceae. Бұталар ағаштары Солтүстік ендіктің қоңыр жай климатты елдерінде кең таралған. Кейбір түрлері қиыр Солтүстікте төселіп өсетін аласа формалар түзеді. (карлик форма) жапырақтары кезектесіп орналасатын жай жапырақтар. Аталық, аналық гүлдері бөлек жетілген (дара жынысты). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-30 оданда көп аталықтары (тычинка) болады. Аналық гүлдерінде екі жеміс жапырақшасынан бір аналық (пестик) болады. Гүл түйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп, жемістері екі жақты ашылатын қауашақтар. Талдар тұқымдасына 400 түр жатады, олар 3 туыстан тұрады : терек (тополь -populus) – 25-30 түр, тал (ива -salix) 350-370 түр, чозеня – Chosenia –1түр.
Терек туысы – Populis. БОР –да 30 түр, Қазақстанда 14 түр. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки). Аналық гүлінде жалғыз аналықты қоршап тұратын екі парокарпты біріккен жеміс жапырақтан түзілген болады. Гүл формуласы : Р0, А0, Се(2) Р0 , А12 – 20 Сl0. Бұл туысқа көк терек (осина), қара терек (тополь), жатады. Бұлар тез өседі, халық шаруашылығында маңызды.
Тал туысы – ива Salix. БОР –да 170 түр, Қазақстанда 46 түр. Талдың гүлдерінің түрі жағынан қоршап тұратын дискасі болады. Кейбір түрлерінде нектарниктерлер болады. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецейі) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы (рыльца пестика) болады. Талдар жапырақтары шықпас бұрын немесе олармен бірге гүлдейді. Олар насекомдармен тозаңдануы сиректеу желмен тозаңдайды. Түрлі заттар үшін киіз үйдің керегелері, барлық торлары үшін қолданылады. Қабықтарынан иілік заттар алынады. Олар өте оңай тамыр беріп вегетативтік жолмен көбейеді. Бал беретін өсімдік.
Чозения туысы –Chosenia 1 түрі бар. Россия қиыршығысында Жапонияда Қытайда өседі. Бұлар тал туысына жақын тұрады.
Мәңгі жасыл және жапырақтары түсіп отыратын ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шары құрылықтарының барлығында кездеседі. Гүлдері циклды, 4 шеңберлі, зигоморфты , сиректеу актиномортфы, қос жынысты, дара жынысты гүлесерігі қосарланған, күлте жапырақтары ашық түске боялған, қалыпты жағдайда бірігіп түтікше түзеді. Насекомдармен, сиректеу желмен тозаңданады. Қалыпты жағдайда андроцейі 5 аталықтан тұрады, бірақ редукцияға ұшырауы нәтижесінде 4 немесе 2 аталықтан тұратын гүлдері жиі кездеседі. Гинецейі ценокарпты көп жағдайда 2 сиректеу 3-5 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері негізінен қауашақ тәрізді, жаңғақ тәрізді, сиректеу шырынды.
Шырмауықтар тұқымдасы – Convolaceae. 150түр 50 туысы бар. Негізінен дүниежүзінің тропиктері мен субтропиктерінде азырақ екі ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өседі. Шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар, ағаштар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас, қауырсынды, тілімделген қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі, қосжынысты, гүл асты жапырақшалары болады. Гинецейі 2 (3-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемістері қауашақ, жаңғақша тәрізді.
Шырмауық туысы – (вьюнок - Convolvulus). Тропикалық және субтропикалық елдерде сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін
200-дей түрі бар. Өмірлік формалары бұталар, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. БОР флорасында 30 түр, Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Сабақтары оралып немесе тік өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері жапырақ қолтықтарында 1-3 тен дихазиялы немесе шоқпарбасты гүл шоғында орналасады. Гүл формуласы : Са(5), Со(5), А5, Се(5). Жемістері қауашақ тәрізді. Қоңыржай климатты зоналарда – далалық шырмауық (вьюнок полевой С- arvense) өседі, көп гүлдері ақ, немесе ақшылдау – қызғылт түсті, егістіктің арам шөбі.
Арамсоялар тұқымдасы – Custucaceal. Паразитті өмір сүруіне байланысты вегетативтік органдары редукцияға ұшыраған тұқымдастың 170 түрі бар. Барлық континенттердің тропикалық, субтропикалық елдерінде өседі.
БОР-да 36 түр, Қазақстанда 19 түр кездеседі. Олар екпелі өсімдіктер және ағаштардың паразиттері жапырақтары қабыршақтармен алмастырылған, тамыры ерте өледі, тұқым жарнағы болмайды. Гүлдері ұсақ қызғылт, ақ, сары, гүлшоғыры дихазиялы, шоқпарбас, қысқа масақ. Гүл формуласы :Са5, СО(5), А5, Се(2).
Арамсоя туысы – Cuscuta. (Беде сояу –С. trifolii) негізінен бедеде паразит
өмір сүреді. Тимьян арамсояуы С. epithymum бір жылдық өсімдік. Гүлдері ашық – қызғылт, сабақтарында емшекшелері (присоскалар) болады. Беде, жоңышқада паразит өмір сүреді. Зығыр арамсояуы (C. epilinum) зығырда, сиректеу арамшөптерде паразит ретінде өседі.
Алқалар тұқымдасы –Solanaceal. Алқалар тұқымдасының 2300 түрі бар (85 туыс). Шөптесін өсімдіктер сиректеу бұталар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды.
Жапырақтары жай, тұтас тілімделген. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекеленген гүлден тұрады, актиноморф аздап зигоморфты.
Тостағаншасы 5 тісті, 4 ұялы. Күлте жапырақшалары бір – бірімен біріккен,
дөңгелек табақша, трубка тәрізді, қоңырау секілді болып келеді. Аталығы 5, гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 2 ұялы, кейбір жағдайда 4-6 ұялы. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ).
Көптеген түрлері (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, кейбіреулері улы алкалоидты, оларды дәрі –дәрмек ретінде пайдаланылады.
Алқа туысы (паслен - Solanum) 1,5 мыңдай түрлері бар. Көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР- да 10 түр кездеседі. Ең маңыздысы картоп (S. tubezosum). Көп таралған түр біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады.
Гүлсерігі актиноморфты күлте жапырағының түсі ашық, сары – сарғыш. Гүл формуласы : Са(5), СО(5), А5, Се(2). Екі ұялы шырынды жеміс болады. Тамырлары
жіңішке , сабағының жер асты бұтағы – столандары болады. Столондардан түйнектер жетіледі. Картоптың бір мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қоректік әртүрлі техникалық заттар алатын түрлері болады.
Темекі туысы- (табан Nicotiana) 100- дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америка, Австралияда кездеседі. Бұталар шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлте жапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау тәрізді.
Кәдімгі темекі (N.tabacum) жабайы түрінде перуде және эквадорда өседі. Көп сорттары бар махорка темекісі (N. rustica), орман темекісі (N. Sulvestris) отырғызылады.
Бұрыш туысы –(перец Capsicum). Түрлер саны 20-50 – ге дейін жетеді.
Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер. Орталық Америкада БОР-дың Оңтүстігінде, Қазақстанның Оңтүстігінде өседі. Біржылдық бұрыш – С.annuum- ның көптеген ащы және салаттың сорттары шығарылған. Басқа туыстардан мына түрлердің маңызы зор : ас памидоры – Lycopersicum esculentum- біржылдық дақыл 600 – дей сорттары бар.
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы –Labiatae Lamiaceae. Тұқымдасқа 4 мыңдай түр жатады. (200 –ден астам туыс). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидан басқа құрылықтардың барлығында өседі. Түрлерінің ең көп тараған жері Жерорта теңізі, Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары. Сабағы 4 қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Қарапайым, қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтарымен, жапырақтары безді түктермен жабылған олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын тұрады. Тостағанша жапырақтары біріккен қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді 5 мүшелі.Күлтесі барлық уақытта 5 мүшелі. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстары да болады. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 4 ұялы әр ұяда 1-ден тұқымбүрі болады. Аналықтың мойны біршама ұзын болады және екі жақтаулы аналық ауызымен аяқталады. Ақтау қалақайдың (яснотка белая - Lamiumalbium) гүлінің формуласы : Cа(5), Со(2+3), А2+3, Се(2). Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, медицинозда қолданылады.
27-лекция
Тақырып : Орталық тұқымды немесе
қалампырлар қатарлар тобы
(1 сағат)
Жоспары :
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Бір немесе бірнеше аналықтың жатынының гүл көп жағдайда гүлдің басқа бөлігінен пайда болатын жеміс қабықшасы (пери –жапонда, карпос – жеміс, немесе жемістің тұқымды қоршаған бөлігі). Гүлсерігі қарапайым, кейде екі шеңберлі, тостағанша және күлте жапырақшаларға бөлінбеген, көп жағдайда тостағанша түрінді болады. Желмен тозаңданатын өсімдіктер.
Қалақайлар тұқымдасы – Untricaceal. Түрлерінің жалпы саны 850-дей 45 туыс. Кішігірім ағаш жартылай бұта, бір жылдық, көп жылдық шөптесіндер. Тропикалық қоңыржай климатты зоналарға кең тараған. Гүлдері дара жынысты, қос жынысты, актиноморф. Гүл шоғыры әртүрлі қарапайым тостағанша жапырақты түрінде болады. 4 мүшелі андроцейі аталықтан олар гүл серігінің жапырақшалрына қарама- қарсы тұрады. Аталықтың жіпшесі гүлдің ортасына қарай қайрлып тұрады. Аналығы бір, екі жеміс жапырақшадан түзілген. Тұқымбүрі, жемісі, жаңғақша олар гүлсерігінің ұлғайған ішкі жапырақшалары мен қапталып тұрады. Жапырақтары сабақтарының сыртын күйдіргіш түктер жауып тұрады.
Қалақай туысы – (крапиво -Urtica). Түрлерінің саны 40, БОР-да 10түр, Қазақстанда 3 түр кездеседі. Тропикалық қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Көптеген түрлері мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Кейбіреулер овощтық талшықтар алуда қолданылады. Түрлері : қосүйлі қалақай (крапива двудомная Udioica мен күйдіргіш қалақай крапива жгучая U. urens космополитеттер қос үйлі). Қос үйлі қалақайдың гүл формуласы : Р2+2, А0,G(2), P2+2, A2+2, Ge0 қарапайым гүл серігі.
2. Қалампырлар тұқымдасы – Caryopllaceae. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Дүние жүзі бойынша 2000 аса түрі бар 80 туыс. БОР-да 600 түр, Қазақстанда 215 түр кездеседі.
Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама – қарсы, сиректеу кездесіп орналасады, қосалқы жапырақшалары көбінде болмайды. Гүлдері актиноморфты сиректеу дара жынысты, бір үйлі, сиректеу екі үйлі болады. Гүл серігі қосарланған сиректеу қарапайым 5 мүшелі, тостағанша жапырақшалары біріккен, немесе бос жапырақшалары бірікпеген 4-5 тісті болып келеді. Күлте жапырақшалары 4-5 тостағанша жапырақшалардың тістерімен алма кезек орналасады. Аталықтар саны 10 немесе 5. Аналығы 1, ол 2-5 жеміс жапырақшадан тұрады, гүл түйіні жоғары. Тұқым бүрлері көп. Жемісі жоғары лизокарпты негізінен жабайы өсімдіктер.
Жұлдыз шөп (звездчатка- Stellaria). Көп жылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе сопақша болып келеді, қарама – қарсы орналасады. Күлтесі ақ, аталығы 10, аналығының мойны 3. Қауашағы шар тәрізді БОР –да 50 түр, Қазақстанда 20 түрі бар. Өкілдері дымқыл жұлдыз шөп (звездчатки макрица Smedia). Бір жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Жерге төселіп өсетін сабағы ашық – жасыл түсті. Халық мидицинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5+5, Ge3. Орман жұлдыз шөбі (звездучатка лесная S. nemonum) көп жағдайда көлеңкелі жерлерде өседі. Маусым айынан бастап күзге дейін гүлденеді. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5+5, Ge(5).
Сылдыр шөп туысы. (смоловка - Silene). Бір жылдық, екі жылдық, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері қосжынысты, дара жынысты, еді бір немесе екі үйлі өсімдіктер. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тіркесте отырады. Гүл түйіні түп жағында үш ұялы. БОР-да 150 түр, Қазақстанда 62 түр өседі. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5+5, G(3).
Жарық дәрі туысы (грыжник Herntaria) Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Ең маңызды жалаң жарық дәрі (грыжник гладкий – Herntaria qlalra) көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама – қарсы элипс тәрізді. Өсімдіктің түсі сарғыш –жасыл. Маусымнан қазан айына дейін гүлдейді. Гүлдері ұқсас. Олар жапырақ қолтығында жиналып жұмыршақ (клубника) түзеді.
3.Алабұта туысы (морь chenopodium) дүние жүзі бойынша 250 түр, БОР-да 60 түр, Қазақстанда –20 түр бар. Бір жылдық, екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Көптеген түрлерінің жапырағының сыртын тұз кристалдары (ақ) тұтып тұрады. Жас сабақтары сыртында көптеген бүртіктері, түктері болады. Гүлдері қосжынысты 5 мүшелі. Негізгі түрлері ақ алабұта (морь белая Chalbum), дуал алабұтасы (морь стенная Ch. murale)
4.Тарандар тұқымдасы – Polyqonaceal. Түрлер саны 900 – ден 40 туыс.
Түрлерінің шыққан жері орталық Оңтүстік Америка, өмірлік формалары ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама –қарсы сиректеу топтасып өседі. Буын аралығында түп жағын түтік тәрізді, жапырақ тәрізді жапырақ қынапшасы жауып тұрады. Сабағының буындары көп жағдайда ісінген болып келеді. Гүлдері ұсақ, қос жынысты. Гүлсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 мүшелі жасыл, ақ – қызыл түсті. Аталықтарының саны 6-9 (3-8). Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері 1 дәнді 3-2 қырлы жаңғақшалар кейде қынапты.
Таран туысы (горец - Polyqonum) 280 түрі бар. БОР-да 160 түр, Қазақстанда 52 түр кездеседі. Өмірлік формалары бұталар, ағаштанған лионалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
28-лекция
Тақырып : Тұқымдары гүлтүйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы.
(1 сағат)
Жоспары :
-
Крестгүлділер немесе капуста гүлділер тұқымдасы
-
Көкнәрлар тұқымдасы
-
Асқабақтар тұқымдасы
-
Күрделігүлділер тұқымдасы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Крест гүлділер жер бетіндегі құрлықтардың барлығында әсіресе қоңыржай, суық климатты обылыстарда, Арктикаға дейін кең таралған. Түрлер саны 3 мыңдай (350 туыс). Олардың барлығының туыстық байланыстылығы тығыз байланысты, морфологиялық айырмашылығы жоқ. Қалыпты жағдайда жапырақтары кезектесіп келетін қосалқы жапырақшалары жоқ, жапырақтары тұтас немесе тілімделген болып келетін өсімдіктер. Бұларда глюкозиттер жиналады. Олар ыдырағанда қыша майы (горчичное масло) түзіледі. Гүлдерінің құрылысы бір тектес гүл асты, гүл үсті жапырақтары болмайды. Гүл шоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиморфты, қос жынысты гүл серігі қосарланған. Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан. 4 тостағанша жапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4, ол бір шеңбер түзеді. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4 ұзын, екі қысқа сыртқы шеңбер түзеді. Гинецейі ценокарпты екі жеміс жапырақшадан тұрады. Жатыны (гүл түйіні) жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байланысты екі ұялы. Гүл формуласы Са4 Со4 А2 +4 Cl(2). Жемісі бұршаққап, кейде бұршаққын екі жақтауы ашылды. Дәндерінің эндоспермі болмайды.
2. Көкнәрлар тұқымдасы (Papaveracea). Құрамында 450 түр 28-30 туысы бар. Шөптесін өсімдіктер тропикалық, субтропикалық, қоңыржай климатты обылыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Шеттері тілімделген қосалқы жапырақшалары жоқ. Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алкалойдтар бар : морфин, кодейн, пантопин басқа апиыны бар сүтті шырындары болады. Гүлдері қос жынысты, көп жағдайда актиономорфты, сиректеу зигоморфты. Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездерінде түсіп қалатын 2 данадан тостағанша жапырақшадан, күлтесі 4 дұрыс қатпарланбаған күлте жапырақшадан тұрады, кейде 12 –ге жетеді. Күлтесі 4 дұрыс қапталған жапырақшадан тұрады. Андроцейі шеңбер спираль бойы мен орналасқан. Олардың саны 4 немесе 6-12 – ден аспайды. Гинецейі целокарпты. Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшалардан тұрады. Гүл түйіні 2 немесе көп ұялы. Гүлдері үлкен бояулы. Жемісі қорапша.
Көкнәр туысы – мак Papaver. 120 түрі бар, БОР-да 50, Қазақстанда 11 түрі кездеседі.Көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, гүлдері үлкен бояулы апиын көкнәрі – мак снотворный В Sommifrum май алатын дақыл ретінде себіледі. Құрамында май болады. Медицинада апиын алынады. Шығыс көкнәрі Р. Orentalis гүлі үлкен ашық түсті сәндік үшін егіледі және сеппе көкнәр түрі бар. Гүл формуласы Са2 Со2+2 А Со.
3. Асқабақтар тұқымдасы – Cucurbitaceae. Бұл тұқымдасқа 1 мыңдай түр 120 туыс жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық, субтропикалық аймақтарында кең таралған. Түрлерінің пайда болған орталығы Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік Шығыс бөлігі, Оңтүстік Америка. Көпшілігі өрмелеп, сиректеу жерге төселіп өсетін бір жылдық өсімдіктер. Сабақтарының сыртында түктері болады. Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары тілімделген сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған мұршалары жапырақтың қолтығынан шығатын бұтақ болып табылады. Гүлдері актиномофорты аталықтары біріккен зигоморфты. Гүл бөліктері 4 шеңбер түзіп орналасады. 5 мүшелі дара жынысты. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдік тостағаншасы 5 тісті күлтежапырағы 5 жақтаулы, қоңырау тәрізді күлте жапырағының түсі сары немесе ақ болады. Аталық гүлдің 5 аталығы болады. Тозаң қабы екі ұялы S- әріпі тәрізді. Гинецейі ценокарпты, үш жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні үш ұялы болып келетін бүйірлік жағындары болады. Тұқым бүрі көп аналықтың мойны қысқа, жемісі жидек тәрізді. Жемістері үлкен кейде 100 кг дейін болады.
4. Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы – Compositae. Бұл тұқымдасқа 18-20 мыңдай түр (мың туыс) жатады. Өмірлік формалары кішігірім ағаштар, бұталар, лианалар, жартылай бұталар, көп, біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар көп жағдайда өрмелеп өседі, кейде скуленттер. Жер бетінің барлық құрылықтарында таралған. Көптеген туыстары өзгергіш келеді. Түрлері, тұқымы және вегетативтік жолмен көбейеді. Бұтақтарына жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы немесе топтасып орналасады. Кейде розетка түзеді. Тұқымдасқа тән белгілер: гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер жиналып қалқанша немесе сыпыртқы (метелка) түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады. Олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Орама жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауда ең қажетті белгілер. Гүлдері алуан түрлі біреулері біршама үлкен және қанық боялған, екіншілері ұсақ, көрінсіз. Олардың барлығы 4 шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 5 мүшелі тостағаншасы жел айдарға айналып кеткен редукцияға ұшыраған. Андроцейлері жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозаңдықтардан тұрады. Гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Аналығы 1 гүл түйіні төменгі
1 ұялы аналық мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады. Жемісі тұқымнан көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары (легушка) болады.
Күлтежапырақтың құрылысына қарай гүлдердің түрлері: трубка тәрізді, тілше, жалған тілше, воронка тәрізді екі ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады. Гүл формуласы : Са (5) Со (5) А(5) Ge(2).
Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын дәрілік, бояулық, сәндік, хош иісті өсімдіктері көп. Кейбіреулері арамшөптер тұқымдас 2 тұқымдас тармағына бөлінеді : трубкагүлділер және тілше гүлділер.
Жусан туысы – Artemisia. 400 түрі бар. БОР-да 134 түр, Қазақстанда 81 кездеседі. Ареалы Европа, Азия, Солтүстік Американың қоңыржай климатты аудандары. Шөптесін көпжылдық екі жылдық, бір жылдық өсімдіктер немесе жартылай бұталар. Бұтақтары тік немесе жоғары қарай өседі. Жапырақтар кезектесіп орналасқан. Жапырақтары қаты тілімделген, сиректеу тұтас, эфир майлы гүлдері трубка тәрізді. Жусан түрлері шөлейт аймақта, жартылай шөлдерде ланшафт түзеді.
29-лекция
Тақырып : Желектілер қатарлар тобы
(1 сағат)
Жоспары :
1. Құртқашаштар тұқымдасы
2. Лалагүлдер тұқымдасы
3. Асфоделалылар тұқымдасы
4. Гиаценттер тұқымдасы
5. Жуалар тұқымдасы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceal. Тұқымдасқа 80 туыс 1800 түр жатады. Тропик, субтропик, қоңыржай климатты облыстарда кең таралған. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін тамырсабақты немесе түйнекті – пиязшылықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты, желек тәрізді түтікке біріккен 6 – жапырақтардан тұрады, сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3 гүлтүйіні үш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльца) тұрады. Жемісі синакарпты қауашақ. Гүлінің формуласы Р3+3А3С(3).
Бордың флорасында 5 туысы 166-ден астам түрлері, Қазақстанда 5 туысы 34 түрі кездеседі. Гүлді өсімдік, кейбір түрлері техникалық өсімдіктер.
Құртқашаш туысы – iris гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған. Гүлсерігі дұрыс (түтікті) 3 сыртқы 3 ішкі желектері болады. Аналығының ауызы (3) ұзын еткенді желек тәрізді бөліктен тұрады.
Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар БОР-да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста өседі.
Гладиолус туысы – Qyladiolus. Гүлді түйнек пиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, ашық түске боялған. Борда 9 түр, Қазақстанда 2 түрі кездеседі.
Лалагүлдер тұқымдасы – Liliaceal. Тұқымдасқа 470 түр (10 туыс). Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Өмірлік формалары ағаштар, лианалар, жартылай лианалар негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл, жаздық жасыл, сирек біржылдықтар. Бейімделушілік процессінің эволюциясында вегетативті органдары өзгерістерге ұшыраған. Олар баданаларға, тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге айналып кеткен. Жапырақтары әдетте азды – көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, актиноморфты, қосжынысты 3 өлшемді. Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарпты 3-4 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Лалагүл тұқымдасы : лалагүл туысы, қызғалдақ туысы, қаз жуа туыстарына бөлінеді.
Асфоделалар тұқымдасы – Аsphodelaceae. Бұл тұқымдасқа 40-50 туыс, 1400-1450 түр жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.
Шырыш туысы. (Эремурс - Eremurus) – ланцет тәрізді ұзын жапырақты топтасып жертаған түзетін өсімдік. Осы жапырақтарының ортасынан биіктігі 0,5-2м болатын жалғыз сабақ кетеді. Ол әдетте үлкен өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді гүлшоғырымен аяқталады.
Шырыштардың, БОР-дың Оңтүстік аудандарында 23 түрі, Қазақстанда 13 түрі өседі. Сәндік өсімдік мәдени жағдайға ендірілген.
Алоэ туысы – Аloe. Оның 250 түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі. Гүлсерігі біріккен жапырақшалардан тұрады, көп жағдайда құстармен тозаңданады.
Ағаш тәрізді алоэ – Aloe arborescens. – көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін суккулент биіктігі шыққан жерінде 4м дейін барады. Жапырағы өте жуан етжеңді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызғыштау – сары түсті, қоңырау формалы болып келеді. Гүлшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді.
БОР-да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіріледі. Мәдени жағдайда закавказыва өстіріледі. Алоэның жапырағынан алынатын «сабур» деп аталынатын қою шырыны медицинада қолданылады.
Алоэның эмульсиясын эпидермит пен күйікті емдеу мақсатында денедегі жараға жағады. Халық медицинасында алоэның жапырағын және одан алынатын дәрі ретінде әртүрлі сыртқы және ішкі ауруларға пайдаланады.
Гиаценттер тұқымдасы – Hyacinthaceae. Көп жылдық шөптесін, пиязшықты өсімдіктер, жапырақтары жатаған, гүл сабақтары жапырақсыз сәнді өсімдіктер. Гиацинтус ориенталис, мускари – жылан пияз, зилла – сибирика өсімдіктері жатады. Жалпы бұл тұқымдасқа 40 туыс 900 түр жатады.
Гиацент (Hyacinthus) – тің гүлсерігі воронка тәрізді. Туыста 30 түр бар олар Жер Орта теңізі жағалауында, Африкада өседі. БОР –да 3 түр кездеседі. Олар Копет-да тауларында өседі.
Жуалар тұқымдасы – Alliaceae. Тұқымдасқа 32 туыс, 750 түр жатады. Олар Австралиядан басқа құрылықтың барлығында кездеседі. БОР территориясында 2 туысы, 323 түрі, Қазақстанда 1 туыс 109 түрі өседі.
Жуа туысы (лук - Allium) дүниежүзі бойынша 400 – дей түр оның 250 БОР-дың территориясында, Қазақстанда 109 түрі кездеседі.
Баданалы және тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады. Трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүл формуласы Р3+3А3+3 Са(3).
Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кезеңдерінде гүл асты жапырақшасы болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз қатпарлы жуаның (А.Сера) жапырағы трубка тәрізді басында гүлі болатын сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның құрамында эфир майының барлығын көрсетеді. Көптеген сорттары шығарылған. Сарымсақ – А Sativum жапырағы жалпақ, баданасы көптеген пиязшықтан тұрады. Құрамында сарымсақ майы болады.
30-лекция
Тақырып : Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы.
(1 сағат)
Жоспары :
1. Қияқөлеңдер тұқымдасы
2. Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы
3. Бамбук тәрізділер тұқымдастығы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Қияөлеңдер тұқымдасы Cyperaceae. Түрлерінің жалпы саны 500 (120 туыс). Ұзын – қысқалы симподинальды өсетін тамырсабағы, тығыз, түпшымдар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Сабақтары үшқырлы сиректеу цилиндр тәрізді, буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың жоғары жағында орналасады, таспалы, таспалы ланцетті, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты жапырақ тәрізді. Жапырақшаларының қолтығында орналасқан көпгүлді, сиректеу біргүлді масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды немесе редукцияға ұшыраған. Андроцейі бір шеңбердің бойына орналасқан 6 аталықтан, гинецейі немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғары ұялы бір тұқым бүршігі болады. Гүлдері көпжынысты, бір үйлі, екі үйлі.
Қияөлең туысы – Cuperus. Тамырсабақта көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары үшқырлы, сиректеу домалақ. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері дара жынысты аталық түрлерінің 3 аталықты болады. Аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады. Гүл формуласы :Р0 А0 G(3) P0 A3 G0. Жемісі үшқырлы жаңғақша. Көп түрлері Солтүстік ендіктің облыстарында кең таралған. Негізгі түрлері : батпақты жерлерде өсетін торсылдақ қиякөлең (осоко пузырчатая С. diandra) қос аталықты қиякөлең, қоян қиякөлең, қосқатар қиякөлең, түкті қиякөлең т.б. Қиякөлеңдердің жапырақтары сояуланған болып, оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңді жылжымалы құмдарды бекітуге, сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.
Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы – (Сramineae Poaceae). Дара жапырақтылар класының ішінде ең үлкені, оған 7,5-10 мың түр, 700 туыс жатады. Космополит түрлері құрлықтың барлығында кең таралған. Олар шалғындар мен шөлейт жерлерде кең таралған. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Өркеннің орналасуына қарай өсімдіктер тығыз түптелген, сирек түптелген, тамырсабақты болып бөлінеді. Сабақтары буынан және буын аралықтан тұрады. Көптеген астық тұқымдастарды (бидай, қарабидай, атқонақ) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастардың (жүгері, бөріқамыс) буынаралықтары ұлпалармен толықтырылған. Жапырақтары кезектесіп орнасады. Жіңішке, ұзын паралель жүйкеленген. Қынапшалы ол дегеніміз – трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген түпжағы. Олардың гүлдері ұсақ, көріксіз гүлдер шоғырының жай гүлшоғырын күрделі масақ – сыпырғы түзеді. Масақтарда гүлдердің саны әр түрлі астық тұқымдасында бірдей емес, бірден – бірнешеге дейін болады. Гүл түйіні жоғары, барлық уақытта бірғана тұқым бүрі болады. Гүлдерінің формуласы Р(2)+2 А3 Се(2). Жемісі дән. Дән деген бір тұқымды жеміс, онда жеміс қабымен дәннің кебегі бірігіп кетеді. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде – тұқым деп атайды, ал көп мөлшердегісін – астық деп атайды. Тұқымдасты үш тұқым тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Астық беретін дақылдар : бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы т.б.
Бидай туысы – (Triticum - пшеница). 19 түрі бар төртеуі табиғи жағдайда өседі, қалғандары мәдени немесе жабайы өсімдіктер болып келеді. БОР-да 13 түрі бар. Шыққан ортасы Грузия болуы мүмкін. Өмірлік формасы – бір жылдық, екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Жел арқылы өздігінен айқас тозаңданады. Масағы жалғыздан, 3-7 гүлі болады. Дәндері әдетте 2-3 төменгі гүлдерінен пайда болады.
Қатты бидай (Т.durum). Егістік көлемі бірінші орында. Олар негізінен шөл, шөлейт аймақтарда жартылай орманды зоналарда себіледі.
Қарабидай туысы (Рожь -sicale). Қоңыржай климатты таулы аудандарда кең таралған 8 түрі бар. БОР флорасында 5 түрі бар. Негізінен Кавказда шоғырланған. Қарабидайдың жабайы түрі пшеница дикая – S.sylveistre. ТМДВ елдерінің Еропалық бөліктерінде Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс аудандарында, Кавказ, Сібірде таралған бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Арпа туысы (Ячмень-- Hordeum). Негізінен 26 түрі бар, оның 12- і Қазақстанда кездеседі. Жабайы түрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОр териториясында соның ішінде Қазақстанда екі түрі көп себіледі. Олар қосқатар арпа (ячмень двурядный –Н Disitichum) және кәдімгі арпа ячмень обыкновенный Н. Vulqare. Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ, арпа өздігінен тозаңданады, құрғақшылықта айқас тозаңдануы мүмкін. Арпа ерте піседі. Дәндерінен арпа жармасын және сыра ашытады. Мал азығы үшін пайдалы.
Сұлы туысы (Овес -Avena). 33 түрі бар. Олар Жерорта теңізі елдерінде кең таралған. БОР-да 18 түр, Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Оның гүл шоғырын сыпырғы деп атайды. Сыпырғы бұтақшаларында масақшалар орналасады. Олардың әрқайсысында 2-4 гүлі бар. Өздігінен тозаңданады. Сұлы суыққа төзімді дақыл. Мәдени егістік сұлы –овес полевой А. Sativa. БОР- дың орталығы және Солтүстік аудандарында себіледі.
Қоңырбас туысы – (мятлик роа) . 200 түрі бар. БОР-да 110 түрі, Қазақстанда 38 түрі бар. Кейбіреулері космополит, мал азығы ретінде құнды. Соның ішінде мәдени жағдайда себілетіні жуашық қоңырбас (Poa Bulboqa), шалғын қоңырбасы (Роа pratensis) көп жерде отырғызылады.
Бидайдың туысы (пырей Aqropyron). Жер шарының қоңыржай климатты жерлерінде өседі. БОР-да 60 түр, Қазақстанда 44 түрі кездеседі. Олар горизонталь бағытта өсетін ұзын тамырсабақты немесе қысқа тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жатаған бидайық – (пырей ползущий А. Repens). Өте өзгергіш түрі жабайы шөп.
Бамбук тәрізділер тұқымдастығы. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда шоғырланған 600-дей түрлері бар. Тамырсабақты ағаштанған өсімдік БОР-да саса (Sasa) туысының 3 түрі ғана өседі. Бұл үлкен болмаған өсімдік (биіктігі 3м, диаметрі 1см). Сахалин, Куриль аралдарында кездеседі. Негізгі таралған жерлерінде бамбуктер 40м- ге дейін баратын ұзын өсімдіктер. Масақтары бір –көп гүлді. Гүлдері қосжынысты: аталықтары
6 (3+3) кейде көп (20-30), аналығы 1.Жемісі дән, кейде жидек тәрізді. Бамбуктер тамырсабақтарымен оңай көбейеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4-6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15-20см биіктікке дейін жетеді. Грузияның Батысында бамбуктердің филлострихис (Phyllostahys) және арундинария (Аrindinaria) туыстарының түрлері себіледі. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор құрылыс жұмыстары, су жүретін трубкалар жасау үшін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті
Достарыңызбен бөлісу: |